Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет49/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   204
«Пірім бар жыр нөсерін аспанда атқан 
Сұңқардай саңқылдаған ер Сүйінбай, 
Ілгеріде Шөже, Балта заманда өткен, 
Асекең (Асанқайғы дегені – авт.) Бұқар жырау арманда өткен
Солардың аруағы маған қонып, 
Ел  мұңын  жырмен  толғап  нөсерлеткем»  [2,  81]  (Жамбыл  мен  Досмағамбет  айтысынан). 
Сонымен  қатар,  Жамбыл  Құлмамбет,  Майлықожа,  Құлыншақ,  Орынбай,  және  т.б.  ақындармен 
кездескен, өнер жолындағы шығармашылық байланыста болған. Жиырма бес жастағы кезінде қазіргі 
Оңтүстік Қазақстанды, Қаратау атырабын аралайды. Осы сапарында Қылышбай Ержанұлы, Сауытбек 
Ұсаұлы,  Нұралы  Нысанбайұлы  т.б.  ақындармен  танысады.  Ақын  Шәді  Жәңгіровті де іздеп барады, 
бірақ  кездесе  алмайды.  Осы  сапар  туралы  мынадай  тың  дерек  бар:  «Осы  жолы  ақын  Майлықожа, 
Балқы Базарға кездесіп, бірнеше күн той-думанда бірге болады. Құлыншақ ақыннан «Шора батырды» 
жаттап  алады.  Балқы  Базармен  ұзақ айтысады.  Айтысқа  төрелік еткен Майлықожа:  «Қалқам,  сенікі 
жөн, тоқта енді» – деп, Жамбылдың арқасынан қағып, ақындығын аса жоғары бағалайды. Осы жолы 
Жамбыл Майлықожаны өзіне ұстаз тұтып қайтады» [5, 4]. 
Жамбыл  осы  оңтүстік  сапарында  Ақтамберді  Сарыұлы  жыраудың  өмірімен  танысады.  Шу, 
Талас,  Қаратау  атырабындағы  аталған  ақындардан  басқа  Сауытбек,  Қожантай,  Өзбек,  Жидебай, 
Балқыбек, Келімбет және т.б. ақындармен, жыршылармен танысады, кейбірімен айтысады. 
Жамбыл  –  қазақ  сөз  өнерінің  тарихындағы  ұлы  Абайды  да,  жауынгер  ақын  Махамбетті  де 
айрықша  бағалаған.  Абайды  сырттай  естіп,  өлеңдерін  тыңдайды.  Абайдың  баласы  Әбдірахмен 
ауырып,  Алматы  қаласында  жатқанда  Жамбылдың  оның  көңілін  сұрай  келгені  М.Әуезовтің  «Абай 
жолы»  роман-эпопеясында  әсерлі  суреттеледі.  Сол  Әбдірахман  қайтыс  болғанда  Абайға  арнап 
жұбату  өлең  де  жолдайды.  Абайдың  ақындық,  азаматтық  тұлғасын  толық  таныған  Жамбыл  өзінің 
бағалауымен «Абайдың суретіне» деген өлеңінде реалистік-романтикалық ойлармен жырлайды: 
«Мынау тұрған Абайдың суреті ме? 
Өлең сөздің ұқсаған құдіретіне 
Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған, 
Өр Абайдың төтеген кім бетіне? 
Терең ойдың түбінде теңізі бар
Тесіле кеп қарасаң көңіл ұғар. 
Сол тереңге сүйсініп жан үңілмей, 
Есіл сабаз ызамен өткен шығар» [6, 
17] . 
Ал, Махамбет ақын туралы да реалистік таныммен 
жырлайды.  Ақындық  және  жауынгерлік  қуатын  азаматтың  ар,  халқының  тағдыры  жолына  арнаған 
жанның әлеуметтік және шығармашылық тұлғасы тұтасқан тұлғасын айқын суреттейді: 
«Махамбет ақын жырымен, 
Құрым найза қырымен. 
Көтерген халық туымен, 
Хан Жәңгірден қорықпай. 
Белдескен ер бетпе-бет. 
Жауына күшті жекіріп, 


128 
 
Хан бетіне түкіріп. 
Бақыты үшін халықтың 
Бел  бүкпестен  кеткен  ед»  [7,  231].  Демек,  Жамбыл  ақындығының  қайнар  көзі  –  туған 
халқының ақын-жыраулары, жыршылары. Ақындық өнердің тек қана отбасы мен ошақ қасында ғана 
емес, халықтың қазіргісі мен болашағы үшін рухани азық, өмір суруге көмекшілік қызметін ол шын 
түсінді.  Сондықтан,  ақындық  өнерінің  әртүрлі  оқиғаларға,  жеке  адамдарға  қатысты  жерлерінде 
Жамбыл ақын атаулының тағдырына тән азаматтық жауапкершілік сезімін басынан кешіреді. Ол да 
бүкіл шығармашылығын өмірден өткенше адамзат бақыты үшін арнады. 
Жамбылдың  даңқы  әбден  танылып  кемелденген  кезеңінен  бастап  оның  дәстүрін 
ұстанған  өзіндік  әдеби  мектеп,  шығармашылық  дәстүр  жолындағы  көрнекті  ақындар 
шоғыры дараланғаны мәлім. Мысалы, Доскей Әлімбаев, Үмбетәлі Кәрібаев, Төлеу Көбдіков, 
Нұрлыбек  Баймұратов,  Шашубай  Қошқарбаев,  Нартай  Бекежанов,  Саяділ  Керімбеков, 
Қазанғап  Байболов  және  т.б.  ондаған  дәстүрлі  ақындар  поэзиясы  Жамбыл  мектебінің 
Қазақстан  тарихындағы  халықтық  тағылымын  дәлелдеді.  ХХ  ғасырдың  30–60-
жылдарындағы  Жамбыл  дәстүрінің  ақындық  мектеп  дәстүріндегі  танылуында  аталған 
көрнекті  тұлғалармен  қатар  жазбаша  әдебиеттегі  қаламгерлердің  де  шығармашылық 
ықпалдасуы  сабақтаса  дамыды.  Қазақтың  классик  жазушылары  Мұхтар  Әуезов,  Сәбит 
Мұқанов, Ғабит Мүсірепов және т.б. көрнекті қаламгерлер Жамбыл және оның дәстүріндегі 
халық  ақындары  шығармаларының  дәстүрлі  айтыс  өнері  арқылы  халықтық  сипатын 
сақтауына  айрықша  ықыласпен  қарады.  Жамбыл  дәстүріндегі  айтыс  ақындарының 
Қазақстанның  жазбаша  әдебиеті  дамуы  үдерісімен  сабақтаса  өркендеуіне  қолдарынан 
келгенінше  зор  үлес  қосты.  Олар  көркем  әдебиеттің  классикалық  үлгілерінің  дамуында 
суырып  салма  өнерінің  психологиялық  ықпалды  орны  болатындығын  таныды.  Яғни,  біздің 
жазбаша  әдебиетіміздің  классикалық  деңгейде  танылуында,  дамуында  ұлттық  діліміздің 
байырғы көркемдің негізі суырып салма өнерінің ықпалды орын алатындығы айқындалады. 
Бұл  мәселеде  біз  қазіргі  әдебиеттану  ғылымындағы  жаңашыл  ғылыми  тұжырымдарға  да 
назар  аударамыз.  Профессор  Б.Ердембеков  «Абайдың  әдеби  ортасы»  деп  аталатын 
монографиясында классик, хакім Абай шығармашылығының көркемдік негізі суырып салма 
өнері  екендігіне  байланысты  бағалы  тұжырым  жасаған:  «Абай  –  ақын.  Ақын  болғанда  – 
нағыз  суырып  салма.  Жалпы  Абай  жазба  әдебиеттің  өкілі  дегенімізбен,  Абай  заманының 
жазба  әдебиетімен  бүгінгі  жазба  әдебиеттің  арасы  жер  мен  көктей.  Ғасырлар  бойы 
халқымыздың  бойына  сіңірілген  қасиет  –  өлеңді  ауызша  және  табан  астында  суырып  айту 
қазақтардың  басқалардан  ерекшелігі  ғана  емес,  артықшылығы  да.  Абайдың  нәр  алған  үш 
рухани көзінің бірі ауыз әдебиеті болғанда, оның ішіндегі айтыс өнері Абайға аса жақын еді. 
Айтыстың  түп  төркіні  айтысу,  сөз  барымтасынан  шыққанын  ескерсек,  сол  сөз  барымтасы 
табан астында, қолм-қол құйылатын нағыз өлең болуы керек деген талабы тағы бар. Демек 
жазба  поэзиясының  өкілі  бар  да,  айтыскер  ақын  бар.  Екеуі  ақындықтың  екі  қанаты  сынды. 
Абай заманында өлең-жырдың дені ауызша, суырып салма түрде шығарылғандықтан, нағыз 
ақындық  осы  суырып  салмалық  қасиетпен  өлшенген,  бағаланған.  Абайдың  өлең  жазу 
машығында  да  сол  қанға  біткен,  нағыз  ақынға  тән  суырып  салмалық  жатқаны  даусыз»  [8, 
259]. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1  Әдебиеттану терминдерінің сөздігі / Құрастырушылар: З.Ахметов, Т.Шаңбаев. – Алматы: «Ана тілі», 
1996. – 240 б. 
2  Жабаев Ж. Екі томдық тандамалы шығармалар жинағы. – 1-т. – Алматы: «Ғылым», 1996. – 312 б. 
3  Әуезов  М.О.  Жиырма  томдық  шығармалар  жинағы.  Зерттеулер,  мақалалар.  –  Алматы:  «Жазушы», 
1985. – 18-т. – 448 б. 
4  Жабаев Ж. Екі томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Жазушы, 1982. – 1-т. – 336 б. 
5  Боранбайұлы Ж. Жамбылдың Оңтүстікке сапары // Ана тілі. – 1996. – 1 ақпан. – № 5. 
6  Жабаев Ж. Екі томдық таңдамалы шығармалар жинағы. – 2-т. – Алматы: «Ғылым», 1996. – 384 б. 
7  Жабаев Ж. Екі томдық шығармалар жинағы. – Алматы: «Жазушы», 1982. – 2-т. – 440 б. 


129 
 

Ердембеков Б. Абайдың әдеби ортасы. – Алматы: «Информ-Арна», 2008. – 440 б

 
ӘОЖ 821.512.122 
ҚАДЫРОВ ЖАНБАЙ ТҰРАРҰЛЫ, 
ЕРСАИНОВА МӘНШҮК ЖОЛАМАНОВНА 
ШАПАУОВ ӘЛІБИ ҚАБЫКЕНҰЛЫ 
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті 
Петропавл, Қазақстан 
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті 
Көкшетау, Қазақстан 
zhkadyrov_777@mail.ru
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет