Қауіпсіздігі мектеп оқушыларына арналған көмекші қҰрал 2022 2023 оқу жыл Өмірің өз қолыңда



бет9/13
Дата31.10.2022
өлшемі176 Kb.
#46422
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
өмір қауіпсіздігі ВАЖНО

ҚЫС МЕЗГІЛІНДЕГІ ЖОЛДА ЖҮРУДІҢ
ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ .
Қыс кезінде жолдағы қауіпсіздіктің негізгі ережесі – сақтықты жоғарлату және ықыласпен жолға қарау. Қыста күн қысқа. Ерте қараңғы түседі. Қараңғы уақытта жолда келе жатқан көліктің қашықтығын анықтау қиынға түседі. Себебі, жақындағы машиналар алыста, алыстағы машиналар жақын орналасқандай көрінеді. Қараңғыда және алакөлеңкеде аса мұқият болған жөн. Жолды тек қана бағдаршам орналасқан және жаяу өтетін жерлерден ғана өткен жөн. Қар жауып тұрған кезде көздің көруі төмендейді, күртік карлар пайда болады, жаяу жүргіншілермен көліктердің қозғалысында қиындықтар пайда болады. Қар жаяу жүргіншінің көзін шағылыстырады және жолды бақылауға бөгет жасайды. Ашық күннің өзі кедергі. Себебі ашық күн сәулесімен ақ қар шағылысып, адамдар «соқыр» болып қалады. Сондықтан аса сақ болу қажет.
Қыс уақытында жаяу жүргіншілер бөлігінен өтетін кезде келе жатқан машинаны өткізіп барып немесе оның тоқтағаннын көргеннен кейін ғана өте қажет. Жүргінші бөліктен машина келе жатқанда ешқашанда жүгіріп өтпе! Ақырындап және аса сақтықпен өткен жөн.
Көктем уақытында қар ақырындап ери бастағанда жерде көлшіктер пайда бола бастайды. Және олардың астында ерімеген мұздар жатады. Жолдар өте тайғақ бола бастайды. Сондықтан жолдан өтер кезде, келе жатқан көліктерді жіберіп, асықпай жолдан өту керек.
Жылы қысқы киім адамның емін - еркін қозғалуына кедергі жасайды, адамның жүрісін баяулатады. Сүрініп қалғанда, мұндай ауыр салмақты киіммен теңдікті ұстау қиын болады.
Оталмай тұрған көліктің жанында тұрма! Көлікті итермеуге тырыс! Дөңгелектің астынан мұздың ұнтақтары немесе тастар шашырауы мүмкін. Ал ең бастысы - көлік қатты жылдамдықпен жүріп, өміріңізге қауіп төндіруі мүмкін.

Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік
Мұз үстіндегі қауіпсіздік
тап болуы мүмкін, мұз үстінде балық аулау, аңға шығу, шеру, мұз үстінде жүргенде т.б.
Қыс мезгілінде табиғат адамға аяныш жасамайды. «Мұзды аймақта» жарақат алу, адам өлімі, мұз астына түсіп кеткенде, далада қалып қою, ауыру т.б. Мұзда қалу жағдайында әр адам өзін құтқаруға дайын болуы тиіс, құтқару ережелерін, аман қалу жолдарырын, өзін-өзі құтқару амалдарын дұрыс ұйымдастыра білуі қажет. Мұздың тығыздығы мен қауіпсіздік шаралары бір адам үшін қыс мезгілінде (-50 гардус) мұз қалыңдығы 4-5 см, екі адамға 8 см, 5-7 адамға 12-14 см қауіпсіз болады. Ең қалың мұздың түсі көкшіл (не жасылдау) ауасыз (көпіршіксіз) болып келеді. Екі есе әлсіз мұз, сүт түсті (қатты қардан соң) жарылмай-ақ сынады. Мұздың үстімен аяқ астында майда жарықшақтар мен жәй дыбыс шығарғанда басқадай шаралар болмаса жүруге болады. Ең қауіпті мұз: көктемгі күн жылына бастағанда, жаңбыр жауғаннан кейінге мұз ақ түске айналады, кейде сары түске енеді.
Күзде боран мен қардан кейінгі мұз үстімен жүруге болмайды. Қатты ағымды өзендердің үстіндегі мұзбен жүргенде абай болу қажат. Өз құрылымына қарай әр өзен, көлдер, мұз қатуы әртүрлі болады. Тез ағатын, иірімді өзендердің жағалауынан алысырақ болу керек, себебі ортада мұз бүтін қалыпта болады. Өзенге немесе жағалауға қардан таза жермен өту керек. Қар көп жиналған жерде, жарларда, қамыс көп өскен жерде, ағаш жырғалардың қосылған жерінде, көл, өзендердің (су тез ағатын жерлерде) мұз жұқа болып қатады. Суық күндері өзеннің, көлдің қатпай қалатын жерлерінен «бу» шығады. Көктемде мұз басқан бұталар мен қалың шөп өскен жерлер қауіпті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет