Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет78/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   204
Жұман  ұзын  қара  бурыл  аттан  түсе  қалды  да,  үлкен  ақ  үйін  тіктіре  бастады. 
Қаңтарулы аты қасында, қамшы мен шылбыр белінде. Көпей бәйбішенің қай жерден қапы 
кетерін аңдып, ақырып қалуға әзір отыр. Бұл мінезге он бесінен үйреніскен бәйбішесі баяу 
қозғалса да, бабын тауып, мін тақтырар емес [3,592]. 
Ерінің  бір  ескерткенін  ендігәрі  қайталатпауға  дағдыланған  сылаң  тоқал  Айғанша 
қысыр  жыландай  жүйткіп  жүр.  Кілем-көрпе  төсеулі,  күмістеткен  сары  ала  тегене 
сапырулы, керектінің бәрі бар, артық еш нәрсе жоқ. Көшіп шыққаннан бергі  он екі күннің 
ішінде  (Игілік)  биден  бір  хабар  алмаса  да,  дәл  бүгін  осы  арадан  кездесетінін  білгендей, 
Айғанша бәрін бапты ұстапты [3,10]. 
«Ер мен әйел» қарым қатынасын ұлттық болмысқа сай етіп шебер бейнелейді:  
«Үйге  кіре  бере  қара  саба  жарылып  кетті...Адалбақан  уықтың  қарына  дұрыс 
бекітілмегендіктен, Жұманға қарай құлап, бір ашасы шекесін тырнап кетті. Осының бәрі 
аз болып отырғандай, жиенімсіп, еркінсіп қалжақтап Сейіт келе қалыпты. 
Бүгін бұл үйдің жылқышыларына да бірдеме болған сияқты. Іңір түсе қалып еді, құрық 
жаудырып жылқыны әлдеқайда қуып бара жатқандары естіледі... 


186 
 
Осының  қайсысынан  бастап  бәйбішеге  байланысарын  біле  алмай  отырғанда, 
Жұманның қолына бәйбішенің өзі ілінді, қапысыз ілінді... 
Ерінің ашуын алғысы келіп,  өзіне ең жақын ұстайтын сауыншы әйел Күңшеге Көпей 
бәйбіше: 
Қол  тиірменді  әкеліп,  құймақ  жасай  қойшы,  -  деп  еді,  Күңше  далада  ұзағырақ 
айналып қалып, қайта кірді де: 
Апасы-ау, қай түйеге артылып еді? Таба алмадым, - деді. 
Онсыз  жарылғалы  отырған  Жұман  қол  тиірмен  сияқты  кесек  себепті  құр  өткізе 
алмай: 
-  Біреу  жеп  қойғаны  да!  Жұтып  жібергені  де!  Сенің  нәрсең  табылушы  ма  еді!  Қай 
түйеге  артқаныңды  қайдан  білейін  деп  ең  сен  көк  ми!  –  деп,  Көпей  бәйбішені  орынсыз 
жазғырып, алқымына келіп тірелген ашуға булығып, әрең тоқтады. Аузына қай  сөз түссе 
де, қайтарғысы келмеп еді, ашу буды да, қор қылды» [3, 19-20]. 
Ашу  қысқан  ерінің  көңілін  табуды  ойлаған  ақылды  бәйбішенің  бейнесін  қалыпты 
тұрмыстық  өмірді  көрсету  арқылы  шебер  суреттеген.  Қазақ  халқының  ұлттық  болмысында 
ананы отбасының қамқоршысы, елдің ұйытқысы, береке-бірліктің бастаушысы деп санаған. 
«Ашық  қара  көзді,  келте  мұрындау,  сұңғақ  бойлы  Айғанша  кергіп-керіліп  отыра  да 
алмайтын  еді.  Әр  кезде  желе  жортып  үй  жабдығында  жүреді.  Астыңғы  ерні  әлі  шиедей 
қызарып тұратын жас әйел қазірдің өзінде бәйбішедей сыланатын болды. Бұл өңірде ерімен 
қатар  отырып,  тамақты  бірге  ішетін  әйел  де  –  осы  ғана.  Бар  қылығы  бойына  жарасып 
тұрады  деген  атаққа  шығып  бара  жатқан  әйел  де  –  осы»  [3,  27].  Қазақ  әйелінің  бойына 
біткен  жарасымдылық  пен  сұлулықтық  үйлесіп  келіп,  қылықты,  іскер  бәйбішенің  образын 
тудырады. 
Жазушы  «ана»  концептісіне  тірек  болатынын  «ана»  сөзінің  ассоциация  арқылы 
берілуіне  жиі  барған.  Белгілі  бір  ұғымды  білдіруде  жазушы  бұрынғы  тәжірибелер  мен 
жаңадан  қабылданған  түсініктер  арасындағы  байланысты  берік  ұстанған.  Сан  ғасырлық 
әдебиетімізде әйел ананың жан жүйесі, сырлы әлемі, нәзіктігі мен сұлулығы, даналығы мен 
адамгершілігі ерекше тақырып ретінде қалыптасты. 
Ал  мына  мысал  қазақ  халқының  әйел  мен  бойжеткен  қыздың  көпшілік  жиналған 
жердегі әдеп нормасының тілдік дәйегі болып табылады: 
–  Ие,  жай  келген  жоқсың  ғой.  Апаңның  дені  сау  ма?  Ұялатын  боп,  бой  жетіп 
қалыпсың  ғой  өзің!..  –  деген  Айғаншаның  ақырын  сыбыры  еміс-еміс  қана  естіледі  де, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет