Автоматтанған жұмыс орындарын құру теориясы


IІ. МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ ЖӘНЕ ОНЫ БАСҚАРУ



бет6/14
Дата11.06.2023
өлшемі1,98 Mb.
#100577
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

IІ. МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ ЖӘНЕ ОНЫ БАСҚАРУ



2.1 Мәліметтер қоры туралы түсінік

Күнбе-күн ақпарат көлемі көбейіп отыр. Ал, оларды өңдеу адамның қолынан келмейді. Сол себепті мәліметтерді тез өңдеу үшін дербес компьютерлер пайдаланылады. Компьютердегі ақпарат негізінен кесте түрінде сақталады. Осы кестелер (бірігіп) МҚ-на бірігеді.


Қазіргі заманғы ақпараттық жүйелер (АЖ)– мәліметтер банкі болып табылады. Олардың құрамына мыналар енеді:
1) Есептеуіш жүйе;
2) Бір немесе бірнеше МҚ;
3) Мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ);
4) Қолданбалы программалар жиыны.
МҚ - бұл үлкен көлемді өзара байланысқан ақпаратты сақтауға, өзгертуге және өңдеуге арналған бір немесе бірнеше мәліметтер файлы.

Мәліметтер қоры дегеніміз не? Мәліметтер қоры – жалпы айтқанда, нақты өмірдегі қайсібір обьекті туралы мәліметтер тізімі. “Мәліметтер қоры сөзінің” синонимі - “мәліметтер банкі”.


Қолданбалы программалар, немесе қосымшалар МҚ-нда орналасқан мәліметтерді өңдеуге арналады. Қолданушы МҚ осы қосымшалар арқылы басқарады.
МҚ-ң негізгі нақты бір объект тобы туралы мәлімет болып табылады. Жалпы МҚ қандай да бір мекеме (ұйым) үшін арналады; Ақпаратты мекеменің әртүрлі бөлімдері пайдаланылады. Осы мекеме бөлімдері МҚ-н құру негізінде концептуальді талаптар қояды. Концептуалды модельді бейнелеу нәтижесінде мәліметтердің логикалық моделі алынады.
Логикалық модель - бұл мәліметтерді ұйымдастыру түрі. Негізгі логикалық модельдерге мыналар жатады:
1. Иерархиялық модель - ағаш құрылымды болады. Модель ішіндегі объектілер өзара қатаң түрде байланысқан. Мұнда бір басты объект болады. Екінші деңгейдегілер соған бағынады. Ал екінші деңгейге өз негізінде 3-ші деңгей бағынады. 1-ші деңгей 3-ші деңгейді тікелей басқара алмайды. Сондықтан бір деңгейде байланыс жасауға болмайды.



2. Желілік МҚ граф түрінде ұйымдастырылады. Мұнда басты және бағынқы объект деген болмайды. Бұл модельдің кемшілігі – ұйымдастыру қйындығында.





3. Реляциялық МҚ өз атын ағылшын тіліндегі relation (қатынас) терминінен алған. Бұл терминді 70 жж. IBМ фирмасының қызметкері Эдгар Код ұсынған. Реляциялық МҚ – бұл қатынас арқылы байланысқан кестелер жиынтығы. Реляциялық модель құрылымы қарапайым, қолдануға ыңғайлы. Дербес компьютерге арналған МҚ- ның көбісі реляциялық болып табылады.


4. Объектілі – бағытталған МҚ желілік және реляциялық моделдердің бірігуі. Оларды күрделі құрылымды МҚ-н құруға қолданады.
МҚ архитектурасы.
МҚ-ның орналасуы мәліметтерді өңдейтін қосымшаны құруға әсер етеді. Орналасуына қарай МҚ:
- локальді;
- қашықтағы
болып екіге бөлінеді:
Локальді МҚ қосымша орналасқан компьютерде МҚ-мен жұмыс бір қолданушы режимінде жүзеге асырылады.



МҚ көпқолданушы режимінде де жұмыс жасауы мүмкін. Ол үшін МҚ-ң файлы мен қосымша желі серверінде орналасады. Әрбір қолданушы сервердегі қосымшаны жүктей алады, бұл кезде қолданушы компьютерінде қосымша көшірмесі ғана жүктеледі. Локальді МҚ-н осылайша қолдану файл – сервер архитектурасына сәйкес келеді:
Қашықтықтағы МҚ желінің компьютер – серверінде орналасады, ол осы МҚ – мен жұмыс жасайтын қосымша қолданушы компьютерінде орналасады. Бұл жағдайда клиент – сервер архитектурасы туралы айтылады.
Ақпараттық жүйе – МҚ сервері мен клиенттен тұрады. Компьютер сервер – қашықтағы сервер деп те аталады. Клиент – бұл қосымша – клиент деп аталады.
Мәліметтер алу үшін МҚ орналасқан қашықтықтағы серверге сұраным жіберіледі: Сұраным SQL тілінде қалыптастырылады. Сұранымды алған соң қашықтықтағы сервер оны SQL – серверге жібереді: SQL – сервер – бұл қашықтықтағы МҚ басқаратын және сұранымды орындап клиентке оның нәтижесін қайтаратын программа. Сұранымды өңдеу қашықтағы серверде орындалады.





МҚ кестесі.
Реляциялық МҚ өзара байланысқан кестелерден тұрады. Кестелер файлдарда сақталады. Олар жеке құжаттарға немесе электрондық кестелерге ұқсас. Оларды кәдімгідей көшіруге, жылжытуға болады. Құжаттардан өзгешелігі МҚ кестелері көпқолданушы режимін қолдайды, яғни олармен бір уақытта бірнеше қосымша жұмыс жасай алады.
Бір кесте үшін мәліметтерден, индекстер мен кілттерден тұратын бірнеше файл құрылады. Кестені басты файл аты – кесте аты болып табылады. Ол кесте құру кезінде беріледі. МҚ кестесі жолдар мен бағандардан тұрады.
Кесте жолдары – жазба, бағаны- өріс деп аталады. Кестеде жүйеленген бір типті объектілер туралы ақпарат сақталады.
Әрбір өрістің уникалды аты болады. Өрісте тек бір типті мәліметтер орналасады. Мыс: Бүтін сан немесе дата. Қолданушы кесте өрісіне мән енгізгенде автоматты түрде типке сәйкестігі тексеріледі. Кестелерде кілттер мен индекстер анықталуы мүмкін.
Кілт - бұл кестедегі әрбір жазбаны бір мәнді анықталатын мәліметтерден тұратын өрістер комбинациясы. Қарапайым кілт - бір өрістен, құрама – бірнеше өрістен құралады.
Индекс – бұл да кілт сияқты кесте өрістері бойынша құрылады, бірақ өрістегі мәндер қайталануы мүмкін. Индекстер кестелерді индекстік өрістер бойынша сұрыптау үшін қажет. Сондықтан индекстеуді пайдалану мәліметтерді іздеу жылдамдығын арттырады. Сонымен кілттер мен индекстерді пайдалану мыналарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді:
1) Жазбаларды бірмәнді идентификациялауға;
2) Кілттік өрістерде мәндерді қайталануын болдырмауға;
3) Кестелерді сұрыптауға;
4) Кестеде мәліметтер іздеу жылдамдығын жоғарылатуға;
5) МҚ –ң жеке кестелері арасында байланыс ұйымдастыруға.
Delphi-дің өзінде кестелер форматы жоқ. Бірақ ол локальді кестелердің 2 түрін қолдайды – dBase және Paradox. Біз Paradox кестелерімен жұмыс жасаймыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет