Ауыз әдебиеті және билер мен жыраулардың рухани мұрасы

бет5/7
Дата30.12.2022
өлшемі15,45 Mb.
#60223
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7

Жұмбақта ойға алған нәрсенің өзін айтпай, оның сырт көріністерін, сыртқы белгілерін қысқаша сипаттауды, сол арқылы жұмбақ етілген затты табу шарты қойылады. Ауыз әдебиетінің бұл жанры балаларды, жастарды тапқырлыққа, сезімталдыққа, байқағыштыққа баулиды, тәрбиелейді. Айталық, «Тақия толған сөк, ертеңгісі дым да жоқ» (Жұлдыз), «Жабық астында жарты күлше» (Ай), «Зер, зер, зер кілем, көтерейін десем зор кілем» (Жер), «Жылт-жылт еткен, жырадан өткен» (Су), «Кішкене ғана тостаған, көтеріп мені тастаған» (Үзеңгі), «Алдын айпар, жанын жайпар» (Шалғы), т.б.

Жұмбақтар

Ертегілер

  • Бұлармен бірге халық әдебиетінің ең бір құнарлы, бай саласы ертегілер екені мәлім.
  • Ертегі:

    а) қиял-ғажайып,

    ә) хайуанаттар туралы,

    б) тұрмыс-салттық болып бөлінеді

    қазақ ертегілері де батырлар жыры сияқты бір ғасырдың емес, өте көне дәуірден бері халықтың рухани азығы болып келе жатқан әдеби мұра. Оны өткінші дәуірлер қоспасынан аршып қараса, қиял-ғажайып ертегілерінің сонау қола дәуірі, әуелгі темір дәуірі – сақмассагет, үйсін, қаңлы, ғұн тайпалары кезінде шығып, аңшылық, бақташылық тіршілік қамын баяндайтын туынды болғаны көрінеді. «Ер Төстік», «Жыланқатын», «Қара мерген», «Керқұла атты Кендебай», «Жезтырнақ пері», «Күн астындағы Күнікей», т.б. ертегілер ерте дүние адамдарының көзқарасын, тұрмысын, наным-сенімін, табиғатпен күресін, ақыл-айласын баяндайды.

Хайуанаттар туралы ертегілер көбіне балаларға арналып шығарылатын болған. Бұл ертегілерде ең біріншіден, хайуанаттардың болмысын таныстыру, екіншіден, хайуанаттардың іс-әрекеті (түлкінің қулығы, аюдың дөрекілігі, қасқырдың ашкөз, қомағайлығы, қойдың момындығы, т.б.) арқылы балаға адамдар арасында да сондай мінезқылықты типтердің болатынын көрсету. Баланы болашаққа тартыс, қайшылығы көп қоғам додасына әзірлеу мақсаты қойылған. «Түлкі, түйе, қасқыр, арыстан», «Түлкі мен арыстан», «Қотыр торғай», «Бақа мен үйректер», «Тырна мен түлкі», тағы басқаларда халық тұрмысының алуан жақтары хайуанаттар тіршілігіне шендестіріле суреттеледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет