«Аурухана ішілік жұқпалы ауру» түсінігінің анықтамасы, пайда болу және таралу себептері


Пациентті төсекте «арқасымен жату» қалпынан кереуеттің шетіне аяқтарын төмен түсіріп отыруды үйрету



бет24/29
Дата12.06.2023
өлшемі0,67 Mb.
#100733
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
«Аурухана ішілік ж палы ауру» т сінігіні аны тамасы, пайда бол

24. Пациентті төсекте «арқасымен жату» қалпынан кереуеттің шетіне аяқтарын төмен түсіріп отыруды үйрету.
Мақсаты: пациент кереуеттің шетінде аяқтарын төмен түсіріп отырады.
Шарт: пациент өзіне көмек бере алады.
Іс-әрекеттер алгоритмі:

    1. Пациентке манипуляция орындау мақсатын, қажеттілігін түсіндіріңіз.

    2. Пациент манипуляцияны орындай алатынына көзіңізді жеткізіңіз.

    3. Пациент кереует ортасында жатса, кереуеттің шетіне жатқызуды орындау қажет.

    4. Пациентке іс-әрекеттерін түсіндіріңіз:

  • «Сізге кереуеттен аяқтарыңызды төмен түсіруіңіз қажет» (1-ші сурет);

  • «алдымен жоғары жатқан қолдың алақанымен кереуеттен итеріліп, төмен жатқан қолдың шынтағымен түрткіні күшейтіңіз» (2-ші сурет);

  • «кереуетте отырыңыз. Дененің екі бүйірінен алақандарыңызбен кереуеттің шетіне сүйенуге тырысыңыз»

    1. Пациенттің хал-жайын сұраңыз.




1 2
25. Жинастыру түрлері. Жалпы жинастыру іс-әрекет алгоритмі.
ЕПҰ-да жинастыру жүргізу
Мақсаты: жинастыру санитарлық-эпидемияға қарсы шараларды қамтамасыз ету, жұқпа таралуының алдын алу, санитарлық-гигиеналық тәртіпті сақтау, микроорганизмдерді жою және бөлмеге эстетикалық көрініс беру үшін жүргізіледі. Жинастыруды орта және кіші медицина қызметкерлері жүргізеді.
Жинастыру жүргізуді бөлімшенің аға медбикесі және шаруашылық медбикесі бақылайды. Жинастыру жүргізуді бақылау және мониторингтеу жұмыстарын инфекциялық бақылау қызметі жүзеге асырады. Жинастыру түрлері:

  1. Ылғалды жинастыру

  2. Жалпы жинастыру

  3. Қорытынды жинастыру



Жалпы жинастыру алгоритмі

Жалпы жинастыру бекітілген кестеге сай аптасына 1 рет келесі бөлмелерде жүргізіледі: операциялық блок; таңу бөлмесі; босану залы; егу бөлмесі; манипуляциялық бөлме; дәрігерлік қарау бөлмелері; залалсыздандыру бөлмелері; асептикалық тәртіптегі бөлмелер; қарқынды терапия палаталары.


Жалпы жинастыру алгоритмі.

  1. Арнайы киміді кию (халат, қалпақ, бетперде, қолғап) ;

  2. Төсектерді (матрац, жастық, көрпе) камералы дезинфекцияға немесе дез ерітінділермен өңдеуге жіберіледі.

  3. Бөлменің қабырғаларына қол жеткізу үшін жиһаздар бөлме ортасына жинау;

  4. Ерітінділерді дайындау нұсқаулығына сәйкес жұмысшы (жуу және дезинфекциялаушы) ерітінділерді дайындау;

  5. Медициналық қалдықтарды алыш шығу, жою;

  6. Қабырға, төбе, кереует, тумбочка, үстел және басқа жиһаздарды 0,5 пайызды жуушы ерітіндіге (50 г ұнтақ 10 л суға немесе жуу жуу әсері бар дез ерітіндіге) малынған шүберекпен сүрту;

  7. Таза сумен шаю;

  8. Қабырға, төбе, кереует, тумбочка, үстел және басқа жиһаздарды дез малынған шүберекпен сүрту немесе пульверизатормен бүрку;

  9. Содан соң бөлме дез ерітіндінің бегілі экспозиция уақытына жабылады;

  10. Экспозиция уақытынан соң бөлме желдетіледі;

  11. Бөлме қабырғалары, жиһаздар таза сумен таза шүберек көмегімен жуылады;

  12. Жинастыру еденді дез ерітіндімен жуумен аяқталады;

  13. Бөлмені кварцтау, соңынан желдету,

  14. Жинастыру жүргізгеннен соң шүберектер дез ерітіндіде зарарсыздандырылады, дез ерітінді иісі кеткенше ағынды сумен шайып кептіріледі;

  15. Арнайы киім жууға жіберіледі,

  16. Жалпы жинастыру және кварцтау туралы арнайы журналға тіркеледі.

Кварцтау әр жинастырудан соң келесі бөлмелерде жүргізіледі: операциялық блок; таңу бөлмесі; босану залы; егу бөлмесі; манипуляциялық бөлме; дәрігерлік қарау бөлмелері; залалсыздандыру бөлмелері; асептикалық тәртіптегі бөлмелер; қарқынды терапия палаталары.


Ескерту: асептикалық тәртіптегі бөлмелерде жинастырулар медбикемен бірге жүргізіледі. Медбике жинастыруды таза аймақтан бастайды, яғни манипуляциялық үстел, таңу үстелі, медициналық шкаф, тоңазытқыш, кушетка, медбикенің жұмыс үстелі, ал кіші медбике терезе алдын, орындық, есік, санитарлық торапты сүртіп еденді жуумен аяқтайды.
Палаталарда кіші медбике кереует, терезе алды, есік тұтқалары, санитарлық тораптардан бастап еденді жуумен аяқтайды. Тамақтану үстелі, кереует алдындағы тумбочка және тағамдық заттарға арналған тоңазытқышты тамақ таратушы өңдейді. Терзелер әйнегі ішінен айына 1 реттен кем емес, ал сыртынан 3 айда бір рет және ластануына қарай жуылады. Жинастыру жуушы әсері бар дезерітінділермен жүргізілгенде 0,5 пайызды жуушы ерітінді қолданылмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет