19
7. ТЕХНИКАЛЫҚ БӨЛIМ
7.1 Электрлiк орталықтандыру жүйесiнiң сипаттамасы
Блокты орталықтандыруда əр бiр бекетте басқару мен бақылаудың типтiк
объектiлерi болады: бұрмалар, бағдаршамдар.
Əр бiр басқару мен бақылаудың типтiк объектiлерi үшiн
электрлiк сұлбалар
жасалады, оның релелiк аппаратурасы жабық блок түрiнде жинақталады.
Блоктарды типтiк сұлбалар бойынша монтаждайды жəне монтаждың дұрыс
жасалғанын жасаған зауытта тексередi. Құрылыс жүрiп
жатқан жерде зауыттық
блоктарды блокты стативтерде жəне бекеттiң жобасында объектiнiң орнына сай орнатады,
оларды штепселдi қосу арқылы орталықтандырудың толық сұлбасына қосады.
БМРО жүйесiн жобалаған кезде алдымен жолдық жəне бұрмалы секцияларды жасау
үшiн оқшаулағыш түйiспелердi қояды, сонымен қатар пойыздық жəне маневрлiк
бағдаршамдарды. Сонан соң бекеттiң типтiк объектiлерiнiң
орналасуына байланысты
бекеттiң алқымы үшiн жинақтаушы жəне атқарушы топтардың блоктарының
орналасуының функционалдық сұлбасы жасалады (блокты-түймелi жоба), ол əр түрлi
блоктардың керектi санын анықтайды.
Релелiк аппаратураның блокты жинақталуы құрылыста монтаж жұмысының көлемiн
едəуiр қысқартуға мүмкiндiк бередi жəне орталықтандыру
құрылғыларын iске қосуды
жеделдетедi.
Барлық блоктар жұмыс жасап тұрған сұлбаға штепселдi қосылуымен жасалады, ол
ақау болған жағдайда бұзылған блокты тез алып тастауға жəне орталықтандырудың
жұмысын тоқтатпай-ақ оны ауыстыруға мүмкiндiк бередi.
Сұлбаларды
жасаған
кезде
бiр
түйіспелі
екi
позициялы
түйменi,
электрқоректендiрудiң батареясыз жүйесiн қолданған жөн.
7.2 Бекеттiң блокты-түймелi жоспары
Блоктардың қойылуы бекеттiң алдын ала
сызылған жоспарында жасалады, онда
оқшаулағыш түйiспелер, бұрмалар,
сигналдар, маршруттық басқарудың пойыздық жəне
маневрлiк түймелерi көрсетiлуi қажет.
Блокты-түймелi жоспарда жинақтаушы жəне атқарушы топтардың блоктары
көрсетiледi. Жинақтаушы топтың келесi басты блоктарын пайдаланады: НПМ-69, НМI,
НМIIП, НМIIАП, НМIД, НСО
×2, НСС, НПС; атқарушы топтың: П62, СП69, УП65, С, ПС,
МI, МII, МIII, ВД62, ВI, ВII, ВIII.
Бекеттiң əр бiр алқымына бағыт релесiнiң НН бiр блогы қойылады, оны блоктарды
қоюдың жалпы сұлбасынан бөлек шығарады.
Айқаспалы ауыспада С типтi блогiнiң қойылу ерекшелiгiне
көңiл аударған жөн,
оларды бiртiндеп орналастырғанда сұлбалық жоспарда олардың айналы түрде бейнелеп
көрсету қажет /3/. Осы бекет арқылы барлық маршруттар өтетiн жерде секцияға бiр CП-69
блогi орнатылады.
Егер де вариантты маршрутты аралық сигналдар түймесi арқылы жүзеге аспаса, онда
вариантты түйме қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: