Ауыл шаруашылық малын өсіру және селекция емтихан сұрақтары



бет9/73
Дата01.07.2023
өлшемі252,79 Kb.
#103905
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   73
Байланысты:
СРСП селекция разведение ТППЖ 20-12 (копия)

Популяция динамикасы - популяциядағы даралардың сандық мөлшерін және оларды реттеудің механизмдерін зерттейтін популяциялық экологияның бөлімі.
Популяция динамикасының негізгі белгілеріне жататындар:

  • Популяцияның сандық мөлшері - белгілі бір аумақтағы немесе көлемдегі даралардың жалпы саны;

  • Популяция тығыздығы - белгілі бір жер аумағындағы немесе көлемдегі даралардың орташа саны;

  • Популяциядағы туылу саны - белгілі бір уақыт ішінде көбею нәтижесінде популяцияда пайда болған жаңа даралардың саны;

  • Популяциядағы өлу саны - белгілі бір кезеңдегі популяциядағы өлген даралар саны;

  • Популяция өсімі - популяциядағы даралардың туылуы мен өлуі арасындағы сандық айырмашылық;

  • Өсу қарқыны - белгілі бір уақыт ішіндегі популяциядағы орташа өсім.

Мұндай демографиялық белгілерді зерттеу популяция тіршілігінің заңдылықтарын, сәйкесінше жалпы экожүйедегі тұрақтылық негіздерін анықтауға мүмкіндік береді.
Популяцияның сандық мөлшері мен тығыздығы - популяцияның сандық сипаттамасын көрсететін негізгі көрсеткіштер.
Әрбір популяцияға биотикалық потенциал тән, яғни, белгілі бір уақыт аралығылда популяциядағы даралардың сандық мөлшерінің көбеюіне қабілеттілігі. Әртүрлі ағзаларда биотикалық потенциал әрқалай. Көбеюдің жоғары потенциалы бар ағзаларға, мысалы, кейбір бактерияларды жатқызуға болады. Әрбір 20 минут сайын жай бөліну арқылы көбейетін Bacillus coli бактериялары қолайлы жағдайларда бүкіл жер шарын 36 сағатта игеретін еді. Ал 7,5 млрд-қа дейін спора түзетін жауын саңырауқұлағы екінші ұрпағында бүкіл Жер бетін басып қалатьн еді.
Биотикалық потенциалдың мөлшері әр түрлі түрлерде әрқалай. Мысалы, еліктің аналығы бүкіл өмірінде 10-15 лақты дүниеге алып келеді, нематод трихина (Trichinella spiralis) - 1.8 мың жұмыртқа салса, бал арасыньщ аналығы - 50 мың жұмыртқа, ал ай-балық (Mola mola) 3 млрд. уылдырық шашады. Бұл түрлердің биоткалық потенциалы мұнан да жоғары, өйткені дамып келе жатқан жұмыртқалар мен ұрықтардың көпшілігі туылмай жатып өліп кетеді.
График бойынша популяцияның осылай өсуін көрсететін қисық сызықты экспоненциалды деп атайды. Сонымен, қолайлы жағдайларда әрбір түрдің сандық мөлшері экспоненциалды (логарифмдік) қисық бойынша өсуге қабілетті. Сандық мөлшердің геометриялық өсу қарқынын экспоненциалды өсу деп атайды.
Популяция гомеостазы
Популяция гомеостазы Популяциялардын ішкі тұрақтылығын өз механизмдері арқылы реттеуін гомеостаз, ал популяцияның сандық, мөлшерінің орташа шамадан ауытқуын олардьщ динамикалық тепе-теңдігі дen, яғни, белгілі бір жағдайдағы популяциялық өз санын бір қалыпты ұстап тұруын атайды. Әрбір жүйенің тіршілік етуі - оның құрамы мен құрылымы, ішкі байланыстары және уақыт пен кеңістіктегі өзгерісі өзін-өзі реттеу арқылы жүзеге асып отырады. Өзін-өзі реттеу - ағзалардың үнемі өзгеріп отыратын орта жағдайларында тіршіліктерін сақтап қалу үшін бейімделуі, ыңғайлануы. Популяцияның өзін-өзі реттеуі табиғатта тең екі күш арқылы жүзеге асып отырады. Бір жағынан, бұл популяция санының өсуіне алып келетін барлық факторлардың жиынтығын құрайтын биотикалық потенциал (туылу, жаңа жерлерге қоныстану, қорғаныс механизмдері, т.б.), ал екінші жағынан - популяция санын азайтатын факторлар жиынтығы (судың, қоректің тапшылығы, ауа-райының қолайсыз жағдайлары, жыртқыштар, паразиттер, бәсекелестер, аурулар).
Сонымен популяция санының өсуі, азаюы немесе бір қалыпты болуы биотикалық потенциал мен орта салмағының ара салмағына байланысты. Түр популяциясы санының өзгеруі — оның биотикалық потенциалы мен қоршаған орта жағдайлары арасындағы тепе-теңдіктің бғзылуының нәтижесі.
Реттеуші факторлар әсерін ағзалардың түраралық және түріші қарым-қатынастары деңгейінде қарастыруға болады. Гомеостаздың тұраралық механизміне жыртқыш-жемтік, иесі- паразит, бәсекелестік қарым-қатынастары жатады. Бәсекелестік популяция іші гомеостазының негізінде жатыр. Ол қатты және жұмсақ формада болуы мүмкін. Қатты формасы особьтардың өліміне алып келеді. Мысалы, орман қауымдастықтарында өскін кезінде 1 га жерде ағашты өсімдіктердің бірнеше жүз мың особы кездеседі. Қылқан жапырақты ағапггардың саны 100-120 жылдан кеиің, жапырақты ағаштар саны 50-70 жылдан соң 1 га жерде әдетте 1000 особьтан, көбіне бірнеше жүзден аспайды. Көпшілігі бәсекелестік әсерінен өледі.
Жануарлар әлемінде тірішілік күресі каннибализм (өзі сияқтыларды жеу) арқылы көрініс береді. Мысалы, каннибализм құбылысы кейбір кемірушілерге, жәндіктер личинкаларына, алабұға, шортан балықтарына тән.
Тығыз популяцияларда сандық мөлшердің реттелуінің басты механизмі стресс-реакция болып табылады. Егер популяция ға күшті тітіргендіргіш әсер етсе, популяция оған стресс-реакциямен жауап береді. Табиғатта стресстіц көптеген түрлері бар:антропикалық, жүйкелік-психологиялық, шуыл әсері және т.б.[3]
Популяцияға әсер етуші факторлар
Популяцияның өсіп - өлуі белгілі бір заңдарға сүйенеді. Ауқымның үлкендігі репредуктитвті потенциалмен өлшенеді. Репредуктивті потенциал - шексіз бітпес ресурстардан тұратын теориялық жылдамдық. Популяция температура, климат, тамақтың болуы секілді факторларды қарастырады. Кейде олар қарқынды жүреді. Мұндай кезді - айналым деп атайды. Популяцияның ауқымы дүниеге келу мен өлім факторлары арқылы жүреді.

  • Территориялар

Кейбір жануарлар белгіленген территориясын меншік етіп бөліп алады. Сырттан бөгде біреу келсе, белгі беріп, территорияның меншікті екенін білдіреді. Солайша, популяция саны артып, территория азая бастайды. Мұндай кезде туу азая бастайды, ол жануардың санының азаюына әкеліп соғады.

  • Қайтақоныстану

Тууға әсер етуші фактор. Тығыздығы көп жануарларда тамақ саны күрт артып кетсе, жануарлар санының азаюына әкеліп соғады.

  • Эмиграция

Белгілі бір түрдің қонысын аударуы- популяцияға әсер етуші фактор болып есептеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет