Клиникалық есеп№20 14 жастағы қыз жалпы тәжірибелік дәрігердің амбулаториялық қабылдауында. Шаршағыштыққа, ортостатикалық басының айналуына шағымданды.
Ауру анамнезі :бұл шағымдар соңғы алты ай көлемінде мазалайды,дәрігерге қаралмаған.
Өмір анамнезі:Бала бірінші жүктіліктен ,бірінші босанудан. Жүктілік бір қалыпты,патологиялык өзгеріссіз өтті.39 апталық кезеңде физиологиялық жолмен босанды. Туылғандағы салмағы - 3200 гр, бойы - 50см.Анасының айтуы бойынша нәрестені туылған бойда емызуге берілді және жылағанда дауысы қатты. Ауруханадан 3-ші күні шығарылды. Профилактикалық егулер БЦЖ, ВГВ, АКДС 1,2,3, ККП. "Д" есепте жоқ. Аллергологиялық анамнезі қалыпты. Баланың жалпы жағдайы қанағаттанарлық, әл-ауқаты жақсы. Терісі бозғылт, бөртпе жоқ, алақанның гипергидрозы байқалады. Тері асты май қабаты қанағаттанарлық дамыған. Денесі аяқ-қолдары жылы. Ісінулер жоқ. Ешқандай ентігу жоқ. Аускультацияда: өкпеде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. Жүректің перкуссиялық шекаралары – сол жақ шекарасы;орта бұғана сызығынан 1,0 см солға, оң жақ шекарасы;төс сүйегінің оң жақ жиегі бойында. Аускультативті жүрек тондары тұйықталған, тыныстық аритмия, шу жоқ. Пальпацияда іші жұмсақ, ауырсынусыз, бауыры ұлғаймаған, көкбауыр пальпацияланбайды. Адекватты зәр шығарады.
Есепке жауап эталоны № 20 Ритм синусты,жүрек соғу жиілігі минутына 68-76 (R – R 0,78 cек). ЖЭО(эос) Вертикальды (бұрыш α +90°). Р тісшесі - оң I, II, aVL, aVF, V1 – V6. Амплитудасы P(II) = 1mm,ені 0.08 cек. PQ 0.12 cек. QRS 0.08 cек. Частичная блокада правой ножки Гиса пучогының оң аяқшасының жартылай блокадасы. Т тісшесі– оң, мына желіде I, II, III, aVF, V2 – V6.
Қорытынды: ЭКГ - вариант возрастной нормы. Қарыншалардың ерте реполяризациясы.