КӨРКЕМ МӘТІНДЕГІ АВТОР МОДАЛДЫЛЫҒЫ ЖӨНІНДЕ
Аннотация: мақалада автор модалдылығы мәтіннің негізгі категорияларының бірі
ретінде қаралады. "Автор бейнесі", "субъектілік модалдылық", "автор модалдылығы"
терминдердің ара-қатынасы мен ерекшеліктері жайлы сөз қозғалады. Көркем мәтіндегі
субъект категориясының мәтінтүзушілік қызметіне, мәтін астарының имплицитті-
коммуникативтік
сипатына
талдау
жасау
мәтінтүзімнің
коммуникативтік-
прагматикалық аспектісін айқындауға көмектеседі. Көркем мәтіннің коммуникативтік-
прагматикалық сипатын айқындауда автор сөзі мен кейіпкер сөзінің, композициялық
212
баяндау формаларының коммуникативтік-прагматикалық қызметіне талдау жасаудың
мәні зор.
Тірек сөздер: модалдылық категориясы, субъективтік модалдылық, автор
модалдылығы, идиостиль.
Мәтіннің тілдік ұйымдастырылуын зерттеу, яғни мәтіннің негізгі бірліктерін, баяндау
тәсілдерін анықтаудың маңызы зор. Егер мәтін құру мен қабылдауға қатысты негізгі
ұғымдардың бірін назардан тыс қалдырсақ, зерттеуіміз толық және діттеген мақсатымызға
сай болмайды. Ол ‒ мәтіннің барлық бірліктерін біртұтас мағыналық және құрылымдық
тұтастыққа бекітетін авторлық модалдылық ұғымы болып табылады.
Тілдік модалдылық тіл біліміндегі зерттеудің ұзақ уақыт бойы нысаны болып келеді.
Модалдылық категориясы тілдің әмбебап құбылысы болып табылады. Ол тілдің түрлі
деңгейлерінде (морфологиялық, синтаксистық және интонация арқылы) көрініс табады. Бұл
категория күмәнсіз мәтін сипаттамасында да көрініс табады. Модалдылықты жүзеге асыру
аспектілерін зерттеумен көптеген ғалымдар айналысқан. Сондай тілші ғалымдардың
арасында А.В.Бондарко, В.Г.Адмони, Е.В.Пугачева, Д.А.Парамонова және тағы басқаларды
атап кетуге болады.
Модалдылық категориясы сөйлеушінің айтылған ойдың мазмұнына (субъективті
модалдылық) қатынасын және оның шындыққа (объективті модалдылық) қатынасын
білдіретін санат ретінде анықталады.
Модалдылық категориясы әр түрлі лексикалық, грамматикалық тәсілдер арқылы
беріледі. Модалдылықтың тілдегі көріністерін айқындайтын тәсілдерге рай, жақ, шақ
түрлері, сөздердің сөйлемдегі орын тәртібі, кейбір шылау, модаль сөздер, демеуліктер,
сөйлем типтері, интонация жатады. Модалдылық категориясы объективтік және
субъективтік деп бөлінеді.
Объективтік модалдылық сөйлемде предикативтілікпен өте тығыз бірлікте көрініп,
сөйлем мазмұнының шындыққа (реальды-ирреальды) қатысын сөйлеуші тарапынан жүзеге
асырады. Сөйлеуші өз сөзін объективтік шындыққа көзқарасы негізінде құрайды.
Модалдылық категориясы мен предикативтілік тығыз байланысты болғанымен, олардың
өздеріне тән өзгешеліктері бар. Предикативтілік сөйлемнің мағыналық топтарға бөлінуіне
әсер етпейді, ал модалдылық ‒ сөйлемнің типтік жағынан түрленуіне әсер ететін құбылыс.
Объективтік модалдылықты білдіретін тәсілдердің бірі — етістіктің рай категориясы. Рай
категориясы синтетикалық және аналитикалық формалар арқылы беріледі (барғайсың,
барсам екен, барғым келеді).
Модалдылық пен рай категориясы өзара байланысты болумен бірге өзіндік
ерекшеліктері бар дербес категориялар деп танылады. Сөйлемнің модальдылығы мен райдың
модальдылығы бір емес. Сөйлемнің модальдылығы айтылған пікірдің барлық жағына
қатысты болса, райдың модальдылығы етістік баяндауышқа қатысты болады да, сөйлемнің
модальды болуына әсер етеді. Рай, шақ және жақ формалары тығыз бірлікте келеді.
Сөйлемнің мазмұны барлық уақытта жаққа қатысты іс-әрекетті шаққа байланысты
көрсеткенде ғана ол объективтік шындыққа сай ретінде көрінеді.
Субъективтік модалдылық сөйлеушінің сөйлем мазмұнына әр түрлі жеке көзқарасын
білдіреді. Субъективті модалдылық жасайтын тәсілдерге демеуліктер, модаль сөздер жатады
[1].
Көркем мәтіндегі субъект категориясының мәтінтүзушілік қызметіне, мәтін астарының
имплицитті-коммуникативтік сипатына талдау жасау мәтінтүзімнің коммуникативтік-
прагматикалық аспектісін айқындауға көмектеседі. Көркем мәтіннің коммуникативтік-
прагматикалық сипатын айқындауда автор сөзі мен кейіпкер сөзінің, композициялық баяндау
формаларының коммуникативтік-прагматикалық қызметіне талдау жасаудың мәні зор. Осы
орайда, "мәтін модалдылығы", "автор модалдылығы", "субъективтік модалдылық"
категориялары жайлы сөз қозғап, ара жігін ажыратып алудың маңызы зор.
213
Тұңғыш рет "мәтін модалдылығы" категориясын И. Р. Гальперин енгізгені белгілі. Ол
"мәтін модалдылығы" категориясының мәнін бірқатар белгілер арқылы көрсеткен:
субъективтілік, мәтінде ол грамматикалық емес, функционалдық-семантикалық сипатқа ие,
мәтіннің әр түрлі фрагменттерінде әркелкі келіп, кейіпкерлердің сипаттамасы арқылы
берілуі, мәтінді бөліктерге бөлуде, автордың сентенциясы, мәтіннің жекелеген бөліктерін
өзектендіру және т.б. арқылы көрінеді [2, 115]. Сондықтан мәтіннің модалдылығына
арналған жұмыстардың көпшілігінде "авторлық модалдылық" және "субъективті
модалдылық" ұғымдары негізгі болып табылатыны әбден заңды.
Ғылыми әдебиетте авторлық модалдылық терминінің пайда болуы ең алдымен
Л.Г.Барлас [3], В.А.Кухаренко [4], М.И.Откупщикова [5] сияқты ғалымдардың
жұмыстарымен байланысты, алайда аталған терминнің мазмұндық көлемі әлі күнге дейін
айқындалмаған. Десек те, аталған ғалымдардың зерттеулері авторлық модалдылық терминін
екі жақты қарастыруға мүмкіндік береді. Яғни "авторлық модалдылық" термині тар
мағынада "автордың интенциясын жүзеге асыру ретінде қарастырылады" [6, 11]. Бұлай
талдаудың бір кемшілігі "авторлық модалдылық" терминін "автор бейнесімен"
байланыстырып қарау арқылы мәтін мазмұнын бағалаудың барлық түрлерін, оның ішінде
көркемдік, модальдік (автор бейнесі құрылымындағы интенционалды, эмотивті
мағыналарын) және экстенсионалды(мәтін мазмұны арқылы оқырман санасына енетін
эмотивті мағыналар) толық көлемде қамти алмайды.
Лингвист-ғалымдар тұрғысынан "авторлық модалдылық" терминін кең мағынада
қарастыру анағұрлым өнімді екенін атап өткен жөн. Кең мағынада "авторлық модалдылық"
көпжоспарлы категория ретінде түсіндіріледі, автор бейнесімен ғана шектелмей, мәтіннің
барлық деңгейлері арқылы қалыптасатын кейіпкер бейнесін және синтаксистік құрылымын
қамтиды [7, 29].
Алайда, әлі күнге дейін ғалымдар "авторлық модалдылық" пен "субъективті
модалдылық" терминдерінің ара-жігін ажыратуда пікірлері тоғыса бермейді. Тіпті кейбір
зерттеушілер аталған терминдердің айырмашылығы жоқ дегенге сайып, субъективті
модалдылық терминін пайдалануды жөн көреді.
Десек те, аталған терминдердің айырмашылықтары айтарлықтай айқын, өйткені
субъективтік модалдылық, авторлық модалдылыққа қарағанда, тек мәтінде ғана емес,
сонымен қатар сөйлем-пікір деңгейінде де іске асырылады, субъектінің (сөйлеушінің) қандай
да бір сипатталатын жағдайға (мүмкіндік, ықтималдылық, нақтылық және т.б. жағдайлары)
қатынасын белгілі бір тілдік құралдардың жиынтығы (оқшау сөздер мен сөз тіркестері,
оқшауланған конструкциялары және т. б.) арқылы субъективті реңкпен объективті-модалды
мәндерді бере алады. Салыстырайық: "Мен, әрине, бұл романды оқып шығамын", "Ол менің
туған күніме келетін шығар"," Ол, мүмкін, бұл оқиғаны ұмытар","Жаңбыр болатын сияқты".
Сонымен қатар, объективті-модалды мәндердің өзі, ең алдымен модалды етістіктер мен
предикативтердің(қалау, қажет, керек және т.б.) көмегімен әрекет пен әрекет субъектісі
арасындағы
қарым-қатынаста
жүзеге
асырылатын
жағдаяттық
модалдылық
мәндерді(мүмкіндіктер, қажеттілік, ниет) көрсетеді [8, 215]. Егер іс-әрекет субъектісі бірінші
жақта айтылса, субъективтіліктің реңкі айқын байқалады. Салыстырайық: "Мен бұл
жұмысты мерзімінде орындауға тиіспін", "Мен жиналыста сөйлегім келеді", "Мен оған
болған жағдай туралы айтып беруге міндеттімін" және т. б.
Тұтас мәтін қарастырылған жағдайда бұл мәндер субъективті-бағалауыштық сипатқа ие
болады. Демек, авторлық модалдылық категориясы автордың жеке ерекшеліктерімен, оның
эмоциялық-этикалық өзгешелігімен, аксиологиялық көзқарастарымен, әрі авторлық
бағалаумен анықталады. Егер И.Р.Гальперин ұсынған мәтіндік ақпараттың типологиясына
сүйенсек, ғалым аталған терминді былайша түсіндіреді: "мазмұндық-деректік ақпарат
құралдары сипатталған құбылыстар арасындағы қарым-қатынастарды жеке-автор
тұрғысынан түсінуі, олардың себеп-салдарлық байланыстарын түсінуі, олардың халықтың
әлеуметтік, экономикалық, саяси және мәдени өміріндегі маңыздылығын, жекелеген
214
тұлғалар арасындағы қарым-қатынасты, олардың күрделі психологиялық және эстетикалық-
танымдық өзара әрекеттесуін автор тарапынан түсінуі" [2, 28].
Н.С.Валгина «Мәтін теориясы» кітабында авторлық модалдылықты барлық мәтіннің
бірліктерін біртұтас мәнді және құрылымды тұтастыққа бекітетін «мәтінді құру мен мәтінді
қабылдаудың ең маңызды элементі» деп атайды [9, 67].
Мәтіннің модалылығы ‒ мәтінде автордың хабарланатын ақпаратқа қарым-
қатынасының, оның тұжырымдамасының, көзқарасының, ұстанымының, оның құндылықтар
бағдарының, оқырманға хабарлау үшін тұжырымдалған өрнегі. Мәтінге берілетін авторлық
бағалау әрқашан ойды жеткізудің тиімді тәсілдерін іздестірумен тығыз байланысты. Бұл
қарым-қатынасты білдіру және бағалау тәсілдері әр автор үшін әр түрлі, өйткені оқырманға
мәтін арқылы жеткізілетін ойды беру тәсілдерінің мақсаты, бағыты әр түрлі. Жалпы
модалдылық автордың мәтіндегі ақпаратқа қарым-қатынасының көрінісі ретінде мәтінді
жеке бірліктердің жиынтығы ретінде емес, тұтас шығарма ретінде қабылдауға мүмкіндік
береді. Мұндай қабылдау жекелеген сөйлеу бірліктерінің сапасына емес, олардың тұтас
мәтіндегі функцияларын анықтауға негізделеді.
Мәтінді тек тақырыптың формальды ұйымдастырылуы, тақырыптық, грамматикалық
тізбектер (пікір тіркесімі) ретінде қарастыруға болмайды. Мәтін шын мәнінде осы
тізбектерден тұрады, бірақ оның құрылымы мыналарды қамтиды: мәтін белгілі бір мақсатты
көздейтін мазмұндық элементтерден тұратын тұтас құрылымы, автордың интенциясын,
автордың қарым-қатынас шарттарын және жеке бағдарын, яғни ғылыми, зияткерлік,
қоғамдық, адамгершілік, эстетикалық және т. б. ескеретін формальды және мазмұндық
элементтердің бірлігі.
Модалдылық категориясымен "автордың бейнесі" ұғымы тығыз байланысты. Бұл ұғым
филология ғылымына бұрыннан белгілі. Әсіресе, ХХ ғасырдың 30 жылдары В.В.Виноградов
аталған терминнің мәнін ашуға көп көңіл бөлді. "Автор бейнесі" ұғымын толық ашу үшін
"сөйлеуші", "баяндау субъектісі" сияқты ұғымдарды нақтылап, ара-жігін ажыратып алу
қажет.
Сөйлеуші (сөз өндірушісі) ‒ баяндау субъектісі ‒ автор бейнесі ‒ мұндай иерархиялық
жіктелу "автор бейнесі" ұғымын жан-жақты түсінуге көмектеседі. Берілген қатардағы
бірінші ұғым ‒ сөйлеуші жайлы ғылымда нақты түсінік қалыптасқан. Әрбір мәтін, көркем
шығарма белгілі бір нақты тұлғаның туындысы. Кез келген газеттегі мақала, очерк,
фельетон; кез келген ғылыми еңбектің, сондай-ақ көркем шығарманың авторы болады
немесе қосалқы авторлары да болуы мүмкін. Алайда, нақты автор шығарманы жазуға
кірісерде белгілі бір мақсатты көздейді, не біреуден тапсырма алады (мысалы, газет тілшісі).
Осы сәттен бастап шығармашылық жұмыс басталады: тапсырма бойынша берілген
материалды жарыққа шығару үшін автор оған сәйкес пішінін (сана-сезімде, қиялда
қалыптасқан идеялар, мазмұндар), яғни осы материалды ұсыну нысанын іздейді. Қалай жазу
керек? деген сауал туады. Шығарма автордың жеке қасиеттері, өмірлік қағидаттарынан
бастау алғанмен, автор өзін жасыруға, көрсетпеуге тырысады. Мысалы, алдыңғы қатарлы
журналист өзінің жазбасын автор атынан емес, редакция мүддесінің тарапынан
ұйымдастыруы тиіс. Жазған мәтінінен ол өзін шеттету үшін "біз" есімдігін қолданады (біз
ұсынамыз, біздің пікірімізше және т.б.) немесе сипатталған тұлғаға қатынасын жақсыз
формада беруге тырысады. Бұлай жасау автор, яғни мәтін құрастырушысының көзқарасы
бойынша, айтылған пікірдің объективтілік дәрежесін күшейтеді. Бірқатар ғалымдар өз
шығармасында жасырынбай, бірінші жақтан баяндап, өз пікіріне оппонент іздейді.
Тіпті кез келген ресми құжаттың тікелей құрастырушысы бар, алайда ол мәтінді
баяндауда өз мәтінінен толығымен шеттетілген. Осылайша, материалды ұсыну нысаны
арқылы баяндау субъектісі құрылады, яғни тікелей "мен", ұжымдық автор, шеттетілген
автор және т.б.
Шығарманың тікелей авторы (мәтін субъектісі) өз мәтінінде бірде автор-баяндаушы,
бірде автор-сипаттаушы, бірде автор-хабарлаушы және т.б. болады. "Авторлық нысан"
әрқашан көп ізденісті қажет ететін категория болып табылады. Кейбір жағдайларда бұл
215
ізденістер күрделі шығармашылық үдеріске ұласады, мысалы, көркем әдебиетте, ал
басқаларында ‒ ол көбінесе жанр және мәтін түрі арқылы анықталады. Ең күрделісі ‒ көркем
шығармада баяндау субъектісін ұсыну. Өйткені бұл жерде сөз тудырушы, яғни нақты автор
(жазушы) өзі таңдаған өмірлік материалын оқырманға жеткізудің ең тиімді, сенімді
тәсілдерін іздейді, әрі оқиғаға өзінің адамгершілік көзқарасы, әлемнің көрінісі, өзінің қиялы
сияқты ұғымдарды бір жерге тоғыстыру қажет.
Авторлық модалдылық – автордың тілдік тұлға ретінде әлемнің тілдік бейнесін
жасаушы, яғни мәтін құрастырушы семантикалық категория. Авторлық модалдылықты
зерттеуде жазушының идиостилі сияқты негізгі мәтіндік категорияға жүгінуге тура келеді,
өйткені автордың тілдік тұлға ретінде әлемнің тілдік бейнесі оның шығармаларының тілі
арқылы көрініс табады. Авторлық модалдылық шығарманың мазмұндық-концептуалды
ақпаратында көрініс тауып, автордың өзіне ғана тән ерекшеліктерін, жазу стилінің
ерекшеліктерін қалыптастырады, өйткені стиль форма ретінде әрқашан мазмұнмен, оның
ішкі мағынасымен тығыз байланысты. Осылайша, жалпы авторлық модалдылық және
идиостиль категорияларының қатынастарын мәтін құрылымындағы мазмұндық және
формальды қабаттардың арақатынасы ретінде белгілеу заңды болып табылады.
Авторлық модалдылықты жүзеге асыру құралдары ретінде автор шығармасының тілін
сипаттайтын идиостилистикалық ерекшеліктер кешенін атауға болады. Осылайша,
"авторлық модалдылық" және "идиостиль" категорияларын мәтін құрылымындағы
мазмұндық және формальды қабаттар ретінде қабылдауға болады.
Тілші-ғалым О.Е.Вихрян авторлық модалдылық құрылымында үш деңгейді ажыратып
көрсетеді: ментальді-идеологиялық, композициялық және лексикалық-грамматикалық.
Осы деңгейлердің арақатынасы олардың компоненттерінің байланысына қатысты.
Ментальды-идеологиялық деңгейдегі компоненттер (бейнелер, идеялар, семантикалық
өрістер, семантикалық доминанттар) авторлық модалдылықтың мазмұнды қабатын
білдіретін композициялық (қайталаулар, сақиналық композиция және т.б.) және лексикалық-
грамматикалық (коннотативті семантикасы бар лексемалар, модальды модификаторлар)
деңгейлердің формальды құралдары болып табылатын компоненттерімен ажыратылады [10,
81].
Көркем шығармалар тіліндегі авторлық модалдылық мәтіннің лексикалық-
грамматикалық және композициялық деңгейлерінің элементтері арқылы жүзеге асырылады,
сондай-ақ бейнелер, тақырыптар, авторлық идеялар мен концептілер сияқты мәтінді
қабылдау нәтижесінде анықталатын прагматика-идеологиялық бірліктерде көрсетіледі. Бұл
жағдай авторлық модалдылықты кең, көп қырлы және көп деңгейлі категория ретінде
сипаттайды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1
Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау
министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998. ‒509 б.
2 Гальперин И.Р. Текст как объект лингвистического исследования. ‒М., 1981.
3 Барлас Л.Г. Источники текстовой выразительности//Проблемы экспрессивной стилистики. ‒Ростов
н/Д, 1987.
4 Кухаренко В.А. Интерпретация текста. ‒ М., 1988.
5 Откупщикова М.И. Синтаксис связного текста. ‒ Л., 1988.
6 Стратийчук Е.Ю. Персональность как текстообразующая категория художественного текста: на
материале русского и английского языков: автореф. дис. канд. филол. наук. ‒ Ростов н/Д, 2006.
7 Маркова Н.А. Прагматические особенности художественного текста//Принципы изучения
художественного текста: сб. науч. тр. ‒ Саратов, 1992.
8 Русская грамматика: в 2 т. ‒М., 1980.
9 Валгина Н.С. Теория текста. ‒М., 2004.
10
Вихрян О.Е. Языковые средства выражения авторской модальности в романе И.А.Бунина
«Жизнь Арсеньева»: автореф. дис. канд. филол. наук. ‒М., 1990.
ӘӨЖ 81.01
216
КУЛМАКАНОВА МАРЬЯШ КАПАРОВНА
«Дарын» мектеп-лицейі» КММ,
Петропавл, Қазақстан
mariash_7@mail.ru
Достарыңызбен бөлісу: |