Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет172/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   204
Байланысты:
{CF395923-CB60-413E-9F69-F9338E1D4631}

бағыттау сияқты әртүрлі әдістерін пайдалануға болады 4. Диалог негізінде білім алу бұл 
оқушы – мұғалім, оқушы –оқушы арасындағы өзара сұхбаттасуы, диалогтың оқушылардың 
сабақты меңгеру барысында өзіндік ой пікілерін жүйелеу мен дамытуды меңзейтіні тәжірибе 
барысында  көрінді.  Оның  өзі  «Менің  ойымша»  деген  ұғымның  қалыптасуына  ықпал  етеді. 
Осы тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың өздігінен білімді жинақтай отырып, бұрынғы 
және  жаңа  білімдерін ұштастырып,  білім  алуға  жауапкершіліктерінің  артатынын  байқадық. 
Тәжірибе кезінде диалогтық оқумен барынша жұмыс жасауға тырыстық.  
Қазірдің  өзінде  сыныптағы  оқушылардың  бірлескен  сұхбаты  үлкен  пайда 
келтіретіндігін көрсететін дәлелдер жеткілікті.  
Олар: 


303 
 
-   оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді;  
-   басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын оқушылардың түсінулеріне ықпал 
етеді;  
-   оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуіне көмектеседі; 
-   мұғалімдерге оқушыларды оқыту барысында олардың оқушылары қандай деңгейде 
екендігін түсінуге көмектеседі. 
Мектептегі сабақ беру әдістемесіндегі диалогтық оқытудың маңызы үлкен. Диалог  –  
ғылымда  танымдық  процестің  ізденген  нәтижеге  әр  түрлі,  бірақ  бір-бірімен  жарыспайтын 
көзқарастар,  қатынастар,  бағыттардың  өзара  байланысты  жолымен  жүзеге  асырылатын 
прогрессивтік дамуының түрі ретінде көрінеді. Сабақ барысында оқушы мен оқушы, мұғалім 
мен  оқушы  арасында  жүргізілген  диалог  оқушылардың  қызығушылығын,  танымын 
арттырады.  Сонымен  қатар,  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәнін  өзге  тілді  мектептерде  беруде,  
баланың сөйлеу тіліне көп көңіл бөліп, қазақ тілін меңгерту жолдарының бірі және баланы 
сыни тұрғыдан ойлауға үйретудің бірден-бір тиімді тәсілі деп ойлаймыз. 
Бұрынғы дәстүрлі әдістерде диалог көбіне мұғалім мен оқушы арасында өтіледі және 
бірнеше  ғана  оқушы  арасында  диалог  өтілетін,  онда  да  диалогқа  оқушыларды  таңдап 
шығарылатын, сондықтан  оқушылар ашылып ойындағысын нақты сұрай алмай, тұйықталып 
қалатын. Десе де, сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс 
қойылған  жағдайда  сабақ  берудің  тиімді  құралына  айналады  және  де  оқушылардың  білім 
алуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алуға болады. 
Мұғалімдер  сабақ  барысында  сауалнама  түріндегі  кері  байланыс  әдісін  қолданады 
және сабақ барысында көптеген сұрақтар қояды.Өткізген сабақтарда сынып оқушыларының 
өзара  білімін  дамыту  мақсатында  бірлескен  сұхбатынан:  оқушылар  бірін  –  бірі  оқытады, 
пікірлеседі,  ой  бөліседі,  әңгімелеседі.  Бұның  бәрі  де  диалогтық  оқыту  әдістері  негізінде 
жүзеге асып отырады. Оқушылардың тілдік қорын молайтуға, білім деңгейін көрсете алуына, 
білімін әділ бағалауына оң әсерін тигізетініне сенімім мол. 
Ендігі ретте, диалогтық оқытудың сабақ үдерісіндегі қолданысына тоқтала кеткен жөн 
сияқты.  Қарым  –  қатынас  жасаудың  негізі-  адамдардың  бір–бірімен  сөйлесу  әрекеті.  Яғни, 
сөйлесу  арқылы  адамдар  бір-біріне  ойын  жеткізеді,  басқаның  ойын  түсінеді.  Тіл  болмаса, 
адамдар  қарым-қатынас  жасай  алмайды.  Басқаша  айтқанда,  адамдар  арасындағы  тілдің 
көмегі  арқылы  болатын  тілдік  қатысым  жүзеге  аспайды.  Тілдік  қатысым  болуы  үшін 
адамның ойы екінші адамға түсінікті,  ұғыныңқы жеткізілуі қажет. Сол себепті тіл қатысым 
құралы  болып  саналады  5,6.  Сондықтан  да  оқушыны  қазақ  тілінде  ойын  жеткізе  білуге 
үйрету  деген  –  ең  алдымен  өмірде  оны  екінші  адаммен  түсінісуге,  ойын  ауызша  жеткізіп 
қана қоймай, оған жауап ала білуге, өзара ұғысуға қарым-қатынас жасай білуге үйрету деген 
сөз 6,75. Осы тұрғыдан келгенде, біз орыс аудиториясында тіл үйретудің алғашқы күнінен-
ақ  қарапайым  сұрақ-жауап  арқылы  оқушыны  диалогтық  сөйлеу  жағдайына  бейімдейміз. 
Мысалы: 
1)  сабақ  басында  оқушыларға  психологиялық  ахуал  туғызу  мақсатында  «Шаттық 
шеңбері» тренингін ұйымдастырдық. Онда: 
-  Сәлем, досым! ( қолын көтереді) 
-  Қалің қалай? (иықтарынан қағады) 
-  Қалай демалдың? ( құлақтарын тартады) 
-  Сен менің ақылды (жақсы, әдемі, күшті,адал) досымсың (қолдарын жүрекке қояды) 
-  Қош келдің! ( қолдарын жаяды)  
-  Күніміз сәтті болсын! (құшақтайды) деген сауалды қою арқылы белгілі іс-әрекет 
жасаймыз. Бұндай әрекет оларды жақындастырады. Сабаққа деген ынталарын көтереді.  
2) «Менің досым-шебер» тақырыбындағы жаңа сөздерді еске түсіру үшін «Ретімен 
орналастыр» ойынын өткіздік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет