ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ
От – тілсіз жау екенін балалар түсіне бермейді. Отты ойын көріп, қауіп-қатерге жиі қшырап жатады. Сол себепті мектеп жасындағы балаларға ӨҚЕ /өрт қауіпсіздігі ережесін/ оқыту қажет. ӨҚЕ оттан сақ болуды, өрт бола қалған жағдайда, өрттен қорғану тәсілдеріне үйретеді. Сол сияқты жарақаттанудан , мерт болудан сақтайды.
ӨҚЕ мақсаты:
*Өрт қауіпсіздігі ережелерімен танысу;
*Өрт болған жағдайда, қорғануға қалыптасу;
*Жауапкершілікті арттырып, қайратты, тапқыр, сабырлы, жігерлі болуға шыңдалу;
*Өрт кезінде өзіңді-өзің ұстай білуге, дұрыс басқаруға үйрену.
ӨҚЕ сабағынан алған білімі өрт бола қалған жағдайда баланы қауіп-қатерден сақтайды.
Сейілге шыққанда, спорттық немесе ойын-сауық шараларында, жорықтарда,көп болып көшеде жүргенде өрт қауіпсіздігі ережесін сақтау оқушының қалаптасқан қағидасы болу қажет.
ЭЛЕКТР ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАУ
Қазіргі кезде адамның өмірін электр қуатынсыз елестетуге қиын, ал оның қауіпсіздігін сақтамау онан да қиын жағдайға әкеліп соқтырары сөзсіз, сондықтан да қауіпсіздік ережелерін сақтай білу өзіңнің өміріңді сақтандырумен барабар.
Соңғы кездері балалардың үзілген электр сымдарына ұрынып қалуы жиі байқалып жүр. Дерек көздеріне жүгінсек, электр тоғынан жарақат алушылардың саны жыл сайын арта түсуде, яғни жарақаттанушылардың үштен екі бөлігі осы топқа жатады.
Балалардың электр тоғымен жарақаттануының алдын алу үшін төмендегі жағдайларды ескерткіміз келеді:
* электр сымдары өтетін үй – жайлардың шатырына шығуға болмайды;
* электр сымдары тартылған бағаналарға шығуға болмайды;
* электр сымдары тартылған бағаналардың астында отыруға, демалуға, аялдауға болмайды;
* көшеде жанып тұрған электр шамдарын қиратуға және тіректердегі ажыратқыштарды сындыруға болмайды;
* электр сымдарына бірнәрсену іліп қоюға, лақтыруға болмайды;
Жерде үзіліп жатқан немесе салбырап тұрған сымдардың маңына мүлде жоламандар. Әсіресе, боран, дауыл, жел соққаннан кейін салбырап тұруы, үзіліп кетуі мүмкін, сондықтан электрсымдарының астындағы ағаштарға жақындау, өрмелеп шығу да өміріңе қауіп төндіреді.
ЕСІНДЕ БОЛСЫН! Кез - келген үзіліп қалған электр сымынан адам өміріне қауіп төнеді.Оларды қолыңмен ұстауды былай қойғанда, 5-8 метр қашықтықтан оралып өт,себебі тіпті сымның өзіне қолыңмен ұстамай – ақ жақындасан да,тоқ со,уы әбден мүмкін.
Үзіліп түскен немесе салбырап тұрған электр сымдарын көріп қалсандар,бұл туралы бірден ересек адамдарды хабардар етіңдер.Әсіресе тоқ тарататын құрылғылар /ТҚ/ тоқ тарататын орындар/ТО/трансформаторлы қосалқы станцияларға жақындау, кіру, қозғау өміріңе өте қауіпті, әдетте олардың бәріне де /тиісті ескерту белгілері, ескерту парақтары ілінген/ескерту белгілері бар.
Қай кезде, қай жерде болсаң да электр қауіпсіздігі ережелерін сақтап,электр құралдарына абай бол.
Достарыңызбен бөлісу: |