Атты студенттердің IV жоо аралық дәстүрлі ғылыми конференциясының ЕҢбектері



Pdf көрінісі
бет126/135
Дата21.02.2017
өлшемі15,88 Mb.
#4636
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   135

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 

1.

 



ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы жол - болашаққа 

бастар жол» Жолдауы 

2.

 

“Егемен Қазақстан” газеті, Елбасымен бірге-жаңа жетістіктерге  



3.

 

Жолдасбайұлы С. Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан. А., 1995. 



4.

 

«Нұр Қорғалжын» газеті Мәңгілік Еліміздің – Мәңгілік тілі 



5.

 

Ана тілі ұлт газеті, патриотизм 



6.

 

Қазақстан тарихы » Ортағасырлық Қазақстан » 



Қазақ хандығы. XV-XVII ғ

 » 


Қазақ хандығының құрылуы 

7.

 



Тұңғыш Президент

 » Еңбектері 



 

 


926 

 

ӘОЖ 31.1 



 

УЛСАН ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ ЖОҒАРҒЫ ОҚУ 

ОРНЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ТӘЖІРИБЕСІ 

 

Құсаин Айбол Қаирқанұлы 

Сүлейман Демирел атындағы университет 

Ғылыми жетекші: ф.ғ.к., доцент Әйтімбет І.А. 

 

Тйүіндеме.Улсан Ұлттық Ғылым және Технология Жоғарғы оқу орнының(ары қарай 

UNIST) білім берудегі тәжірибесі атты тақырыпта мен бұл университеттің оқу үрдісіндегі 

және де оқуға түсу ерекшеліктері жайлы жазамын. Оқу үрдісіндегі көбіне таныс "кредиттік 

оқыту" техникасы сияқты UNIST университетіндегі жүзеге асып жатқан жаңа тәсілдер мен 

стратегияларды  таныстары  отырып,  Қазақстанда  сол  техникалар  мен  стратегиялардың 

жүзеге  асыру  маңызын  дәлелдеймін.  Университетке  түсу  ерекшеліктерін  UNIST 

университетінің студенті жүргізген сауалнамаға қарай отырып қарастырамын. 

Кіліт сөздер: UNIST, кредиттік оқыту техникасы, Flipped learning, жаһандану. 

 

КІРІСПЕ 

Менің Оңтүстік Кореяда оқып жүргеніме бір айдан астам уақыт өтті. Мен Оңтүстік 

Кореяның  ең  үлкен  индустриялды  қаласы  -  Улсан  қаласындамын.  Қаладан  15  шақырым 

жерде  UNIST

41

 университеті  орналасқан.  Мен  осы  универге  Қазақстанның  Сүлейман 



Демирель Университеті(енді СДУ) мен UNIST университеті арасындағы келісім бойынша, 

"Студенттердің  алмасу"  бағдарламасы  бойынша  келдім.  Бұл  ЖОО

42

-нын  таңдаудын 



бірнеше  себептері  бар.  Біріншіден,  бағдарлама  бойынша  университет  таңдау  керек 

болғанда  мен  бірнеше  профессор,  аға-оқытушылардан  кеңес  сұрадым.  Және  көбі  осы 

университетті  ұсынды.  Екіншіден,  UNIST  университетінде  талай  қазақ  достарым 

болғандықтан.  

UNIST  университеті  2009  жылы  ғана  ашылғанына  қарамастан,  осы  қысқа  мерзім 

ішінде  әлемнің  көшбасшы  ғылым  мен  технология  университетіне  айналды.  Алдағы 

мақсаты  2030  жылға  дейін  ғылым  мен  технология  саласында  үздік  10  университеттер 

қатарына кіру. Университет оқыту барысында бірнеше стратегия қолданады. Атап айтсам: 

жаңа техникалар қолдану(Flipped Learning); жаһандану - бүкіл сабақтар ағылшын тілінде 

жүргізіледі, және де интернационалды студенттер мен профессорлардың жыл сайын 20%-

ға  артуы;  әрбір  студент  кемінде  екі  саланың  маманы  болуы  тиіс(major  -  негізгі,  minor  - 

қосымша); үдемелі ғылыми-зерттеу - үрдісті салалар зерттеуіне жағдай жасау(қазіргі кезде 

энергияның жаңа буыны және озат материалдар)[1, http://unist.ac.kr] 

Жақында, наурыздың 2-сі, UNIST университеті жаңа бір деңгейге көтерілгені жайлы 

хабар  келді.  Прездидент  қажетті  құжаттарға  қолын  қойғаннан  кейін,  UNIST  Оңтүстік 

Кореяның ғылым және технология зерттеу институты болып қайта туады. Бұл UNIST-ты 

Оңтүстік  Кореяның  әйгілі  KAIST

43

,  GIST



44

,  DGIST


45

 сияқты  универлердің  қатарына 

                                                           

41

 Ulsan National Institute of Science and Technology 



42

 Жоғарғы оқу орны 

43

 Korean Advanced Institute of  Science And Technology 



44

 Gwangju Institute of  Science And Technology 

45

 Daegu Gyeongbuk Institute of  Science And Technology



 

927 

 

көтереді.  Бұл  жетістік  университеттің  системасы  тағы  да  талай  позитивті  өзгерістер 



әкеледі.[2, http://news.unist.ac.kr] 

Осындай  жетістіктерге  жетіп  отырған  университеттің  тәжірибесі  Қазақстан  сияқты 

дамушы елдерге өте пайдалы болады деп санаймын. Осы баяндаманың қорытындысында, 

зерттелген технологияларды қолдану, және жүзеге асыру жайлы кеңестер ұсынамын. 



Басты  мақсат:  Оңтүстік  Кореяның  озық  университетінің  тәжірибесіне  сүйене 

отырып,  әлемдік  стандарттармен  сәйкес  болатын  қазақстандық  білім  сапасын 

қалыптастыруна, нарық қоғамында оның бәсекелестігі мен тартымдылығын арттыру үшін 

бағыттар дайындау. 

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ 



 

Атап  өткендей,  UNIST  оқыту  барысында  әр  түрле  стратегиялар  қолданады.  Осы 

бөлімде  әрқайсысына  жеке  тоқталып  өтсем  деймін.  Университет  жаңа  технологиялар 

қолданады.  Сабақ  басталмас  бұрын  бізді  қысқаша  білім  системасымен  таныстырып  өтті. 

Сол  кезде,  оқытушылардың  қолданатын  бірнеше  техникасымен  таныстырып  өтті.  Менің 

назарымда қалғаны - "Flipped Learning", яғни тура аудармасы "төңкерілген үйрену."  



Flipped  learning  -  ол  студенттердің  өздері  материалды  меңгерудің  жаңа  бір  түрі. 

Көбінде  Қазақстанда  қолданатын,  бәріне  белгілі  система  ол  -  сабақ  үстінде  материалды 

түсіндіру,  және  студенттерге  үй  жұмысын  беріп,  олардың  материалды  ұққанын  тексеру 

болып  табылады.  Ал  "flipped  learning"  деген,  өз  аты  айтып  тұрғандай,  бәрі  керісінше. 

Студенттер  келесі  болатын  тақырыпты,  алдын  ала  берілген  онлайн  ресурстардан  қарап, 

тақырыпты оқып, дайныдалып келуі тиіс. Ал сабақ үстінде студенттер мен мұғалім бірге 

activity(шара)  ұйымдастырады.  Ол  шараларда,  студенттер  тақырыпқа  байланысты 

тапсырмалар  орындайды.  Студенттер  сұрақтар  қойып,  жауап  алып  жаңа  материалды 

меңгереді.  Студенттер  бір-бірімен  де  қатынасу  арқылы,  бір-біріне  көмектесе  алады.  Бұл 

техника тек қана жақсы білетін студенттерге ғана емес, үлгерімі төмен студенттерге де өте 

жақсы әсерін береді. Себебі, бұл мұғалімдердің уақыт бөлімін де өзгертеді. Әдетте, мұғалім 

сұрақ сұраған, белсенді студенттерге көп көңіл бөледі. Ал бұл техникада оқытуша "тыныш" 

студенттерге  көбірек  көңіл  бөлу  қажеттігін  түсінеді.  "Төңкерілген  үйрену"  оқутышыны 

"дана 


адамынан", 

"нұсқаушыға" 

айналдырады. 

[3, 


928 

 

http://en.wikipedia.org/wiki/Flipped_classroom]



 

Кесте 1. KIPP Академиясының Flipped learning техникасын қолданудағы 

бақылауы [4, http:// http://www.loopinsight.com/2012/08/13/ipads-in-the-classroom-raise-

math-scores-49/] 

 

  Бұл  техника  оқыту  процесіндегі  өте  бағалы  техникалардың  бірі.  Flipped  learning 



техникасын жүзеге асыру үшін бізге онлайн ресурс қажет. Қазіргі кезде онлайн ресурс табу 

қиын  емес.  UNIST  университеті  BlackBoard  деген  система  қолданады.  Ол  онлайн 

материалдарды, хабарламаларды және де топтық дискуссиялар үшін арналған ресурс. Әрбір 

студент порталға пәнін тіркегенде, ол автоматты түрде BlackBoard-қа тіркеледі. BlackBoard-

қа университеттің портал сайтынан және де мобильді   бағдарламалар 

арқылы 


кіруге 

болады. 


  Университет  білім  процесіндегі  техникалардан  басқа,  жаңа  технологиялар  да 

қолданады. Әрбір студент университетке түсуімен Student ID card алады. Student ID card-та 

студент  туралы  құжат  сақталып  тұрады.  Және  де  бұл  карточканы  банк  картасы  ретінде 

қолдануға болады.  

  Және  де  ең  негізгі  функиялардың  бірі  -  attendance  checking  system.  Attendance 

Checking  System  ол  автоматты  түрде,  мұғалімнің  қатынасысыз  студенттердің  сабаққа 

қатысуын  тексеру  системасы.  Студенттер  Student  ID  card  арқылы  өзінің  сабаққа 

қатысқанын тіркей алады. 

  Келесі атап өтетін техника, немесе жүйе десе де болады, кредиттік оқыту жүйесі

Осы  университтің  кредиттік  оқыту  техникасы  өте  жақсы  ұйымдастырылған.  UNIST 

университетінде  әрбір  студент  қай  сабақтарды,  қай  семестрде  алуын  өзі  шешеді.  Бірақ 

бәріне де басында келгенде базалық программаларды оқу ұсынылады.  

  Курс кредиті(кредиттік сағат, кредит) - ол әр сабақтың салмағын(маңыздылығының), 

аптасына  өтетін  сағатын  немесе  академикалық  деңгейін  белгілейтін  өлшем.  [5,  http:// 

http://en.wikipedia.org/wiki/Course_credit].  Студент  оқудың  аяғында  өзінің  мамандығына 

байланысты,  белгілі  кредиттер    мен  белгілі  бір  кредиттердің  санын  алып,  жабуы  тиіс. 

Семестр басталғанда студенттерге осы семестрде алуға болатын кредиттер тізімі беріледі. 

Сол  тізімге  қарап  студенттер  өздеріне  ыңғайлы  болатындай  сабақ  кестесін  жасайды. 

Кемінде студент бір семестрге 12 кредит алуы тиіс. Ал көп кредит алуға шектеу жоқ. Яғни, 


929 

 

студент университетті(бакалаврды) әдеттегідей 4 жыл емес, одан да кем уақыт ішінде бітіре 



алады.  

  Бұл  кредиттік  жүйе  Қазақстанда  Назарбаев  Университетінде  іске  асып  жатыр.  [6, 

https://nu.edu.kz] 

 

 



Кесте 2. UNIST университетінде оқыту барысында қолданылатын  негізгі 

стратегиялар [7, http:// http://www.unist.ac.kr/about-unist/overview/unist-at-a-glance/] 

  

  Оңтүстік Кореяда ағылшын тілінде сойлейтін халықтың аздығы. Бірақ жетік ЖОО-



да  ағылшын  білетін  студенттердің  саны  көп.  Себебі,  сабақтар  интернационалды  тіл  - 

ағылшын  тілінде  өтеді.  Осының  арқасында  университет  шетелден  студенттер  мен 

профессорларды  шақыра  алады.  Кесте  2-де,  біз  бұл  "жаһандану"  стратегиясы  екенін 

көреміз.  

  Және де осы жерде UNIST университетіне түсу ерекшеліктерін атап өткім келіп тұр. 

Университет интернационалды студенттерге бәргі жағдай жасайды. Оқу барысындағы атап 

өтілмеген  жайт,  UNIST  университетінде  оқу  мерзімі  Қазақстандағы,  және  де  басқа 

мемлекеттердікіне ұқсамайды. Көктемгі семестр наурыз айында басталып, маусым айында 

аяқталады. Және де бұл семестр бірінші семестр болып табылады. Ал екінші семестр, күзгі 

семестр, тамыз айында басталып, желтоқсан айында бітеді. Бірақ университетке қабылдау 

2  семестрде  де  жүре  береді.  Себебі,  кредиттік  жүйе  болғандықтан,  әр  пәнді  кез  келген 

семестр таңдауға болады. 

  UNIST  университеті  шетел  студенттерін  қабылдағандағы  ерекшеліктерін,  UNIST 

университетінің  2-ші  курс  студенті,  отандасым  Ерасыл  Зейнолланың  жүрзіген 

сауалнамасына қарап атап өтемін. [8, http://yerassyl94.yvision.kz/post/465086] 

  Сауалнама сол жерде оқып жүрген қазақ студенттерінің арасында жүргізілді. Мені 

таңқалдырған  жайт  -  интернационалды  студенттердің  арасында  ең  көбі  қазақтар  екен. 

Сауалнамада қойылған сұрақтар: 

1. Сіз халықаралық олимпиада жеңімпазысыз ба? 

2. Йә болса, қайсы олимпиада. 

3. Сіз республикалық олимпиада жеңімпазысыз ба? 

4. Сіз SAT

46

 немесе SAT 2 экзаменын тапсырдыңыз ба? 



5. Cіз IELTS

47

 немесе TOEFL



48

 тестін тапсырдыңыз ба? 

                                                           

46

 



Scholastic Assessment Test

 

47



 

International English Language Testing System

 

48

 



Test of English as a Foreign Language

 


930 

 

7. Сіздің ойыңызша, UNIST-ке түсудегі ең басты фактор не болды? 



  Сауалнаманың  нәтижесінде  30%-ы  халықаралық  олимпиада  жеңімпаздары, 

жартысынан астамы республикалық олимпиада жеңімпаздары, 25%-ы SAT немесе SAT 2 

экзамендерін  тапсырған.  Бұл  университеттің  үлкен  талаптарын  көрсетеді.  Және  де 

студенттің  жетістігіне  байланысты  степендия  да  тағайындалады.  Жалпы  степендия  300$ 

құрайды. Халықаралық олимпиадаларда 3-ші орын үшін 500$, ал 1-ші және 2-ші орындар 

үшін 800$ құрамында степендия тағайындалады.  



ҚОРЫТЫНДЫ 

  Қазіргі  таңда,  әлемдік  білім  беру  үрдісіндегі  қарқынды  жүріп  жатқан  өзгерістерде 

бәсекеге  қабілетті  болу  үшін,  Қазақстанның  жоғары  білім  беру  бағыттары  мен  саясаты 

қайта  қарастырылып,  университеттерде  шетел  тәжірибелері  қарқынды  қолданылуда. 

Халықаралық  білім  кеңістігіне  бетбұрыс  жасаудың  басты  мақсаты  -  әлемдік 

стандарттармен  сәйкес  болатын  қазақстандық  білім  сапасын  қалыптастыру,  нарық 

қоғамында  оның  бәсекелестігі  мен  тартымдылығын  арттыру.  Осы  мақсаттарды  көздей 

отырып, менің жасаған баяндамамда шетелдің UNIST университетінің тәжірибесіне сүйене 

мынадай тұжырымдарға келдім: 

  -  Қазақстан  университеттерін  кредиттік  жүйеге  көшуге  даярлап,  мамандарды 

жалдау; 

  -  оқыту  процессіне  әлемдік  жетік  университеттерде  қолданылатын  жаңа 

техникаларды жүзеге асыру(Flipped learning); 

  -  ЖОО-ында  ғылыми-зерттеу  жұмыстарына  жағдай  жасап,  студенттерді 

оқытушымен бірге зерттеу жұмыстарына икемдеу; 

  - студенттер мен оқытушылардың құрамын көбейту үшін 100%-ды ағылшын тілінде 

оқыту; 

  - шетелден тәжірибесі мол мұғалімдерді шақыру; 



  -  "студенттер  алмасу"  бағдарламасын  жетілдіріп,  университеттердің  тәжірибесін 

арттыру. 



 

ПАЙДАЛЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

1.

 



UNIST университетінің ресми сайты. 2015ж. http://www.unist.ac.kr 

2.

 



UNIST университетінің жаңалықтар сайты. 2015ж., наурыз.  

3.

 



Flipped 

learning 

ағылшынша 



мақала. 

http://en.wikipedia.org/wiki/Flipped_classroom 

4.

 

KIPP Академиясының Flipped learning техникасын қолданудағы бақылауы 



http://www.loopinsight.com/2012/08/13/ipads-in-the-classroom-raise-math-scores-49/ 

5.

 



Википедиадағы 

курс 


кредитінің 

анықтамасы. 

http://en.wikipedia.org/wiki/Course_credit 

6.

 



Назарбаев Университетінің ресми сайты http://nu.edu.kz 

7.

 



UNIST жайлы. http://www.unist.ac.kr/about-unist/overview/unist-at-a-glance 

8.

 



Ерасыл 

Зейнолланың 

UNIST-те 

жүргізген 

сауалнамасы. 

http://yerassyl94.yvision.kz/post/465086 

 

 

ӘОЖ 31.1 



МАЛАЙЗИЯНЫҢ ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ СТУДЕНТТЕРГЕ 

АКАДЕМИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

Мұқатаев Нұралы Арыстанбекұлы 

Сүлейман Демирел атындағы университет 

Ғылыми жетекші: ф.ғ.к., доцент Әйтімбет І.А. 

Түйіндеме. 

Малайзияның жоғары білім беру жүйесіндегі студенттерге академиялық 

қолдау  көрсету  кешенін  ҚР  жоғары  оқу  орындарында  қолданудың  мүмкіндіктері  атты 


931 

 

баяндамада Малайзия университеттеріндегі академиялық қолдау көрсету орталықтарының 



студенттің жеке оқу траекториясын қалыптастыруға әсер ететін негізгі бағдарламаларына: 

академиялық  эдвайзер  (academic  Advising),  тьютор  (tutoring)  талдау  жүргізілді,  ҚР  және 

Малайзия  жоғары  оқу  орындарындағы  академиялық  қолдау  көрсету  бағдарламаларына 

салыстырмалы талдау жасалды. Малайзияның тәжірибесін қолдану негізінде қазақстандық 

моделін  теориялық  тұрғыда  негіздеу  және  отандық  университеттерде  студентке 

бағытталған оқыту ортасын қалыптастыру туралы кеңес бердім. 



Кіліт  сөздер:  академиялық  эдвайзер  (academic  Advising),  тьютор  (tutoring),  ЖОО, 

кредиттік оқыту технологиясы. 



 

КІРІСПЕ 

Мен  Малайзияға  келгеніме  екі  айдың  жүзі  болды.  Қазір  мен  ел  астанасы–  Куала-

Лумпур  қаласынан  20  шақырым  қашықтықтағы  UPM 

49

деген  қаладамын.  2  курстың  2 



семестрінде Exchange бағдарламасымен білім алуға келдім. Ақпараттық жүйелер саласын 

меңгергім келгендіктен, мені  аз ғана  уақыт ішінде жақсы даму деңгейіне жетіп үлгерген 

және мұндай тәжірибесі Қазақстан секілді дамушы елдерге үлгі боларлықтай мемлекетте 

білім  алу  мүмкіндігі  қызықтырды.  Бұл  туралы  толығырақ  ғылыми  мақалаларда  жазғым 

келеді.  Ал, мұнда Малайзиядағы білім алудан сүруден алған әсерлерім және тәжірибеммен 

бөліскім  келеді.  Осында  келгелі  Малайзиядағы  оқуымның  жайын  сұраған  достарым  мен 

таныстарымнан  ондаған  хат  алдым.  Оларға  мүмкіндігінше  жан-жақты  жауап  беруге 

тырыстым. Себебі, келесі семестрдегі келетін достарым жеткілікті. Біразы мен секілді алған 

әсерлерімен, тәжірибесімен бөліседі деп ойлаймын. 

Малайзияның оқыту деңгейі біздің елмен салыстырғанда әлдеқайда көш ілгері. АҚШ 

пен  Еуропаның  білім  жүйесінің  тиімді  тұстарын  пайдалана  біледі.  Халықаралық 

стандарттарға сай білім беру жолға қойылған. Бұл елге білім іздеп барушылар алдымен оқу 

бағасының  арзандығын  алға  тартады.  Австралия,  Британия,  АҚШ  және  Сингапурмен 

салыстырғанда, бұл елде тұрмыстық шығын да арзанға түседі. Ағылшын тілін меңгеруді 

қалайтындар  да  осы  елге  жол  тартып  жатқанын  жиі  байқаймыз.  Малайзияда  шетел 

студенттеріне  біраз  жағдай  қолайлы  көрінеді.  Мәселен,  Көші-қон  қызметінің  рұқсаты 

болса,  шетелдік  студенттерге  аптасына  20  сағат  жұмыс  жасауына  болады.  /6,       

http://www.nottingham.edu.my//. Қазір мемлекеттік ЖОО

50

-ның бәрі де шетелмен тәжірибе 



алмасуға  жақсы  деңгей  қойған.  Соның  арқасында  талай  шәкірттер  өзге  елде  білімдерін 

шыңдауда.  Малайзияда  ЖОО  мен  ағылшын  тілін  үйрететін  арнайы  дайындық  курстары 

жетерлік. Мен оқып жатқан орталықта  оқытушылардың көбі ағылшын, қытай және малай 

ұлтынан.  Малай  тұрғындарының  көпшілігі  ағылшын  тілін  жетік  біледі.  Сондықтан  да, 

ұстаздарымыздың  ағылшын тілін білу деңгейі жоғары. Ағылшын тілін үйренуге бұл үлкен 

көмегін  тигізіп  жатыр.  Әрине,  біздің  елде  де  ағылшын  тілін  үйренуге  болады.  Бірақ 

шетелдік  азаматтармен  бірге  қарым-қатынас  жасап,  күнделікті  сөйлесу  арқылы  тезірек 

жаттығасың. Мына жақта 2 мыңнан аса қазақ жастары оқиды екен. /7, http://www.inform.kz 

/ Кез келген жерге барсаң, қазақ азаматтарын көзің шалады. Қарындастарымызды көргенде 

мәз  болып  қаламыз.  Жалпы,  Малайзия  –  шетелде  білім  аламын  деушілерге  ыңғайлы 

мемлекет. 

 

Менің пікірімше, Малайзия университеттерін төрт топқа бөлуге болады. ЖОО-дың 1-



тобы  бұл  білім  сапасы  күмәнді  жеке  білім  орындары.  Мұндай  оқу  орындары  негізінен 

шетелдік  студенттерді  қабылдауға  тырысады. Батыстық  университеттермен  байланыс 

жасап, сауатты маркетингтік стратегия жасау арқылы мұндай оқу орындары студенттерді 

өзіне тарта біледі. Бұларда білім сапасы тіпті нашар деп айтуға келмейді, алайда мұндай 

жоғары оқу орындарының, сабақтары ағылшын тілінде жүргізілетін жақсы қазақстандық 

                                                           

49

 Universiti Putra Malaysia 



50

 Жоғары оқу орын 



932 

 

оқу  орындарымен  салыстырғанда,  сапасы  төмен.  Талаптанып,  жоғары  нәтиже  күткен 



студенттердің көп жағдайда көңілі қалып жатады. Көңіл толмаудың бір себебі кейде білім 

сапасы  емес,  студенттердің  құрамында  болып  жатады.  Оларды  қабылдау  барысында 

қаржылық  мүмкіндіктерінен  өзге  айрықша  талап  қойыла  бермейді.  Қолымда  нақты 

дәлелдер мен статистикалық мәліметтер болмағандықтан және негізсіз жала жаппау үшін, 

нақты  оқу  орнын  атап айта  алмаймын.  Оның үстіне  университет  сапасын  бағалау  үнемі 

сынға ілініп жатады. Ең кең таралған университет рейтингтерінің өзі субъективті болып 

келеді.  Алайда,  батыс  университеттерімен  тығыз  қарым-қатынас,  түлектерге  қос 

дипломның берілуі және дардай аты үнемі жоғары сапаға кепіл бола бермейтінін ескеру 

қажет. 

 

Жоғары оқу орындарының 2-тобы бұл жеке және зерттеу университеттері статусына 



ие  болмаған  мемлекеттік  университеттер.  Олардың  білім  сапасы  аса  жаман  емес  және 

шетелдік студенттерді мүмкіндігінше көп тартуды өздеріне мақсат етпейді. Олар жергілікті 

студенттерді тартуға баса көңіл бөледі, алайда белгілі мөлшерде шетелдік студенттерді де 

қабылдайды.  Мұндай  университетте  оқу  құны  аса  жоғары  болмайды,  өйткені  оларға 

тікелей мемлекет және ірі мұнай немесе телекоммуникациялық компаниялар демеушілігік 

етеді. Мұндай бағыттағы оқу орындарында білім сапасы  үнемі жетілідіріліп отырады. 

3-топ  бұл  негізінен  жақсы  пікірлер  айтылатын  жеке  оқу  орындары.  Мұндай  оқу 

орындарына  Австралиялық  және  британдық  білім  ордаларының  тікелей  филиалдарын 

жатқызуға болады. Мұндай оқу орындары отанындағы бас білім  ошақтары секілді білім 

сапасын беруге тырысады. Алайда, Малайзиядағы өмір арзан және мұндай оқу орындарын 

тарту үшін мемлекет тарапынан ынталандыру шаралары жасалатындықтан,  тамақ, жатын 

орынды қосқанда оқу ақысы Ұлыбритания мен Австралияға қарағанда анағұрлым арзан. 

Алайда, 1-топтағы жоғары оқу орындарымен салыстырғанда оқу ақысы екі есеге қымбат, 

тіпті кейде одан да көбірек шығады. Мұндай жоғары оқу орындары бизнес, экономика және 

медицина секілді мамандықтардың аз ғана түрлерін дайындайтынын ескеру керек. 

ЖОО-ның  4-тобы  зерттеу  университеті  мәртебесі  бар  немесе  осындай  мәртебе  алу 

кезеңінде  тұрған  мемлекеттік  университеттер.  Мұндай  университеттерді  мемлекет 

қолдайды.  Мысалы,  2013  жылдың  бюджетінде  5  университет  (UM,  UKM,  UPM,  USM, 

UTM) үшін зерттеу грантына 600 миллионов рингит (200 миллион долларға жуық) қаржы 

бөлінген.  /8,  http://studymalaysia.com/.  Мұндай  университеттер  магистр  және  PhD 

дәрежесін  алғысы  келетіндер  үшін  маңызды,  өйткені  мұнда  сабақтар  ағылшын  тілінде 

жүргізіледі.  Мұндай  университеттегі  оқытушылардың  басым  бөлігі   шетелдік  жетекші 

жоғары  оқу  орындарын  тәмамдаған,  негізінен  Британияда  білім  алған  Малайзия 

азаматтары.  Бес  зерттеу  ЖОО-ның  арасында  –  Малая  Университетінде  оқытушылар 

интернационалды,  яғни  көп  ұлтты.  Айта  кету  керек,  Малайзия  зерттеу  университеттері 

жетекші халықаралық ғылыми басылымдарында мақала жариялауға құмар келеді. Мұндай 

мақалалар олардың рейтингіне ықпал етеді және мақала саны академиялық мансаптың өсу 

үшін маңызды факторлардың бірі болып саналады. 

 

Негізгі тақырыбыма үңілсек, басты ерекшеліктердің бірін айтқым келіп тұрғаны, ол-



академиялық қолдау көрсету орталықтары  (Academic Support  Center) туралы. Малайзия 

университеттерінде  студентке  екі  немесе  одан  да  көп  академиялық    қолдау  көрсету 

бағдарламаларын  (эдвайзер,  ментор,  тьютор  және  т.б.)  ұсынатын  институционалды 

ұйымдасқан  университеттік  орталықтар  жүйесі  бар,  оның  ішінде  кредиттік  оқыту 

технологиясы  туралы  іс  қозғаймын.  Қазақстанда  мәселелердің  бірі  -  білім  алушыларға 

академиялық  колдау  көрсету  бағдарламаларын  ұйымдастыруда  негіз  болатын  шетел 

тәжірибесінен  зерделеніп  жасалған,  өзіндік  қазақстандық  моделінің  қажеттігі  мен  оны 

жүзеге асырудағы әдістемелік нұсқаулардың жоқтығы. 

 

Мақсат:  Малайзияның  жоғары  білім  беру  жүйесіндегі  студенттерге  академиялық 



қолдау  көрсету  бағытының  тәжірибесін  жан  -  жақты  зерттеп,  кредиттік  оқыту 

технологиясында студенттерге жаңашыл академиялық қолдау көрсетудің ерекшеліктерін 

көрсету. 


933 

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ 



Малайзияның жоғары білім беру жүйесінде студенттерге академиялық қолдау көрсету 

қызметтері, бағдарламалары оның келесі басты ерекшеліктерінің саласында дамыған: білім 

беру  үдерісін  елдің  экономикасының  дамуының  қайнар  көзі  ретінде  қарастыру,  көп 

ұлттылық  жоғары  білім  беру;  жылдан  жылға  шетел  студенттерінің  санының  артуы; 

университеттер  арасында  ашық  бәсекелестік  орнату.  Малайзияның  жоғары  білім  беру 

жүйесінің  көпұлттануы  қазіргі  қоғамның  жаһандану,  әлеуметтік,  экономикалық  өмірдің 

интеграциялануы,  ұлттық  оқшаулану  үдерісінің  бірте-бірте  жойылуының  көрінісі. 

Малайзияның  жоғары  білім  беру  жүйесі,  көпұлттану  (интернационализация)  үдерісін 

басым бағыттардың бірі деп санаймын және университеттерінің білім беру құрылымдары 

бәсекеге  қабілеттілік  және  табыстылық  деңгейі  бойынша  қайта  құрылып,  студентті 

университет  қабырғасында  сақтап  қалу,  студенттің  қажеттілігі  мен  мүмкіндіктерін 

қанағаттандыру,  студентке  қойылатын  талаптарды  төмендетпей,  студентке  бағытталған 

оқыту қағидасына сай қажетті академиялық қолдау көрсету қызметтерінің рөлін арттыруда. 

Кредиттік  оқыту  технологиясына  пайдалану  арқылы  оқу  үдерісін  ұйымдастырудың 

негізгі  міндеттеріне:  білім  көлемін  біріздендіру;  оқытуды  барынша  дараландыру  үшін 

жағдай туғызу; білім алушылардың өзіндік жұмыстарының рөлі мен тиімділігін күшейту; 

білім алушының оқудағы шынайы жетістіктерін оларды тиімді бақылау рәсімдері негізінде 

анықтау мәселелері жатады. /4, htpp: www.edu.gov.kz / Білім алушыларды кредиттік оқыту 

технологиясының  ерекшеліктеріне  бейімдеу,  олардың  ақпараттық  хабардарлығы  мен 

академиялық  сауаттылығын  арттыру,  жеке  оқу  траекториясын  саналы  түрде 

қалыптастыруды  қажет  етеді.  Осы  мәселелерді  қанағаттандыру  үшін,  соңғы  жылдары 

Қазақстанның  жоғары  оқу  орындарына  эдвайзер-оқытушы,  тьютор-оқытушы  деген  жаңа 

академиялық қызметтер енгізілуде. 

Қазақстандық  білім  беру  жүйесінде  «академиялық  эдвайзер  (Аdvisor)  -  тиісті 

мамандық  бойынша  білім  алушының  академиялық  тәлімгерінің қызметін  атқаратын,  оқу 

траекториясын таңдауына (жеке оқу жоспарының қалыптасуына) және оқу кезеңінде білім 

беру бағдарламаларын игеруіне ықпал ететін оқытушы» деп анықталады./2, c.79 / Эдвайзер, 

Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінің реформалауымен келген «жаңа феномен» деп 

те айта аламыз. Ағылшын тілінен аударғанда,  «adviser»,  «кеңесші»,  «референт»,  «белгілі 

бір сала бойынша кеңес беруші тұлға» деген мағынаны білдіреді. 

Егер,  ҚР  контексінде,  эдвайзер  студенттің  жеке  оқу  жоспарын  қалыптасуына  әсер 

ететін  «оқытушы- тәлімгер» болса, онда ол  «нені  оқыту керек?»,  «оқыту  мазмұны неден 

тұруы  қажет?»,  «эдвайзердің  негізгі  және  қосымша  функциясына  не  жатады?»  деген 

бірнеше  өзекті  сұрақтар  туындайды.  Бұл  сұрақтарға  жауапты  әлемдік  озық  тәжірибеден 

іздестіріп,  оны  терең  талдау  негізіне,  икемдеп  қолдану  немесе  ғылыми  негізделген 

ұсыныстар  жасау,  университет  эдвайзерлерінің  қызметінің  сапасын  арттыруға  мүмкіндік 

берер еді  деп болжам  жасай отырып,  Малайзияның тәжірибесін қарастырдым.  Малайзия 

тәжірибесін  таңдау,  екі  себептермен  түсіндіріледі:  біріншіден,  эдвайзер,  Малайзияда 

студенттерге  академиялық  қолдау  көрсетудің  негізгі  компоненті,  оның  басқа 

элементтерімен  байланыстырушы  құралы  болып  табылады;  екіншіден,  Қазақстан 

университеттері кредиттік оқыту технологиясының американдық моделінің негізінде оқу - 

тәрбие  үдерісін  ұйымдастыруда.  ҚР  университеттерінде,  эдвайзерлердің  мақсаты, 

міндеттері, іс-әрекет мазмұны, шын мәнінде, оның студенттің жеке оқу траекториясын құру 

іс-әрекеті  қалай  жүзеге  асу  керектігі  бойынша  арнайы  тұжырымдамалық  зерттеу 

жұмыстарының болмауы, эдвайзерлердің жұмысына бағыт-бағдар беретін оқу-әдістемелік 

құралдардың жетіспеуі, әлемнің озық университеттерінде ғасырдан астам тәжірибесі бар, 

бұл  қызметтің  басымды  жақтарын  еліміздің  жоғары  оқу  орындарында  толыққанды 

пайдалануға  мүмкіндік  бермей  отыр.  Соның  нәтижесінде,  кейбір  қазақстандық 

университеттер эдвайзердің функциясын, сызықтық жүйедегі топ кураторымен шатасып, 

алмасып кетіп отыр. Оған, еліміздің жоғары оқу орында куратор-эдвайзер сияқты біріккен 



934 

 

қызметтердің  енгізілуі  дәлел  бола  алады.  Мысалы,  ондай  біріккен  бағдарламалар,  үздік 



университеттерінің бірі, мен оқып жүрген Сүлейман Демирел атындағы университетінде, 

Аль-Фараби  атындағы  Қазақ  Ұлттық  университетінде,    Тұран-Астана  т.б.  сияқты 

жекеменшік университеттерде орын алған. 

Академиялық  эдвайзер  бағдарламасына  қатысты,  қазақстандық,  малайзиялық 

тәжірибелерге салыстырмалы талдау жасаудан, екі жүйенің басым ерекше тұстарымен мен 

ортақ белгілерін айқындадым. (кесте 1).  

Кесте  1  -  Қазақстан,  Малайзия  университеттеріндегі  академиялық  кеңес  беру 

үдерісінің ерекшеліктері 

 

Қазақстан 



университеттеріндегі 

академиялық  кеңесшілердің  (эдвайзер) 

ерекшеліктері 

Малайзия 

университеттеріндегі 

академиялық  кеңесшілердің  (эдвайзер) 

ерекшеліктері 



Кафедра  оқытушылары  тарапынан 

жүзеге 


асырылатын 

төмен 


мамандандырылған қызмет 

Профессор-оқытушылар  құрамынан 

тыс,  кәсіби  мамандармен  жүргізілетін 

жоғары мамандандырылған қызмет 

Студенттер ұжымына бағытталған 

Жеке-дара студентке бағытталған 

Академиялық 

кеңес 


берудің 

«бұйырушы» (perspective) моделі 

Академиялық 

кеңес 


берудің 

«дамытушы» (developmental) моделі 

Студенттер 

ұжымымен 

кездесу 

жүргізу жоспары 

Әрбір  жеке  студентпен  кездесу 

жоспары ( электронды пошта) 

Іс-әрекет 

мазмұны: 

элективті 

пәндерді  таңдау,  студенттің  жеке  оқу 

жоспарын құру, оқу үлгерімін қадағалау. 

Іс-әрекет 

мазмұны: 

студенттің 

өмірдегі, 

мамандықтағы 

мақсаттарын 

анықтау; 

негізгі 

және 


қосалқы 

мамандануын 

іріктеу; 

оқу 


пәндерін 

жоспарлау; сабақ кестесін құру 

 

Академиялық 



қолдау 

көрсету  

құралдары: 

студенттер 

ұжымымен 

жиналыс жүргізу, телефон 

Академиялық 

қолдау 


көрсету  

құралдары: 

әрбір 

студентпен 



жеке 

кездесулер,  электрондық  пошта,  форум, 

онлайн-конференциялар, телефон 

Академиялық 

қолдау 

көрсету 


формалары: ұжымдық, шағын топта кеңес 

беру,  тәртіп,  оқу  үлгерімі  бойынша 

жиналыстар 

Академиялық 

қолдау 

көрсету 


формалары: 

жеке-дара 

кеңес 

беру, 


модерация,  студенттер  тобымен  тренинг, 

дамытушы практикалық сабақтар, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет