Абылай Жолы – Петропавл жәрмеңкесі арқылы өтетін сауда, керуен жолы. Жолдың
бірнеше тармағы болған. Мал айдайтын жолдардың қазіргі Тайынша, Аққайың және
Қызылжар аудандарынан өткен.
Саумалкөл ауылы. Ауылдың аты аумақтық географиялық ерекшелігіне байланысты.
Ауыл Саумалкөл көлінің жағалауында орналасқан. Көлдің суы қышқылтым болғандықтан,
осылай аталған болуы керек. 1923 жылға дейін ауыл Кривоозерное, кейін Володарское деп
аталған. 1997 жылдан бері «Саумалкөл» деп аталады.
Антоновка. Ауылдың негізі 1896 ж. қаланған. Ауылдың аты алманың «Антоновка»
сұрыпымен байланысты. Украинадан қоныс аударған тұрғандар өсіруімен айналысқан бұл
алма түрі тіл үйірген дәмімен және хош иісімен ерекшеленеді.
Әулие Ата. Есіл ауданында, Бұлақ ауылының маңында, Абылай ханның серігі,
Солтүстік Қазақстан облысында туып-өскен Құлсары батырдың кесенесі орналасқан.
Құлсары Күлеке батырмен бірге бірнеше рет Ресейге мемлекетаралық мәселелер
бойынша елші болған. Шекаралас мемлекеттермен келіссөз жүргізу ісін Абылай Құлсарыға
тапсыратын болған. Ел аузында оның батырлығы, шешендігі, көрегендігі жайлы әңгімелер
көптеп сақталған. Батырды халық «әулие» атап кеткен.
Явленка – Есіл ауданының орталығы, 1876 ж. Ресейден көшіп келген шаруалар негізін
қалаған елді-мекен. 1884 ж. губернатор Явленка деген атауды бекіткен.
Бұлақ – ауыл қасында ағып жатқан емдік қасиетке ие бұлаққа байланысты аталған.
Сергеевка – Шал ақын ауданының аудан орталығы. 1899ж. алғаш қоныс аударған 70
жасар Сергей Мисюрин болғандықтан, осылай аталып кеткен.
Соколовка - 1759 жылы Тобыл уезінің Соколов аулынан көшіп келгендер
қоңыстанғандықтан, осы атау берілген.
Долматово – Долматово көлінің маңында 1760 ж. негізі қаланған елді-мекен.
Гайдуково – 1870 ж. елді-мекеннің құрылуына және онда көшіп келгендерді
қоныстандыруға ат салысқан офицердің тегімен аталған.
Горбуновка – 1830 ж. елді-мекенге алғаш қоныстанғандар – Горбуновтар болған.
200
Петерфельд – неміс тілінен аударғанда «Петр даласы» деген мағына береді. 1908 жылы
неміс қоныс аударушылары Петр Рыбалов деген көпестен сатып алған жерлеріне қоныс
салып, оған көпестің атын берген [1, 81-82].
Жер-су атын өзгерту – жай әуесқойлық емес, сол маңайда бұрын ешқандай халық
мекендемеген, демек иесіз жерге қазық қағуға болады деген жымысқы саясатпен әдейі
жасалған шара екені мәлім. Сонымен қатар, қазақы атаулардың өзінің транскрипциясын
өзгертіп, адам танымастай қалыпқа түсіргендікті де қосу керек (Мысалы, Шабақты –
Чебачье, Тереңкөл – Торангул, Тоқыш – Токушино, Асан – Асаново т.с.с.).
Кеңестік дәуірде колхоздастыру, тың игеру науқандарына байланысты өңірдің байырғы
елді мекендерінің атаулары аяусыз өзгертілгенін айтып жеткізу мүмкін емес. Оған қоса
қызыл империяның саясатына сай, идеология мүддесіне орай ешқандай мәні жоқ, даңғаза
қазақша атаулар енгізілді. «Жаңа тұрмыс», «Алғабас», «Жаңа талап», «Жаңалық»,
«Орталық», «Бірлік», «Мәдениет» т.б. атаулар бұрыңғы тарихи топонимиканы ел санасынан
өшірді, басқасы жаппай орысша болып кетті [2, 56-58].
Артына өлмес жол мұра қалдырған Шал ақын, Сегіз Сері,Үкілі Ыбырай өскен өңір. Ақ
қайынды, көгілдір көлді өлкенің жасампаз еңбек адамдарын Мағжан Жұмабаевтың,
С.Мұқановтың, Ғ.Мүсіреповтің, Н.Шуховтың, Павел Василъевтің өз шығармаларының
арқауы етті. Есіл өзені — облыстың ең басты су арнасы. Кеңес дәуірінде «Есіл» атауы
«Ешим» болып бұрмаланып келді. Есіл өзені Сарыарқа жері, Қарағанды облысындағы Нияз
тауынан басталып, Омбы облысындағы Усть-Ишим селосы тұсында Ертіс өзеніне құяды.
Жалпы, ұзындығы 2450 шақырым, Қазақстандағы ұзындығы 1719 шақырым. Ресейдің
Түмен, Омбы облыстарынан өтеді. 1950 жылдардың ортасында Есілде кеме жүзген. Есіл
бойында Астана, Есіл, Қызылжар қалалары орналасқан.
Өзен атауы көне түркі тілінде «көк» деген мағынаға ие. «Есіл» сөзі «ер, сөз, дерт»
сөздерінің мағыналарын күшейтуге қолданады. Осыған байланысты «есіл дүние ысырап
болды», «есіл ер-ай!» «саған қор болған есіл ат», «тыңдамасқа айтқан есіл сөз» деп
айтылады. Мағынасы «айхай, әттең, дариға, қайран, шіркін» сөздеріне жақын болғаны тегін
емес. Есіл өзенінің атауы қазақтың «есіліп, бұралып ағады» деген анықтамасына толық сай
келеді.
Сәбит Мұқановтың «Есіл бойында» әңгімесінде Есілдің тамылжыған тамаша
табиғатты суреттелген, үйірер жеміс-жидегі, шалғыны, сағымы да көз алдымызға елестеп,
көңілді жадыратады.
Атақты Асан қайғы бабамыз желмая мініп желдіртіп, Сарыарқаны аралап жүргенде, әр
жерге байланысты сын-толғауын айтқан екен. Ұзын аққан Ертісті көргенде: «Мына
шіркіннің баласы тойдым деп қарап отырмас, қарным ашты деп жылап отырмас. Сиырдың
мүйізі, доңыздың құлағы шығып тұрған жер екен», - депті. Ал Есіл өзенін көргенде: «Жары
мен суы тең, жарлысы мен байы тең болатын жер екен», - депті.
Тіпті осы өңірді жаз жайлауына, қыс қыстауына айналдырған, әділдігімен үш жүзге аты
жайылған Жабайұлы Тоқсан би: «Есілдің арғы бетіндегі Қарауыл төбеге жерлеңдер. Түбінде
осы жер тоғыз жолдың торабына айналады. Сонда ұрпағым еске алар» деп, ұрпақтарына
өсиет қалдырған екен. Есіл өзенінің атауы қазақ халқында «есіліп, бұралып ағады» деген
анықтамасына сәйкес келіп тұр.
Зарқын Тайшыбай білікті зерттеуші, елге танымал үлкен ғалым ономастика
мәселелеріне арналған «Атамекен атаулары» еңбегінде жазған: Облыстағы жер-су
атауларының, қазіргі жайына көз салсақ, «Ново-жаңа» деп басталатын 39 топоним бар екен
және олар түгелге жуық, елді мекендер, тек бір көл мен бір төбешіктің ғана «жаңа» екені
байқалады. Осыған керісінше «старо-ескілердің» саны 15, бұлардың екеуі ғана қоныстар.
Қалғаны көлдер, батпақтар, құрөзектер.
Бұл арада ұлттың талғамы, ұлттың ерекшеліктерге ғана тән сараптау және екшеу
үрдісінен жаңылмайтын мінез байқаймыз. Яғни, топонимдерден халықтың тұрмысы,
этномәдени тіршілік салты жаңылмай, көрініс тапқан.
201
Мысалы, Шешемтүскен, Төлепбергентуған, Қарыққұдық, Қойсойған, Қояншықпас,
Достарыңызбен бөлісу: |