20
Əр бiр тiзбек өз алдына жеке сұлба, оларды бекеттiң жоспары бойынша құрастырады
жəне тағайындалуына сəйкес оған параллельдi немесе бiр iздi етiп релелердi қосады:
-
түймелi релелер НКН, КН;
-
автоматты түймелi релелер АКН;
-
басқарушы бұрмалы релелер ПУ жəне МУ;
-
сəйкестiк сұлбасы.
Жинақтаушы топтың сұлбалары төменгi
класс релелерiн қолдануымен
құрастырылады.
7.3.1
Бағыт релесiнiң сұлбасы
Жұмыс барысында жинақтаушы топтың релелерi маршруттың категориясын жəне
бағытын белгiлейтiн бағыт релелерi жүзеге асырады.
Бағыт релесi əдетте тоқсыз болады жəне ВНМ, ВЧМ сымдары бойынша – маневрлiк,
ВН, ВЧ сымдары бойынша – пойыздық бағыт реле
орнатылып жатқан маршруттың
бiрiншi түймесiнiң түймелi релесiнiң түйіспесі тұйықталғанда тоқ астында болады.
НН блогында келесi бағыт релелерi орнатылған:
П – қабылдау, ВН
сымына қосылған, сол арқылы кiру бағдаршамының НКН түймелi
релесiнiң үстiңгi түйiспесi арқылы қорек алады;
О – жөнелту, ВЧ сымына қосылып шығу бағдаршамының НКН түймелi түйiспесi арқылы
қорек алып жөнелту маршрутының басын анықтайды;
ПМ – маневрлiк
бойынша қабылдау, ВПМ қосымша реленiң түйiспесi
арқылы қосылған
жəне маневрлiк бойынша қабылдау маршрутының басын
анықтайтын бағдаршамдардың
КН релесiнiң түйiспелерi арқылы ВНМ сымы бойынша қоректенедi.
ОМ – маневрлiк бойынша жөнелту, ВОМ қосымша релесiнiң түйiспесi арқылы қосылады
жəне ПМ релесi сияқты маневрлiк бойынша жөнелту маршрутының
басын анықтайтын
бағдаршамдардың маневрлiк маршруттардың басын орнатады.
Негiзгi вариант бойынша маршруттың жалған қалыптасуын жəне
вариантты
маршрутын жинақтаған кезде АКН релесi жұмыс жасауын болғызбау үшiн ВПМ, ВОМ
релелерiн қолданады.
Маршрутты жинақтау релесiн қоректендiру үшiн бағыт релесiнiң түйiспелерi бағыт
шиналарына қосылады.
Достарыңызбен бөлісу: