Ауыл шаруашылық малын өсіру және селекция емтихан сұрақтары


Малдың ерте бағалануы және сұрыпталу жолы



бет65/73
Дата01.07.2023
өлшемі252,79 Kb.
#103905
түріЛекция
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   73
89. Малдың ерте бағалануы және сұрыпталу жолы:
Сұрыпталу дегеніміз-тіршілік ортасы мен өндіріс технологиясы жағдайына жақсы бейімделген, адамға қажетті өнімі жағынан құнды малды іріктеп, таңдап алу, құнсыз малды жарамсыздар тобына шығару.
Әдетте сұрыптау мен жұп құру бірлігін селекция деп атайды.Негізінен тек селекция ғана табынның генетикалық құрылымын (табындағы малдың нәсілдік қасиеттері) адамға ұнамды бағытта өзгерту арқылы мал өнімін арттыра алады.Осы тұрғыдан селекцияны малдың адам баласы басқаратын эвалюция деп бағалау орынды.
Селекцияның негізгі мақсаты-малдың адамға тиімді қасиеттерін ұрпақтан ұрпаққа
жақсарту, осыған орай сұрыптау нәтижесінде таңдап алынған малдың өнімі мол, сапалы болумен қатар, тұқымдық қасиеті де жақсы болу керек. Әдетте, малдың тұқымдық қасиеті деп оның өнімі өзінен артық болмаса кем емес, сапалы ұрпақ беру қабілетін айтады. Малдың бұл қабілеті, сайып келгенде, оның генотипіне, яғни тұқым қуалаушылық – нәсілдік қасиетіне байланысты.
Жануарлар селекциясы тәжірибесінде малдың генотипін анықтау, бағалау әдістері оның ең жақын ұяластарының, ата-тегінің, аталас-енелес туыстарының ұрпағының өнімділік қасиеттерін тексеруге, зерттеуге негізделген.
Малға генотипіне қарай баға беру оның жақын туыстарының өнімділік көрсеткіштері туралы мәліметтің түсу мерзіміне байланысты екі кезеңнен тұрады.

  1. Малдың ата-тегі мен жанама, аталас-енелес туыстарының сапасына қарай болжамды, ықтимал тұқымдық құндылығын анықтау;

  2. Қорытынды кезең – ұрпағының сапасына қарай нақтылы тұқымдық қасиетін анықтау.

Малды ата тегіне қарай бағалау және сұрыптау.
Әрбір организм ұрықтанған жұмыртқа жасушадан дамиды, мұнда ата-енелік организмдердің генетикалық информациясы арқылы олардың алдыңғы ұрпақтарында болған даму ерекшеліктері қаланған. Сондықтан жануарларды ата-тегіне қарай бағалау мен сұрыптаудың асыл тұқымды мал өсіру жұмысында айтарлықтай маңызы зор. Ата-тегі бойынша сұрыптаудың малды мүмкіндігінше ерте бағалау тұрғысынан сұрыптау әдістерінң басқа түрлерінен көп артықшылықтары бар. Іс жүзінде кез келген малға өзі туғанға дейін-ақ баға беруге болады. Осының нәтижесінде тұқымдық құндылығы жоғары төлді дер кезінде асыл тұқымдық мал тобына бөліп, нашарын жарамсыздар тобына шығарып, оларды өсіруге арналған шығынды да тиімді жұмсауға мүмкіндік туады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет