Қазақ бiлiм академиясының баяндамалары 1-2/2016 Журнал 2008 жылдан бастап шығады



Pdf көрінісі
бет19/25
Дата17.01.2017
өлшемі2,33 Mb.
#2083
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25

  
ӘОЖ 81`1:811.512.122 
 
 
ҚАЗАҚ ТАНЫМЫНДАҒЫ «ҚҦДАЙ» КОНЦЕПТІСІ 
 
 
Б. МОЛДАҒАЛИ 
PhD докторы 
Инновациялық Еуразия университеті 
Е. ЖҦПАРХАН 
педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы 
Еуразия гуманитарлық институты  
 
 
Аннотация 
Мақалада  қазақ  халқының  танымындағы  «Құдай»  концептісі 
фразеологизмдер  мен  мақал-мҽтел,  нақыл  сҿздер  арқылы 
қарастырылады. 
Түйін  сӛздер:  Құдай,  концепт,  фразеологизм,  мақал-мҽтел, 
нақыл сҿздер. 
 
 
Ҽлемнің  тілдік  бейнесін  когнитивтік  тұрғысында  зерттеу 
жұмыстарын  Г.Филлмор,  М.Минский,  В.А.Маслова,  Ю.С.Степанов, 
А.П.Бабушкин, А.Вежбицкая секілді ғұламалар ҿз елегінен ҿткізгені 
жайлы  атап  кету  орынды.  Когнитивтік  ғылым  саласының  тіл 
білімінде  негізін  қалаушы  ғалымдар  Қ.Жұбанов,  А.Байтұрсынұлы 
еңбектерінде  жеке  мҽселе  болып  қарастырылмаса  да,  негізгі  құнды 
тұжырымдар  мен  пайымдаулар  сҿз  болады.  Сондай-ақ,  қазіргі  тіл 
білімінде  кҿркемдеу  шеберлікті  танудың  теориясын  ұсынған 
ғалымдар  Р.С.  Сыздық,                              М.  Серғалиев,  Б.  Шалабай, 
Ж.А.Манкеева, А.Ислам, Н.Уҽли. 
С. Жиренов ҿз зерттеу еңбегінде «Концепт» – деген терминді ең 
бірінші  рет  тахуа  философ  Ансельм  (1033-1109)  пайдаланған  -  деп 
берген болатын [1, 7]. Жҽне де ғалым  «концепт  – тіл мен адамның 
танымдық 
мҽдениетінің 
біртұтастығын 
кҿрсететін 
лингвофилософиялық  бірлік»-  деп,  тұжырым  жасаса,  А.  Исламның 
айтуы бойынша: «концепт» дегеніміз – этномҽдени санада сақталған, 
белгілі  бір  ұлттың  ұрпақтан-ұрпаққа  берілетін  ықшам,  ҽрі  терең 
мағыналы шындық болмыс, ұлттық мҽдени құндылықтары жҿніндегі 
сан  ғасырлық  түсінігін  білдіретін  құрылым,  -  деп  атаған  [3,  28]. 
«Концепт,  ұғым,  мағынаның  аражігін  ашып,  саралау  теоретикалық 
тіл  білімінің  ҿте  күрделі  мҽселесі  болып  қалып  отыр,  себебі  ол 

253 
 
эмоционалды,  экспрессивті,  бағалауышты  ореолмен  қоршалған 
күйде болады» - дейді В.А.Маслова ҿз еңбегінде. «Концепт» сҿзінің 
түсіндірмелі сҿздіктерде кездесетін анықтамаларына кҿшетін болсақ, 
М.Бұралқыұлының «Қазақ тілінің түсіндірмелі сҿзігінде»: Концепт – 
бір  мҽселе  туралы  теориялық  пікір,  негізгі  кҿзқарас  [2,  264].  Ал 
«Қазақ  ҽдеби  тілінің  сҿздігінде»:  «Концепт»  сҿзі  латын  тілінен 
аударғанда  –  кҿзқарас,  жүйелі  түсінік  дегенді  білдіреді.  Концепт 
латын тілінде де бірнеше мағынаға ие: сonceptio – 1) жиынтық, жүйе, 
байланыс,  қойма,  заң  актілерін  тұжырымдау;  2)  ұрық  қабылдау;  3) 
сҿйлем жҽне т.б. мҽнге негізделген [3]. 
Ерте  заманнан-ақ  қазақ  халқы  наным-сенімге,  салт-дҽстүрге 
кҽміл  сенген,  ҽрі  ҽрдайым  «Құдай»  жолымен  жүрген.  Ҽрбір  сенімі 
мен  ырымы  тікелей  Алла  Тағалаға,  Құдайға  қатысты  болып  келеді. 
Сонда  мынадай  сұрақ  туындайды:  «Қазақ  халқының  ойы  мен 
танымында «Құдай» концептісі қандай рҿл атқарады?». Осы сұраққа 
жауап  табу  мақсатында  қазақ  халқында  «Құдай»  сҿзінің  шығу 
тарихына  кҿз  жүгіртсек  болады.  Біздің  білуімізше,  қазақ  ерте 
заманда  отқа  да,  Кҿк  Тҽңірге  де  сенген  болатын.  Ғасырлар  ҿте  ұлт 
тарихында Ислам діні ҿз орнын тауып, «Құдайға», «Алла Тағалаға» 
сенім  орнады.  Қазақ  Тҽңірге  табыну  кезеңінің  ҿзінде  монетеистік 
наным болды. Сондықтан болар,  Ислам дінін қабылдау халқымызға 
жақын болды. 
Ислам  дінінің  Қазақ  халқының  жүрегінен  орын  алуына  Ясауи 
тарихаты мен Нахшбандия тарихатының ҿкілдері екпінді ықпал етті. 
Қазақ  халқы  негізінен  кҿшпелі  ғұмыр  кешкеннен  кейін  мешіт-
медресе  ұстай  алмады.  Бірақ,  Қазақ  халқы  Исламмен  ел  кезіп 
адақтаған  сопылардың  уағызы  арқылы  танысты.  Сопыларда 
Исламды  халықтың  таным-түйсігіне  қарай  жырмен,  ҿнермен 
насихаттады.  Ясауи  бабамыздың  ілімі  «Диуани  хикмет»  те  жыр 
жолдарымен  насихатталды.  Ясауи  ілімі  жыраулар  дҽуіріне  ұласып, 
олардың үнін естумен қазақ халқы исламға шын мҽнінде мойынсына 
бастады.  Нахшбандия  ҿкілдері  қазақ  халқының  тұрмыс-салтта 
Исламды  қалай  ұстану  керектігіне  баулыды.  Олар  қазақ  халқының 
сүннет, неке қию, балаға ат қою т.б. сол секілді жҿн-жоралғылардың 
исламмен  сабақтасуына  ҽсер  етті.  Қазақ  халқының  Исламды 
қабылдауына  қатты  ҽсер  еткен  қожалар  институты  болса,  сол 
қожалар Ясауия мен Нахшбандия тарихатының ҿкілдері еді. Ясауия 
мен Нахшбандия ілімінің кең таралуына орай қазақ халқының ҽрбір 
руының  ҿз  қожасы,  яғни  пірі  болды.  Осы  арқылы  дін  таратушылар 
бұрынғыдай жалпы халықты емес, ҽрбір ру мен ҽулет жеке нысанаға 
алғандықтан,  Ислам  шын  мҽнінде  халықтың  ішкі  жан-дүниесінда 
салтанат  құрды.  Оған  қазақтың  дҽстүрлі  дүниетанымынан  кҿптеген 
мысалдар беруге болады.  

254 
 
Мысалы,  қазақтар  қуанса:  «Алла  һай»  дейді,  қиналса 
«Ілдебайлап  (Иллалап  жәрдем  сҧра)  кӛр» дейді. Бесіктегі баланы 
да  «Әлди-әлди»  деп  Алланың  атымен  тербетеді.  Тағдырды  жазған 
жалғыз  Тҽңірді  «Қу  Қҧдай»  (арабшада  «һу»  ол,  жалғыз  деген 
мағынада) дейді. «Садағаң болып кетейін» (жанқиярлық) деп, ҿзге 
үшін  ҿзегін  жарып  беруге  ҽзір  тұрады.  «Ердің  қҧны  жҥз  жылқы, 
ары  мың  жылқы»,  «Малым  –  жанымның,  жаным    арымның 
садақасы»  («Ұят  иманнан»  хадис)  деп  ар-намысты,  иба-ұятты 
бҽрінен жоғары қояды. Дүниенің ҿткінші қызығын «Шіркін-ай» деп 
қиялдап,  оны  шірікке  теңейді.  Ҿзімшілдікке  салынып  жасаған 
қателігін  «ағаттыққа»  (дінімізде  Алла  ғана  «ахад»,  яғни,  тек, 
жалғыз) балап, онысына ҿкініш білдіреді.  
Кісі  есімдерін  де  Ұлы  Жаратушының  есім-сипаттарымен 
Алдаберген,  Құдайберен,  Ҽбдірахман,  Рахымберді,  Ҽбдімҽлік, 
Ҽпсалам, Ҽбдіғаппар, Разақ, Хакім, Жҽлел, Хамид, Сабыр деп атаса, 
Хақ  Елшісіне  құрмет  ретінде  ҿз  ұрпағына  Мұхаммед,  Маханбет, 
Мұханбет,  Мҽмбет,  Жармұхаммед,  Нұрмұхаммед  секілді  есімдерді 
азан  шақырып  қойған.  Ҽубҽкір,  Оспан,  Ғұмар,  Ҽлі,  Сҽдуахас,  Ҽнас, 
Ҽлі,  Мағауия  деп  ҽз  сахабалардың  да  атын  берген.   Яғни,  иман 
кҿзімен  қарасаңыз,  қазақтың  тұтас  болмысы  дін  негіздерінен 
тұратынына  кҿз  жеткізесіз  [4].  Сонда  да,  қазақ  халқы  ислам  дінін 
мойындағанмен, оны толығымен қабылдамады. Қазақ ҿзіне қажетті, 
ҽрі  жанына  жақын  міндеттері  мен  парыздарын  қабылдаған.  Оған 
дҽлел ретінде қазақ халқының хиджап киімін киюден аулақ болуын, 
оның  орнына  ҿзінің  ұлттық  киімдерін  киіп,  салт-дҽстүрін 
ұстанғанын,  Жеті  атаның  ішінде  қыз  бала  қонақ  болып,  жеті  атаға 
түгел  қарындас  болғандығын  айтып  кетуге  болады.  Ал  «Жеті  ата» 
қазаққа ғана тҽн ғұрып.   
Қазақ  халқы  үшін  «Құдай»  концептісінің  орны  бҿлек  екендігін 
қарапайым  күнкҿрістен  де  аңғаруға  болады.  Мысалы,  адам 
таңырқаған  немесе  қуанған  кезде:  «Құдай-ау,  неткен  тамаша!»  деп 
жар  салады,  ҽрі  ҿкіну  мен  қайғыру  мезеттерінде  де:  «Құдай,  ҿзің 
сақта!» деген сияқты сҿздер айтып, жаңа бастау, жаңа іске кіріскелі 
жатқанда:  «Алла  жар  болсын!  Ісің  оңынан  болсын»  деп  жатамыз, 
Біздердің  ҽрбір  іс-ҽрекетіміз,  мақсатымыз,  арманымыз  Алла 
Тағаланың 
қалауымен, 
құптауымен, 
ҽрі 
оның 
алдында 
тазалығымызбен бірге жүреді.  
Ұлы Абай түсінігінің ҿзінде: Алла тағала – құдіреті күшті құдай, 
алла  тағала  –  ҿлшеусіз,  адамдардың  ақылы  –  ҿлшеулі.  Алла  тағала 
біз  сияқты  кҿзбен  кҿрмейді,  құлақпен  естімейді,  Алла  кҿңілмен 
кҿреді,  кҿңілмен  естиді.  Ақынның  «ҿмір»  мен  «ҿлім»,  «жан»  мен 
«тҽн» туралы түсінігі діни танымнан бҿлек. Діни түсінікте адам жан 
мен  тҽннен  тұрады,  тҽн  ҿледі,  жан  мҽңгі  ҿлмейді,  күнҽсіз,  иманды 
адамның жаны жұмаққа барып, рақат дүниесіне бҿленеді, ал күнҽға 

255 
 
батқан  имансыз  пенденің  жаны  тозаққа  барып,  азап  шегеді,  бейнет 
кереді-міс. Абайдың  ұғымынша  құдай  біріншіден,  жаратушы, 
табиғаттан  тыс  күш,  «...жақсылық,  жамандықты  жаратқан  –  құдай, 
лҽкин  қылдырған  құдай  емес,  ауруды  жаратқан  –  құдай,  ауыртқан 
құдай  емес,  байлықты,  кедейлікті  жаратқан  –  құдай,  бай  қылған, 
кедей  қылған  құдай  емес...».  Екіншіден,  құдай  –  жазалаушы  күш, 
адамгершілік  заңымен  ҿмір  сүрмегендерді  құдай  атады,  ант  ұрады. 
Абайдың  түсінігінде  құдай  жауыз,  сұм,  екіжүзді,  арамтамақ 
адамдарды жазалаушы. Отыз бесінші сӛзінде ол құдайды құлқынның 
құлы  болған,  халыққа  зҽбір  кҿрсеткен,  екіжүзді  қажылар 
мен молдалардың «адамның  сайтаны  –  монтаны  сопылар»  мен 
мейірімсіз 
мырзасымақтардың 
мақшарға 
барғанда 
зауалын 
тарттырушы  ретінде  суреттейді.  Абай  құдайды  залымдардың 
жазалаушысы деп түсіндіріп, қарапайым деистік бағыт ұстағанымен, 
ҿмір  сүрген  заман  тұрғысынан  қарағанда  дін  иелеріне,  оны  дұрыс 
ұстай  алмай  отырғандарға  сын  кҿзбен  қарағаны  анық.  Үшіншіден, 
құдай – махаббат пен ҽділдіктің ерекше кҿрінісі, адамды адалдыққа 
бастайтын  қамқор  да  жебеуші  күш.  Мұнда  Абай  алланы  дҽріптеуді 
емес,  құдайдың  жақсы  қасиеттерін  адамның бойына сіңіруді  мақсат 
етеді.  Сондықтан  да  «құдай»  концептісі  адам  бойындағы  асыл 
қасиеттер  –  адамгершілік,  ҽділеттілік,  шыңдық,  тҽрбие,  махаббат 
сияқты мораль мҽселелерімен байланыстырады, дінді адамгершілікке 
бағындырмақ болады: 
«Махаббатпен жаратқан адамзатты 
Сен де сүй ол алланы жаннан тҽтті. 
Адамзаттың бҽрін сүй бауырым деп, 
Жҽне хақ жолы осы деп ҽділетті...» [5] 
Осыдан  келіп,  түсіндірме  сҿздіктерге  жүгінер  болсақ,  «Құдай» 
концептісінің екі мағыналық кҿрінісі бар екеніне кҿзіміз жетеді: 
1.  Діни. Бүкiл  ғаламды  жаратушы;  алла  тағала,  құдiрет. ~ 
жаратты. 
2. Ауыс. Ең мықты әмiршi бастық. 
Қазақ 
нанымында 
«Құдай» 
сҿзінің 
қолданысындағы 
фразеологизмдер:  Құдай айдап  – тәңiрдiң  жазуымен;  Құдай ақы 
[ақына] –  ешқандай  ӛтiрiгi  жоқ,  шын;  Құдай алдында  сұраусыз – 
ешбiр сұрауы жоқ; Құдай алмады – ӛлмедi, құрымады; Құдай атқан 
[атқыр] –  қураған,  оңбаған;  Құдай атты  [ұрды] –  iсi  оңға  баспады, 
қырсық шалды; Құдай басқа бермесiн [салмасын] – ешкiмнiң басына 
кезiктiрмесiн;  Құдай  бердi –  сәтi  түстi,  ыңғайы  келдi;  Құдай 
бұйыртса  [бұйырса]  – сәтi  түссе,  орайы  келсе;  Құдай  бiлсiн 
[бiр Құдайдың  ҿзi  бiлсiн] –  неғайбыл,  белгiсiз;  Құдайға  аманат –
бiр құдайға тапсырдым; Құдайға жазды – күнәлы, жазықты болды; 
Құдайға құлшылық қылды [еттi] – аллаға жалбарынды; Құдайға [бiр 
құдайға]  тапсырды  –  бiреудiң  аман-есен  болуын құдайдан  тiледi; 

256 
 
Құдайға  тҽубе  [шүкiр]  –  қанағат  тұтқан  жағдайда  айтылатын 
тiркес;  Құдайға  шет  болма  – құдай алдында  айыпты,  күнаһар 
болма; Құдайдан безген (қарғ) – қадiр-қасиеттен жұрдай, оңбаған; 
Құдайдан  қайтсын  (тiлек)  –  есесiн  құдай  қайырсын;  Құдайдан 
қорықпады –  ұялмады,  қызармады;  Құдай  деген –  бәрiне  де  кӛне 
беретiн т.б. [6] 
Ата-бабаларымыз  ерте  заманнан-ақ  Құдай  жайлы  аңыз-
ҽңгімелерді  уағыздап,  нақыл-ақыл  сҿздер,  мақал-мҽтелдер  арқылы 
Алла Тағаланың құдіретін, қасиетін, адалдығы мен оның алдындағы 
пенденің  парыздарын  ұрпақтан-ұрпаққа  жеткізіп  келеді.    Мҽселен 
Аққа  құдай  жақ;  Десе  құдай  сұрасын,  Еңбек  етіп  құрасын; 
Жалғыздың  жары  құдай;Қорық  құдайдан,  қайт  райдан;  Құдайға 
сиынған құстай ұшады, адамға сиынған мұрттай ұшады; Құдайдан 
сұрасаң 
кешірер, кісіден 
сұрасаң 
үніңді 
ӛшірер;Құдайдан 
қорықпағаннан қорық, адамнан ұялмағаннан ұял; Құдайға құр сӛзбен 
құлмын деме; Мінсіз құдай, кірсіз су [7]. 
Жоғарғыдағы  мақал-мҽтелдерден  бүтіндей  бҽрі  дұрыс,  ҽрі 
орынды  қолданысын  тапқан  деп  айтуға  келмейді.  Себебі,  бұл 
мысалдар ішінде ойға қонымсыз ҽрі мысқылдық сипаттағы мақалдар 
да  жеткілікті.  Алайда,  соған  қарамастан,  бұл  халық  дүниесі,  халық 
түсінігі, халық танымы болып келеді.  
Қорытындылай  келе,  қазақ  халқының  танымындағы  «Құдай» 
концепциясы  ҿте  кең.  Халық  тек  Алла  Тағалаға  сыйынып,  намазға 
бас ұрып құлшылық етумен шектелмей, күнделікті ҿмір тіршілігінде 
де  кҿңіл-күй  ерекшеліктерін  аңғарту  мақсатында,  не  болмаса, 
дүниеге  қадам  басқан  сҽбидің  келер  ҿмірін  жақсылыққа  жетелеу 
мақсатында  Құдай  есімін  қолданысқа  енгізіп,  ҿз  сенімдерін 
айқындата түседі.  
 
Пайдаланылған ҽдебиеттер  
1 Жиренов С.А. /«Ҿмір-ҿлім» концептісі. – Алматы, 2007, - 26 б. 
2  Бұралқыұлы  М.  /«Қазақ  тілінің  түсіндірме  сҿздігі».  –  Алматы: 
Мектеп, 2008. – 680 б. 
3 Кубрякова  Е.С.  Краткий  словарь  когнитивных  терминов. – 
М.: Изд-во: Филол. ф-т МГУ им. М. В. Ломоносова, 1997.– 245 с. 
4  Ислам.  Атеист  сҿздігі  /  Авксентьев  А.  В.,  Акимушкин  О.Ф., 
Акиниязов  Г.Б.  жҽне  т.б.;  Пиотровский  М.  Б.,  Прозоров  С.М.  –  М.: 
Политиздат, 1988. 
5  Уикипедиа:  Саяси  түсіндірме  сҿздік.  –  Алматы,  2007: 
http://kk.wikipedia.org 
6 Ғаламтор желісіндегі түсіндірмелі сҿздік. 
 
 
 

257 
 
Резюме  
В  статье  рассматривается  концепт  «Бог»  на  материале 
фразеологизмов, пословиц, поговорок и притч казахского народа. 
 
Resume 
The  article  discusses  the  concept  of  «God»  in  the  material  of 
phraseology, proverbs, sayings and parables of the Kazakh people. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

258 
 
ОӘЖ 8 81 81-2 81-26 
          
Қ.ЖҦМАДІЛОВТІҢ «ДАРАБОЗ» РОМАНЫНДАҒЫ 
ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ЭМОЦИОНАЛДЫ-ЭКСПРЕССИВТІ 
СИПАТЫ 
 
Ж.Қ. ШОШАКОВА 
қазақ тілі мен ҽдебиеті магистрі, аға оқытушы 
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты 
А.Қ. АБДРАШЕВА 
гуманитарлық ғылымдарының магистрі, аға оқытушы 
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты  
 
Анотация 
Тілдік  экспрессия  адам  сезімінің,  мінезінің  ҽртүрлі  қырларын 
кҿрсетуге бағытталады. 
Мақалада тұрақты тіркестің эмоционалды-экспрессивті сипатын 
автор  кейіпкерлердің  ішкі  болмысын  таныту  үшін  қолданған.  Ол 
ҽсіресе,  авторлық  қолданыстағы  фразеологизмдер  экспрессивті 
мҽнде  тарихи  кейіпкерге  мінездеме  беруде,  кейіпкердің  ішкі  жан 
дүниесін  кҿрсетуде,  кейіпкердің  портретін  беруде  жҽне  тағы  басқа 
стильдік  реңктерді  таныту  кезінде  ерекшеленеді.  Бұл  жазушы 
шеберлігі мен қарым-қабілетінің жоғары екенін кҿрсетеді. 
Түйін  сӛздер:  «Дарабоз»  романы,  фразиологизм,  эмоционалды-
экспрессивті, лингво-стилистика. 
 
Фразеологизмдердің 
эмоционалдығы 
оның 
мағыналық 
коннотациясымен,  яғни  экспрессивтілік  сапа  белгілерімен  астасып 
қолданылады. 
Экспрессивтілік, 
ең 
алдымен, 
семантикалық 
категория.  Себебі  экспрессивтілік  фразеологизмдердің  мағыналық 
жағынан  жаңа  сипат  алып,  оның  мағыналық  құрылымындағы 
қосымша  реңктің  кеңеюіне  негіз  болады.  Экспрессивтілік  лингво-
стилистикалық  категория  ретінде  жалпыхалықтық  тілде  қалыптасып, 
жеке  қаламгердің  шығармашылығы    негізінде  кҿркем  ҽдебиетте 
дамиды [1, 9]. 
Кҿбіне  тілдік  экспрессия  адам  сезімінің,  мінезінің  ҽртүрлі 
қырларын кҿрсетуге бағытталады. Оларды жағымды жҽне жағымсыз 
деп қарастыруға болады. Мысалы, «Бұл күнде жасы елуден асып, еті 
ауырлап,  толыса  түскен  Ажар  бәйбіше  бір  ауылдың  анасындай, 
қолы  ашық,  дастарқаны  мол,  аса  байсалды  кісі  еді»  («Дарабоз»,               
41  бет)  фразеологизмдері  синонимдес,  мҽндес  келіп  кейіпкердің 
дара мінезін, жомарттығын білдіріп тұр.  
«Қу  бастан  қуырдақтық  ет  алатын,  тілінің  қотыры  бар, 
әзілқойлардың айтуынша, бір күні, ел жайлаудан түсе, Қарашаның 

259 
 
бір  топ  адамы  Зайсанның  базарына  мал  айдап  барған  кӛрінеді. 
«Қаладан  ӛз  құлағымызбен  естіп  келіп  отырмыз.  Орыстардың  екі 
сӛзінің  бірі  –Қараша.  Сірә,  біздің  елге  тістерін  басып  жүрген 
сияқты  дейді. Мұны естіген бүкіл Қараша ауылдары ертеңіне түп 
қопарыла  кӛшіп,  күнгейге  ауып  кеткен  екен  деседі»  («Дарабоз»,                
13 бет). «Қу бастан қуырдақтық ет алу» тұрақты тіркесінің негізгі 
беретін  мағынасы  жағымсыз  мҽндегі  қулықты,  аярлықты  білдіреді. 
ҚТФС  –де  –  қу  бастан  қуырдақтық  ет  алды  –  екі  басынан  ұстап, 
ортасынан  тістейтін  сараң  туралы  да,  арам  ниет  адам  туралы  да 
айтылады [ҚТФС, 332]. 
Ал,  контекст  бойында  тұрып  бұл  фразеологизмнің  алдыңғы 
мағынасы  ҽлсіреп,  ҽзілқойлық,  мазақтау  мағынасында  қолданылған. 
Тіркесті жалғастырып  тұрған  «тілінің  қотыры  бар»  фразеологизмі 
ҽзілдеу,  мазақтау  мҽніндегі  экспрессивтілікті  дамытып  тұр.  «Тісін 
басу» фразеологизмі біреуге ҿшігу мағынасын береді. Осы мағынаны 
автор контекстегі кейіпкерлердің қорқу, үрку кезінде ҿздеріне деген 
орыс адамдарының кҿзқарасын білдіру үшін қолданған. Бұл тұрақты 
тіркестің  эмоционалды-экспрессивті  сипатын  автор  кейіпкерлердің 
ішкі болмысын таныту үшін қолданған. 
«Авторлық  қолданыстағы  фразеологизмдер  стиліне  келер 
болсақ»  авторлық  фразеологизмдердің  тууын  жҽне  уақыт  ҿте  келе 
афоризмдерге  айналуын  проза  тілінен  байқаймыз.  Стилистикалық 
тұрғыдан  қарағанда  авторлық  фразеологизмдердің  қандай  мақсатта 
қолданылып  тұрғанын  да  айқындап  алу  қажет.  Себебі,  тұрақты 
тіркестер  тек  кҿріктеу  құралы  ғана  емес,  жазушының  кҿзқарасын, 
идеясын,  суреттеп  отырған  кейіпкерінің  ішкі  жан  дүниесін, 
болмысын  таныту  мақсатында  да  қолданады.  Сол  себепті  де  ғалым 
Р.Сыздықова: «Кҿркем туындының тілін лингвистикалық стилистика 
тұрғысынан  талдау  дегеніміз  тілдің  жеке  бҿліктерін  түгендеу  емес, 
сол  бҿліктердің,  айталық  сҿздердің,  тіркестердің,  сҿйлемдердің 
қолданысын,  қолданыстағы  кҿрінісін  зерттеу  болмақ.  Нақтылай 
айтсақ, сол бҿліктерді теріп алып, жалаң кҿрсете салу – кҿркем тілді 
зерттеушінің  шаруасы  емес,  сол  сҿздердің  қолданысы  қандай 
мақсатты ҿтеп тұр, солар арқылы жазушы нені, қалай суреттеп тұр – 
осыларды тану керек» - дейді [2, 11]. 
Фразеологизмдердің  қалыптасуындағы  ұлттық  сипат  туралы 
айтқанда  ұлттық  дүниетаныммен  ҿзін  қоршаған  ҽлемге  кҿзқарасы 
ретінде  туып  дамыған  салты  мен  дҽстүрінің  де  рҿлі  болғанын  айта 
кеткен  орынды  деп  санаймыз.  Ал,  шығарма  авторы  белгілі  бір  ұлт 
ҿкілі  ретінде  халықтың  ғасырлар  бойы  ұлттық  санасында 
жинақталған,  сақталған  тұрақты  сҿз  орамдарын  еркін  игерген.  Сол 
игерілген  дүниеден  жазушының  жеке  тұлғасының  дүниетанымына, 
психологиялық  санасына  сай,  тілдегі  сҿздерді  ойната  алу  мҽнеріне 

260 
 
сай,  тіпті  ҿзіндік  қалыптастырған  стиліне  сай  авторлық 
фразеологизмдер туады [1, 11]. 
Қ.Жұмаділов романында жалпыхалықтық тілге кең таралмаған, 
авторлық  тҿлтума  фразеологизмдерді  қолданған.  Р.Сыздықованың 
«...белгілі  бір  қаламгердің  жалпы  тілдік  қазынасын  жҽне  кҿркемдік 
байлығын  зерттеуде  оның  фразеологиясын  тауып  –  тану  ерекше 
орын  алады»  [2,  97]  деген  пікірін  басшылыққа  ала  отырып, 
шығармадағы  фразеологизмдердің  кҿркемдік  қызметін  тану  үшін 
арнайы талдау жүргізілді. Шығармада жағасын жырту, тар жерде 
таяқ  сілтесу,  қанатын  еркін  жаза  алмау,  жүзі  жайраң,  кӛңілі 
мейрам,  құм  қаптыру  із  жасыру,  кӛзге  қамшы  тигендей,  атаусыз 
қалдыру,  тар  жерде  таяқ  соғу,  торғайдай  тозып,  тарыдай 
шашылу,  кӛктен  сауып,  жерден  тауып  алу,  ірге  ажыратпау,  күлін 
кӛкке шашты (ұшырды), кӛзі шығу, қызыл танау қарбалас үстінде, 
шекесі қызу, түс жыртысу, түс салу, тісін басу, аузын айға білеу, 
тұлан тұтып тулау, омырау кӛрсету т.б. тіркестер қолданылған. 
Авторлық  қолданыстағы  фразеологизмдердің  тарихи  кейіпкер 
мінезін  айқын  да,  дҽл  беруге  қызмет  етіп  тұрғанын  мына  бір 
сҿйлемдерден  байқауға  болады.  Мысалы,  «-Мен  кәрі  сүйегімді 
сүйретіп,  жат  қолында  қалған  сонау  Ташкенттен  келгенде, 
жүрегімді жарған екі үлкен арман болат, - деді жасы жетіп, жағы 
түсуге айналса да жүрісінен жаңылмаған кәрі тарлан. – Оның бірі – 
кешегі Әз-Тәукенің алтын тағын, ту тіккен ордасын кӛріп, кӛңілімді 
бір демеу еді, ол арманым орындалды. Бұдан кейін хан кеңесіне келіп  
ағайынның  алтын  жүзін  кӛремін  бе,  жоқ  па  ол  жағы  –Алланың 
ісі...Екіншісі  –  ата-жұрттың  жау  қолынан  ада-күде  тазарып, 
азат-еркін ел болғанын кӛріп ӛлсем деуші едім. Арман шіркін алтайы 
түлкідей бұлаңдап, жеткізбейтін сиқы бар ма, қалай?! - деп ентігін 
басып  сәл  отырды.  -  Ӛмірі  басына  ноқта  кимеген,  кӛзіне  қамшы 
тимеген  азат  –  асау  ел  едік.  Тегінде  қасиетті  халқымыздың  қазақ 
деген есімі – азат деген сӛзбен тӛркіндес. Азаттықтан айырылғаны 
– қазақтың құрып біткені...» («Дарабоз», 15 б). Берілген мысалдағы 
кәрі  сүйегімді  сүйретіп,  жүрегімді  жарған,  жасы  жетіп,  жағы 
түсуге  айналған,  басына  ноқта  кимеген,  кӛзіне  қамшы  тимеген 
сияқты  авторлық  фразеологизмдер  кейіпкер  мінезін  сомдауға,  оның 
алдына қойған мақсатын айқындауға ҿз үлесін қосады.  
Қолданыста  дҽстүрден,  қалыптасқан  нормадан  ауытқып 
пайдаланылатын  фразеологизмдердің  жалпы  ішкі  мағыналары  кҿп 
жағдайда  сақталады.  Халықтық  қолданыстағы:  Әлде  мұнысы  –  «ит 
арығын  білдірмей,  қасқырға  жүнін  қампайтар»  дегеннің  кері  ме? 
(«Дарабоз», 56 б).  
«Ал  іргелес  отырған  Арғын,  Найман,  Керей  елінде  ӛтетін 
аламан  бәйгеде  әзірше  алдына  қара  салмай  келеді»  («Дарабоз»,               
106 б).  

261 
 
«Түбі  ұлыс  бегінің  қазақ  хандығымен  түс  жыртысатын  ойы 
жоқ секілді» («Дарабоз», 123 б). 
Бірінші  мысалда жазушы  бӛрі сҿзінің орнына ит сҿзін, екінші 
мысалда жан сҿзінің орнына қара сҿзін, үшінші мысалда бет сҿзінің 
орнына  түс  сҿздерін  алмастырып  қолданған.  Мұндай  авторлық 
ҿзгеріске түсіре қолдану бір жағынан оқырманның кҿңіліне ҽсер етіп 
эмоционалды-экспрессивті реңк тудырады.  
Фразеологизмдердің  окказионалды  ҿзгеріске  түсуін  шартты 
түрде  екі  топқа  бҿлуге  болады.  1)  құрамындағы  компоненттерді 
ҿзгеріске  түсіру:  «Сол  жылы  Аршалы  мен  Ақсай  ӛңіріне  жеті 
ағайынды жұт қатар келіп, тӛрт түлік малдан ӛзге күнкӛрісі жоқ 
кӛшпелі елдің бел омыртқасын үзіп кетті» («Дарабоз», 213б). Жұт 
жеті  ағайынды    тұрақты  тіркесі  –  жеті  ағайынды  жұт  қатар 
келіп түрінде ҿзгерген, яғни ішкі инверсияға ұшыраған; 2) құрамына 
жаңа  сҿздер  қосу:  «Қашан  да  Алакӛлге  кӛзі  түскенде  кӛңіліне 
тоқшылық  енгендей  жаны  жадырап,  арқасы  кеңіп  қалатыны 
болушы  еді,  бұл  жолы  уайым  бұлты  сейіле  қоймады»  («Дарабоз»,    
115  б).  Кӛңілі  тоқ,  арқасы  кеңіді,  уайым  бұлты  сейілді  тұрақты 
тіркестерін  жазушы  кӛңіліне  тоқшылық  енгендей,  арқасы  кеңіп 
қалатыны,  уайым  бұлты  сейіле  қоймады  деп  қосымша  элементтер 
енгізу арқылы тұлғасын кеңейтіп тұр.  
Фразеологизмдердің  кейіпкер  бейнесін  берудегі  тілдік- 
бейнелілік 
қызметі 
жайында 
айтар 
болсақ, 
тіліміздегі 
фразеологизмдер 
ҿздерінің 
табиғатына 
тҽн 
эмоционалды-
экспрессивтілігімен,  стильдік  бояуының  ерекшелігімен,  ұлттық 
колоритімен  кейіпкер  бейнесін  жан-жақты  кҿрсетуге  зор  мүмкіндік 
береді.  Бұл  орайда  фразеологизмдерді  шартты  түрде  бірнеше  топқа 
бҿлуге  болады:  1)  фразеологизмдердің  кейіпкерге  мінездеме  беруде 
қолданылуы; 2) фразеологизмдердің кейіпкердің ішкі психологиялық 
жағдайын  беруде  қолданылуы;                                  3)  фразеологизмдердің 
кейіпкер 
портретін 
беруде 
қолданылуы;                                                        
4)  фразеологизмдердің  кейіпкердің  нақтылы  қимыл-ҽрекетін  беруде 
қолданылуы [1, 13]. 
Кейіпкер  қуанышы,  реніші,  ашулануы,  риза  болуы  жҽне  тағы 
басқа  ішкі  психологиялық  сезімін  білдіру  үшін  стилистикалық 
фразеологизмдердің ҽсері күшті. Психологиялық тұрғыдан қарағанда 
адам  сезімі  мен  эмоциялық  жағдайы  екі  түрлі  қарастырылады.  Ал, 
кҿркем  проза  тіліндегі  фразеологизмдерді  саралай  келе  олардың 
сезімге  қатысты  қолданғаны  да,  белгілі  бір  эмоцияны  білдіру  үшін 
алынғаны да жалпы адам психологиясына қатысты екені байқалады. 
Психологиялық  сезім-күйді  білдіретін  фразеологизмдер  ұлттық 
ерекшелікке байланысты қалыптасады [1, 14]. 
Фразеологизмдердің  адам  психологиясын  білдіретін  түрлері 
кҿбіне  соматикалық  атауларға  байланысты  болады.  Мысалы: 

262 
 
«Мынаны кӛргенде комиссия басшыларының кӛздері атыздай болып, 
шарасынан шығып кетті» («Дарабоз», 96 б). «Әрі қонақтарын разы 
қылса,  әрі  сол  арқылы  Шихалдай  секілді  қызыл  кӛз  жаудың  ӛзегіне 
ӛрт келтіріп, мықтап бір қыр кӛрсетті» («Дарабоз»,66 б). Берілген 
екі  фразеологизм  бір-біріне  синонимдес  келіп  кейіпкердің  ішкі 
сезімін сыртқы бет-ҽлпетінің ҿзгеруі арқылы беріліп тұр. Осы сияқты 
адам  сезімі  мен  эмоциясын  білдіруге  бағытталған  фразеологизмдер 
адам дене мүшесіне байланысты туып, қалыптасқандар. 
Ҽр  ұлттың  ҿзіндік  мҽдениеті  мен  тарихына  байланысты 
қалыптасқан  фразеологизмдер  ғана  сол  ұлт  ҿкіліне  таныс,  түсінікті 
болады. Тұрақты тіркестердің кҿбі ұлт мҽдениетіне, ҿміріне, тұрмыс-
тіршілігіне,  ҿміріне,  психологиясына  байланысты  еркін  тіркестер 
негізінде қалыптасады [3, 14]. Мысалы: «Ӛзі де қанын ішіне тартып, 
сәл  сұрғылттау  болып  кӛрінетін»  («Дарабоз»,  67  б).  Осы  берілген 
мысалдағы «қан» сҿзімен байланысты туған фразеологизм ашулану, 
ызалану, кектену мағынасын береді. Дегенмен осы сҿйлемдегі қанын 
ішіне  тарту  фразеологизмі  кейіпкердің  мінез-құлқынан  гҿрі,  оның 
сыртқы бет-бейнесін беруге байланысты туған.  
Проза  тілі  фразеологизмдерінің  бір  бҿлігі  кейіпкердің  сыртқы 
портретін  беру  мақсатында  жұмсалады.  Кҿркем  шығарма 
кейіпкерлерінің  портреттері  арқылы  оның  мінезі,  белгілі  бір 
ситуацияға байланысты іс-ҽрекеті сипатталады. 
«Соны  айтып,  елшілерге  мал  сойып,  қонақасы  беруді 
жігіттерге  тапсырды  да,  ӛзі  қасына  Шынқожаны  ертіп,  үйге 
қарай бет алды. Ішке кірсе, Майсара қызыл танау қарбалас үстінде 
екен»  («Дарабоз»,  115  б).  «Сондағы  Әбілқайырдың  тұлан  тұтып 
тулағанын  кӛресің!»  («Дарабоз»,  133  б).Мұндағы  алғашқы 
сҿйлемдегі  «қызыл  танау  қарбалас  ҥстінде»  тұрақты  тіркесі 
кейіпкердің  тұрмыс-тіршіліктегі  отбасы  шаруасымен  қарбаласып 
жатқан  іс-ҽрекетін  білдірсе,  ал  екінші  сҿйлемдегі  «тҧлан  тҧтып 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет