Байланысты: Қажым Жұмалиев және қазіргі әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелері
Топтастыру стратегиясы (мәтіндегі сөйлемдерді өз орнына
қойып, бір жүйеге келтіру. Қарамен жазылған сөйлемге
морфологиялық талдау жасау. Мәтінге тақырып қою).
«....Қыздарымыз – ел намысы, ел ары, ел гүлі. Кейде қазағым:
«Туған жер үшін күрес – ұлға тиген үлес, ар үшін күрес – қызға тиген
үлес», - деп түйіндейді. Өзін жат жұрттыққа балаған қыз бала барған
бағалы болуын ертеден-ақ ойлану керек. Арлы болу – жарлы болу
деген сөз емес, байлықтың нағыз қайнар көзі. Әсіресе, қыз бала арлы
болуды ару болған анасынан тағылымдайды».
(Мәтінде қойылған тақырыптар: «Қыз-гүл», «Қыз-ғұмыр», «Қыз- қызғалдақ», «Қыз-болашақ» т.б)
(Мәтінді оқу, түсінгенін айту. Бір сөйлемге синтаксистік талдау
жасау. Тақырыбына сай мақал-мәтелдер келтіру).
«...Әкенің сөйлеген сөзі, қимыл-әрекеттері, басқалармен қарым-
қатынасы, т.б. мәселелер бала жүрегінде орасан күшті әсер
қалдырады. Отбасының басқа да мүшелері әкенің қасы мен қабағына
қарап, оны құрмет тұтып өседі. Әкенің айтқаны басқаларға заң
ретінде қабылданып, орындалғанын көрген ұл мен қыз оның
өсиеттерін екі етпей орындайды. Әрине, әке үлгі, сондықтанда ол
ұрпақ алдында оғаш қылықтар көрсетпеуге тиіс, өйткені бала
көргенін жазбайды».
Мақалдар: «Әкең өлсе де, әкеңді көрген өлмесін», «Жақсы әке жаман балаға қырық жыл азық», «Әке өліп, бала қалса - мұратқа жеткені, бала өліп, әке қалса - арманы іште кеткені».