Сұрыптау(ағылш. selection; ағылш. sorting) түрлі баламалар, түрлер, мүмкіндіктер, заттар арасынан ең маңыздыларын таңдап қалдыру; бұл тұрғыда таңдау жасаудың арнайы және талғампаз түрі.
табиғи сұрыпталу, яғни табиғаттағы барша тіршілік түрлерінің (адам да бар) ұзақ замандық (шамамен 4 млрд жылдық, адамда шамамен 6 млн жылдық) тарихи эволюция барысында ортаға үйлескендерінің өмір сүріп, үйлесе алмағандарының құрып кетуі.
шақырулардың сұрыптаулық тізбесіне қосылған терминалды немесе оның құрауышын адрестеу; белгілі бір ережеге сәйкес жиын элементтерін топ бойынша үлестіру. Сұрыптаудың бір түрі мәліметгерді сұрыптау нышанының мәндерінің өсуі немесе кемуі бойынша ретке келтіру
Бастапқы материал неғұрлым алуан түрлі болса, сұрыптау да соғұрлым тиімді болмақ. Гибридтендіру, әр түрлі географиялық аймақтан шыққан өсімдіктерді пайдалану, әр түрлі сыртқы факторлармен әсер ету арқылы мутациялық өзгергіштікті жоғарылату селекцияға арналған материалдың алуан түрлілігін арттыруға себепші болады. Сұрыптаумен ұштастыра жүргізілген будандастыру – селекция жұмысының тиімді жолдарының бірі. Бастапқы материалдың тұқым қуалайтын алуан түрлілігі аз болса, сұрыптаудың тиімділігі де шамалы болмақ. Гендердің көбі гомозиготалы болып келетін таза линияларды сұрыптаудан іс жүзінде ешбір нәтиже шықпайды. Бұл жағдайда мутация ғана тұқым қуалайтын өзгерістің көзі болуы мүмкін. Өздігінен тозаңданатын өсімдіктерде сұрыптау әдетте тұқым қуалайтын құрамы әртекті бастапқы популяциядан таза линия бөлініп алынғанға дейін ғана тиімді болады. Бара – бара оның әсері жойылады. Линия қасиеттерін өзгерту үшін гибридтендіреді, ол комбинациялық өзгергіштікке әкеп тірейді. Бұдан сорт генотиптерінің құрамы әртекті болып, сұрыптау қаййтадан тиімді болып шығады. Қолдан сұрыптау алға қойған мақсат пен нәтижесіне қарай негізінен үш түрге бөлінеді:
1) Қорғаушы;
2) Дизруптивті (бөлшектеуші, жіктеуші);
3) Тұрақтандырушы.
Қозғаушы сұрыптау. Табында бұрын қалыптасқан өнімдік белгілер мен қасиеттерінің орташа мәнін өзгертуге бағытталған сұрыптауды қозғаушы сұрыптау деп атаймыз. Сұрыптаудың бұл формасы арқылы малдың шаруашылыққа бұрыннан құнды қасиеттерін одан әрі дамытып, жаңа, тиімді қасиеттерін нығайтады. Бұл үшін бірнеше ұрпақ бойы өнімдік қасиеттері табынның орта көрсеткішінен жоғары болатын құнды малды өсіріп отырады. Осының нәтижесінде бірнеше ұрпақтан кейін өнімдік (фенотиптік) және тұқымдық (генотиптік) қасиеттері жағынан бұрынғы табыннан артық жаңа табын (популяция) шығарылады.
Ч.Дарвиннің қолдан сұрыпталудың әдістемелік және санасыз (мақсатсыз) сұрыптау деген 2 түрін айқындап берді.