DELPHI – бұл Borland International-дың қосымшаларды тез құруға арналған жеткілікті жаңа өнімі. Қосымшалармен мәліметтер қорымен “клиент-сервер “ архитектурасында, Internet/Intranet, сонымен қатар локальді машиналар және “ файл-серверлік “ архитектурасында жұмыс істейді.
DELPHI тілі объктілі – бағытталған Object Pascal тілінің жалғасы. DELPHI-ге InterBase локальді SQL сервері, есеп беру генераторлары, визуальді компоненттің және информациялық жүйені немесе Windows ортасының қарапайым программаларын проффессиональді өндеуде өзінді сенімді сезіну үшін арналған тағы басқа құрылғылар жатады.
DELPHI–дің басқа аналогтық программалық өнімдермен салыстырғандағы артықшылықтары:
Құрылған қосымшаны өндеу жылдамдығы;
Құрылған қосымшаның өнімділігінің жоғарылығы;
Құрылған қосымшаның компьютер ресурстарына төмен қажеттіліктерін талап етуі;
Delphi ортасына жаңа компоненттер мен құрылғыларды қосу арқылы қосымшаның жұмысын арттыру;
Delphi-дің жеке құралдарымен жаңа компонент пен инструмент құрудың мүмкіншілігі;
Delphi ортасы – бұл программистің жұмысын жоғары дәрежеде қамтамасыз ете алатын күрделі механизм. Бұл бірнеше ашық тұрған терезелермен визуальді түрде жүзеге аса алады. Delphi ортасында терезелер бір – бірінің орнын толығымен жауып экранның кез келген жеріне орын ауыстыра алады, және де үйреніп қалған Word текстік редакторының ортасы, Excel кестесінің қатаңдылығындай емес. Delphi ортасымен жұмыс істегеннен кейін белгілі бір мақсатты шешу үшін құрылатын программаға қажетті терезелерді тез арада тауып, өзгертіп аласыңдар.
Жүктелгеннен кейін экранда 4 терезе пайда болады .
1.Негізгі терезе (Project1)
2.Обьектілер инспекторының терезесі (Object inspector)
3.Форма конструкторының терезесі (form1)
4.Кодтар редакторының терезесі (Unit1.pas)
Бір проектімен жұмыс қажеттілігіне қарай экранда басқа да терезелер тұруы мүмкін. Жұмыс жасау барысында негізгі терезеден басқа терезелерді алып тастауға, орын ауыстыруға болады. Көп терезелі болғанмен Delphi-де тек қана бір уақытта жасауға болады.
Негізгі терезе. Негізгі терезе – бұл программалаудың құрылатын проектін басқаратын негізгі функция. Бұл терезе бірыңғай қосылып тұрып, экранның жоғарғы бетінде орналасады. Негізгі терезенің көлемін жоғары дәрежеге дейін өзгерткен мен де өзгермейді.
Негізгі терезенің функционалдылығына байланысты: бірінші жағынан оның өзінің жеке элементтері бар, ал басқа жағынан ол экранда Delphi-дің басқа да терезелерінің орнын алмауы тиіс. Негізгі терезеде Delphi-дің негізгі менюі орналасқан, палитра компоненті мен пиктографиялық команданы теру кнопкасы.
Негізгі меню бұл (Delphi-де кеңінен қолданылатын жүйелердің көмекші менюі, тышқанның оң жақ пернесі арқылы жүзеге асады) проектті басқаратын барлық құралдардан тұрады. Негізгі менюдің өзінде екінші терезеге түсетін меню рұқсатын ашатын тақырыптары болады. Негізгі терезенің элементтері арнайы панельдермен, ал басқару кнопкасы сол жақ бөлшегінде орналасады, және тышқанның көмегімен панельдерді көшіре алады. Негізгі менюден басқа панельдерді тышқанның көмегімен алып немесе экранның кез келген жеріне орналастыруға болады.
Форма терезесі. Форма терезесі өзін Windows-терезесінің проектісі ретінде ұсынады. Басында бұл терезе бос болады. Дәлірек айтатын болсақ, жүйелік менюді шақыратын кнопка, максимизация, минимизациялайтын және терезені жабатын, сызушы рамкадан тұратын стандартты Windows интерфейсінің элементттері болып келеді. Форма терезесі негізінен координаталық тор нүктесімен толтырылған, бұл координаталық торды жою үшін Tools | Environment options менюі арқылы Preferences закладкасымен байланысқан Display Grid терезесіндегі жалаушаны алып тастаймыз.
Программист уақытының маңызды бөлімінде өзінің жұмысымен бос емес, Lego конструкторы бөлшектерінің терімімен жұмыс еске түсіретін: ол “жетеді” компоненттердің палитрасынан, қалай қораптан бөлшектермен, керек компонент және оны орналастырады “теруде дала” түр терезелері, интерфейстік элементтермен түрді бірте-бірте толтырады. Түр толтырылуы мына процесінде өзіне меншікті, нақ және көзбен шолу бағдарламалау негізгі бір ғана жүзімі болады. Программист кез келген уақытта жасалынған программа терезесін бақылайды және оған қажетті өзгерту енгізе алады.
Ағаш объектілі терезе. Бұл терезе Delphi 6-шы версиясында пайда болып, активті формада немесе активті модуль қорында орналасқан және көрнекті бейнелер байланысы арасындағы бөлек компаненттерге арналған. Форма терезедегі кез келген компоненттерді шертсек Инспектор объектісінің қасиетінде де бұл компонент белгіленіп тұрады. Ал егер форма терезесіндегі компонент екі рет шертілсе, онда кодтау терезесіне (Code Insight) көшіп, OnClick оқиғасына программа жазылады. Сонымен, компоненттерді parent қасиетімен терезені ауыстыруға «апаруға» болады. Ал алдыңғы версияларында ауыстыруды тек қана Clibboard буфер ауыстыру көмегімен ғана жүзеге асырылатын еді.
Инспектор объектісі. Кез келген форма терезесіне орналасатын компоненттер өзінің кейбір параметрлерімен сипатталады: өлшемімен, түсімен және орнымен. Мысалы, программист форма терезесіндегі компоненттің өлшемі мен түсін өзгерте алады. Ал басқа параметрлерін өзгертуге Инспектор объектісі қолданылады. Бұл терезе екі беттен тұрады: Properties (Свойства) Events (События). Properties қажетті компонеттердің қасиетін қондыруға, ал Events компонеттің реакциясын анықтайтын мүмкіндегі бар немесе басқа оқиғаға арналған.
Инспектор объектінің әр терезесі екі бағандық кестеден тұрады. Сол жақ баған қасиет пен оқиғадан, ал оң жақ баған нақты мағынаның қасиетіне немесе ішкі программаның оқиғасын өңдейтін болып келеді.
Кестенің жолдары тышқанның пернесін шерту арқылы таңдалады және күрделі немесе оңай қасиетін көрсете алады. Оңай қасиеті символ жолдарын, бір ғана мағынаны – санды анықтайды және True (ақиқат) немсе False (жалған) мәнін қабылдайды. Мысалы, caption қасиеті символ жолдарынан, Height (ұзындығы) және width (ені) – сандық қасиетінен, Enabled (Доступность) қасиеті - True немесе False мәнінен тұрады. Күрделі қасиет жиынтықтың мағынасын анықтайды. Қасиеттің сол жағында «+» таңбасы қойылады да оны ашу үшін тышқанның көмегімен сол таңбаның үстінен шерту керек.
Инспектор объектілер терезесінің жоғарғы бөлігінде форма компонентіне орналасқан барлық ашылып тұрған список көрсетіледі. Форманың өзі де өз алдына компонент болғандықтан оның аты да осы списокте көрсетіледі.
Локальді меню терезесінде терезені қажетті келтірулер мен келтіру үшін тышқанның оң жақ батырмасын басқанда опция қатары шығады. Инспектор объектісінде stay on Top-ты таңдағаннан кейін Инспектор объектілер терезесінің бетінде болғанмен де қалқып тұрады. Бұны мысалы, есепте көп компоненттерден құрылған кезде қолданған тиімді болады. Егер локольді меню опциясынан Arrange-ді кейін by Category-ді таңдасақ, онда Испектор объектілер терезесінде списоктің қасиетін көрсетеді және категория бойынша жинақталып тұрады.
Кез келген категорияны көрсетпеуге болады. Ол үшін локальді менюден view-ді таңдаймыз, содан кейін категорияның сол жағындағы жалаушаларды алып тастаймыз.
Delphi 7 версиясы алдыңғысына қарағанда күрделі болып, объектіге сілтеме беріледі де Инспектор объектілер терезесінің Events бетінде көрсетіліп тұрады. Егер де қасиет белгіленіп тұрса, онда оның сол жағынан «+» батырмасы пайда болады және оның қасиетін объектінің оқиғасына байланысты өзгертуге болады.
Программалау кодының терезесі. Программалау кодының терезесі программалау текстін құруға, редакциялауға арналған. Бұл текст программалау алгоритмінің кодын көрсетеді, және арнайы ереженің құрамымен құралады. Программалау тілі деп – арнайы сақталған тесктік жиынды айтады. Delphi жүйесінде Паскаль тілінің кеңінең таралған және толық жетіліскен Object Pascal программалау тілі қолданылады. Delphi визуальді ортасы шешілмейтін тұрғыларды да өзіне алады, және бұл жүйеде жұмыс істеу үшін программист міндетті түрде Object Pascal программалау тілін білуі қажет. Программалау кодының терезесі алғашында толық жетіліскен Windows-терезесі сияқты бос форманы функционерлеу үшін қысқаша текстен құралады. Программист жұмысты бастап жатқанда программаға қажет функционалдылықты қосу үшін қажетті толықтыруларды кіргізіп толықтырады. Қарапайым программаны құру үшін де сіздерге жаңадан құрып және программалау кодын өзгертесіздер.