Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары


тайлақтай»,  «қаңтардағы  күйіне  келген  бурадай



Pdf көрінісі
бет70/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   204
тайлақтай»,  «қаңтардағы  күйіне  келген  бурадай  болып»,  «бар  жауың  жымдай  болып, 
тақымын қысады», «қоянды қуған қасқырдай», «мұтылып қу томардай», «жап-жалғыз қу 
сояудай», «Шер ыршытты шабақтай», «жел аударған қаңбақтай», «күні еңкейіп, көлеңке 
басқан  бейуақтай»,  «панасыз  ел  баладай,  өсиетің  тездей»,  «сөзінің  басы  таудай»,  «аяғы 


168 
 
қылдай»,  «өткел  сындай»,  «су  сепкендей»,  «боранды  түнде  қасқыр  шапқан  жылқыдай», 
«ұшқыннан өрт шыққандай» т.б. [4, 57]. 
-ша/-ше  жұрнағы  арқылы  жасалған  теңеулер  тобы  да  кездеседі:  «қасқырша  өз 
күшігіңді  өзің  жейсің  бе?»,  «қойша  бауыздамақ»,  «мәдениетті  жұртша»,  «қырсыққан 
итше» т.б. 
М.Әуезов  драмаларында  қазақ  халқының  тұрмыс-тіршілігін  сипаттайтын  өлшем 
бірліктеріне қатысты теңеулер де бар: шолақ байталдың құйрығындай тобықты, тасқын 
судай,  найманды  даңды  судай  ағызып,  ақылың  асқар  таудай  т.б.  Даң  сөзінің  синонимі  – 
азан-қазан,  айқай-шу,  дабыр.  Автор  қолданысындағы  найманды даңды  судай  ағызып  деген 
тіркес «найманды шулатты» дегенді білдіреді.  
М.  Әуезов  тілдік  тұлғасында  адамды  сипаттауда,  оның  ішкі  жан  дүниесін  танытатын, 
мінез-құлқын  бейнелейтін,  іс-әрекет,  қимылын  суреттейтін  теңеулерді  жиі  кездестіреміз: 
«қаны  суық  өгей  шеше»,  «ай  мен  күндей  қарындасым»,  «аюдай  ақырған  төркіні  жуан 
күндесің»  т.б.  Яғни  автордың  рухани  дүниетанымы  ғаламның  тілдік  бейнесін  жасауда  ой 
иесінің  үлес-салмағын  танытады.  «Жалпы  тілден,  соның  ішінде  теңеулерден  халықтың 
саяси-әлеуметтік  өмірі,  рухани  дүниесі,  дүниетанымы,  әдет-ғұрпы,  мекендеген  ортасы, 
кәсібі, қала берді бүкіл тарихы көрініп тұрады» [5].  
В.Маслова  теңеудің  табиғатын  лингвомәдениеттану  ғылымының  өзекті  мәселесі  деп 
есептейді: «Халықтық діл (менталитет) және рухани мәдени тіл бірліктері алдымен олардың 
бейнелік  мазмұндары  арқылы  жүзеге  асады»  [6,  134]  осы  тұрғыдан  келгенде,  «Қарагөз» 
пьесасындағы  Сырымның  аузымен  айтылатын  сөздегі  теңеу  автордың  айрықша  шеберлігін 
көрсетеді:  
Сырым.  Менің  көзіме  де  көңіліме  сол  он  қос  жылқыда  күңіреніп  кеткен  көп  қыздың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет