22
топтың үшiншi iшегiн құрайды. ПУ, МУ релесiнiң сұлбасына қорек АКН релесiнiң
сұлбасындағыдай етiлiп берiледi.
Орындалуы бойынша нұсқаулар. Берiлген маршрут үшiн ПУ жəне МУ
релелерiнiң сұлбасын құрастыру қажет жəне оның жұмысын қысқаша мəлiметтеу керек.
7.3.5 Сəйкестiк сұлбасы
Сəйкестiк сұлбасын бекеттiң жоспары бойынша құрастырады жəне ол маршруттық
жинақтаудың толық сұлбасының төртiншi тiзбегi болып табылады. Осы сұлбаның
тiзбегiне бастапқы Н релесiн қосады, ол атқарушы топқа жатады жəне осы топтың
тiзбегiнде əр бiр маршруттың басын анықтайды.
Сəйкестiк сұлбасы орнатылған мен орнатылатын маршруттардың сəйкестiгiн
тексередi. Төртiншi тiзбекте бұны маршрутқа кiретiн əр бiр бұрманың ПУ, МУ басқарушы
релелерi мен ПК, МК бақылаушы релелердiң сəйкестiк жағдайлары тексерiледi.
Пойыздық маршруттар үшiн бастапқы релелер ПП, ОП релелердiң үстiңгi
түйiспесiмен тiзбектiң басында жəне ВК релесiмен тiзбектiң соңында сəйкестiк сұлбасына
қосылады. Барлық кезде сұлбаға бас жағында – плюс, ал соңында – минус берiледi.
Соңғы КМ релесi маневрлiк маршруттың соңын анықтау үшiн ғана қарастырылады.
Ортасында маршруттық бағдаршамдары бар алқымдар ғана ерекшеленеді. Осы
бағдаршамдар үшiн бос монтаждау стативтiнде пойыздық соңғы КП релесi
қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: