Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет42/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   204
қайрат...», «ақыл мен бақыт, байлық» дегендердің өзара дауы, таласы деген «парсы, түрік» 
тіліндегі  кітаптардан  былтырлар  бір  оқыған  нақыл  әңгімесі  бар-ды.  Қазірде  Абай  соны 
өмірден тапқанына да дән ырза... Өз ақылымен тапты... Тапты да: «Осының бәрі бір жерде, 
бір кеудеде, бір адамның ішінде болмаққа лазым...» деп, өзгеше бір сенімді байлау жасады» 
[6,  89]  деген  ой  толғаныстарындағы  кемел  адам  туралы  шығыстық  кітаптардан түйген  ойы 
кейіннен  эпопея  оқиғасының  желісінде  суреттелетін  Абайдың  өмір  белестеріндегі 
адамгершілік  мұраттары  белгі  беріп  отырады.  Абай  санасын  адамшылық  сезімін 
қалыптастыруда өзі өскен ортасының қос қыртысты табиғаты, тәрбие жолы осы болса, оның 
адамгершілік  ұғымын  қанаттандыруда  шығыс  кітаптары  да  жәрдем  еткенін  М.Әуезов 
эпопеяға  негізсіз  ендірмеген.  Абайдың  дүниетанымында  елеулі  орын  алған  осы  гуманистік 
ойлар  желісін  М.Әуезов  «Абай»  трагедиясында,  «Абай  жолы»  роман-эпопеясында  ақын 
образын  сомдауда  негізгі  басшылыққа  алған.  Себебі  «Абай  жолы»  роман-эпопеясында 
М.Әуезов  Абайды  тек  ақын,  қоғам  қайраткері  ғана  емес,  сонымен  қатар  асқан  ойшыл, 
гуманист ретінде танытады. М.Әуезов Абай шығармаларындағы ақыл, қайрат, жүрек жайлы 
түбірлі  терең  танымның  ақын  санасында  сонау  жігіттік  шағында-ақ  өзі  таныған  әлеуметтік 
орта  мен  шығыс  кітаптарын  оқу  арқылы  өз  бойына  дарытып,  өзіндік  етіп  қорытқан  ой 
қазынасы екенін хабарлайды. 
Абайдың  күллі  этикалық,  гуманистік  танымының  негізгі  желісін  жазушы  шығармада 
кейіпкерлер  сөзі  арқылы,  ақынның  ойы  негізінде  көркем  тілмен  таратып  береді.  Абайдың 
дүниетанымындағы өзекті ойларын М.Әуезов  эпопеяда нақтылай  түсіп әрі  дамыта отырып, 
өзінің  көзқарасын  да  білдіреді.  «М.Әуезов  қаншалықты  ғылыми  терең  таным  екенін  білу 
үшін  айрықша  мән  беріп  отырған  ойы  Абайдағы  толық  адам  жайлы  шоғырланған  түбірлі 
ойдың төркініне, ақын шығармасында уағыздалатын ой желістеріне назар салып көрейікші? 
Сонда ұлы жазушының не себепті ақын мұрасын таныту жолында осы танымға шешуші мән 
бере  қарап,  ғылыми  зерттеулері  мен  «Абай  жолында»  өз  ойын  қатар  дамытып  отыратын 
себебіне де көзіміз жете түседі» [1, 230]. 
«Абай  жолы»  эпопеясының  «Қияда»  тарауында  Құнанбайдың  жасы  болса  жетпіске 
тақап  қалған.  Енді  ер  жеткен  балаларының  ішінен  өз  орнына  кісі  қамдайтын  да  мезгіл 
жеткен.  Ел  арасы  болса  бүгін  қиындап  барады.  Алыс  пен  тартыстың  басы  тағы  шығып, 
Балағаздар  сияқты  тынышсыздық  деген  тағы шықты.  Осының  бәрін ойлап,  таразыға  салып 
келіп,  жаңа  болыстыққа  Абайды  лайық  деп  көрген.  Құнанбай  ел  басқару  ісіне  лайық 
Абайдың бойынан биік қасиеттерді көретін. Мәселен, «Бірақ алыс жүрсе де, сол Абайда ақыл 
мен  қайрат,  тіл  мен  тәлімнің  мол  екенін  әкесі  танитын»  [6,  263].  Әкесінің  Абайға  іштей 
берген бағасы осы еді. Осы қасиеттерін бағалап Құнанбай Абайды ел басқару ісіне лайық деп 
табады.  Жазушы  Абайдың  бойына  толық  адамның  қасиеттерін  әкесінің  берген  бағасы 
ретінде дарытады. 
«Еңісте»  тарауында  Оспан  Базаралы  мен  Нұрғаным  арасындағы  жақындықты  Абайға 
білдіргенде,  көңілі  астан-кестеңге  түсіп,  ызалана  қорланады.  Ет-жүрегі  тіліп  түсетін  аямас 
құбылыстарға  қатты  ашуланады.  Бұл  жайт  эпопеяда  былай  берілген:  «Көптен  бері  Абай 
бұндайлық: намыс пен ыза, алдану мен қиянат, қимастық пен арлану, ұялып алданудың неше 
қырлы қысымын көргендей. ...Әділет тілеп, шыншыл жүрекке ар әмірін бергендей» [6, 379]. 
Ақын  өлеңдерінде  жиі  айтылатын  намыс,  ар,  ұят,  әділет  сияқты  қасиеттерді  жазушы 
эпопеяның  осы  оқиға  тұсында  Абайдың  арпалысқан  сезімі  арқылы  қарасөзбен  өрнектеп 


111 
 
жеткізеді.  Өзінің  айналасындағы  нәсіл  қуған  ызаны  ойлағанда,  Абай  таңертең  ғана  оқып 
шыққан  «Дубровский»  тағдырын  еске  алады.  Абайдың  әуре-сарсаңға  түсіп,  іштей  күйініп 
тұрған  сәтіне  жазушы  тағы  да  ақынның  өзінің  оқыған  кітаптарын  еске  алдырып,  көмекке 
жаратады.  Өмірдегі  ақ  пен  қара,  жақсылық  пен  жамандық  атаулы  қасиеттер  қарама-қарсы 
келгенде, Абай айтқан жылы жүрек пен нұрлы ақыл қажет  екенін білетін М.Әуезов эпопея 
оқиғасындағы  кейіпкерінің  ішкі  сезім  тартысына  ақынның  толық  адам  турасындағы 
танымын  көркемдік  тұрғыдан  жеткізеді.  Абайдың  толық  адам  жайындағы  танымы  «Абай 
жолы»  роман-эпопеясының  өн  бойынан  табылып,  шығармада  ұзын  арқаудай  созылып 
таралып жатады. М.Әуезов Абай мұрасының гуманистік астарын ашу барысында, ақынды өз 
өлеңдерімен үлкен аренаға алып шығу сәтінде, Абаймен мейлінше үндес, рухани тұтастықта 
алып  келді.  Абай  толық  адам  болу  үшін  адам  бойындағы  ең  негізгі  қасиеттер  деп  ақыл, 
қайрат,  жүректі  атаса,  М.Әуезов  те  «Абай  жолы»  роман-эпопеясында  осы  үш  қасиетке 
ерекше мән береді. 
Адамгершілік  жайындағы  Абайдың  ой  байламдарын  терең  танып  білген  кемеңгер 
жазушы  осы  ой  қазығын  «Абай  жолы»  роман-эпопеясындағы  кейіпкерлер  тұлғасынан 
көреміз. Өйткені Абай мен Әуезов арасындағы рухани сабақтастықтың өзекті буыны да дәл 
осы  толық  адам  маңайында  болғандықтан,  Әуезовтің  Абай  «нравственная  личность» 
мәселесін бар тартысының, талап арманының тетігі етеді деп жазған ой байламы да көрсетіп 
тұр. 
«Абай  аға»  атты  тарауда  «Кең  маңдай,  қайратты  жүзі  көкшіл  тартты.  Реңіне  ыза 
шыққандай.  ...Жүрегінің  басынан  удай  боп  төгілген  шер  болса,  оның  бәрі  бұл  отырғандар 
туралы ой емес», – деген үзіндіні оқуға болады [7, 43]. 
Ұзақ  жылғы  айдаудан  оралған  Базаралы  Семейге  келгенде,  оны  қарсы  алған  көңілдес 
ағайын  қонақ  етеді.  Жиренше  пәтерінде  жиылған  топтың  ортасында  отырған  Базаралы 
басынан  өткен  қапырық  ойларды  ойлайды.  Жазушы  эпопеяда  Базаралы  бейнесін  арыстай 
сом  тұлғалы,  бұл  өңірдегі  ең  қымбат  жан  деп  басқа  кейіпкерлерден  даралап  бейнелейді. 
М.Әуезов  Базаралы  тұлғасын  сипаттағанда,  Абайдың  толық  адам  болудағы  «үш  қасиетін» 
әсіресе қайрат сөзін көп қолданады, яғни қайратты жүзі мен шерлі жүрегін атайды. Бұндай 
мысалды  «Кек  жолында»  атты  тараудан  да  кездестіреміз.  Дәркембай  Базаралыға:  – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет