Ауыл шаруашылық малын өсіру және селекция емтихан сұрақтары


Шығу тегі бойынша малды бағалаудың мәні



бет73/73
Дата01.07.2023
өлшемі252,79 Kb.
#103905
түріЛекция
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73
Байланысты:
СРСП селекция разведение ТППЖ 20-12 (копия)

99. Шығу тегі бойынша малды бағалаудың мәні:
Малды ата-тегіне қарай бағалау және сұрыптау. Малды ата-тегіне қарай бағалаудың мал селекциясындағы немесе мал тұқымын асылдандырудағы маңызы. Мал тегіне байланысты атаулардың анықтамасы. Малды ата-тегіне қарай бағалау тарихы. Мал шежіресінің маңызды түрлері оларды жасау және селекцияда қолдану тәртібі. Малды шежіресі бойынша және жанама туыстарына /сибстері мен жартылай сибстеріне/ қарай бағалау. Малдың шыққан тегін дәлелдеу үшін иммуногенетикалық көрсеткіштерді пайдалану. Малдың тұқымдық құндылығын оның шежіресі мен жанама туыстарының өнімділігіне қарай анықтаудың жаңа әдістері және оларды алдын-ала болжау мүмкіндігінің нарық жағдайында мал шаруашылығындағы маңызы. 
Малды ұрпағының сапасына қарай бағалау және сұрыптау. Ұғымдардың анықтамасы. Мәселенің тарихы. Малды ұрпағының сапасына қарай бағалаудың маңызы, оның сұрыптаудың басқа әдістерімен байланысы. 
Аталық малды ұрпағының сапасына қарай бағалау нәтижесіне әсер етуші жағдайлар: аналық мал сапасы, ұрпақтың жасы, саны, оны бағып күту, азықтандыру.
Аталық малды /бұқалар, қабандар, айғырлар/ ұрпағының сапасына қарай сынауды ұйымдастыру. Элеверлер, аталықты сынау орындары, болашақ аталықты бағып-өсіру, қолдан семірту орындары. Сынауға қойылатын аталықтарды алдын ала сұрыптау және олардың жасының маңызы. 
Аталықтарды ұрпағына қарай сынау үшін қосаллельды және көпаллельды жұптастыруды пайдалану.
Аналық малды ұрпағының сапасына қарай бағалау және сынау. Малдың генотипін ертерек және өте дәл бағалау мәселелері және оның нарық жағдайындағы экономикалық маңызы.
100.Таза тұқымды мал өсірудің мақсаты:
Мал өсіру әдістері деп шағылыстыратын малдың және түрлік тегін ескере отырып,жүргізілген жұп таңдау жүйесін айтады.Негізінен мал өсіру әдістерінің үш түрін ажыратады: таза тұқым өсіру, будандастыру және түраралық будандастыру.Таза тұқым өсіру әдісі деп ұрпақтан ұрпаққа бір тұқымының малын өзара шағылыстыруды айтады.
Будандастыру дегеніміз тұқымдары бөлек малды шағылыстыру.Түраралық малын өзара шағылыстыруды айтады.Бұларды әрқайсысы мал тұқымын асылдандыруда нақылы бір селекциялық мәселені шешуге бағытталған.Олардың биологиялық мәні, генетикалық әсер әр түрлі.Дегенмен де мал өсіру әдістерін бір-біріне қарсы қоюға болмайды.Себебі олар бір-бірімен тығыз байланысты.
Жұп таңдау нәтижесінде шағылыстырылатын екі малдың туыстастық байланыстығы мен оның дәрежесі үлкен әсер етеді.Шындығында тек селекционерлер ғана емес,жалпы адам әр уақытта айрақша мән берген, оның негізі туралы көп толғанып,пікір айтысқан,оған деген көзқарасты талай өзгерген мәселенің бірі туыстас малды өзара шағылытыру.Кейін бұл әдіс ағылшынша инбридинг деп аталып кетті.
Қазіргі уақытта инбридинг деп туыстығы жағынан жақын малды шағылыстыру (әкесін ұрғашы ұрпағымен,еркек ұрпақтарын енелерімен, т.б.) жүйесін айтады.Қазіргі генетика ғылымы инбридингтің екі жақтылығының бірсыпыра сырын ашып, оны селекция тәжірибесінде ретті пайдалануға мүмкіншілік береді.
Генетикалық көзқарас бойынша инбридингті қолданған уақытта келесі ұрпақта барлық гендердің гомозиготтығы артады,нәсілдік қасиеті біртектене түседі.Инбридинг нәтижесінің екі жақтылығының негізі осында.Туыстас малдарды өзара шағылыстырғанда олардың ұпағында жақсы қасиеттерінің де гендер гомозиготтығы артады және алынған ұрпақтың жаңағы туыстас малдың ортақ тегіне генетикалық ұқсастығы көбейеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет