Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет47/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   204
Байланысты:
{CF395923-CB60-413E-9F69-F9338E1D4631}

«...Сия-сауыт, қаламсыз 
Дәптер, кітап, қағазсыз, 
Ой қозғаған домбыра
Болған кезде Жамбылдың
Домбырамен жазуы, 
Жырланып еді осы жыр 
«Жырламайын!» – десем де, 
Ел тілегі қоймайды» [2, 196
]. 
Ауызша  ақындықтың  суырып  салып  айтатын  сәттерінде  тыңдаушылардың  ынтасына, 
ықыласына  байланысты  болатын  алғышарттар  бар.  Жамбыл  дәстүріндегі  ауызша  ақындық  өнердің 
негізінде қиял мен шабыттың тоғысуы, өнер иелрінің адамгершілік, имандылық ұялаған мінез-құлқы, 
азаматтық мұраты – бәрі де шешуші қызмет атқарады. 
Ұлы  суреткер  М.Әуезов  «Жамбылдың  айтыстағы  өнері»  мақаласында:  «...кейін  Жамбылдың 
әлемге  даңқын  шығарған  ұлы  жырларына  бұрынғы  айтыс  ақыны  болған  өнерінің  жалғасы,  қатысы 
бар  ма?»  дей  отырып,  Жамбылдың  ақпа-төкпелік,  суырып  салмалық  өнерін  туғызған  жырларының 
шағын шумақты түре қайымдық айтыстарынан үлкен сүрелі айтыстарға өскенін сипаттайды. Айтыс 


125 
 
үстіндегі шабыт қозу психологиясының Жамбыл ақындығындағы көркем тілді реалистік, сатиралық 
бояулы әртүрлі жанрлық үлгілерді жасай алатын шеберлігін дәлелдейтінін атап көрсетеді: «Мұндағы 
Жамбыл  гротеск,  шарж,  мысқылдың  неше  атасын  тапқандай.  Қадалған  жерінен  қан  алмайды,  жан 
алады.  Мазағына  ілінгеннің  басына  қарай  қаптағанда,  қатты  соққан  құйындай,  үзігін,  туырлығын 
желпілдете  түңлік  ұшыра  соқтығып,  ыршытып  түсіреді.  Оқтай  өтімді  күлкі  табады.  Бұл  ретте  әр 
теңеуінің  өзі,  жай  ақынның  жайшылықта  күн  толғанса  таппайтын,  аузына  түспейтін  дөп  теңеулер 
болады.  Сондай  ызалы  сайқымазақта, әжуада,  мысқыл,  қалжында  Жамбыл  тапқырлығы  елден ерек. 
Жамбыл  «Өлең  не  күлдірмесе,  не  жылатпаса  –  өлең  емес  нәрсіз  сөз,  зәрсіз  оқ  есепті»  дейтін.  Сол 
сипатының бәрі Жамбылдың өзінде бар еді. Жамбыл суретші болса шарждың, пьеса жазушысы болса 
комедияның,  гротесктің  барып  тұрған  шебері  болар  еді»  [3,  177].  Демек,  өмір  бойы  күнделікті 
тұрмыстық тұтас мазмұнында ұйқасты сөз тіркестерімен бейнелі мағыналы, астарлы ойлы ақ өлеңдік 
әуезді шешендік кестелерімен төгіле сөйлеп, ағыла жырлап өткен жүз жылдық ғұмыр иесін баураған 
қуат-шабытты көңіл-күй. Жамбылдың импровизациясы, суырып салма, ақпа-төкпе ақындық шабыты 
көңіл-күйден қуат алып, салмақты, жүйелі ой мазмұнын, әрине, бейнелі сөз тіркестерімен өрнектейді. 
Ақын  қандай  көлемдегі  өлең  болса  да  сол  сәттегі  өзіне  тән  шығармашылық  шабытты  қалпын 
сезімінің  әрқилы  толқыныстарымен  буырқанған,  бұрсанған  деңгейінде  танытады.  Осындай  шабыт 
буған  сәтіндегі  өзінің  романтикалық  тұлғасын  өлеңдеріндегі  бейнелі  оралымдар  арқылы  шынайы 
суреттейді.  Мысалы,  кейде  ақын  өзін  және  ақындық  күшін  жаратқан  осынау  ғажайып  тіршіліктегі 
табиғаттың дүлей құбылыстарына (таудың биіктігі, өзеннің ағысы, желдің соғуы, жаңбыр, найзағай, 
арыстанның ақыруы және т.б.) баламалайды: «Сөйлесем өлеңімді түптен бермен, Құйылар сөз нөсер 
көктен,  жерден,  Үстіңе  жайдың  оғын  жайлатармын»  (Жамбыл  мен  Құлмамбет  айтысынан); 
«Дауысым  аққан  судың сарынындай»,  «Мен  сөйлеймін  адырдың  ішіндей  боп»  (Жамбыл  мен  Сарбас 
айтысынан);  «Енді  Жамбыл  сөйлейді,  ескен  желдей  гулейді»,  «Өлеңнің  дария  кенімін»,  «Еділ  менен 
Жайықтай  зырқырап  Жамбыл  сөйлесін, өрге  жүзген қайықтай»,  «Еңсеңді  үзіп  кетермін,  аспаннан 
түскен  жасылдай»  (Жамбыл  мен  Шашубай  айтысынан);  «Толқындай  сөзді  сапырып,  арыстандай 
ақырып»,  «Нажағайдай  сөзімді,  жарқылдатсын  алдыңда»,  «Өлеңмен  шын  тасысам,  ағып  бір 
жатқан селдеймін» (Жамбыл мен Досмағамбет айтысынан). 
Жамбыл  суырып  салма,  ақпа-төкпе  ақындық  шабыт  буып,  жыр  төгетін  сәтіндегі  адуынды 
қалпын  кейде  батырдың,  бес  қарудың  қаһарлы  кейіпіне  баламалайды:  «Мылтықта  түтеп  тұрған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет