Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары


    АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТӘРБИЕ ТАҚЫРЫБЫ



Pdf көрінісі
бет59/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   204
Байланысты:
{CF395923-CB60-413E-9F69-F9338E1D4631}

 


152 
 
АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТӘРБИЕ ТАҚЫРЫБЫ 
 
Аннотация:  бұл  мақаланы  жазудағы  басты  себеп,  қазақ  халқының  бас  ақыны  Абай 
Құнанбайұлының тәрбие тақырыбында жазылған шығармаларын талдай отырыпп, қазіргі 
және  келешек  ұрпақты  қайткенде  ұлтқа  қызмет  ететін  тұлға  ретінде  қалыптастырып 
шығаратынымыз хақында ой тастау. «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген хакімнің 
ұлы  сөзі  бүгінгі  тақырыбымыздың  бірден-бір  арқауы,  қазақ  халқы  ежелден  бей-жай 
қарамайтын  перзент  тәрбиесіне  Қазақтың  Абайы  тұрғысынан  келу  біздің  негізгі 
мақсатымыз.  Қырық  бес  қара  сөзі  мен  жауқазын  жырларында,  шебер  аудармаларында, 
поэмаларында  белең  алатын  тұлға  қалыптасуының  түрткі  себептері  бүгінгі  таңда  тың 
тыныспен  зерттеліп,  ұрпақ  санасына  құйылса,  ол  біздің  ұлт  ертеңіне  қосқан  өлшеуісіз 
үлесіміз болар еді.  
Көзі ашық, өресі биік оқырманның назарына ұсынатын түйін ой алыстан арбаламай-
ақ, өз ғасырының маңдайына симай кеткен, тауға да, тасқа да барып жар салса, өз дауысы 
жаңғырық боп естілген ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында ұлт үшін 
«Қалың елім, қазағым қайран жұртым» деп өткен Абай Құнанбайұлының келешегіміз үшін 
керек  келелі  кеңестерінің  бір  сыпырасы  сіздерге  ұсынуға  тырыстық.  Оқырман  өзіне 
қажетін табар деген ойдамыз. 
Тірек    сөздер:  тәрбие,  адамгершілік,  білім,  хакім  Абайдың  қара  сөздері,  өлеңдері, 
аудармалары
 
Тәрбие  тал  бесіктен...  Есте  жоқ  ерте  замандардан  бері  қазақ  халқының  берік 
ұстанымына  айналған  осы  нақылдың  халық  санасына  нық  бекуіне  нендей  күш,  нендей  бір 
философиялық түсінік себеп болды екен? Немесе бұған түрткі болған ұлт жанашырларының 
ғақлия  сөздері  болар...  Ал  «Ұлт  жанашыры»  деген  ұғымға  кеп  тоқталсақ,  Құдайға  шүкір 
біздің  қазақта  ел  қамы  деп  жанын  беруге  даяр  ұл-қыздар  қай  ғасырда  да    жетерлік  болған. 
Десек те тәрбие мәселесін тағы да ұлы көштің басында тұрған хәкім Абайдан артық ешкім 
жеткізе алмас. Әсіресе қоғамның әр түрлі саяси-әлеуметтік мәселелерін толық қамти білген 
қырық  бес  қара  сөзден  тұратын  ғақлия  сөздері  сұрағына  жауап  іздеген  кез-келген  жанның 
өміріне сара жол сала алары сөзсіз. Ал Абай өзіміз жоғарыда айтып өткен «Бала тәрбиесіне» 
қара сөздерінде қандай философиялық ойлар айтты екен, соған тоқталсақ. 
Алдымен «Балаларды бағу? Жоқ, баға алмаймын. Бағар едім, қалайша бағудың мәнісін 
де білмеймін, не болсын деп бағам, қай елге қосайын, қай харекетке қосайын? Балаларымның 
өзіне  ілгері  өмірінің,  білімінің  пайдасын  тыныштықпенен  көрерлік  орын  тапқаным  жоқ, 
қайда  бар,  не  қыл  дерімді  біле  алмай  отырмын,  не  бол  деп  бағам?»  деп  «Бірінші  қара 
сөзінен»  бастап,  бала  бағудың  да  Толағайдай  ауыр  жүгі  бар  екенін  тілге  тиек  етеді.  Бұл 
ойының астарында да ата-ананың бала алдындағы ең бір ұлы парыз-міндеттері жатқан жоқ 
па?!  
Одан  ары  «Оныншы  қара  сөзінде»:  «Біреулер  құдайдан  бала  тілейді.  Ол  баланы  не 
қылады?»  деп  сөз  бастайды.  Бұл  жай  сөз  емес,  сұрақ,  артқыға,  келер  ұрпаққа  қойылар, 
ойландырар сұрақ. Оқырман қалай жауап берер еді? Оны хакімнің өзі былай деп тарқатады: 
«Өлсем орнымды бассын дейді, артымнан құран оқысын дейді, қартайған күнімде асырасын 
дейді».  Иә,  дұрыс.  Перзентті  болуды  армандайтын  кез-келген  пенденің  ойы  осы  болар. 
Дегенмен  Абай:  «Осыданбасқасы  бар  ма?  Балам  орнымдыбассындемек  не  сөз? 
Өзіңненқалғандүниеиесізқалардейсіңбе? Қалған дүниеніңқамын сен жемекпеедің? Өліп бара 
жатқанда өзгеден қызғанып айтқаның ба? Өзгеге қимайтұғын сенің не қылған артықшаорның 
бар  еді?  Баланың  жақсысы  -  қызық,  жаманы  –  күйік.  Баланың  не  түрлі  боларын  біліп 
сұрадың?  Дүниеде  өзіңнің көрген  қорлығың  аз  болды  ма?  Өзіңнің  қылған  иттігің  аз  болды 
ма? Енді бір бала туғызып, оны да ит қылуға, оған да қорлық көрсетуге мұнша неге құмар 
болдың? 
Артымнан  балам  құран  оқысын  десең:  тірлікте  өзіңнің  жақсылық  қылған  кісің  көп 
болса,  кім  құран  оқымайды?  Егер  жаманшылықты  көп  қылған  болсаң,  балаңның  оқыған 


153 
 
құраны сені неге жеткізеді? Тіршілікте өзіңе-өзің қылмаған істі, өлген соң саған балаң кәсіп 
қылып  бере  ала  ма?  Ахирет  үшін  бала  тілегенің  -  балам  жасында  өлсін  дегенің.  Егерде 
ержетсін  десең,  өзі  ержетіп,  ата-анасын  тұзақтан  құтқарарлық  бала  қазақтан  туа  ма  екен? 
Ондай баланы сендей әке, сенің еліңдей ел асырап өсірмек пе екен?  
Қартайғанда  асырасын  десең:  о  да  –  бірсөз.  Әуелі  -  өзің  қаруың  қайтарлық  қартаюға 
жетемісің, жоқ па? Екінші - балаңмейірімдіболып, асырарлықболыптуама, жоқ па? Үшінші - 
малыңболса,  кімасырамайды?  Малыңжоқболса,  қайасыраутолымдыболады?  Баланың  мал 
табарлықболары,  мал  шашарлықболары  -  ол  да  екіталай»  депалдыңғытілек-арманның  бос 
әурешілік екенін түсіндіреді. 
Айтылған  қара  сөздің  қандай  философиялық  ой,  тағлымға  әкеле  жатқаны  санасының 
сәулесі  бар  жанға  түсінікті  боп  келе  жатқан  болар.  Ал  оны  топшыламастан  бұрын, 
ғұламаның өз сөзіне қайтып оралайық. 
«Хош, құдай тағала бала берді, оны өзің жақсы асырай білесің бе? Білмейсің. Бұрынғы 
өз  күнәңді  өзің  көтергеніңмен  тұрмай,  балаңның  күнәсіне  тағы  да  ортақ  боласың.  Әуелі 
балаңды 
өзің 
алдайсың: 
«Әне, 
оны 
берем, 
міне, 
мұны 
берем» 
деп. 
Басындабалаңдыалдағаныңабір  мәз  боласың.  Соңырабалаңалдамшыболса,  кімненкөресің? 
«Боқта!»  деп,  біреудібоқтатып,  «кәпір  -  қияңқы,  осыған  тимеңдерші!»  деп,  оны 
мазаттандырып,  әбдентентектіккеүйретіпқойып,  сабаққабергенде,  молданыңеңарзаныніздеп, 
хат  танысаболадыдеп, қу, сұм бол  деп,  «пәленшеніңбаласысенісыртыңнансатыпкетеді» деп, 
тіріжанғасендірмей жат мінезқылып, осы мабергентәлімің? Осы баладанқайыркүтесіңбе?». 
Абай  Құнанбайлы  тәрбие  мәселесіне  тек  қара  сөздерінде  ғана  тоқталды  деуімізге 
болмайды. Өлең-жырлары, аудармалары мен поэмаларында да адам жан дүниесінің ізгілікті 
іздеуі,  адал  өмір  сүруі  туралы  сөз  қозғалады.  «Егер  қолымда  закон  қуаты  бар  ада  болсам, 
адамның  мінезін  өзгертуге  болмайды  деген  адамның  тілін  кесер  едім»  дейтін  нық  сенімі 
оның  өз  шығармалары  арқылы  келешек  ұрпақты  дұрыс  жолға  салсам  екен  деген  арман 
тудырған  болса  керек.  Ал  өзі  сүйіп  оқыған  орыс  әдебиетінің  классиктерінен  де  мысал 
өлеңдерді  аудара  отырып,  тың  бір  жол  бастады.  Одан  кейінгі  жылдары  сол  дара  жолды 
жалғаған Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов сынды халық қаламгерлері мысал жанрын одан ары 
дамыта түсті. Абай аудармасы жалаң немесе тура аудару емес, әрқашан түйін сөздерді қазақ 
халқының таным-түсінігіне қарай екшеп әкеліп, құнды ой айтып отырған.  
«Ғылым таппай мақтанба», «Өлсем орным қара жер сызбай болмай ма?», «Адам бір боқ 
көтерген боқтың қабы», «Ойға түстім, толғандым» т.б. өлеңдері мен «Ескендір» сынды ұлы 
туындылары хакімнің адамзаттың ойын, ниетін жақсы жаққа қарай өзгертуге жасаған батыл 
қадамдары еді.  
Жасымда ғылым бар деп ескермедім, 
Пайдасын көре тұра тексермедім.  
Ержеткен соң түспеді уысыма, 
Қолымды мезгілінен кеш сермедім. 
Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы, 
Қалымды дәп сермесем, өстер ме едім? 
Адамның бір қызығы бала деген, 
Баланы оқытуды жек көрмедім. 
Баламды медресеге біл деп бердім, 
Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім... 
деген  өлең  жолдары  ақынның  өз  балаларын  тәрбиелеуде  білім  көзін  ашу  ең  маңызды 
және қажетті шешім екенін түсінгенін, ал өзі қаншама кітап, шығармаларды оқи жүріп, білім 
сауатын ерте ашқан жан болса да,  «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» деуі  өнер-білімді 
іздеген үстіне іздеп, бұдан да көп білуге тырысуым керек еді деген ойдан шықса керек. 
«Адамның  көзі  тек  бір  уыс  топыраққа  қана  тояды,  одан  өзгесіне  пенде  жүрегі 
қанағатсыздық  танытып,  ақылы  соңында  жүретінін,  айла-шарғысы  жер  жаөанды  жаулауды 
ниет  еткен  Ескендірдің  өзі  де  бұл  өмірде  мәңгілікке  қалған  жоқ,  оның  көзі  де  тек  топырақ 
жамылып  қана,  жұмылды»  деген  философиялық  ойды  негізге  алған  «Ескендір»  поэмасы 


154 
 
айтпай кетуге болмайды үздік шығарма. Бұнда да ақын айтқысы келген пікір біреу-ақ, ол – 
мал  таппақ,  дүние  жимақ,  ел  жауламақ  бәрі  де  уақыттық  қана  ермек  немесе  өз  өміріңе 
жасаған  қиянат.  Ал  ізгіліктің  жолын  қуып,  бар  күш-жігерімен  ел  танып,  жер  танып,  білім 
жимақ  нағыз  пенденің  жан  қалауын  орындайтын  негізгі  шарт  екені  оқырманға  түстінікті 
болар.  
Ал қара сөздеріне қайта оралсақ, Абай тілге тиек еткен: «Адам баласы туғанда екі түрлі 
мінезбен  туады,  бірі  –ішсем,  жесем,  кисем  деп  туса,  екіншісі  –көрсем,  білсем,  оқысам  деп 
туады»  дегеннің  өзі  де  бүгінгі  психология  дейтін,  физиология  дейтін  ғылым  салаларының 
«Адамның жан қалауы мен тән қалауы» деп зерттеп жүргенінің нақ өзі емес пе? Дегенмен, 
Абай тек жалаң ғылыми түсінікке ғана қадалып қалған жан емес, оның айтпақ ойы одан да 
терең:  тәннің  қалауын  жанның  қалауына  бағындыра  білген,  білім  алып,  дүние  танымын 
кеңейтуді ойлаған жан ғана кемел тұлға болып қалыптаса алады. 
Хакім  Абай  өз  шығармашылығында  адамзаттың,  перзенттің  тәрбиесі  тұрғысында  аз 
қалам  тербеген  жоқ.  Оның  өлеңі,  мысал  аудармалары,  дастандары  болсын  өз  алдына  бір 
төбе. Ал осы қазақтың бас ақынының өмірлік тәрбие-түсінігіне әсер еткен Зере әже тағлымы, 
Құнанбай  қажы  әке  мен  Ұлжандай  ұлық  аналардың  ақ  батасы  емес  пе?  Оқудан  енді  ғана 
оралған  бала  шәкірт  Абайға  «Алдымен  әкеңе  барып  амандас!»,-дейтін  Ұлжанда,  өзі  түзде 
жүрсе де айбаты бір қара шаңырақты ұстай алатын Құнанбайдай әке денемесе отағасы Абай 
үйге  келгенде  балаларын  дәл  әкесіндей  өнер-білімге  жақын,  алғыр  етіп  тәрбиелеп 
ризашылығына  бөленетін  Әйгерімдей  асыл  жардың  тек  әңгіме  кейіпкеріне  айналғаны  ма? 
Жоқ,  осы  ұлылық,  тектілік  біздің  халықтан  ұзап  алысқа  кете  қойған  жоқ.  Сананы  тұрмыс 
билеп,  көз  алдымыз  сәл  ғана  бұлдыр  тартқаны  болмаса,  біздің  қоғам  да  әлі  талай  Абай, 
Шәкәрім,  Мұхтарларды  дүниеге  әкелері  сөзсіз.  Тек  оның  бір  ғана  шарты  ұлы  Абай 
айтқандай:  «Адамның  жақсы  болуы  тегінде  емес,  тәрбиесінде,  ақылында,  өнер-білімінде. 
Адамға  үш  алуан  адамнан  мінез  жұғады:  ата-анадан,  ұстазынан,  құрбысынан.  Әсіресе, 
олардың қайсысын жақсы көрсе, содан көп жұғады» деген тәрбиенің үш тағанын нық ұстай 
білсек екен. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1 Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Атамұра», 1995. 
2 Абай Шығармаларының екі томдық толық жинағы. Өлеңдер мен аудармалар, поэмалар, қара сөздер. – 
Алматы: «Жазушы», 1995. 
3 «Қалың елім қазағым қайран жұртым» өлеңдер мен поэмалар жинағы. – Алматы: «Атамұра» баспасы. 
4 «Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла...» шығармалар жинағы. –Алматы: «Алматыкітап». 
5 «Абай тағылымы» әдеби-сын мақалалар мен зерттеулер. – Алматы: «Жазушы», 1986.  

https://abaialemi.kz
 сайтындағы Абай қара сөздерінің электронды нұсқасы. 
 
 
 
 
 
 
 
ӘОЖ:  821.512.122 
МЫРЗАҒАЛИЕВА АҚБОТА СЫРЫМҚЫЗЫ 
Шәкәрім атындағы Семей университеті 
Семей, Қазақстан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет