17
сабақтас құрмалас сөйлемнің арнайы жалғаулықтары бар. Орыс
тіліндегі осы сипаттас құрмалас
сөйлемдердің кейбірі қазақ
тіліне аударғанда салаласқа ауысып кетеді. Мысалы:
Она была
настолько красива, что никто не пытался за ней ухаживать (Д.
Гранин). –
Оның сұлу болғандығы сондай, оған қырындауға ешкім
бата алмайтын.
Жалғаулықты байланысты жалғаулықсыз байланысқа
ауыстыру. Қазақ тілінде жалғаулық
арқылы салалас құрмалас
сөйлемді құрайтын сыңарлар ғана байланысады, оның өзінде
жалғаулықты сөйлемдер арасындағы мағыналық қарым-қатынасты
анықтауда бірден-бір қызметті жалғаулықтар ғана атқармайды.
Жалғаулық қатыспай тұрып та, құрмалас сөйлемнің компо-
ненттерінің арасындағы мағыналық қатынастарды контекст
көмегімен ажыратуға болады. Ал
орыс тілінде жалғаулықтар
құрмаластың компоненттері арасындағы мағыналық қарым-
қатынастарды айқындап тұрады. Осы себепті орыс тіліндегі
жалғаулықты байланысты қазақ
тіліне жалғаулықпен жеткізу
міндетті емес.
Лексикалық аудару. Бұл трансформалық әрекет аударманың
лексикалық мәселелерімен тікелей байланысты және сол бөлімде
айтылуға тиісті. Дегенмен бір ғана мәселені көрсете кету керек.
Қандай да болмасын екі тілдегі балама сөздердің мағыналық
ауқымы, жүгі әртүрлі болады, соған байланысты түпнұсқа
тіліндегі кең мағыналы сөздерді аударуда нақтыландыруға тура
келеді немесе,
керісінше, түпнұсқа тілдегі тар мағыналы сөзді
аударуда кең мағыналы сөзбен беретін жайттар болады. Мұның
бірінші тәсілін – нақтыландыру (конкретизация),
екінші тәсілін
жалпыландыру (генерализация) деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: