Автоматтанған жұмыс орындарын құру теориясы



бет8/14
Дата11.06.2023
өлшемі1,98 Mb.
#100577
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Байланысты:
Диплом

2.3 SQL тілі

SQL құрылымды сұраулар тілі көмегімен мәліметтер қорына күрделі сұрауларды құруға болады. Сұрау – бұл белгілі ақпараттарды алуға талап болып табылады. DELPHI-де реляциялық тәсілді қолдану үшін Stored Proc, Query компоненттері қолданылады.


Программалаудың процедуралық тілінен айырмашылығы: есептеу процестерін басқару инструкциясы (циклдер, тармақталу, басқа операторға өту) және енгізу-шығару құралдары жоқ.
Microsift Access, Visual FoxPro немесе Paradox сияқты МҚБЖ, SQL-де сұраныстарды программалаумен байланысты әрекеттерді өздері орындайды, мысалы Query By Example (QBE) – үлгі бойынша сұраныс, пайдаланушыға сұранысты визуальды құру құралдарын білдіреді.
SQL программалау тілінің толық функционалдық мүмкіндіктерін қамтымағанмен, ол мәліметтерге ену мүмкіндігіне арналған, және оны программаны жасау құралына қосады. Және Delphi жүйесіне ендірілген. Сонымен қатар, SQL командаларымен жұмыс істеу үшін сәйкес құралдар және компоненттер бар. Delphi-де мұндай компоненттерге Query, SQLQuery және ADOQuery мәліметтер жиыны жатады. Реляциялық мәліметтер қорымен жұмыс жасаудағы артықшылық мәліметтер қорынан тек сұраулар мен оның нәтижесі ғана желімен жіберілетін болғандықтан аса күш түспейді, ал локальді мәліметтер қорымен жұмыс жасауда SQL-сұраудың көмегімен:

  1. қосымшаның орындалу барысында мәліметтер жиынтығының өрісін қолдануға болады;

  2. бірнеше кестеден өрістер немесе жазбалар алуға болады;

  3. күрделі шарттар бойынша мәліметтер жиынтығының өрісін қолдануға болады;

  4. мәліметтер жиынтығының кез-келген өрісі бойынша сұрыптауға болады;

  5. мәліметтерді іздеуді ұйымдастыруға болады;

SQL тілінің операторлары.Мәліметтерді анықтау –кестелерді игеру болып табылады. Ал игеру, яғни
- жаңа, кесте құру;
- кестені өшіру;
- кесте құрамындағы өрістерді өзгерту;
- индекс құру және өшіру.
Кесте құруға жалпы формасы төмендегідей оператор қолданылады:
CREATE TABLE <кесте аты>
(<өріс1> <өріс типі>,
……………………...
<өріс n> <өріс n типі>);
Егер кестенің көрсетілген атымен бұрын кесте болса, онда ол құрылмайды. Кестеде алғашқы кілтті өрісті көрсету үшін PRIMARY KEY сипаттаушысынан кейін жақшада өрістердің атын жазу керек. Ол кілт өрістер өрістер тізімінде алдымен көрсетілуі тиіс.
Мысалы, CREATE TABLE P301G(
CODE AUTOINC,
NAME CHAR(20), FAM CHAR(20),
GR DATE, SB NUMERIC(6,2),
PRIMARY KEY(CODE));
Кестені өшіру үшін жалпы формасы төмендегідей оператор:
DROP TABLE <кесте аты>;
DROP TABLE P301G.DB; -өшіріледі.
Кесте құрудағы өрістерді өзгерту үшін
ALTER TABLE <кесте аты>
О перанд қосады ADD <өріс аты>,<өріс типі>,
О перанд өшіреді DROP <өріс аты>,
……………………………….
ADD <өріс аты>,<өріс типі>,
DROP <өріс аты>;
Мәліметтерді тез алу үшін индекс құрылады. Жиі қолданылатын өрістер үшін индекс қою үшін
СREATE INDEX <индекс аты>ON<кесте аты>
(<өр1.аты>,..,<өрn.аты>);
оператор қолданылады. Әрбір индекс жеке-жеке операнд қолдану арқылы құрылады.
Мысалы, CREEATE INDEX IND_P301G ON P301G.DB(NAME);
Индексті өшіру үшін төмендегідей оператор қолданылады.
DROP INDEX <кесте аты>.<индекс аты> немесе
DROP INDEX
<кесте аты>.PRIMARY
МҚ кестесіндегі жолдық бағандардың мәндері үшін әртүрлі ұлттық кодтау анықталады. Ол үшін МҚ құрғанда
DEFAULT CHARACTER set <символ жиынтығы>
операторымен анықталады.
Мысалы, CREATE DATABASE “PRIM.DB”
………………………..
DEFAULT CHRACTER SET WINI/1251;
= Кесте құру барысында кейбір өрістерді анықтаған соң NOT NULL қосымша сөз қойылуы мүмкін, яғни бұл өрістің мәні міндетті түрде енгізілуі тиіс.
Сол секілді UNICUE қосымша сөзі өріс мәні қайталанбайтынын білдіреді, DEFAULT өріс мәні автоматты түрде анықталуы мүмкін.
Мысалы, CREATE TABLE PERS(
NUM SMALLINT NOT NULL PRIMARI KEY,
FAM CHAR(20) NOT NULL,
GR SMALLINT DEFAULT 1950,
POL CHAR(3) DEFAULT ‘MUG’);
Кестеде құрылған есептелетін өрістер COMPUTED BY қосымша сөзі арқылы анықталады. Мысалы, CREATE TABLE PERS(
NUM SMALLINT NOT NULL PRIMARI KEY,
FAM CHAR(20) NOT NULL,
GR SMALLINT DEFAULT 1950,
BOZR COMPUTED BY (2001-GR));
Кесте құру барысында өрістер мәндеріне шектеулер қою үшін CHECK қосымша сөзін қосу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет