Ауыз әдебиеті және билер мен жыраулардың рухани мұрасы


Қазақ ауыз әдебиетінің құнарлы саласының бірі – тұрмыс-салтқа байланысты шығармалар. Бұл жанрға жататындар, әдебиет зерттеушілердің жүйелеуіне қарағанда өз ішінен



бет4/7
Дата30.12.2022
өлшемі15,45 Mb.
#60223
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7

Қазақ ауыз әдебиетінің құнарлы саласының бірі – тұрмыс-салтқа байланысты шығармалар. Бұл жанрға жататындар, әдебиет зерттеушілердің жүйелеуіне қарағанда өз ішінен:

Қазақ ауыз әдебиетінің құнарлы саласының бірі – тұрмыс-салтқа байланысты шығармалар. Бұл жанрға жататындар, әдебиет зерттеушілердің жүйелеуіне қарағанда өз ішінен:

  • а) Төрт түлік мал туралы шығармалар;
  • ә) Үйлену салтына байланысты шығармалар;
  • б) Діни ұғымдарға байланысты шығармалар және көңіл-күйін білдіретін жырлар болып бөлінеді.
  • Қазақ халқының көне заманнан бергі шаруашылығының негізгі төрт түлік мал өсіру болғандықтан, ол туралы ертек, өлең, жыр, мақал-мәтел шығарып, малдың қоғамдағы ролін дәріптеуге, оны мадақтауға аса маңыз беріп келген.

Ауыз әдебиетінде:

Ауыз әдебиетінде:

Өңкей мама бие бер,

Сауған сайын иіген.

Биесі бұтын жимасын

Көнекке сүті симасын.

Қотанға сыймас түйе бер,

Түйе берсең, үйе бер.

Қаршылдаған бурасы,

Жалбыраған шудасы.

Көзі жарық жұлдыздай,

Мойны иір қобыздай. деп, басқа түліктер туралы да осындай өлеңдер шығарып, оған еңбекші халық өз сүйіспеншілігін, мейірін білдіріп отырған.

  • Қазақ халқының тұрмыс-салтында, бұлармен қатар қоштасу, естірту, көңіл айту, жоқтау, аруақпен айтысу делінетін көңіл-күйді білдіретін өлеңжырлар да мол болған.

Мақал - мәтелдер

  • Ауыз әдебиетінің бір тарауы болып табылатын мақал-мәтелді де еңбекші халық жасаған. Мақалда ғасырлар бойы екшелген, қырланған, алуан мазмұнды сөз мәйегі беріледі. Ол көбіне екі тармақтан тұрады да, алдыңғысында тұспалдау, пайымдау, шарт қою, меңзеу білдірілсе, соңғысында қорытынды, түйін шығарылады.
  • Мысалы, «Кілемге бергісіз алаша бар, ханға бергісіз қараша бар», «Қойды құртаң, елді сұлтан бүлдіреді», «Бітісі жаман қамысты, көл ішінен өрт шалар, жүрісі жаман жігітті, ел ішінде жау шабар», «Шебердің қолы алтын, шешеннің сөзі алтын», т.б. кейбір мақалдарды салыстырып қарағанда ерте заманнан халықпен бірге жасасып келе жатқаны көрінеді.

  • Мәтелде түйін, қорытынды туралай айтылмайды, теңестірілмейді, тұжырымы тұспалдау түрінде келеді, көбінесе, ауыспалы, астарлы мағынада айтылады. Мысалы, «құрыққа сырық жалғап», «түймедейді түйедей етіп», «ханнан қазық, биден тоқпақ», «қыз көрелік, қыз көретін жігітті біз көрелік», т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет