Күзгі демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережесі мен оқушылардың жүріс тұрысы Күз мезгілінің ерте түскеніне байланысты өзендер мен көлдердің бетін жапқан мұздар өте қауіпті болып келеді. Бұл мұзды басуға болмайды. Күзгі мұз адам басқан салмағынан шатырлап, кауіп туралы ескертеді.
Су қоймасындағы күзгі мұзды басуға кауіпті. Желмен балалар және балық аулаушылар тұрған мұз үлкен бөлшектерге бөлініп жарылған жағдайлар да болған. Оларды құтқару үшін тікұшақ және кішкене кемелер пайдаланған. Күзде балаларға су қоймаларын кесіп өтуге тыйым салынады.Күзде өзендердің мұзы жарылып кету қаупі болады сондықтан балаларға ойнауға болмайды. Мұздан мұзға секіріп, жағадан алыстау өте қауіпті. Мұндай әрекет қайғылы жағдайға әкеледі. Осы себептен балалар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет.
Мұны білу қажет!
Адам үшін қауіпсіз болып тұщы суда 10 сантиметрден кем емес ал тұзды суда 15 см. қалындықты мұз болып саналады.
Өзен сағасында және саласында мұз әлсіз келеді. Мұз жылдам ағыс орындарында, су бұрқақтап ағып жатқан және ағып жатқан жерлерде, сондай-ақ балдыр өсетін аудандарында, ағаштарға, көшет және қамыстарға жақын жерлерде әлсіз.
Мұздың беріктігін көзбенде анықтауға болады: мұз көгілдір түсті – берік, ақ – оның беріктігі 2 есеге кем; сұр, күнгірт-ақ немесе сары реңкті болса мұз осал.