18
Стрелкалы алқымның жолдық дамуын барынша жақсы пайдалану үшiн күрделi
маршруттарды қарапайымға бөледi, олардан əр түрлi ұзындықтағы жəне кескiн
үйлесiмдегi маршруттар құралады.
Маршруттандыруды басты жəне вариантты пойыздық жəне де маневрлiк
маршруттардың кестесiн құрастырып жасауымен аяқтайды. Басты пойыздық
маршруттардың кестесiнде пойыздардың қабылдауы мен жөнелтудiң барлық
маршруттары бiртiндеп көрсетiледi жəне де маршрутқа кiретiн қорғағыш пен жүрмелi
бұрмалардың жағдайы көрсетiледi /3/.
Пойыздық вариантты маршрут кестесiнде барлық қабылдау, жөнелту мен
пойыздарды парктен паркке беру мүмкiн варианттары жəне басты маршруттан ерекше
маршруттың бағытын анықтайтын бұрмалардың жағдайы көрсетiледi.
Маневрлiк маршруттар кестесiнде əр бiр бағдаршамнан бiрiншi жолай маневрлiк
бағдаршамға дейiн немесе бұрмасыз телiмдi қоршайтын қарсы маневрлiк бағдаршамнан
соңына дейiн маневрлiк маршруттар жазылады. Қозғалыстардың қауiпсiздiгiн сақтау
шарттары бойынша бiр уақытта орындауға болмайтын маршруттар бар. Сондай
маршруттар қатарына сəйкес келмейтiн жəне сыйыспайтын маршруттар жатады.
Бекеттiң алқымында бiр бұрмамен өтетiн маршруттар сыйыспайтын болып
табылады, сонымен қатар əр бiр маршрут үшiн ең болмағанда бiр бұрманың жағдайы əр
түрлi болуы қажет.
Сəйкес келмейтiн маршруттар:
-
бекеттiң əр бiр жағынан бiр жолға қабылдау маршруты;
-
қабылдау маршруты мен қарама-қарсы маневрлiк маршрут немесе осы жолға
маршрут, ол бұрмалармен жергiлiктi басқару кезiнде мүмкiн;
-
қабылдау, жөнелту, маневрлiк маршруттар жəне бұрмалардың бiрдей жағдайы
кезiнде бекеттiң алқымында бұрмалармен жергiлiктi басқару кезiндегi маршрут.
Бiр жолға қарама-қарсы маневрлiк маршруттар сəйкес келмейтiн болып
табылмайды. Бiр жолдан əр жаққа пойыздық жəне маневрлiк маршруттар, сонымен қатар,
сəйкес келмейтiн болып табылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: