Автоматика жəне телемеханика жүйелерi


Орындалуы бойынша нұсқаулар



Pdf көрінісі
бет12/16
Дата05.11.2022
өлшемі352,94 Kb.
#47767
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
AN Avtomatika telemehanika.pdf ауу

Орындалуы бойынша нұсқаулар. Оның жұмысын қысқаша мəлiмдеумен бiрге 
берiлген маршрут үшiн КС релесiнiң сұлбасын құрастыру. 
7.4.2 Сигналдық реленiң сұлбасы 
Сигналдық реленiң сұлбасын жасау, берiлген маршрут шегiнде орнатылған 
пойыздық жəне маневрлiк бағдаршамдардың көрсетулерiн басқаруға мүмкiндiк туғызуы 
қажет. 
Сигналдық реленiң сұлбасында қабылдап-жөнелту жолдарының (П) бостығы, 
бұрмалардың жайы (ПК, МК), жүрiстi мен қарауылданатын бұрмалардың қиылуының 
(ВЗ) болмауы, габаритсiздiк телiмдердiң бостығы, маршрутта жасанды ажыратудың (РИ) 
болмауы, маршруттың секцияларын тұйықтау (маршруттық 1M, 2M релелердiң астыңғы 
түйiспелерiмен), орнатылған маршруттың дұрыстығы (сигналдық блокта орнатылған КС 
релесiнiң үстiңгi түйiспесiмен), тура қарама-қарсы маршруттардың болмауы (НИ 
релесiнiң астыңғы түйiспелерiмен), бiрiншi қашықтау телiмiнiң бостығы, басқару 
аппаратында кiлт-жезлдiң болуы, бiр жолды аралықта орнатылған қозғалыстың 
бағытының дұрыстығы бақыланады. Бұл курстық жобада атқарушы топтың толық 
сұлбасының екiншi тiзбегiн – сигналдық реленiң басты тiзбегiн, вагондарды алдыменен 
маневр жасаған кезде маневрлiк сигналдық реленi қоректендiретiн, қосымша – үшiншi 
тiзбектi жəне аралықтың сəйкес блок-телiмдерiнiң бостығын бақылайтын – бесiншi 
тiзбектi көрсету қажет. 
Пойыздық маршруттардың сигналдық релесi жалпы сұлбаның екiншi тiзбегiне 
бастапқы реленiң түйiспесiмен қосылса, ал маневрлiк маршруттарда – бастапқы жəне 
соңғы маневрлiк релелердiң түйiспелерiмен жүзеге асады. 
Сигналдық реленiң тiзбегiнде пойыздық маршруттарда маршруттың бас жағына М 
полюсi, соңына П полюсi берiледi; маневрлiк маршруттарда – маршруттың бас жағынан – 
П полюсi, ал соңғы жағынан – М полюсi. Қоректiң осылай қосылуы маневрлiк тiзбек 
бойынша пойыздық маршруттың орнатылуына жол бермейдi. 
Орындалуы бойынша нұсқаулар. Берiлген маршрут үшiн сигналдық реленiң 
сұлбасын құрастыру қажет жəне пойыздық пен маневрлiк маршруттар бойынша оның 
жұмысы туралы қысқаша мəлiмдемелеу керек.


24
7.4.3 Маршруттық жəне тұйықтық релелерiнiң сұлбасы 
Орнатылған маршрутқа кiретiн бұрмалы жəне бұрмасыз секциялардың 
тұйықталуын 1M, 2M маршруттық релелер мен З тұйықтық релесi жүзеге асырады. СП 
жəне УП типiндегi блоктарда екi 1M жəне 2M маршруттық релелерден қойылады. 
Бұрмалардың тұйықталуын атқару үшiн СП блогында тұйықтық З релесiн орнатады, ол 
1M жəне 2M релелерiнiң тура қайталаушысы болып табылады. 
Маршруттық реледе екi орама бар: бiрiн (үстiңгiсiн) бекеттiң жоспары бойынша 
тұрғызылған жалпы сұлбаның 3,4,5 тiзбектерiне, ал басқасын (астыңғысын) өзiндiк 
блоктау тiзбегiне қосады. Соңғы тiзбек бойынша маршруттық реле əдетте тоқ астында 
жəне секцияны тұйықтамайды. 1M жəне 2M релелерiнiң қосу сұлбасы толығымен 
симметриялы жəне осы секция бойынша екi жақты қозғалыста жұмыс iстеуге арналған. 
Қозғалыстың бағытына байланысты маршруттық релелердiң жұмыс iстеу тəртiбi өзгередi. 
Бұл курстық жобада блоктарда атқарушы топтың толық сұлбасының үшiншi, 
төртiншi, бесiншi тiзбектерiн көрсету қажет. Үшiншi жəне төртiншi тiзбектерде пойыздың 
осы секцияға кiргенi мен алдыңғысының босатылғаны бақыланады, ал бесiншi тiзбек 
бойынша пойыздың келесi секцияға өткенi мен осы секциянының босатылғаны 
тексерiледi. Пойыздар екi бағытта да қозғалған кезде секцияны ажырату үшiн оның 
шектерiнде (түйiспелер орнатылған жерлерде) көршiлес блоктардың үшiншiден 
төртiншiге жəне төртiншiден үшiншi тiзбекке ауысуын айқаспа түрiнде қарастыру керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет