Атты студенттердің IV жоо аралық дәстүрлі ғылыми конференциясының ЕҢбектері



Pdf көрінісі
бет127/135
Дата21.02.2017
өлшемі15,88 Mb.
#4636
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   135

Ортақ белгілері 

Элективті пәндерді таңдауға атсалысады 

Студенттің жеке оқу жоспарын құруға әсер етеді 

Студенттің оқу үлгерімін қадағалайды 

 

Тьютор,  оқушылар  немесе  студенттердің  білім  алу  үдерісін  жекедараландыруға 

бағытталған  көптеген  шетел  мемлекеттерінің  педагогика  тәжірибесінде  тарихи 

қалыптасқан, академиялық қолдау көрсету бағдарламасы. 

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы № 152 бұйрығымен бекітілген 

«Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың ережесінде»

тьютор  – студенттің нақты пәнді игеруі  бойынша академиялық кеңесші  рөлін атқаратын 

оқытушы, ретінде анықталады./ 5,  www.edu.gov.kz / 

Тьюторлық    қызмет,  студенттердің  өзіндік  білім  алу,  білім  алу  маршрутын  таңдау 

жауаптылығын  арттырады,  жекетұлғалық,  кәсіби  салада  өзін-өзі  анықтауына,  тануына 


935 

 

мүмкіндік  береді.  Жекедаралану  принципі,  тьюторлық  қолдау  көрсету  іс-әрекетінің 



негізінде жатыр. /3, c.105 / 

Қазіргі  ҚР  жоғары  білім  беру  жүйесінде,  тьютор  -  студенттің  әртүрлі  білім 

бағдарламаларын  меңгеруге  ықпал  ететін,  жекедараланған  білім  алу  қағидасын  жүзеге 

асыру  мақсатымен  енгізілген  жаңа  педагогикалық  қызмет,  кәсіби  бағыт.  /1,    htpp: 

www.edu.gov.kz/ Тьютор - жаңашыл, дәстүрлі емес, қазақстандық педагогика үшін әлі жете 

меңгерілмеген  ұғым  деп  те  айта  аламын.  Соған  байланысты,  қазақстандық  жоғары  білім 

беру жүйесінде тьюторлық іс-әрекеттің тәжірибесі  шектеулі  қолдануда.  Кредиттік оқыту 

технологиясында,  білім  алушылар  жеке  оқу  траекториясын  қалыптастыру  мақсатында 

элективті пәндермен қоса, оқытушы-тьюторларды да таңдау құқығы бар. Соған байланысты 

да,  профессор-оқытушылар  құрамына,  педагогтың  имиджі,  жекетұлғалық,  кәсіби  өсуіне, 

біліктілігін  арттыру  бойынша  үнемі  жұмыс  істеуін  талап  етеді,  заман  талаптарына  сай 

бәселекестіктен  көрінуі  де  қажет.  Қазіргі  педагог-тьюторлардың  бәсекелестіктен  көріну 

белгілеріне,  шет  тілдерін  білуі,  шет  тілінде  дәрістер  оқи  білуі,  мамандық  бойынша 

өндірістік тәжірибесі болуы, ақпараттық технологияларды қолдана білуі, ғылыми-зерттеу 

жұмыстарымен  айналысуы  жатады.  Сонымен  қатар,  тьюторлар,  өзі  жұмыс  атқаратын 

ЖОО-ның  саясатын  ұстанып,  оның  қоғамдық  өміріне  де  белсене  атсалысады.  Элективті 

курстардың  қарқынды  ендірілуі,  еңбек  нарығына  сай,  қажетті  курстарды  жасауды  талап 

етеді.  Кредиттік  оқыту  технологиясында  оқыту  үдерісі  интерактивті  оқыту  әдістеріне, 

сапалы әдістемелік, дидактикалық материалдарға, пән тьюторының жекетұлғалық, кәсіби 

өсуіне,  оқу  курсы,  академиялық  этика  саясатына  негізделетінін  айқындадым.  ҚР 

университеттеріндегі,  тьюторлардың  басты  мақсаты,  студенттердің  білім  алу,  кәсіби, 

ғылыми  қызығушылықтарын  айқындауға  көмектесу,  жеке  оқу  траекториясын 

қалыптастыруға 

қолдау 


көрсету. 

Егерде, 


ҚР 

университеттеріндегі 

тьютор 

бағдарламасының жүзеге асқанына ондаған ғана жылдар өтсе, Малайзияның жоғары білім 



беру жүйесінде, көп жылдық тәжірібиесі бар. 

 

ҚОРЫТЫНДЫ 

ҚР университеттерінде студенттің нақты пәнді игеруіне, білім алушының жеке оқу 

траекториясын  қалыптастыру  бойынша  студентке  академиялық,  педагогикалық  қолдау 

көрсету,  тек  қана  кафедраның  профессор-оқытушыларының  міндеттеріне  жүктелгенін 

анықтаймын.  Әрине,  бұл  мәселер  профессор-оқытушы  құрамының  оқу  жүктемесін 

орындауы  мен  әртүрлі  кафедралық  қоғамдық  іс-шараларға  қатысу  себептерінен, 

академиялық  қолдау  көрсету  қызметтерінің  түбегейлі  мақсаттарын  жүзеге  асыруға 

мүмкіндік бермей отыр. 

Кредиттік  оқыту  технологиясының,  студентке,  академиялық  қолдау  көрсету 

қызметкерлеріне  қойған  міндеттерін, талаптарын,  сапалы  жүзеге  асыру  үшін,  бұл  салада 

мол  теориялық-педагогикалық  дайындығы  бар,  Малайзияның  тәжірибесін  қолдану 

негізінде  қазақстандық  моделін  теориялық  тұрғыда  негіздеу,  отандық  университеттерде 

студентке  бағытталған  оқыту  ортасын  қалыптастыруға  мүмкіндік  береді  деген 

қорытындыға келдім. 

Жоғары  білім  беру  жүйесінің  реформалауымен  келген,  студенттің  маман  ретінде 

қалыптасуына  әсер  ететін  эдвайзерлердің  академиялық  кеңес  беру  үдерісін  жандандыру, 

сапасын  арттыру  үшін,  Малайзия  тәжірибесімен  салыстырмалы  талдау  жасаудан,  келесі 

ұсыныстар жасауға болады: 

- жоғары педагогикалық білімді, студенттің жеке оқу траекториясын қалыптастыруға 

әсер ететін «эдвайзер мамандарын» дайындау; 

- эдвайзерлердің тек қана бекітілген студенттермен жұмыс жасауына жағдай жасау; 

- эдвайзерлердің біліктілігін үнемі арттырып отыру; 

-  эдвайзердің  іс-әрекетін  кеңейту  мақсатымен,  сапалы,  озық  тәжірибелерге 

бағытталған оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету; 


936 

 

-  эдвайзерлердің  бакалавриат,  магистратура,  докторантура  деңгейіндегі  білім 



алушылардың  жеке  оқу  траекториясын  қалыптастыруына  академиялық  қолдау  көрсету 

әдістемесін жасау; 

- қазақстандық эдвайзерлер ассоциациясын немесе белгілі бір кәсіби ұйымын құру; 

-  кафедралар, тьютор қызметіне волонтерлық түрде, оқу үлгерімімен ерекшеленген, 

жоғары курс студенттерін, магистранттары мен докторанттарын тарту қажет; 

- студент-студент қарым-қатынасында коллегиалдық «тьютор» бағдарламасын енгізу 

қажет; 

- тьюторларды арнайы оқу-әдістемелік құралдарымен қамтамасыз ету қажет; 



- жоғары оқу орындары студенттеріне академиялық қолдау көрсетуді ұйымдастыру; 

-кредиттік  оқыту  технологиясында  студенттің  бейімделуіне,    университет  ортасына 

интеграциялануына,  ішкі  ресурстық  потенциалын  белсендіретін  білім  алушыларға 

арналған арнайы дамытушы оқу курстары мен бағдарламаларының, ғылыми, мерзімді, оқу 

және оқу-әдістемелік қорының жеткілікті болу керек. 

ПАЙДАЛЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

1.

 



   ҚР  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарда  арналған  мемлекеттік 

бағдарламасы. 2010ж.  // htpp: www.edu.gov.kz 

2.

 

Thelin J.R. A history of  Malaysian Higher education 2nd Edition.- The university Putra 



Malaysia Press, / 2004/ 

3.

 



Astin A. Student involvement: A developmental theory for higher education // Journal 

of College Student Personnel.- /1984.- № 25/ 

4.

 

 ҚР Білім заңы. 2007ж. // htpp: www.edu.gov.kz 



5.

 

 Кред. оқыту технол. бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру ережесі. ҚР Білім және 



ғылым министрінің 2011 № 152 бұйрығы 2011ж. //www.edu.gov.kz 

6.

 



 “Шетелдік  студенттерге  аптасына  20  сағат  жұмыс  жасауына  болады”  // 

http://www.nottingham.edu.my. 

7.

 

 “2 мыңнан аса қазақ жастары оқиды екен” // http://www.inform.kz 



8.

 

 “Зерттеу грантына 600 миллионов рингит (200 миллион долларға жуық) қаржы 



бөлінген” // http://studymalaysia.com/ 

 

 



ӘОЖ 31.1 

 

ОҢТҮСТІК КОРЕЯНЫҢ ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ 



СТУДЕНТТЕРГЕ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

 

Әділбеков Әділхан және Досқұл Бақтыбек 

Сүлейман Демирел атындағы университет 

Ғылыми жетекші: ф.ғ.к.,доцент Әйтімбет І.А. 

 

Тйүіндеме.

Оңтүстік  Кореяның  жоғары  білім  беру  жүйесіндегі  студенттерге 

академиялық  қолдау  көрсету  кешенін  ҚР  жоғары  оқу  орындарында  қолданудың 

мүмкіндіктері атты баяндамада Оңтүстік Корея университеттеріндегі академиялық қолдау 

көрсету орталықтарының студенттің жеке оқу траекториясын қалыптастыруға әсер ететін 

негізгі  бағдарламаларына:  академиялық  эдвайзер  (academic  Advising),  тьютор  (tutoring) 

талдау  жүргізілді,  ҚР  және  Оңтүстік  Корея  жоғары  оқу  орындарындағы  академиялық 

қолдау  көрсету  бағдарламаларына  салыстырмалы  талдау  жасалды.  Оңтүстік  Кореяның 

тәжірибесін  қолдану  негізінде  қазақстандық  моделін  теориялық  тұрғыда  негіздеу  және 

отандық  университеттерде  студентке  бағытталған  оқыту  ортасын  қалыптастыру  туралы 

кеңес бердім. 


937 

 

Кілт  сөздер:  академиялық  эдвайзер  (academic  Advising),  тьютор  (tutoring),  ЖОО, 

кредиттік оқыту технологиясы. 

 

КІРІСПЕ 

Біз  Оңтүстік  Корея  елінде  4  ай  болдық  .  Біз  студенттер  ауысымы  бағдарламасы 

бойынша 

Улсан атты қаласында UNIST

51

 университетінде 2 курстың 1 семестрінде оқыдық . Біздің 



Корей елін таңдау себебіміз біз “Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету ” 

мамандығында оқығандықтан  Корей елінің техникада әлемдегі ең үздік елдердің бірі болуы 

және UNIST университеті  2030 жылға қарай әлемнің үздік 10 университетіне кіру жоспары 

қызықтырды  .  Ал  ,  осы  жазба  жұмысымызда  Оңтүстік  Кореядағы  білім  алудан    алған 

әсерлерімізбен және тәжірибелерімізбен бөліскіміз келеді. 

Оңтүстік Кореяның оқыту деңгейі біздің елмен салыстырғанда әлдеқайда көш ілгері. 

АҚШ  пен  Еуропаның  білім  жүйесінің  тиімді  тұстарын  пайдалана  біледі.  Халықаралық 

стандарттарға сай білім беру жолға қойылған. Бұл елге білім іздеп барушылар алдымен оқу 

сапасының  жоғарылығын  алға  тартады.  (Австралия,  Британия,  АҚШ  және  Сингапурмен 

салыстырғанда, бұл елде тұрмыстық шығын да арзанға түседі.)Себебі Корей елінің әлемдегі 

ең  қымбат  тұрмыстық  шығын  жаратылытан  ел  болғанына  қарамастан  шетелден  келуші 

студенттер тіпті көп . Кореяда шетелден келетін студенттерге жағдай өте жақсы жасалған 

оның дәлелі өте жоғары шәкіртақы құны және аптасына 20 сағат университет аумағында 

жұмыс істеу арқылы қосымша табыс табуға болады . Қазір мемлекеттік ЖОО

52

-ның бәрі де 



шетелмен тәжірибе алмасуға жақсы деңгей қойған. Соның арқасында талай шәкірттер өзге 

елде білімдерін шыңдауда. Біз  оқыған  орталықта  оқытушылардың көбі ағылшын, қытай 

және корей , орыс , иран ұлтынан. Мұғалімдердің біліктілігін олардың өте көптеп шетелдік 

білім конференцияларына қатысуынан білуге болады . Сонымен қоса Нобель сыйлығының 

иегерлері де сабақ береді . Сондықтан да, ұстаздарымыздың  ағылшын тілін білу деңгейі 

жоғары. Ағылшын тілін үйренуге бұл үлкен көмегін тигізді. 

Мақсат:Онтүстік  Кореяның  білім  беру  жүйесіндегі  студенттерге  академиялық  қолдау 

көрсету  бағытының  тәжірибесін  жан  -  жақты  зерттеп,  кредиттік  оқыту  технологиясында 

студенттерге жаңашыл академиялық қолдау көрсетудің ерекшеліктерін көрсету. 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ 

Корей 

Республикасында 



білім 

беру 


жүйесінің 

даму 


тенденциялары 

Корей Республикасының білім беру жүйесі соңғы бірнеше он жылдықта жоғары дәрежеде 

тиімді 

дамуы 


арқылы 

әлемдік 


қауымдастықта 

үздік 


деп 

бағалануда: 

         -  Математика  және  жаратылыстану  ғылымын  (TIMSS)  меңгерудегі  салыстырмалы 

халықаралық  тестілеуде  және  оқушылардың  білім  жетістіктерін  Халықаралық 

бағдарламада (PISA) бағалау бойынша оңтүстіккореялық оқушылар ең үздік нәтижелерді 

көрсетуде;  

         - 2012 жылы британдық Pearson компаниясымен өткізілген әлемдегі үздік білім беру 

жүйесі 


рейтингісінде 

20 


мемлекеттің 

ішінде 


Корея 

2-орын 


иеленеді; 

         -  Электрондық  оқыту  саласында  Корей  Республикасы  әлемде  көшбасшы  деп 

танылған. 

Оқуға қатысушылар дәріс материалдарындағы Корей Республикасы білім беру жүйесінің 

даму 

тенденцияларын 



талдай 

келе, 


келесі 

мәселелерді 

анықтады:  

         - КР мемлекеттік білім беру саясатының басым бағыттары – жаһанданудың дамуына 

                                                           

51

ULSAN NATIONAL UNIVERSITY OF SCIENCE AND TECHNOLOGY 



 

938 

 

бағытталған,  экономикалық  гүлденуді  қамтамасыз  етуге,  әлемдік  өзгерістерге  бейім 



өскелең ұрпақты өз бетінше өмір сүруге даярлау. 

- Кореяның жалпы білім беру жүйесі үш деңгейлі: бастауыш, орта және жоғары 

мектептер (6+3+3=К12). 

         - Мемлекеттік салымдардың анағұрлым бөліктері транспорттық инфрақұрылымды 

және білім беруді дамытуға бағытталған, оның ішінде электрондық оқыту мен ғаламдық 

ынтымақтастыққа бөлінетін қаржының көлемі ұлғайтылған.  

         - Сонымен бірге, әлемдегі дамыған мемлекеттер сияқты білім беру парадигмасы 

өзгерген: Digital Native буыны үшін құзырлылыққа бағытталған білім.  

         - Кореяда «Жалпыға бірдей білім» және «Өмір бойы білім алу» ұстанымдары 

тәжірибеде іске асырылады. 

         - Қоғамдық өмірде интернетке мобильді қолжетімділік мен әлеуметтік желілер рөлі 

айтарлықтай өсті.  

          Бүгінгі күні Корей Республикасында электрондық оқыту адами қорлардың сапасын 

көтеру катализаторы ретінде қарастырылады. SMART-оқытудың жаңа моделінің басты 

мақсаты – бәсекеге қабілетті, оқушылардың білімі мен дағдыларын дамытуға бағытталған 

жоғары деңгейлі ХХІ ғасыр заманауи ақпараттық қоғамның қажеттілігін қамтамасыз 

ететін ортаны құру:  

- ықтымақтастық; 

       - коммуникация; 

       - әлеуметтік жауапкершік; 

      - сыни тұрғысынан ойлау қабілеті; 

       - мәселені жылдам және сапалы шеше білу. 

 

 Корей 


Республикасында 

электрондық 

оқытуды 

дамыту 


стратегиясы  

Мемлекеттің  білім  беруде  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  (ары  қарай  - 

АКТ)  қолдануы  және  электрондық  оқыту  саласындағы  жетістіктері  келесі  факторлармен 

келісілген. 

1.  Білім  беруде  АКТ-ны  қолдану  бойынша  мемлекеттік  саясат  және  электрондық 

оқыту  саласындағы  бастамалар Корей  Республикасында  электрондық  оқытуды  дамытуға 

мемлекеттік  қолдауды  Білім,  ғылым  және  технологиялар  министрлігі  (БҒжТМ),  Еңбек 

министрлігі,Білім  экономика  министрлігі  қамтамасыз  етеді. Білім  беруде  АКТ-ны  тиімді 

қолдану үш кілттік құрылымдық ынтымақтастықпен келісілген:   

- Білім, ғылым және технологиялар министрлігі (БҒжТМ) жоспарлау саясатында оны 

үйлесімді үдеріспен жүзеге асырады;  

-  Корейлік білім беру  мен ақпаратты зерттеу  қызметі (Korea Education and Research 

Information  Service,  KERIS),  АКТ  саласында  мемлекеттік  саясатты  іске  асыруды 

жоспарлауда және қолдау көрсетуде мемлекеттік ұйымдар сияқты маңызды рөл атқарады; 

         -17  аймақтық  білім  беру  бөлімдері  (Metropolitan  Provincial  Offices  of  Education, 

MPOEs) аймақтық деңгейде АКТ саласындағы саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.  

Корей  Республикасында  білім  берудегі  АКТ  стратегияларын  іске  асыру  мен  саясатын 

тарату әлемдік деңгейде АКТ -инфрақұрылымын бастауыш, орта, жоғары мектепте, ашық 

білім беру кеңістігінде білім беру контенттерін пайдалану арқылы білім сапасын арттыруға 

және АКТ-ны педагогтардың біліктілігін жетілдіруде сабақ беру практикасына кіріктіруге 

көңіл 

бөлінеді. 



Корей  Республикасында  электрондық  оқытуды  дамыту  инфрақұрылымының  дамуына 

сәйкес дәйекті түрде келесі алгоритм бойынша дамыған: 

→E-learning; 

→  U-Learning  (Ubiquitous-Learning,  кез-келген  жерде  білім  алу  мүмкіндігі,  кең 

электрондық оқыту); 

→ M-Learning (mobile, мобильді оқыту); 



939 

 

         →SMART-education. 



SMART  education  –  әлемдік  контенттің  көмегімен  интерактивті  білім  беру  ортасындағы 

икемді оқыту, яғни оқытудың кең көлемде, шексіз, қолжетімді түрі. Оқыту әрқашан да және 

баршаға қолжетімді: білім алушылардың  санына,  уақытқа және кеңістік көрсеткіштеріне 

тәуелсіз.   SMART  сөзінің  түсінігі:  Self-directed,  Motivated,  Adaptive,  Resource  free, 

Technology embedded – жеке тұлғаға уәж туғызу, үйренісу, қорларға қолжетімділік және 

технологияларды қолдану ұғымдарын береді. 

 

           Электрондық оқыту инфрақұрылымын дамыту  



 

-  Кореяда  Интернет-инфрақұрылымы  әлемдік  деңгейге  көтерілген,  мобильдік 

құралдар  электрондық  оқытуға  бағытталған  бағдарламалармен  қамтамасыз  етілген; 

              -  Электрондық  оқытуды  тарату  кең  көлемде  қолданатын  құралдардың  есебінен 

қамтамасыз  етіледі.  Оңтүстік  Кореяда  білім  беру  жүйесінің  ақпараттық  кеңістігін 

кеңейтетін  оқыту  және  ғылыми-көпшілік  бағдарламалары  ірі  Educational  Broadcasting 

System (EBS) телерадиокомпаниясының 7 телеканалымен таратылады;  

 

- КР білім беру жүйесінің келесі  ақпараттық платформалары: EduNet  (оқыту  мен 



оқу үшін), EMIS және NEIS (басқару үшін), Cyber Home Learning System (CHLS) (үйден 

оқыту үшін) құрылған.  

 

- БҒжТМ қолдауымен жасақталған Ұлттық ақпараттық білім беру жүйесінің (NEIS) 



есебінен білім беруді басқарудың тиімділігі қамтамасыз етілген; 

 

-  CHLS  жобасы  ерекше  қызмет  көрсету  моделі  –  оқушылар  үшін  сабақтан  тыс 



уақытта  білім  беру  ортасына  топтайды.  CHLS  -  оқушылар  өзіндік  оқу  стилі,  жетістіктер 

деңгейі  негізінде  жеке  тұлғаға  бағытталған  өзіндік  білім  алу  ортасын,  сыныбын,  сандық 

контенттерін  таңдайды.  Жоба  он-лайн  режимінде  қосымша  оқу  материалдар  арқылы 

репетиторлармен жеке  жұмыс істеуді  қамтамасыз етеді  және қосымша білім беру құнын 

және бастауыш және орта мектеп деңгейіндегі "алшақтықты" төмендетеді; 

 

-  Cyber  High  School  –  оқушылардың  қашықтықтан  және  өзіндік  білім  алуының 



белсенді құралы ретінде жоғарғы мектептің оқу үдерісіне кеңінен қолданылады; 

 

-  KAIST–center  Интернет  қоры  ғылым  мен  технологияда  дарынды  балаларды 



қосымша біліммен қамтамасыз етеді. 

 

 Оқытуды басқару жүйесі тұжырымдамасынын өзгеруі (Learning Management System)  



Курс бағдарламасы аясында LMS (оқытуды басқару бағдарламасы) 2 моделі жүзеге асты: 

SCORM және IMS Common Cartridge, әрбір моделге талдау жасалып, оның жетістіктері мен 

кемшіліктері  түрлі  жағдайларға  байланысты  модельді  таңдауға  себепкер  болатын 

факторлар  анықталды.  При  выборе  LMS  таңдаған  кезде  келесі  келтірілген  мәліметтерге 

көңіл бөлу керек: 

- электрондық оқытудың шешуге қажетті негізгі міндеті білім беруді жоспарлау мен 

талдауды, педагог пен  оқушылар арасындағы  әрекеттестікті, оқушылардың белсенділігін 

іске асыруды қамтамасыз етеді;  

- оқу материалдарының мазмұны мен оны ұсыну тәсілдеріне қарағанда, оқу үдерісін 

басқару мен оқушылардың жауаптарын талдау мағызды; 

- оқушы негізгі рөл атқаратын жағдайда, мұғалім ақпаратты жеткізудегі рөлінен оқу 

үдерісіндегі «режиссер» рөліне өзгеруіне баса назар аудару;  

-  «компьютерлік  оқытудан»  «мұғалімнің  көмегімен  әрекетті  орындауға»  көшу 

қажеттілігі;  

- Электрондық оқытуды енгізуде кездесетін техникалық мәселелер емес, менеджмент 

мәселелесіне байланысты туындайтын қиындықтар. KAIST жүргізген зерттеулерге сәйкес 

электрондық оқытудың алғашқы кезеңінде (алғашқы 5 жыл) әртүрлі қорларды қолданбау 

себебі анықталды: 

- LMS жүйесін тиісті дәрежеде қолдана алмауы. 

- Жүйенің мүмкіндіктері мен қолданылуына уақыттың жетіспеушілігі. 



940 

 

- LMS пайдалануға педагогтарға қызығушылығының төмендігі. 



 

 АКТ-ны қолдануға педагогтарды дайындау 

Дәріскерлер оқыған дәрістерінде атап көрсетті: 

-  республикада  Smart-оқытуға  мұғалімдерді  жүйелі  дайындау  білім  беру 

ұйымдарының базаларында және арнайы тренингтік орталықтарда өткізіледі. 

- Кореяда біліктілікті арттыруда «теңбе-тең» оқу ұстанымын кеңінен қолданады, яғни 

біліктілігін  арттырған  әрбір  ұстаз  өз  мектебі  мен  өзге  мектептегі  әріптестеріне  жаңа 

тәжірибесін үйретеді,  

-  кәсіби мәселелерін шешу  үшін Кореяда педагогтардың желілік қауымдастығының 

қорлары белсенді пайдаланылады

-  Кореяда  біліктілікті  арттыруда  кредиттік  жүйе  қолданылады,  яғни  әрбір  мұғалім 

жыл  сайын  8  кредитті  (120  сағаттық)  жинау  қажет.  Педагогтардың  АКТ-дайындығын 

қамтамасыз ету үшін арнайы контент жасақталған. 

  

Электрондық оқыту сапасын бағалау  



Корей  Республикасында  электрондық  оқыту  жүйесі  мониторингісінің  көпфакторлы 

жүйесі  қалыптасқан.  Электрондық  оқыту  аймағынында  білім  беру  деңгейі  бойынша 

нәтижелерді терең және жан-жақты талдау, статистикалық зерттеулер жүргізіледі:  

- электрондық оқыту жүйесін енгізу мәселелері,  

- он-лайн режиміндегі өткізілетін курстар саны, 

- электрондық оқытудың бюджеті, 

- ЭОЖ үшін мобильдік құралдарды пайдалану

- ЭОЖ мамандардың саны, 

- ЭОЖ тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар және т.б. 

   


 Жоғары білім берудегі электрондық оқыту  

Курста  дәріскерлер  жоғары  білім  беру  жүйесінде  электрондық  оқытуды  қолдану 

тенденциясы туралы жете таныстырды. Оқуға қатысушылар төмендегі мәселерге айрықша 

назар аударды: 

-  Кореяда  электрондық  оқыту  әртүрлі  жас  ерекшеліктерін  қамтыған  (18  жастан  60 

жасқа дейін). 

-  Кибер  Университеті  студенттерімен  апта  сайын  күндізгі  оқу  сабақтары  жүргізілуі 

қамтамасыз етілген.  

-  Кооперативті  оқыту  негізінде  білім  беру  мен  қызмет  көрсету  шаралары  (білім 

алушалырдың  жеке  беттері,  24  сағаттық  қолжетімді  Call  Center  және  т.б.)  қолданысқа 

енгізілген. 

- Он-лайн режиміндегі оқу үдерісіне студенттердің қатысуын бақылауды қамтамасыз 

етуші бағдарламалар жасалды. 

-  Кибер  Университеттерінде  электрондық  оқыту  сапасын  бағалау  5  жылда  1  рет 

жүргізіледі.  

-  Кибер  Университеттерінде  электрондық  оқыту  сапасын  бағалау  критерийлері: 

оқытудың мақсаты, оқу үдерісін ұйымдастыру, профессорлық-оқытушылық құрамы және 

қызметкерлерді оқыту мен даярлау, бағалау әдістері, электрондық оқытуды материалдық-

техникалық және технологиялық қамтамасыз ету болып табылады.  

-  Электрондық  оқыту  сапасын  бағалаудың  негізгі  жалпы  бағыттары  мен  

келесі жақсы дамыған жақтары қолданылады: басшылықтың, оқытушылардың және басқа 

да  қызметкерлердің  жұмысқа  тартылуы,  технологиялық  инфраструктура,  оқушыларға 

қолдау  көрсету,  контентті  жасау  және  дамыту,  курсты  беру,  финанс  жағдайы,  оқыту 

жәтижесін бағалау жұмыстары. 

  

Аймақтарда электрондық оқытуды дамытуды үйлестіру  



941 

 

Корей  Республикасы  электрондық  оқыту  индустриясын  дамыту  аясында  Оңтүстік 



Шығыс  Азия  мемлекеттері  арасында  көшбасшы.  Сондықтан  білім  беру  жүйесін 

тасымалдауда  жаңа  бағыт  –  электрондық  оқыту  индустриясын  дамытуды  анықтады: 

виртуалдық (желілік), аймақтық, трансконтиненталдық (трансшекаралық) университеттер 

көптеп  құрылды.  Осы  үлгіде  қысқа  уақыт  ішінде  Оңтүстік  Корея  бастамасымен  21 

университеті  құрылды.  Мысалы  ASEAN  Cyber  University  Project  жобасы  аясында  Кибер 

Университетімен  Бирма,  Вьетнам,  Камбоджи,  Лаос,  Таиланд  27  университеттері 

ынтымақтастықта жұмыс істеуде. 

 

 Корей 



Республикасында  электрондық  қорларды  дамыту  тенденциялары  

Ұсынылған бағыттар бойынша дәріскерлер электрондық оқытудың негізгі тенденциялары 

ұсынылды: анимациялық контент, бейнеконтент, TYPO-графика (тайпо), 3D-графикалық, 

SMART-контент. 

Электрондық 

оқытудың 

электрондық 

қорларына 

(контент): 

бейнематериалдар,  бейне  және  онлайн  дәрістер,  тренажерлар  (симуляторлар),  сандық 

кітаптар және т.б. жатады. 

Электрондық  қорларды  дамытуға  әсер  етуші  факторларды  оқуға  қатысушылар 

электрондық қорларды дамыту аясында төменде көрсетілгендей анықтады:  

- КР оқу үдерісінде пайдаланатын электрондық кітаптарды қолдану және мемлекеттік-

құқықтық реттеуді қамтамасыз етеді. 

-  Компьютерлік  жабдықтан  мобильді  құралға көшуге  және  әр  түрлі  платформадағы 

ақпаратты интернет арқылы тарату және электрондық контентті беру мүмкіндігі.  

-  Контенттің  сапасы  пәннің  әдіснамалық  негіздерімен,  технологиялық  құралдарды 

кеңінен  қолдану  мүмкіндігі,  яғни  «білу,  түсіну»  аясынан  «expression»  (шынайы  өмірде 

қолдану) аясына көшу. 

- Кореяда білім беру жүйесінде контентті қолдану қалай жабдықталса, ұйымдар мен 

компаниялар қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүйесін де солай қамтамасыз етеді. 

Контентті жасақтау стандарттары анықталды:  

- Университет – 50 минутан x 15 сабақ, 

- Кәсіпорын – 60 минуттан x 16 сабақ,  

- Мектеп мұғалімдерінің біліктілігін арттыру – жылына 120 сағат (8-кредит). 

- A,B,C,D деңгейі бойынша контентті бағалауы.  

-  Оқыту  курсын  аяқтағанда  контент  негізінде  оқуға  келушілер  тест  түрінде  (60 

сұрақтар)  емтихан  тапсырады  және  3-5  баяндама  дайындайды.  Егер  нәтижесі  бойынша 

емтиханды жақсы тапсырма онда кәсіпорынға мемлекет контен шығынын қайтарып береді.  

- Контен жасаудың міндетті кезеңдері мынадай:  

- Контенттің жобалық жоспарын жасау (мақсаты, мазмұны, бағалау жүйесі), 

- Контентті жасау сценариі (StoryBoard), 

- Контенттің мазмұнын жасау. 

- Орташа бейне көріністермен (10 минут) контент жасау үшін контен жасаушыларға 3 

күн уақыт қажет.  

КР білім беру ұйымдарында практикалық сабақтар электрондық оқыту тәжірибесіне 

және қолданбалы сандық медиа контентті құру жолдарына байланысты өткізілді. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет