192
зерттеулер бастау нүктесінің «тұлғадан» және «мағынадан»
бастап сипатталуына байланысты алынып отыр. Ал негізінде
ономасиологиялық грамматиканың өзі құрылымдық жағынан да
жұмсалымдық жағынан да қарастырыла береді» [сөз мағынасының
шектелуі: биржалық макле
р, бас мердігер, ресми өкіл, яғни
маклер,
мердігер, өкіл сөздерінің интенциясы арта түседі;
2. сөз мағынасының кеңеюі: өріс → семантикалық өріс →
терминологиялық өріс → мал өрісі, яғни
өріс ұғымының көлемі
кеңейіп, оның экстенциясы ұлғаяды;
3. бір сөз мағынасына басқа сөз мағынасы элементтерінің
қосылуы:
тұсаукесер – «презентация» –
баланың тұсаукесері;
4. екі сөз мағынасының бірігуі:
пікірсайыс, шаңсорғыш,
іссапар және т.б.
Мағынаның кеңеюі ғылыми және техникалық терминологияны
толықтыратын ең бір өнімді тәсілдердің бірі болып саналады.
Мысалы,
делдал – посредник, брокер, маклер, дилер. Сол сияқты
сөз мағынасының тарылуы да терминологиялық аталымның тиімді
тәсілдерінің бірі. Мәселен, түрлі терминологиялық жүйелердегі
түрлі мағыналар білдіретін терминдердің қолданылуы:
оператор
– құрылыс, байланыс, кино және т.б.;
аппаратшы – байланыс,
мемлекеттік аппарат т.б. Мағынаның тарылуы түрлік тар белгінің
орнына кең, жалпы тектік белгінің қолданылуы тіл жүйесінде жиі
қолданылатын тәсіл.
Семантикалық жылжыту (сдвиг) құбылысы, әдетте гетеро-
жүйелік (диалектаралық) немесе диахронды (бір тіл тарихында)
қарама-қайшылық ретінде қарастырылады. Мысалы,
жабдық
Достарыңызбен бөлісу: