2.2 Мәліметтер қорын басқару жүйесі
Мәлiметтер қорын басқару жүйесi (МҚБЖ) – программалық жабдық, оның көмегiмен МҚ (мәлiметтер қоры) құрылады, соның негiзiнде ақпаратты iздеу жүйесi (АIЖ) құрылады және жұмыс iстейдi. Ақпаратты iздеу жүйесi дегенiмiз – мәлiметтер қорының жиынтығы және оларға қызмет көрсетушi бағдарламалар.
МҚБЖ – мәліметтер қорын құру, жүргізу және қолдануға арналған тілдік және бағдарламалық құралдардың жиынтығы. Қолданылу түріне байланысты МҚБЖ дербес және көпшiлiк қолданушы деп бөлінеді. Дербес МҚБЖ бір компьютерде жұмыс істейтін желiлiк мәліметтер қорын құруды қамтамасыз етеді. Дербес МҚБЖ-не Paradox, dBase, FoxPro, Access т.б. жатады. Көпшiлiк қолданушы МҚБЖ клиент-сервер архитектурасында жұмыс істейтін ақпараттық жүйелерді құруға мүмкіндік береді. Көпшілік қолданушы МҚБЖ-не Oracle, InterBase, Microsoft SQL, Server, Informix және т.б жатады. МҚБЖ-ң негізгі үш функциясын бөліп көрсетуге болады.
Мәліметтерді анықтау (Data definition) – сіз өзіңіздің мәліметтер қорыңызда қандай ақпараттар сақталатынын анықтай аласыз, мәліметтер құрылымын және типін, сонымен қатар бұл мәліметтер бір-бірімен қалай байланысқанын көрсете аласыз. Кейбір жағдайларда сіз, сонымен қатар, мәліметтерді тексеру форматы мен критерийін бере аласыз;
Мәліметтерді өңдеу – мәліметтерді әр түрлі тәсілдермен өңдеуге болады. Мәліметтерді онымен байланысқан басқа бір ақпаратпен байланыстырып, нәтиже мәнін есептеуге болады;
Мәліметтерді басқаруда – сiз мәліметтермен кім танысуына болатынын көрсетіп, оларды өшіріп немесе жаңа ақпарат қоса аласыз. Сонымен қатар, мәліметтердің ұжымдық қолдану ережелерін анықтауға болады.
МҚБЖ мәлiметтер құрылымы типтерiнiң бiрiне бағытталады. Олар: иерархиялық МҚБЖ, желiлiк МҚБЖ, реляциялық МҚБЖ болып үшке бөлiнедi.
Реляциялық модель. Реляциялық моделінде (латын сөзі relatio - қатынас)– құрама бөліктері арасындағы қатынасы арқылы мәліметтер басқарылады. Қарапайым жағдайда ол – екі өлшемді массив немесе кесте болып табылады, ал күрделі ақпараттық жүйелерді құру кезінде кестелер жиынтығы деп түсінуге болады. Мұндай кестенің әрбір жолы – жазу, ал бағандары – өріс деп аталады.
Реляционды мәліметтер қоры келесі қасиеттерге ие болады:
Кестенің әрбір элементі – мәліметтің бір элементі;
Кестедегі барлық өрістер бір типті;
Әрбір өріс әмбебап атқа ие;
Кестеде бірдей жазулар жоқ;
Кестедегі жазулар реті өзгермелі немесе берілген өлшемді болуы мүмкін.
Мәлiметтердiң реляциялық моделiнiң жетiстiгi – оның қарапайымдылығы мен түсiнiктiлiгiнде және оның компьютерде физикалық жүзеге асырылуының қолайлығында.
Реляциялық модельдiң кемшiлiктерi төмендегiдей: жеке жазуларды идентификациялаудың стандартты құралдарының жоқтығы мен иерархиялық және желiлiк байланыстарды сипаттаудың күрделiлiгi.
Иерархиялық модель. Мәліметтер қорының иерархиялық моделі төңкерілген ағашқа (граф) ұқсайды. Себебі, мұнда қайсібір элементтер дербес элементке бағынады. Берілген модель – деңгей, байланыс және түйіндер сияқты параметрлермен мінезделінеді. Модельдің принципі келесідей: бірнеше кіші түйіндер өзінен үлкен түйінмен байланысады.
Иерархиялық ұйымдастырылған мәлiметтердi манипуляциялаудың негiзгi операциялары:
МҚ-ның көрсетiлген экземплярын iздеу;
бiр тармақтан басқа тармаққа көшу;
тармақ iшiнде бiр жазудан басқа жазуға көшу;
көрсетiлген орынға жаңа жазды қою;
ағымдағы жазуды өшiру және т.б.
Мәлiметтердiң иерархиялық моделiнiң жетiстiгiне компьютер жадының тиiмдi пайдаланылуы мен мәлiметтермен жасалатын негiзгi операциялардың орындалу уақытының көрсеткiштерi жатады.
Желілік модель. Мәлiметтердiң желiлiк моделiнде элементтерiнiң әр түрлi өзара байланысын еркiн бұтақ түрiнде бейнелеуге болады, сонымен бiрге мәлiметтердiң иерархиялық моделiн жалпылайды.
Желiлiк типтi МҚ-н манипуляциялаудың негiзгi операциялары:
МҚ-да iздеу;
аталықтан бiрiншi ұрпаққа көшу;
жаңа жазу құру;
ағымдағы жазуды өшiру;
ағымдағы жазуды жаңарту;
жазуларды байланысқа қосу;
жазуларды байланыстан шығару;
байланыстарды өзгерту және т.б.
Мәлiметтердiң желiлiк моделiнiң жетiстiгi – жадының пайдалану көрсеткiшiнiң тиiмдi жүзеге асырылуы мен жеделдiгiнде болып табылады. Иерархиялық модельмен салыстырғанда желiлiк модельдiң еркiн байланыстар құруда мүмкiндiгi көп.
Мәлiметтердiң желiлiк моделiнiң кемшiлiгi МҚ схемасының аса жоғары күрделiлiгi мен қатаңдығы, сондай-ақ МҚ-дағы ақпаратты өңдеудi әдеттегi пайдаланушының түсiнiп, орындауындағы қиныдықта болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |