Қауіпсіздігі мектеп оқушыларына арналған көмекші қҰрал 2022 2023 оқу жыл Өмірің өз қолыңда



бет7/13
Дата31.10.2022
өлшемі176 Kb.
#46422
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
өмір қауіпсіздігі ВАЖНО

Сіздің көмегіңіз қажет болса:

  • Ұзын бұтақша, тақтай, сырық немесе арқан алыңыз. Шарф, белбеу немесе киімді де алуға болады.

  • Құтқару құралдарды алдыңызға салып, аяқ пен қолдың арасын ашып, жылымға қарай абайлап еңбектеу керек.

  • Суға батушы адамға бірнеше метр жетпей тоқтап, оған жіп, киімнің шетін лақтырып, таяқ немесе тақтай беріңіз.

  • Зардап шеккен адамды абайлап мұз үстіне шығарып, қауіпті жерден жорғалап шығыңыз.

  • Келген жағыңызға қарай жылжу керек.

  • Зардап шеккен адамды жылы жерге жеткізіңіз. Оған көмек көрсетіңіз: зардап шеккен адамның су киімін шешіп, арақ немесе спиртке малынған шүберекпен немесе қолыңызбен денесін сылаңыз, ыстық шай ішкізіңіз.

Суда құтқару қызметі ескертеді:
Көктемгі тасқын және сең жүру кезінде қайғылы оқиғалар көп болады.
Оның себебі су қоймаларындағы абайсыз жүріс-тұрыс.
Көктемде мұз мықты болып көрінгенімен әлсіз болады.
Мұндай мұз асьтына түсіп кетуіңіз мүмкін.
ЕСТЕРІҢІЗДЕ БОЛСЫН:

  • Еріген су пайда болғанда су қойма бетіне тұруға қауіпті;

  • Су астыннан балық аулаушылар балық аулауды тоқтату қажет;

  • Мұз жүрген кезде көпір тіреулеріне сүйену қауіпті;

  • Мұз жүрген кезде жарлы жағада тұру қауіпті;

  • Көктемгі мұз үстіне автокөлікпен жүруге болмайды;

  • Су қоймалары арқылы түнгі мезгілде өтуге болмайды.

ЕГЕР СІЗ СУ ТАСҚЫНЫ БАСТАЛҒАН ЖЕРДЕ БОЛСАҢЫЗ 

  • Су, газ, электр тоғын өшіріңіз, есік және терезелерді жабыңыз, алғашқы медициналық қобдишасын, артық азық-түлікті, жылы киім, ақша, құжаттарды дайындап қойыңыз;

  • Ғимараттың жоғарғы қабатына немесе жақын жерде орналасқан қырға көтеріліңіз, жүзу құрал ретінде пайдалануға болатын барлық жарамды заттарды (шина, тақтай, пластикалық бөтелкелер, камералар, пенопластар)жинаңыз.

  • Егер көмекке мұқтаж болсаңыз – апат дабылын беріңіз. Суға құлау қауіпі болған жағдайда киімнің астынан жеңіл суда батпайтын заттарды (пластикалық бөтелке, доп, пенопласт кесектері) байлап алыңыз;



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет