Ауыз әдебиеті және билер мен жыраулардың рухани мұрасы



бет2/7
Дата30.12.2022
өлшемі15,45 Mb.
#60223
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7

Ауыз әдебиетінің жауһары – лиро-эпостық жыр «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры дүниеге келген. Ең алғаш бұл жырды зерттеушілердің бірі Шоқан Уәлиханов болды. Г.И.Потанин оны: «Бұл – жер жүзіндегі ең қымбат әдебиет мұраларына жататын шығарма», - деп бағалаған. Бұдан басқа қазақтар арасында ғашықтық жырлар «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан» кең тарады.

Ауыз әдебиетінің жауһары – лиро-эпостық жыр «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры дүниеге келген. Ең алғаш бұл жырды зерттеушілердің бірі Шоқан Уәлиханов болды. Г.И.Потанин оны: «Бұл – жер жүзіндегі ең қымбат әдебиет мұраларына жататын шығарма», - деп бағалаған. Бұдан басқа қазақтар арасында ғашықтық жырлар «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан» кең тарады.

Жазба деректер ХІV-ХV ғасырлардағы әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестердің нәтижесінде қазақ хандығының құрылғанын хабарлайды. Қазақ хандығының құрылуын Мұхаммед Хайдар Дулати хижраның 870 жылына – 1465-1466 жылдарға сәйкестендіреді. Міне, осы шамада тарих сахнасына шыққан қазақ хандығының түркі тілдес тайпалары өзінен бұрынғы ноғайлы – қазақ мәдениетін жалғастырушы болды. Осы кезде халық арасында Жиембет, Марқасқа, Бұқар, Ақтамберді, Тәтіқара, Үмбетей, Көтеш, Шал, Жанкісі жыраулардың шығармалары кең тарады. Аталмыш жыраулар толғаулары ноғайлы-қазақ жырауларының шығармаларымен астасып, үндесіп жатты. Елін, жерін сүю идеясы, жауынгерлік рух әдебиет өкілдерінің шиыршықтай, барынша шарықтата, иін қандыра жырлаған тақырыбы болды.

  • Жазба деректер ХІV-ХV ғасырлардағы әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестердің нәтижесінде қазақ хандығының құрылғанын хабарлайды. Қазақ хандығының құрылуын Мұхаммед Хайдар Дулати хижраның 870 жылына – 1465-1466 жылдарға сәйкестендіреді. Міне, осы шамада тарих сахнасына шыққан қазақ хандығының түркі тілдес тайпалары өзінен бұрынғы ноғайлы – қазақ мәдениетін жалғастырушы болды. Осы кезде халық арасында Жиембет, Марқасқа, Бұқар, Ақтамберді, Тәтіқара, Үмбетей, Көтеш, Шал, Жанкісі жыраулардың шығармалары кең тарады. Аталмыш жыраулар толғаулары ноғайлы-қазақ жырауларының шығармаларымен астасып, үндесіп жатты. Елін, жерін сүю идеясы, жауынгерлік рух әдебиет өкілдерінің шиыршықтай, барынша шарықтата, иін қандыра жырлаған тақырыбы болды.
  • «Бөгенбай батыр», «Қаракерей Қабанбай», «Олжаш батыр», «Өтеген батыр», «Жалаңтөс батыр», «Райымбек», «Абылай», «Олжабай батыр» жырдастандарда қаһармандар жат-жұрттық басқыншыларға қарсы ерлікпен күреседі.
  • Бұл дәуірдегі ақын, жыраулар батырлық жыр шығарып, жыр, толғаулар айтумен ғана қанағат тұтпаған. Олар сонымен бірге ауыз әдебиетінің алуан жанрын дамытуға күш салды. Соның ішінде тұрмыссалтқа байланысты жырлар, мақал-мәтелдер, ертегілер, ғашықтық жырлар шығарды, әрі оларды мазмұн, көркемдік жағынан жетілдіріп, толықтырып отырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет