Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет73/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   204
Байланысты:
{CF395923-CB60-413E-9F69-F9338E1D4631}

 
 
ҮКІЛІ ЫБЫРАЙДЫҢ ӘН МҰРАСЫ 
 
Аннотация:  Үкілі  Ыбырайдың  әншілік,  сазгерлік  мұрасы  жайлы  мағлұмат  бере 
отырып, өлеңдеріне талдау жасалды. Оның көркемдік ерекшеліктері қарастырылды. Үкілі 
Ыбырай өлеңдерінің тағылымдық мәні ашылды. 
Тірек сөздер: әнші, сазгер, айтыс ақыны, композитор, көркемдік
 
Ақын,  аса  көрнекті  композитор,  кезінде  алдына  жан  салмаған  әнші  Үкілі  Ыбырай...  
Оның  «Үкілі  Ыбырай» атануының себебін  «Өзім жайлы» атты өлеңінде бабамыз өзі  айтып 
кетіпті 
“Аралап талай елдің дәмін таттым, 
Сұлудың асқақ әнмен бабын таптым. 
Қалаған Сәмекеден қара қалпақ, 
Қос буын шекесіне үкі тақтым”, – десе қара қалпақтағы қос буын үні домбырадағы қос 
буын үнімен достасып, бірге үндесе желбірегендей көз тартып “Үкілі Ыбырай” атанды. 
Үкілі  Ыбырай  Сандыбайұлы  осы  күнгі  Солтүстік  Қазақстан  облысының  Айыртау 
ауданына қарасты № 5 ауылында 1860 жылы дүниеге келді. Кеңес үкіметі кезінде бұл ауыл 
“Өскен”  деп  аталды.  Бұл  күнде  “Үкілі  Ыбырай”  ауылы  атанарына  сенімім  мол. 
Жалғызтаудың  бауырын  жайлаған  Жақсылық  қарауылынан  шыққан  ақынның  ата  тегі 
Деріпсал Сәбденнен тарайды. Үкілі Ыбырайды сипаттағанда Сәкен Сейфуллин: 
“Әні бар “Гәкку” деген аңқылдаған, 
Аққудай айдын көлде саңқылдаған. 
“Кідігай”, “Қалдырған” мен “Маңмаңкерді”, 
Ырғалтса  керней  даусы  қарқындаған”,  –  деп  Шаляпинге  теңейді.Үкілі  Ыбырайдың 
композиторлық,  әншілік  мол  мұрасы  жайлы  жазылған  еңбектер  баршылық,  мен  жыр 
жинағын шығарғаннан кейін ақындық ерекшеліктерін сөз етпекке бой ұрдым. Қазақстанның 
халық ақыны, Үкілі Ыбырайдың төл шәкірті Молдахмет Тырбиұлының айтуынша, ол алдына 
жан  салмаған  әншілігімен  қатар,  қай  сайысқа  салсаң  да  дес  бермейтін  білімдар,  тапқыр, 


170 
 
ағынды  айтыс  ақыны.  Оған  қоса  қаламгерлігі  де  мол,  араб,  парсы  тілінде  оқи  білген,  өте 
зерек болған көрінеді. Ыбекең хат танығаннан кейін қолына түскен кітапты жаттап аларлық 
өнер  көрсетіпті.  “Мұңлық-Зарлық”,  “Қыз  Жібек”,  “Жүсіп  пен  Зылиха”,  “Тотының  тарауы”, 
“Сейфул  Мәлік”,  “Мың  бір  түн”  іспеттес  лира-эпостық,  батырлық  һәм  ғашықтық  жырлары 
мен қисса-дастандарды жатқа өз  әуенімен айта білген. Әсіресе, “Ер  Тарғын” мен “Мың бір 
түнді”  әнге  қосып  жатқа  айтуға  жалықпапты.  Кейде  қара  сырнаймен,  кейде  үкілі 
домбырасымен  қоса  шырқап,  поэзияның  желісіне  қарай  ән  мақамының  өрісін  жатық 
үйлестіре  білгені  үлкен  өнер.  Ұзақ  дастанды  әндеткенде,  кейде  қолындағы  домбырасын 
жерге  қоя  салып,  тақпақтатып  кетіп,  отырған  жерінен  ілгері-кейін  жылжып  қызғылықты 
қимылдармен  жалық-тырмас  даланың  дара  әртісінше  тыңдаған  жанды  жіпсіз  байлағандай 
баурапты. 
Жас  кезінде  әрлі  сөз,  ұлғая  келе  мәнді  сөз,  аш-ынғанда  зәрлі  сөз  таба  білген  Үкілі 
Ыбырайдың  тілінде  ақындық  ерекшелігінің  басты  арқауы  жатыр.  Ақынның  тіл  байлығы 
шерлі  сөзі  мен  зерлі  сөзін  қоса  жекеше  талдауды  талап  ететін  үлкен  қазына.  Ол  ержүрек, 
тапқыр да айтқыр, тіксілтегіш қайсар ақын. 
Үкілі Ыбырайдың тіл өрнегіне аздап қана назар аударсақ, оның мейірімі мен қайырымы 
тартып, өзгеден айырымы ашық көрініске жолығамыз. “Гәкку” деген сөздің өзі де қазақтың 
поэзиясы мен бүкіл тіл әлеміне алтын айдардай болып кірген ғажайып. “Үлпікер сүт бетінде 
балдай  қаймақ”,  –  десе,  “үлпікері”  үздік  тілдің  белгісі  ғой.  “Қарақат  көзді,  сым  саусақ”,  – 
теңеуге  жүйріктігі.  “Көк  зеңгір,  жасыл  жартас  Жалғызтауым”,  –  дегені  қандай  әсем. 
“Қайқақтамай  көтерер,  досы  үшін  тау-тасын”,  –  дегені  де  нағыз  қазақы  тіл.  Ал:  “Бір  атым 
насыбайдан  көңіл  қалар,  айта  бер,  айтсаң  сағың  сынбағанға”,  –  дегені  тереңдіктің  көрінісі. 
Майталман ақынның қай өлеңін алсақ та, ұлттық суреткерлікті білдіретін бояуы ашық,  ояу 
сөзді,  ішкі  маңызы  мен  айтар  ойға  дәлме-дәл  келтіріп, тап  басқыштығына  қайран  қаламыз. 
Тіл мен жаққа құр сүйену емес, өткір тілі әсем әндеріне де дәйек болып ескек желдің табиғи 
сыбырындай поэзия әлемін кеңейте түсуге сенімді семсер міндетін атқарды. 
Ыбырайдың  ақындық  талантынан,  әншілік  дарынынын  да  бөле  жаруға  болмайды.  Ол 
алдындағы  ұстаздары  Біржан  сал,  Ақан  серіге  еліктеп  алғашқы  өлеңдерін  де  әнімен  қоса 
шалқытты.  Уыз  туындылары  ғашықтық  сарында,  әзіл-күлкі  ауқымында  дәстүрлі  лириканы 
байытқаны  анық.  Қа-зақтың  ежелгі  салты  бозбалалықтың  қызығын  күйттеу  Ыбырайға  да 
бастау  берді.  Шөбектің  Мұқанының  Мәлике  атты  сұлу  қызын,  бір  жиында  Ақан  серінің 
ойынды  басқару  салты  мен  нұсқауы  бойынша,  алқа  топта  бірінші  болып  қасына  өлеңмен 
шақырыпты. 
“Бозбалаға бұл бір сын жеке-жеке
Әркімнің қасындағы сәулесі ерке. 
Бұйрығы ханзаданың екеу емес, 
Жаныма келіп отыр, ей, Мәлике”, – деген өлеңі сонда туыпты. “Ханзада” деп отырғаны 
Ақан  сері  ғой,  ол  кісіні  ағайын  ел  іші  әуелі  “ақ  жігіт”  деп  атап,  артынан  “Ақан  аға”  деуге 
көшті. Ал, бұл Мәликеге байланысты шумақтың жарық көруіне ол кезде жігіт ағасы болып 
қалған  Ақан  серінің  жастардың  ойынын  бастап  беріп,  бірінші  кезекті  сенімді  шәкірті 
Ыбырайға сілтеуінде жатыр. Жас Ыбырай:  “Көсем қиында, шешен жиында” дегендей, көш 
бастап,  өзі  міндетін  атқарыпты.  Ол  нағыз  ішкі  сенім  мен  қанына  туа  біткен  жүректіліктің 
белгісі. Міне, сол сәтте шыдай алмай буыны босап, күміс шолпысын әсем үнмен сылдырлата, 
сызыла  басып,  сиқырлы  сылқым  Мәлике  сұлу  ашық  ажарын  жайната  түсіп,  жас  ақын 
Ыбырайдың қасына отыра кетіпті. Сол ғажайып жастық шақ деген асыл дәурен озған сайын 
өлеңі де маңызданып, жанға жайлы, көңілге жылы тиер дәрежеге жете бастайды. 
“Ән салып сері болып талаптандым
Ақылын тыңдау қайда барлық жанның. 
Он үш жаста ән салып ел алдында, 
Жолына  түспей  кеттім  дүние-малдың”,  –  деп  өзінің  ана  сүтімен  ере  келген  ақындық, 
әншілік өнеріне белді бекем буғанын ұғымға жеңіл, жинақы тілмен осылайша қиыстырыпты. 


171 
 
Әкесі Сандыбайға тартып ұста болмады, немере ағасы Әбілге еліктеп саясатқа кіріспесе де, 
ақындықтың сұрша құсы жебеп өнер жолына сиқыр күшпен еліктетті. 
А.С.Пушкиннің  “Ескерткіш  өзіме  орнаттым  келмес  қолдан”  деген  өлеңіне  шейін 
бірнеше  “ескерткіштер”  болған.  Бірақ  Пушкиннен  кейін  бола  қойған  жоқ.  Ыбырайдың 
“Жиырма  бесі”  де  заманындағы  аттас  өлеңдердің  ең  сүйкімдісі  болып  кең  тарап  кетті.  Бұл 
күнде байтақ елдің қай түкпіріне барсақ та Ыбекеңнің “Жиырма бесі” алдымыздан шығады. 
Әсіресе, Қайрат Байбосыновтың және оның шәкірттерінің орындауында есту бір ғанибет. 
“Гәкку” жайлы талай сырды шертер едім, бірақ әнін де, тамаша сөзін де байтақ ел түгел 
біледі  ғой.  Шынайы  сезім  мен  шалқар  шабыт  түйіскенде,  шықтай  мөлдір  шындық  сырын 
шашпай-төкпей  ашық  айтудың  үлгісіндей  тамаша  туындысы  осы.  Бұл  өлеңі  Абайдың 
ғашықтық  тақырыбына  жазылған  әйгілі  толғаныстарын  амалсыз  ойға  оралтады,  дана 
жүректердің махаббатшыл нәзік лүпілдері де алыстан ұласып жатқандай сезім білдіреді. 
“Қарақат көзді, сым саусақ, 
Ләбізің сенің бал қаймақ. 
Жолыңа сенің сарп етпей, 
Неге де керек малды айдап. 
Қарақат көзді, ақ білек, 
Айтайын бір сөз үлгілеп, 
Қайғың алды денемді, 
Жүректің басын тілгілеп. 
Етің аппақ қояндай, 
Қызығыңа тоям ба-ай, 
Алыстан аңсап келгенде, 
Не  қыл  деп  жатсың  оянбай”,  –  деп  наздана  тебіренгені  ақынның  жан  қияр  ғашыққа 
деген  үздігіп  тұрған  құмарлығы,  ынтықтығы  һәм  өзінің  де  осал  еместігі  қатар  көрініп  тұр. 
Сырт  қарағанда  қатаңдау,  қысаңдау,  сәл  бәлсінгендей  көрінгенмен:  “Не  қыл  деп  жатсың 
оянбай”, деудің өзінде де бал ләззаттың үзім шырынын тезірек татуға құлшынғандық жатыр.  
«Алтыбасар» әнінде де ғашық болған бойжеткенге: 
Ей, қалқа, талпынушы ең бала құстай
Ауылыңа талай келдім ала қыстай. 
Бір жаман мал бердім деп алар, кетер, 
Тұйғыннан  жем  айырған  қара-құстай,  -  деп  сүйгеніне  қосыла  алмай,  қалың  малдың 
құрбаны болған талай қазақ қызының тағдырын суреттегендей. 
Жорықта  сес  көрсеткен  батырлардай  асқақтап,  ақындардың  өздерін-өздері 
көтермелеулері  дағдылы  үрдіс.  Ыбекең  де  бұл  бәйгеден  озық  келген  намыскер.  Тілге  тиек 
болар “Қайран Гәкку” деген өлеңінде: 
“Қыздан да қылықтымын жүрген жерде, 
 Ханнан да қадірлімін туған елге. 
Ақ тамақ, шұбар бауыр қоңыр қаздай
Сала  алмас  “Гәккуіме”  ешбір  пенде”,  –  деп,  мәреге  жетерде  алдына  жан  салмас 
Құлагерше  еркін  қарқындайды.  “Ханнан  да  қадірлі”  болса  да,  ел  алдында  қыздай  тәлімді 
қылығын  көрсетуі  ұрпаққа  тәлім  деп  білемін.  Дарияның  ішкі  ағыстары  мен  сыртқы 
толқындары  табиғи  араласып  жат-қандай  ақынның  ішіндегі  қызу  құйылымдар  ерік  бермей 
жұлқынып  сыртқа  шығады,  асау  толқындарға  айналып  бірде  бұрқанып,  бірде  сылқым  ғана 
сылдырлап  “құлақтан  кіріп,  бойды  алады”.  Адамның  жан  дүниесі  мен  тән  сезімін  ашық 
көрсетуде Ыбырайдың өзіндік ерекшелігі бар ерен ақын. 
“Қалдырған”  атты  өлеңі  туған  елге  деген  аманат  атанған  соңғы  сөзіндей  ел  ішінде 
түгелдей жатталды. Осы күнде Қазақ елінің қай түкпіріне барсаң да алдыңнан шығады. Бұл 
өлең алғы буын ағалар мен соңғы түлек інілерді жалғастырып тұрған, өмірдің мархабаты мен 
мехнатын  жасырмай  көр-сетіп,  жасы  ұлғайғанда  тәубеге  келгендей  ғақыл  сөзі  іспеттес 
татымдылығымен ел жүрегінен қоныс тепті. Одан кейін: 
“Қызығың дүние өткен күн, 


172 
 
Кейінгі қуып жеткен күн. 
Байланбаған асаудай, 
Сырт  айналып  тепкен  күн”,  –  деп  өмірінің  шуағы  өтіп,  шөлейтті  келеңсіз  кезеңдері 
тебірендіре  бастағанын  үлкен  күрсініспен  айта  білуі  нағыз  шеберлік.  Өйткені,  “Сырт 
айналып  тепкен”  заманның  зардабына  қазақ  халқының  көніп  отырғанына  жаны  ашиды, 
қиындыққа арқа жонын тосып, жауапкершілікті өз мойнына алып отыр. Бұл үлкен астарлы 
өлеңде  түгел  айтып  сілкілемей,  ымдап  қана  сілтеу  бар.  Бұл  да  үлкен  ойлы  ақынның 
азаматтығын айғақтайды. 
“Жолдас болсаң жақсымен, 
Терең ойлы, ақылы кең. 
Кішіпейіл сыр шашпас, 
Мінез,  білім  келсе  тең”,  –  деп,  өмірдегі  үзеңгілес,  сырлас,  сыйлас  болар  жолдасың 
қандай болуын жырласа, мінезге білім сайлығы қажеттілігін әдемі келтірген. Бұл мың түрлі 
сарында ерте де, кеш те айтыла беретін тақырыптың ол кездегі поэзиямызға қосылған ойлы 
үлесі деп түсінерлік туынды. 
Келер    жылы  160  жасқа  толғалы  отырған  ақтангер  ақынның  қайда  жатқаны  да 
белгісіз. Біржан сал, Ақан сері секілді өз заманының еркесі болып, әндетіп дабылдатып өтсе 
де  ақынның  өмірінің  соңғы  кезеңі  ХХ  ғасырдың  отызыншы  жылдары  әкелген  зұлматтың 
күрсауында  өтті.  Голощекиншіл  «ұр  да  жық»  белсенділердің  «асыра  сілтеген»  әрекеттерді 
елді  ашаршылыққа  ұшыратты.  Ұжымдастырудың  зардабынан  байғұс  қазақтың  жайлауында 
жаны, қыстауында қаны шықты. 1929-1932 жылдарғы қырғын аштықты көзі көрген ақтангер 
ақын  ел  мұңын  ашық  айтып,  сұқ  көзге  түсті.  Ащы  тілі  шымбайларына  тиген  ауылдағы 
шенділер соңына шырақ алып түсті. 1933 жылы Қазақстанды басқаруға Л.И. Мирзоян келіп, 
жағдайды түзей бастағанша, 1932 жылы Үкілі Ыбырай “халық жауы” атанып, атылып кетті. 
  
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1 Тоғысбаев Б. Сужикова А. Тарихи тұлғалар. Танымдық-көпшілік басылым. – Алматы:«Алматы кітап» 
ЖШС, 2005 - 610 б. 
2 Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық жинақ. ‒ «Аруна htd», ЖШС, 2005. – 610 б. 
3Ғашықтық 
әндер. 
– 
Алматы: 
«Өнер», 
1976, 
– 
132-134 
б. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ӘОЖ 371.3:792 
СЕРКЕШБАЕВА ГҮЛЖАНАТ НҰРМАҒАМБЕТҚЫЗЫ 
МЕРГЕН ГҮЛЖАН 
Ж.Мусин атындағы Көкшетау  жоғары қазақ педагогикалық колледжі 
Көкшетау, Қазақстан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет