Аударманың Өзекті мәселелері алматы, 2015



Pdf көрінісі
бет67/103
Дата23.10.2022
өлшемі2,17 Mb.
#45033
түріБағдарламасы
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   103
Байланысты:
audarmanyng ozektigi Kulmanov

уәж, уәжді терминдерімен ғана беріліп жүр. Сондықтан да қазақ 
тілінде термин түзуде семантикалық жүйелілікпен қатар, яғни 
синтагматикалық, парадигмалық ерекшеліктерге де басты назар 
аударған жөн. 
Сонымен, терминдерге қойылатын негізгі талаптар 
төмендегідей принциптерден құралады:
- дәлдік, нақтылық;
- қысқалық;
- жүйелілік;
- мәнмәтіндік тәуелсіздік;
- қайта айтылуы (воспроизводимость);
- эстетикалық;
- нормативтілік;
- қолдану жиілігі.


186
Термин ұлттық тілдің, сөздік қордың лексикалық бірлігі 
ретінде функционалдық саланың, арнаулы тілдің негізгі материалы 
болып, мағынасының дәлдігі мен нақтылығы, айқындылығымен 
ерекшеленеді. Бұл ретте терминдерге белгілі бір саладағы 
бірмағыналық қасиетінде көрініс табатын тұрақты семантикалық 
мөлшер тән болып келеді.
Термин бірмағыналық қасиетке тек белгілі бір терминологиялық 
өріс аясына қабылдануы арқылы ғана ие бола алады. Бірақ кей 
кезде бұл терминологиялық өрістер, мысалы, бірқатар өндірістік 
салаларға қатысты ортақ кәсіптердің болуына байланысты бір-
бірімен жанасып ортақ терминдер жүйесін құрауы да мүмкін. 
Мысалы, металдың механикалық өңделуіне байланысты 
өндірістік салалардың барлығына ортақ мынадай кәсіп атауларын 
(терминдерді) келтіруге болады: металл жонушы, реттеуші, 
бапкер, ұштаушы, өңдеп қырнаушы, ажарлаушы т.б. 
Терминдердің арнаулы функционалды стильдің ерекше 
компоненті болуы терминологияның стильдік бейтараптылығын 
анықтайды (термин ешбір эмоционалдық реңкті білдірмегені 
дұрыс). Осымен байланысты терминнің жалпы әдеби тілдің 
аталымдық бірліктерімен арақатынасы айқындалады (терминдену 
процестері, бейтерминдену, жалпы қолданыстағы көпмағыналы 
сөздермен қатынасы). Терминологияның жүйелі параметрлерінің 
негізгі критерийлерін терминнің тілдің стилистикалық 
құрылымындағы орны, этимологиясының, грамматикалық 
құрылымы мен сөзжасамдық парадигма ерекшеліктері, лексика-
семантикалық топтар мен категориялардың байланысы сияқты 
құбылыстар анықтайды.
Жүйелілік танытатын терминологияның тілдің стилистикалық 
құрылымындағы орны әдеби функционалдық стильдер 
шеңберіндегі жалпы тілдік қордың жалпы қолданыстағы лексика 
мен кәсіби лексика бөлігі ортасында болып келеді. Оны кесте 
түрінде берсек:
Жалпы қолданыстағы лексика 1. Терминология 3. кәсіби лексика 
Жалпы қолданыстағы, кәсіби атаулар сияқты жүйелі терминдер 
нақты бір ұғымды білдіргенімен ғылыми, өндірістік ұғымдардың 


187
арнаулы белгіленуі болып табылады. Кәсіби сөздерге қарағанда, 
терминнің қолданыстық аясы әлдеқайда кең және бірнеше елдерде, 
мемлекеттерде белгілі болып келеді.
Кәсіби сөздер мен терминдердің айырмашылығы олардың 
сипаттамаларында айқынырақ көрінеді. Кәсіби сөздердің жүйелі 
терминдерден өзгешелігі ұжым және белгілі аумақпен шектелуінде 
болып табылады. Кәсіби лексика терминдердің қысқартылған 
және қарапайым дублет-атаулары. Кәсіби лексика атауларының 
негізінде жалпы қолданыстағы лексиканың басқаша, өзгеше ойлау 
нәтижесі ретінде жалпы қолданыстағы сөздің метафоралануына 
келе бермейтін, маңызы жоқ белгілері алынады. Мысалы, каплей – 
капитан – лейтенант (теңізшілердің кәсіби кодификацияланбаған 
ауызекі сөйлеуінде), коробкағимарат (құрылысшылардың 
кәсіби терминологиялық емес атауы) және т.б.
Жүйелі терминдердің жалпықолданыстық, кәсіби лексикалық 
атаулардан ең маңызды, басты өзгешелігі бейэмоционалдылығы. 
Терминде эмоционалдық реңк (семема) пайда болған жағдайда ол 
терминологиялық жүйеден тыс қалып, пассив, жалпы тілдік қордан 
немесе кодификацияланбаған кәсіби сөйлеу жүйесінен орын алады. 
Сондықтан да неологиялық терминжасам сипатын айқындауда кез 
келген жаңа инновацияның термин бола бермейтіндігіне жете мән 
беру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет