ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы елдің әлеуметтік тіршілігі, халық тағдыры, арман-мұраты Асанқайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Доспамбет, Жиембет, Ақтамберді, Үмбетей, Бұқар жырлаулардың поэзиясынан көрініс тапты
ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы елдің әлеуметтік тіршілігі, халық тағдыры, арман-мұраты Асанқайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Доспамбет, Жиембет, Ақтамберді, Үмбетей, Бұқар жырлаулардың поэзиясынан көрініс тапты.

Асан - өз заманының асқан ақылгөйі. Асан қайғы туралы халық аңыздары оның желмаяға мініп, еліне шұрайлы, жайлы қоныс, шүйгін жер «жер ұйықты» іздеумен өмір кешкен халық қамқоры екенін танытады.
«Қарға бойлы Қазтуған жырау (ХVғ.) өзін «Айдаса қойдың көсемі, сөйлесе қызыл тілдің шешені», «Буыршынның бұта шайнар азуы», «Бидайықтың көл жайқалған жалғызы», деп таныстырады. «Қайранда менің, Еділім» деп жырлаған жыраудың жырларының арқауы – туған елі, кіндік кескен, кір жуған жері . Оны ақын тебірене жырға қосады.
Ел бірлігі, туған жерді жатжұрттық басқыншылардан қорғау – ХҮ-ХҮІ ғасырларда өмір сүрген әйгілі жыраулар Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет, Ақтамберді жырларының басты тақырыбы және арқауы. Бұл жыраулар өз Отанын қорғауға тек уытты жырларымен ғана емес, білектерінің күшімен, ақ найзаның ұшымен үлес қосқан.
ХҮІІІ ғасырда өмір сүрген әйгілі жыраулар Үмбетей мен Бұқар шығармалары ғибрат, үлгі-өнегеге толы. Үмбетей жырау «Бәкеге», «Жауқашарға» өлеңдерінде жаман қылықтан сақтандырған, жақсы қылыққа, адамгершілікке, адалдыққа үндеген. «Бөгенбай өлімінде», «Бөгенбай өлімін Абылай ханға естірту» атты толғауларында ол Бөгенбай бастаған халық батырларын дәріптеген. Халық ауыз әдебиетінің аса көрнекті өкілі Бұқар жырау Қалқаманұлының шығармашылығы тақырыбының сан алуандылығымен ерекшеленеді. Солардың ішінде қазақ халқын жауға қарсы жұмылдыру, елдің бірлігін сақтау, жердің тұтастығын қамтамасыз ету, қаһарлы жаулардан қорғау жолында қисапсыз еңбек сіңірген Абылай хан туралы жырлары мен толғаулары тек соңғы кезеңде ғана өзінің әділ бағасын ала бастады.