15
есім түрінде де беріледі. Мысалы:
Девушка из города. – Қалалық
қыз; человек с характером – мінезді адам т.с.с.
Сөйлем мүшелерін ауыстыру. Ауыстырудың бұл түрі орыс
тілі мен қазақ тілі мысалында алсақ, мынадай тұстарда кездесетінін
байқадық:
Книга прочитана мною. – Мен кітапты оқып шықтым.
Бұл аударуда толықтауыш бастауышқа ауыстырылып тұр, өйткені
ырықсыз (пассив) құрылым қазақ тіліне сол түрде аударылмайды.
Орыс сөйлеміндегі пысықтауыш қазақ тіліне бастауыш түрінде
аударыла алады. Мысалы:
В комнате стояла жара. – Бөлме
қапырық болып тұр еді. Бұл ауысуға себеп – орыс тіліндегі
бастауыш пен баяндауыштың
арасындағы мағыналық байланыс,
қатынас қазақ тіліне сәйкес келмеуінен.
Сөйлем мүшелерін ауыстыруда сөйлемдегі коммуникативтік
мүддені еске ұстаған жөн болар еді. Мәселен,
У них был долгий,
душевный разговор деген сөйлемді былайша екі түрде
аударуға
болар еді: 1)
Олар ұзақ, шын жүректен әңгімелесті; 2)
Олардың
әңгімесі ашық та ұзақ болды. Егер түпнұсқа авторы әңгіменің
«өткендігіне» ден қойып отырған болса,
бірінші нұсқа дұрыс
болар еді де, ал егер өткен әңгіменің сипатын көрсетуді мақсат
тұтса, екінші нұсқа ұтымды болып шығар еді.
Достарыңызбен бөлісу: