Автоматика жəне телемеханика жүйелерi


Орындалуы бойынша нұсқаулар



Pdf көрінісі
бет13/16
Дата05.11.2022
өлшемі352,94 Kb.
#47767
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
AN Avtomatika telemehanika.pdf ауу

Орындалуы бойынша нұсқаулар. Қарапайым маршрутта оның жұмысын қысқаша 
мəлiмдемелеуiмен бiрге берiлген маршрут үшiн маршруттық жəне тұйықтық релелердiң 
сұлбаларын құрастыру керек. 
7.4.4 Маршрутты ажырату жəне жою релелерiнiң сұлбасы 
Маршруттың автоматты түрде жойылуы ВД блогындағы жəне маневрлiк 
бағдаршамдардың сигналдық блоктарында орнатылатын маршрутты жою ОТ релесi 
арқылы атқарылады, ажырату Р релесi – СП жəне УП блорктарында; уақытты тежеу 
релесiнiң үш жинағы, олар жақындау телiмiнiң бос кезiнде кезкелген маршрутты жою 
үшiн 6 с тежеу уақыттын, жақындау телiмi бос болмаған кезде маневрлiк маршрутты жою 
үшiн 1 минутты жəне жақындау телiмi бос болмаған кезде пойыздық маршрутты жою 
үшiн 3 минутты қамтамасыз етедi. 
Маршрутты жасанды ажыратуы келесi жағдайларда пайдаланылады: рельс тiзбегi 
зақымдалғанда немесе бұрманың бақылауы жойылғанда маршрутты жою тəртiбiн 
қолдануға болмайтын кезде. Жасанды ажыратуды iске асыру үшiн СП жəне УП 
блоктарында жасанды ажырату РИ релесi орналастырылады. 
Маршрутты ажырату жəне жою релелерiнiң сұлбасы атқарушы топтың сұлбасының 
6-шы iшегiн құрайды. 
Орындалуы бойынша нұсқаулар. Оның жұмысын қысқаша мəлiмдемелеуiмен 
бiрге берiлген маршрут үшiн маршрутты ажырату жəне жою релелерiнiң сұлбасы 
құрастыру қажет. 
7.5 Электр қоректендiру көздерiнiң есебi 
ЭО құрылғыларының электр қоректендiру көздерi ЭО постының ғимаратында 
орналастырылады. 
Электрлiк орталықтандырудың тоқтаусыз жұмыс жасауына қойылатын талаптар өз 
алдына ЭО-дың посттарын сенiмдi сыртқы электрмен қамтамасыз ететiн қажеттiлiк 
тудырады. Осы себеп бойынша ЭО-дың посттары екi фидер бойынша екi тəуелсiз энергия 
көздерiмен қоректенедi. 


25
Бiрiншi фидерде кернеудің жоғалған жағдайында екiншi фидерге қоректің автоматты 
түрде ауыстырылып қосуы қарастырылған. Егер екі фидердің біреуін өшірген жағдайда 
екіншісі өшпейтін болса, онда бұл электрмен қамтамасыз етудің екі пункті бір-бірінен 
тəуелсіз болып саналады. Орталықтандыру құрылғыларын қоректендiру үшiн екi 
қоректендiру 
фидерлерiн 
қосқан 
кезде 
ЭО 
постында 
қуаттылығына 
сай 
автоматтандырылған дизель-генератор орнатады. 
ЭО құрылғыларының қорегінде батареялы жəне батареялы емес жүйелер 
қолданылады. 
Қоректің батареялы жүйесін тек қана бір дизель-генератор болғанда немесе 
автоблоктаудың жоғары вольтты желісінен қоректенетін бір ғана фидер болған жағдайда 
ұйымдастырылады. Аккумуляторлардың сыйымдылығы 12 сағат бойы барлық 
құрылғылардың қосымша (резервті) қорегін қамтамассыз ету үшін жеткілікті мөлшерде 
болуы керек (электр тартым кезiнде тек ғана бұрмалық электржетектері үшiн). 
Қоректің батареялы емес жүйесі электрлік қамтамасыз етудің екі желісі болғанда 
қолданылады: автоблоктаудың жоғары вольтты желiсi жəне электрқамтудың бойлық 
желiсi немесе қосымша сымдарымен электрлiк берiлiс желiсi. ЭО құрылғыларындағы 
қоректің батареялы емес жүйесінде жолға бұру тетігінің электржетектері үшiн 
аккумуляторлы батареялар орнатылмайды. 
Үлкен бекеттердегі ЭО посттарының электрқорегі үшiн төменгі панельдер өңдеп 
дайындалған: енгізетін ПВ-ЭЦК, үлестіретін ПР-ЭЦК, түзеткiштi-түрлендiргiш ПВП-
ЭЦК, түрлендiргiш ПП25-ЭЦК жəне бұрмалық панельінiң бiрнеше варианттары. ПСП-
ЭЦК жəне ПСТ-ЭЦК бұрмалық панельдері бұрмалық электқозғалтқыштарының тоқ түрi 
жəне бұрмалық электржетектiң жұмыс тiзбегiндегі батареядан қоректі қосымшалау 
(резервтеу) мүмкiндiгi бойынша бөлуге болады. ПСПН-ЭЦК панелі бұрманың жұмыс 
тізбегінің (БЖТ) батаресынан қосымша (резервті) қорек қарастырылмағанда тұрақты 
тоқтағы электрқозғалтқыш үшін тағайындалған; ПСПР-ЭЦК – бұлда дəл сондай, бiрақта 
БЖТ батареясынан қосымша қорек қарастырылғанда; ПСТН-ЭЦК – БЖТ қосымша 
(резервті) қорек қарастырылмағанда ауыспалы тоқтағы электрқозғалтқыш үшін; ПСТР-
ЭЦК – бұлда дəл сондай, бiрақта БЖТ батареясынан қосымша (резервті) қорек 
қарастырылғанда. 
Алдында шығарылған ПВ-60, ПР-ББ, ПВ-24, ПВ-24/220 панельдеріне қарағанда 
жаңа шығарылған панельдерде бір қатар жетістіктер бар. Олар ең көп БЖТ саны 200 
болғандағы ЭО құрылғыларының қорегі үшін есептелген. ПП25 ЭЦК панелінің саны 
қажетті жүктеме қуатының мəнiмен анықталады. ПВ-ЭЦК панелiнiң қуаты ДГА-72 
қондырғысының дизель-генератор қуатына сай келеді. ПВП-ЭЦК панелi орташа 
жұмсалынатын тоғы 45 А болатын релемен қоректі қамтамасыз етедi. 
Əдетте 
панельдердi 
қолданғанда 
панель 
ішінде 
үшфазды 
күштiк 
трансформаторлардың алдын-ала орнатып қойылу себебіне байланысты оларды жеке 
орнатудың қажеттілігі жоқ.
Жаңа панельдерде күштік импульсте жұмыс істейтін 
коммутациялық аспаптар (релелер), соның ішінде таблодағы шамдардың қорегінің 
кернеуін өзгертетін элемент түйіспесіздікке (ұласпассыз) етіп ауыстырылған. 
Панельдерде кепiлдiк қоректендiрудiң бiрнеше жүктемесiнiң қосымша қоректендiруi 
үшiн статикалық түрлендiргiштерi жəне батарея сөнген кезде ЭО релелерiн қорекпен 
қамтамасыз ететiн зарядтау құрылғысы қарастырылған. 
Жауапты жүктемелердi қоректендiруге арналған түзеткiштер қосымшаланған 
(резервтелген). Түзеткiштердiң ақауы туралы соның ішінде зарядтау құрылғыларына 
бақылау енгізілген.
Конструкторлық жасауы бойынша панелдер екі жағында екі жармалы есігі бар шкаф 
ретінде орындалған. Панельдің бет жағында қоректің ажырату мнемосхемасында 
(мнемосұлбасында) өлшеу аспаптарының коммутациялық құрылғыларының орналасуы 
суреттелген. Аспаптар мнемосхеманың (мнемосұлбаның) жоғарғы жағында орналасқан. 


26
Панельдің бүйір жақтары металл қалқанмен қорғалған. Барлық панелдер бiрдей өлшемде 
жасалған: 2300
×900×500 мм (кабельросттың бекiту бөлшектерінің есебінсіз). 
Жұмыс істеудің қолайлығы үшiн есiктердiң жармасы шамамен 180

-қа ашылады.
Қызмет көрсету кезiнде техника қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн барлық құралдар мен 
панелдердiң 
конструкторлық 
бөлшектерi 
жерге 
қосу 
шинасына 
қосылған, 
трансформаторлар жерге қосылған, мырышталған беттерде орнатылған, ал есiкте 
орнатылған 220 В кернеуiмен құралдардың электірлiк бөлiктерi оқшаулағыш қалқандар 
мен қалпақшалармен қорғалған.
Енгізу панеліндегі əрбір екі фидердің күштік 
коммутациялық аспаптары бір-бірінен механикалық түрде бөлінген жəне құрылғының 
негізгі тізбегінде рубильник – өшiру құрылғысы бар (ажыратқыштар бар). 1-шi фидердiң 
элементтерi үшін кiру алдыңғы жағынан, ал 2-шi фидердiң элементтерi үшін кіру панелдiң 
артқы жағынан қамтамасыз етiлген.
ПВ-ЭЦК енгізу панелі ДГА дизель-генераторлы қондырғысын қосу жəне 380/220 В 
ауыспалы тоқтағы сыртқы көздердің біреуінен екіншісіне ток жүктемесін беру жəне екі 
қорек фидерлерінің жағдайын бақылау үшін тағайындалған. 63, 80, 100 жəне 125 А тоққа 
есептелген бірінші жəне екінші фидерлердің əрбір фазасында пайдаланылатын ауыспалы 
тоққа байланысты панельдер əртүрлі балқытпа қоспа түрінде шығарылады. Балқытпа 
қоспа тоғы ПВ-ЭЦК панеліне тапсырыс бергенде көрсетіледі. 
Енгізу панелі келесі техникалық мінездемелермен сипатталады. Жерге қосылған 
бейтарабымен ауыспалы ток көзінің қалыпты жағдайдағы фазалық кернеуі 220 В. Көздің 
өшу кернеуі (187
±
4) В. Көздің қосу кернеуі (198
±
4) В. 
Фазадағы ең үлкен (максималды) тоқ мəні балқытпа қоспа тогімен сəйкес келеді. 
Электір қамтамассыз етудің (1 фидер) негізгі көзінен қоректің қалпына келгеннен кейінгі 
ауыспалы тоқтағы берудің ұстау уақыты 1-2 минут аралығында болады. Ең көп 
(максималды) рұқсат етілетін жүктеменің фазалық ток мəні: қорек панелінде - 90А; күштік 
жүктеме мен кепілденбеген жарықтандыру - 30 А; күштік жүктеме мен кепілденген 
жарықтандыру - 15 А; маневрлік посттар - 15 А; байланыс - 30 А. 
ПР-ЭЦК үлестіргіш панелі келесі тізбектерді сыртқы ауыспалы тоқ көздерінен 
оқшаулау үшін тағайындалған: бағдаршам шамдарының қорек тізбегін, бұрманың 
бақылау тізбегін, 50 Гц рельстік тізбегін, маршрутты көрсеткіштер, ЭО басқа қосымша 
жүктемелері мен табло шамдарының тізбегі. Бұл панель бағдаршам, табло шамдарының 
қорек тəртібін басқарады жəне қорек тізбегінің жерге беруіндегі белгі беруін қамтамассыз 
етеді. Бұл панельде импульстік қорек қалыптасады.
Үлестіргіш панель төмендегідей мінезделеді. Үшфазды ауыспалы тоқта қалыпты 
жағдайдағы кіру кернеуі 380/220 В; тұрақты тоқта - 54 В. Ең көп жүктемедегі үшфазды 
ауыспалы тоқ торынан қоректенетін панельдің тоқ мəні 15 А артық болмауы керек. 
ПВП-ЭЦК түзеткіш түзеткіш-түрлендіргіш панелі аккумулятор батареясын тұрақты 
зарядтау тəртібінде жəне жылдамдатылған зарядтау үшін жəне кіру бағдаршам 
шамдарының ауыспалы тоқтағы 1 кВт қуатындағы кепілденген қорегін жəне батареядан 
басқа жүктемелерді алу үшін тағайындалған. Бұл панель тұрақты тоқта посттық емес ЭО 
сызбаларының жəне бұрма жетектерін үрлеуге арналған электір пневматикалық 
қақпақтардың қорегін қамтамасыз етеді. 
ПВП-ЭЦК панелі келесі техникалық мінездемемен сипатталады. Үшфазды ауыспалы 
токта қалыпты жағдайдағы кіру кернеуі 380/220 В, тұрақты токта аккумулятор 
батареясынан 24 В; аккумулятор батареясының (реле ЭЦ) жүктеме тоғының ең үлкен мəні 
45 А; батареяны зарядтаудың ең үлкен ток мəні 50 А; аккумулятор батареясының 
өшірілген кезінде ЭО релесінің қорегінің кернеуі 23-27 В аралығында болады; 
аккумулятор батареясының өшірілген кезінде ЭО релесінің қорегінің рұқсат етілетін ток 
мəні 3-30 А; ЭО релесінің пульстау кернеуінің ең үлкен мəні: қосылған батарея тəртібінде 
0,4 В, өшірілген батарея тəртібінде 4,0 В; 1 А жүктеме тоғындағы бұрма жетектерін үрлеу 
үшін арналған ЭПК кернеуі 220 В; ауыспалы тоқ торынан панельдің қолданатын тоқтың 
ең үлкен мəні: А, В фазаларында 4 А, В жəне 11А С фазасында. 


27
Бұрма панельдері үшфазалы ауыспалы (ПСТ-ЭЦК) немесе тұрақты (ПСП-ЭЦК) 
тоқта жұмыс істейтін бұрма электроқозғалтқыштарының жұмыс тізбегінің қорегі үшін 
тағайындалған.
Бұрма электір жетектерінің электірлік жылытуының қолданатын қуатына 
байланысты үш түрде орындалған (0; 4,5 немесе 9,0 кВ-А) батареядан бұрма қорегінің 
қосымшалары жоқ болған жағдайда ПСТИ-ЭЦК жəне ПСПН-ЭЦК панельдерін 
қолданады. Батареядан бұрма қорегін қосымшалауда екі түрде орындалған ПСТР-ЭЦК 
панельдері қолданылады. 
Бұрма панельдері келесі техникалық мінездемелері бар. 
Қалыпты жағдайдағы кіру кернеуі: 380/220 В - үш фазды токта, 24 В - тұрақты тоқ 
үшін; ең үлкен рұқсат етілетін қолданатын ток мəні: 30 А - үш фаздыауыспалы ток үшін, 
100 А - батареядан; ПСП-ЭЦК панелі үшін бұрма жұмыс тізбегінің екі тобында да ең 
үлкен ток 30 А құрайды; ПСТ-ЭЦК панелі үшін бұрма жұмыс тізбегінің əрбір токтық 
қоректің қалыпты қуаты - 4,5 кВА; басқару пультындағы түймені басқаннан кейінгі 
фрикцияға жұмыс істейтін электірқозғалтқыштың (бұрмалардың жұмыс тізбегі) өшу 
уақыты 10-20 с құрайды, ПСП-ЭЦК панелі үшін өз тобындағы ақаулы түзеткіштің 
ақаулыға бұрмалардың жұмыс тізбегі қорегінің ауысу уақыты 15-30 с. 
ПП25-ЭЦК өзгерткіш панелі ДСШ үлгісіндегі фазасезгіш рельстік тізбектің 25 Гц 
жиілігіндегі, ауыспалы токтағы қорегі үшін тағайындалған. Панель келесі техникалық 
мінездемемен сипатталады. 
Ауыспалы токтағы қалыпты кіру кернеуі 220 В; ең көп жүктеме кезіндегі ауыспалы 
ток торынан қолданылатын ток 25 А көп болмауы керек; жолдық реленің жергілікті 
элементтерінің қорек тобының саны 4; рельстік тізбектің жолдық трансформаторларының 
қорек сəулесінің (луч) саны 12; ең үлкен ток: жергілікті элементтер тобында 1,4 А көп 
емес, рельстік тізбек қорегінің сəулесінде 0,75 А көп емес; сəуледегі ең үлкен жүктеме 
кезіндегі рельстік тізбек жолдық трансформаторлардың қорегінің кернеуі 220-230 В; ең 
үлкен жүктеме кезіндегі жолдық реленің жергілікті элементтерінің қорек кернеуі 100-115 
В; жергілікті элементтерінің қорек кернеуінің фазасы өзгерткіштердің қосылуына 
байланысты рельстік тізбек сəулесінің қорек кернеуінің фазасы 0
0
немесе 90
0
озып 
тұрады; жолдық реленің жергілікті элементерінің қорек кернеуінің екінші бүкпесінің үлесі 
4% көп болмауы қажет. 
ПП25-ЭЦК панелінде ПЧ50/25-300 өзгергерткішінен 8 дана орнатылған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет