Автоматика жəне телемеханика жүйелерi



Pdf көрінісі
бет3/16
Дата05.11.2022
өлшемі352,94 Kb.
#47767
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
4. КУРСТЫҚ ЖОБАНЫҢ МАЗМҰНЫ 
 
Курстық жобада берiлген бекеттi блокты маршрутты-релелiк орталықтандару 
құрылғыларымен жабдықтау ұсынылған.
Жоба пайдалану (эксплуатациялық) жəне техникалық бөлiмдерден тұрады. 
Пайдалану (эксплуатациялық) бөлiмiнде сұлбалық жəне екi жiптi жоспар 
жасалуымен бекеттiң жолдарын толығымен оқшаулануы мен сигналдандыру мəселелерi 
шешiледi; пойыздық жəне маневрлiк маршруттардың кестелерi құрастырылады; электрлi 
тартымды телiмдерде тарту тоғын өткiзу мəселелерi жасалады. Сонымен қатар, бұрманың 
электр жетектерiнiң, рельстiк тiзбектердiң, бағдаршамдардың нақты үлгiлерiн қолдануын 
негiздеу керек. 
Техникалық бөлiмде БМРО-ның жинақтаушы жəне атқарушы топтарының 
принциптiк сұлбалары жасалады; кабельдiк желiстерiмен ЭО құрылғыларын электрмен 
қамтамасыз ету көздерiнiң есептерi жүргiзiледi. 
Жобаны сəттi орындау үшiн БМРО-ның принциптiк сұлбаларына ерекше мəн бере 
отырып, электрлiк орталықтандыру жүйелерi бойынша негiзгi деректердi мұқият оқу 
керек. Сонымен қатар, жұмыс iстеп тұрған қондырғыларда БМРО-ның құрылғыларымен 
танысуы ұсынылады. 
5. КУРСТЫҚ ЖОБАНЫ РƏСIМДЕУ 
 
Жоба сызбалар мен есептiк-түсiнiктеме жазбалары түрiнде рəсiмделедi. 
Түсiнiктеме жазбасы 210
×297 мм стандартты өлшемiндегi қағаздың бiр жақ бетiне 
жазылады. Компьютерде тергенде Times New Roman Cyr № 14 шрифтiң 1,0 аралығын 
қолдану керек. 
Қағаздың төрт жағынанда, яғни сол жақтан – 30 мм, оң жақтан – 15 мм, жоғарғы 
жағы мен төменгi жағынан – 20 мм ақ шеттер қалдырылады. 
Ескертулер бойынша түзетулер парақтың таза жағында ескертулердiң қасында 
жазылады. 
Түсiнiктеме жазбаны əрбiр бөлiмi жаңа беттен басталады. Бөлiмнiң аттары бас 
əрiптермен, ал бөлiмшелердiң аттары кiшi əрiптермен жазылады. Бөлiмдермен 
бөлiмшелердiң аттарындағы сөздер тасымалданбайды жəне соңында нүкте қойылмайды. 
Егер бөлiмнiң аттары екi сөйлемнен тұратын болса олардың арасында нүкте қойылады. 
Бөлiм мен бөлiмшелер аттарының арасында екi аралық қалдырылады, ал тақырып 
пен мəтiннiң арасында үш аралық, мəтiн мен келесi тақырыптың арасында төрт аралық 
қалдырылады.
Курстық жобаны рəсiмдеу кезiнде туындайтын сұрақтарға түсінiктеме əдiстемелiк 
нұсқаудың мəтiнiнде келтiрiлген.
Жазбадағы түсiнiктеме өз тапсырмасының вариантына сай нақты болуы керек. 
Əдебиеттерден немесе осы əдiстемелiк нұсқаудан мəтiндердi көшiрiп жазуға қатаң тыйым 
салынады.
Түсiнiктеме жазбасы соңында қолданылған əдебиеттер тiзiмi келтiрiледi.
Түсiнiктеме жазбасының титульдiк бетi 1-қосымшада келтiрiлген форма бойынша 
рəсiмделуi керек.
Курс жобасы үшiн тапсырма бланкiсi кафедрада берiледi жəне 2-қосымшада 
келтiрiлген. 
Сызбалар қаламмен (тушпен) миллиметрлiк қағазда немесе AutoCAD программасын 
пайдалануымен компьютерде жасалады. Əр бiр сызбаның рамкасы жəне беттiң нөмерi мен 
сызбаның атауы көрсетiлген штампы болуы керек. Сұлбалық, екi жiптi жəне блокты-


11
түймелi жоспарларында 55
×185 мм өлшемдi үлкен штампы болуы қажет. Қалған 
сұлбаларда 15
×135 мм өлшемдi штамптар қолданылады. 
Бiрiншi бет титульдiк бет болып табылады, беттің нөмірі оң жақтағы жоғарғы 
бұрышта қойылады. Титульдiк бетте нөмiр қойылмайды. 
Санды мəндегi деректер кесте түрiнде келтiрiлуi қажет. Əр бiр кестенiң мазмұнды 
атауы болуы керек.
Графиктер, диаграммалар сурет болып саналады, олар миллиметрлiк немесе ақ 
қағазда орындалады. 
Формулаларды, суреттердi жəне кестелердi нөмiрлеу бөлiм iшiнде араб сандарымен 
жүргiзiледi. Формулалардың нөмiрi жол соңында дөңгелектi жақшаға алынады. 
Суреттер, кестелер мен сұлбалар түсiнiктеме жазба мəтiнiндегi соларға жасалған 
сiлтеу жасалған беттен кейiн қойылады.
Аннотация жасалған жұмыстың қысқаша мазмұндамасынан тұруы кажет.
Мазмұндамада беттердiң нөмiрiн көрсетуiмен бөлiм мен бөлiмшелердiң атаулары 
тiзбектелiп келтiрiлуi қажет. 
Кiрiспе курстық жобаның бiрiншi бөлiмi болып табылады жəне ол қазiргi 
мəселелердiң жағдайын қысқаша сипаттауы керек, автоматика мен телемеханиканың дəл 
осы жүйесiн пайдалануының негiздемесiн жəне жұмыстың мақсатын бiлдiру қажет. 
Əдебиеттер тiзiмiн түсiнiктеме жазбасының сквозды
нөмiрленуiне қосу қажет, соның 
iшiнде түсiнiктеме жазбасының мəтiнiнде қолданылған əдебиетке мiндеттi түрде сiлтеме 
келтiрiлуi керек. Тiзiмде қолданылған əдебиеттер мəтiнде қолданылуы бойынша 
қойылады. 
Түсiнiктеме жазбасында деректер келесi түрде орналастырылады: 

титульдiк бет; 

курстық жобаға тапсырма; 

аннотация; 

мазмұны;

кiрiспе;

пайдалану (эксплуатациялық) бөлiм; 

техникалық бөлiм; 

қортынды; 

пайдаланылған əдебиеттер тiзiмi. 


12


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет