Осы кездезалға жылап Ақша қар келеді.
Мыстан кемпір тығылып қалады. Жүргізуші: -Ой мынау біздің Ақша қар ғой!Ақша қар салеметсіз бе.Сізге не болды?
Ақша қар:Менің Атам осы мерекеге келе жатқан.Жолда мыстан кемпір мен оның жаман достары ұстап алып жолда байлап оның заттарын тартып алды.
Енді ол өзінің қабынсыз, таяқсыз келе алмай отыр.Мені іздеуге жіберді.Мен барлық жерді іздеп таппадым. Ой енді не болар екен? Енді сіздерге Аяз ата келе алмай ма?! (жылайды)
Жүргізуші:Жылама ақша қар Аяз атаның заттары осында.Тек қапшығы жоқ.
Ақшақар:Қалайша жоқ.Заттары кәне?
Жүргізуші.: -Мыстан әже! Кәне бері келіңізші?
Мыстан әже: Жоқ-жоқ.Мен ештеңе бермеймін.Мен енді осы мерекенің басты кейіпкері болам Мен Аяз Әже болам
Жүргізуші:-Енді не істейміз ,,,Ақшақар тағы жылайды.
Осы кезде қарақшылардың біреуі: -Жылама Ақша қар.Қазір мен мына достарыммен ол мыстан кемпірді ұстап алып бәрін алып береміз.
Барлығы мыстан әжені қуады. Ол қашады. Сосын ұстап алады да бәрі жабылып мыстан кемпірді алып келеді Сиқыршы: -Кәне мыстан кемпір мына қызға Аяз атаның заттарын қайтар.Әйтпесе мен сені мұзға айналдырып жіберем.Мәңгілік қатып тұрасың.
Мыстан к: Ойбай жоқ мұзға айналдырма,Мә-мә алшы осыны
(Ашуланып бәрін шешіп бере салады.) Ақша қар:Ал кәмпиттері бар қапшық қайда?
Мыстан кемпір : -Ол менде жоқ,-деп тағы қашады.
-Ұстаңдар Ол өтірік айтады Көмектесіңдер балалар.–деп қарақшылар тағы қуады Барлық балалар көмектеседі.Ұстап әкеледі. Сиқыршы:Мыстан кемпір сен не қалған өміріңде мұз қалпыңда болғың келе ме?Тез айт Аяз атаның қабы қайда?
Мыстан к:-Түу жарайды.Болмадыңдар ғой Мен оы бір жерге тығып кеткем Мерекеден соң шай ішіп, кәмпитке бір тояйыншы деп едім.
Сиқыршы: Қазір сендерАқша қармен бірге барыңдар. Мына мыстан кемпірмен тыққан жерін көрсетсін де қапшықты берсін.Ал кәне тезірек.
Мен оған дейін мына балалардың көңілдерін көтере тұрайын.
Шыршаны айналып тағы бір ән айтылады. ЖҮргізуші: -Ал енді кәне аяз атаны шақырайық.
-Аяз ата.Аяз ата.
Аяз ата мен Ақша қар келеді. Артында Қарақшылар Аяз ата:Аяулы аналарға, ардақты ұл-қыздарға
Бүлдіршін балаларға бip сәлем!
Қандай жарқын жүздерін,
Қандай әсем жырларың
Асулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Келіп жетті алыстан
Ақша қар:Аяз ата қарашы, балалардың киімi қандай әдемі. Шырша да әсем безендірілген екен. Бәрі де сұлуланып кетіпті.
Шырша шамын жағайық,
Жаңа жыл тойын ашайық.
Барлығымыз бірге
Кәне шырша таңырқат
Шамдарыңды жарқырат
деп айтайық. (барлығы айқайлайды, шырша шамдары жағылады).Шыршаны жағатын бала дайындау Аяз ата: Бәрекелді балалар! Шыршамыз жарқырап, айналаға қуаныш сыйлауда. Шыршаның құрметіне , шыршаны айналып ән шырқайық.