Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары


қос қанатым жетілгендей, ішкен кісі иттей қатып барып



Pdf көрінісі
бет72/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   204
    Бұл бет үшін навигация:
  • : қоян
қос қанатым жетілгендей, ішкен кісі иттей қатып барып,  жиырма күнде өледі, европа 
білімі  –  екі  жүзді  семсер  тәрізді,  қара  жерден  алтындай  дән  шықпай  ма,  су  сепкендей 
басқан т.б. 
М.Әуезов  тілдік  тұлғасындағы  жануарлар,  құстар  және  өсімдіктер  әлеміне  қатысты 
теңеулерінде  халықтың  ғасырлар  бойы  түрлі  құбылыстарды  өзара  салыстыра  зерттеу,  бір-
біріне  теңей  сөйлеу  тәжірибесін  кеңінен  қолданылады:  қоян  қуған  құтаяқтай,  қыз-
қырқылжың түлкідей, қоянды қуған қасқырдайтағыларша тауда табысып, тараспайық, 
таласқан  құзғындай  боп  көрген  жемді  т.б.  Бақ  талайы  баршындай:  баршын  –  он  жастан 
асқан құс [7]. Сонымен қатар баршын «көк, қара көк түсі басым құс» дегенді де білдіреді.  
М.Әуезов  суреттеуінде  төрт  түлік  малға  қатысты  теңеулер  көптеп  кездеседі:  Сонда 
қалың қол бассыз қалып, боранды түнде қасқыр шапқан жылқыдай ықпасын ба? Төрт түлік 
малдың  қатысымен  жасалған  теңеулер  адамның  мінез-құлқы,  түр-әлпеті,  сыртқы  пішіні, 
қимыл-әрекеті  т.б.  ерекшеліктерімен  бейнелі  және  визуалды  салыстыру,  ассоциация 
негізінде пайда болған [8]:  
Еңлік. Е, мына тасты құшақтап жатқаның не, тасбақадай тарбиып? (күледі) (М. Әуезов 
Т.9. Шығ. жинағы, 173 б.). 
Суреткердің  тілдік  тұлғасындағы  теңеулерді  зерттеу  барысында  оның  көркем  сөздің 
мағынасын  ашып  қана  қоймай,  ата-бабамыздың  ғасырлар  бойы  жинаған  тұрмыс,  салт, 
тарихын  да  сипаттайтыны  аңғарылады.  Халық  санасында  қалыптасқан,  басқа  ешкімде 


169 
 
кездеспейтін,  қаламгердің  сөз  өрнегіне  ғана  тән  өзіндік  ерекшелігімен  ұлттың  тілін 
дамытатын  бұл  теңеулер  ұлттық  дүниетанымды  байытатыны  сөзсіз.  Көрнекті  тілдік 
тұлғалардың тілінде қалыптасатын мұндай жүйе – заңды құбылыс. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1  Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш: Зерттеу мен өлеңдер. − Алматы: Атамұра, 2003. − 205 б. 
2  Қоңыров Т. Қазақ теңеулері. – Алматы: Алаш, 2005. – 511 б.  
3  Кушкимбаева  А.С.  М.О.  Әуезовтің  тілдік  тұлғасының  вербальды-семантикалық  деңгейі  //  Абай  ат. 
ҚазҰПУ «Хабаршы». – Алматы, 2012. − № 4(42). – Б. 55-59.  
4  Күркебаев  К.Қ.  Қазақ  тіліндегі  өлшемдік  атаулардың  этнолингвистикалық  сипаты  (ұзындық, 
арақашықтық, салмақ – көлем өлшемдері негізінде): филол. ғыл. канд. ... дис.: 10.02.02. – Алматы, 2003. − 126 б. 
5  Қазақ дәстүрлі мәдениетінің энциклопедиялық сөздігі. Сөздік – Словарь. – Алматы, 2002. − 257 б. 
6   Өтебаева  Э.А.  Қазақ  тіліндегі  -дай,  -дей,  -тай,  -тей  тұлғалы  теңеу  мәнді  тілдік  бірліктердің 
этнотанымдық сипаты: филол. ғыл. канд.  ...  дис.: 10.02.02. – Алматы, 2010. 
7  Ермекова Ж.Б. М. Жұмабаевтің тілдік тұлғасы: филол. ғыл. канд. ... дис.: 10.02.02. − Алматы, 2010. – 
141 б. 
8   Большая энциклопедия Кирилла и Мефодия. − 2007 // http:
www.km
.ru. 
 
ӘОЖ:  821.512.122 
САҒЫНДЫҚОВА ЗӘУРЕШ ЖАМБУЛОВНА,  
КАМАШЕВА БАГЛАН ШЕКЕШОВНА  
НҰРМҰҚАНОВА ЖУМАГУЛЬ ЖАДЕНОВНА 
С.Жүнісов атындағы №18 орта мектеп-лицейі 
 Көкшетау, Қазақстан 
z.sagyndykova72@mail.ru


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет