«Аурухана ішілік жұқпалы ауру» түсінігінің анықтамасы, пайда болу және таралу себептері



бет23/29
Дата12.06.2023
өлшемі0,67 Mb.
#100733
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   29
Дезинфекция деңгейлері



  1. Төменгі деңгей (әлеуметтік). Қоюлығы (концентрациясы) төмен ерітінділермен (1% хлорамин ерітіндісі, 3% сутегінің асқын тотығы) зарарсыздандыру. Төменгі деңгейдегі дезинфекция – бактерияларды, кейбір грибоктарды, вирустарды жоятын, бірақ туберкулез микобактериялары сияқты төзімді бактерияларға қатысты тиімсіз дезинфекция.

  1. Дезинфекцияның орташа деңгейі - бактерияларды (оның ішінде туберкулездің микобактерияларын), вирустарды (оның ішінде полиовирустарды), саңырауқұлақтарды жоятын, бірақ спораларды жоймайтын дезинфекция (3% хлорамин ерітіндісі, 4% сутегінің асқын тотығы).

  2. Дезинфекцияның жоғары деңгейі — барлық патогенді және шартты патогенді микроағзалар жойылатын, ал споралар саны азаятын дезинфекция, туберкулез, іріңді жұқпа, кандидоздар, анаэробты жұқпа (сіреспе, газды гангрена, сібір жарасы) қоздырғыштарын жоятын жоғары концентрациядағы дез ерітінділерді — 5% хлорамин ерітіндісі, 0,5% жуғыш ерітінді қосылған 6% сутегінің асқын тотығын қолдану.



23. Таңғыш материалдарды залалсыздандыру қораптарына материалдарды салу.
Мақсаты: автоклавта залалсыздандыру үшін салу және регламенттеу уақыты бойынша сақтау процесінде стерильділікті сақтау.
Дайындаңыз: зарарсыздандыру ерітіндісін, «бикстерге арналған» таңбалы шүберекті 2 дана, зарарсыздандыруға арналған ыдыстарды, қолғапты, бетпердені, бикстің ішкі бетіне төсеуге арналған сүрткілерді (үлкен бөз матадан жасалған), дәкелік қаптардағы таңғыш материалдарды (сүрткілерді, турундаларды, мақта шариктерін және т.б.). Әрбір бикске 3 данадан зарарсыздық индикаторын, бөлімшесі (кабинеті) көрсетілген бирканы, бикстің ішіндегі заттарды, салу және зарарсыздандыру күнін және салуды жүргізуші, зарарсыздандыруға жауапты медбикелердің қолын қою үшін - бос колонканы, фильтрі бар немесе фильтрсіз әр түрлі көлемдік және мөлшерлік зарарсыздандырылған қораптарды.
Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз.

  2. Бикстің (қораптың) бүтіндігін тексеріңіз.

  3. Қолғапты, бетпердені киіңіз.

  4. Бикстің ішін және сыртын тізбектілікпен 2 рет, әртүрлі шүберекпен зарарсыздандыру ерітіндісімен тазартыңыз.

  5. Шүберекті зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

  6. Қолғапты, бетперлені шешіңіз.

  7. Қолыңызды жуып, құрғатып сүртіңіз.

  8. Бикстерге салу нормасымен және салу түрлеріне (түрлік, мақсаттық және универсалды) сәйкесті таңғыш материалды салуға дайындаңыз.

  9. Бикстің торын ашыңыз (фильтрсіз).

  10. Фильтрсіз бикстің түбіне және шеттеріне сүрткіні төсеңіз, ол бикстің 2/3 биіктігінен салбырап тұруы қажет.

  11. Бикстің түбіне (бақылау нүктесіне) залалдық индикаторын орнатыңыз.

  12. Таңғыш материалды қабаттап салыңыз:

  • сектормен (шеңбердің бөлім арасы),

  • тік (қақпағына перпендикулярды),

  • бос қопсытып.

  1. Бикстің ортаңғы бөлігіне зарарсыздық индикаторын орналастырыңыз.

  2. Барлық салынған материалды бикстің шетінде салбырап тұрған сүрткіні конвер түрінде жабыңыз.

  3. Бикстің қақпағының астына зарарсыздық индикаторын салыңыз.

  4. Бикстің қақпағын кілттеп жабыңыз.

  5. Бикстің тұтқасына таңбаны байлаңыз.

  6. Салынған күнін және жауапты адамның қолын қойыңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет