часть казахского края (и Кустанайский уезд в том числе), благодаря
естественному орошению имеет заливные луга и ковыльные степи,
пригодна как для земледелия, так и для скотоводства. Положение
усугубляли последствия неразумной политики царских властей,
передававших лучшие участки казахских земель переселенцам из
других областей страны. Образовавшиеся островки русских
поселений затрудняли казахам ведение хозяйства. Добавлялось, что
«изменение границ центром без ведома местной власти, хорошо
знающей особенности края, вызывает лишь всякого рода
недоразумения, трения между властями на местах ». Вывод доклада
звучал убедительно и ясно: «при отторжении от Киркрая самых
культурных частей его, вроде Кустанайского уезда или северных
уездов
Акмолинской
области
(Петропавловск,
Омского,
Кокчетавского), о чем ходатайствует Сибревком, никаких разговоров
о Киргизской республике быть не может, ибо на полупустынной
территории не только процветание, но и существование
невозможно» [6, с.90]. Байтурсынов срочно по Постановлению
Кирревкома был командирован в Москву со всеми материалами и
настоятельно ходатайствовать перед Президиумом ВЦИК об отмене
его «постановления от 27 августа 1919 года в части, касающейся
Кустанайског уезда и о недопущении в дальнейшем никаких
изменений границ в областях, подлежащих ведению Кирревкома по
декрету Совнаркома от 10 июля 1919 года, до созыва
общекиргизского съезда, где представители киргизов и других
народов, как хорошо знающие край, сообразуясь со всеми
особенностями его, более или менее правильно смогут определить
границу Киргизской республики» [7, с.25-26].
202
Позицию Кирревкома поддержал съезд представителей
казахского населения Кустанайского уезда, созванного по
инициативе Джангильдина 18 октября. Съезд постановил «просит
Центр… об оставлении названного уезда в территории Управления
Степного (Казахского) края» [8, с.53].
Противостояние между Челябинским губкомом и Кирревкомом
продолжалось. Как считает М.П. Малышева, «в Челябинске (были)
готовы предать Казкраю «киргизские волости» своего Кустанайского
уезда на юге губернии». Для губревкома желательно разрешить
повисшую тяжелую проблему с аборигенным населением, Но в уезде
большинство населения составляли славяне. Так по наставлению
Челябинска Москва 12 декабря 1919 года подчиняет последнему.
Тем временем, Кирревком не дожидаясь указаний сверху,
22 декабря 1919 г. принял постановление впредь до съезда Советов
Казахстана и нового решения Центра «признать временно
Кустанайское отделение на правах уездного ревкома»
1 съезд Советов Кустанайского уезда 12-18 января 1920 г.
проходил с участием 251 делегата от русского, украинского и
немецкого населения 47 – от казахского. Представители аулов и
Кирревкома воздержались от постановки вопроса о возвращении
уезда в состав Казахстана на пленарных заседаниях и 17 января
провели свое отдельное заседание. Член КирревкомаФайзулла
Иманбаев выступил с докладом, и собравшиеся постановили
добиватьсясохранения уезда в составе Тургайской области, выразив
надежду, что это сделает Всекиргиский съезд Советов. Если же съезд
не сможет достичь цели, тогда ограничиться присоединением к
будущей республике казахских волостей [9, с.54-55.].
Кирревком не теряет надежд на решение вопроса и через
челябинские волости. Туда шлют телеграммы, письма. Наконец,
председатель Челябинского губревкома М. Поляков 4 марта 1920 г.
созывает совещание членов своего ревкома с участием делегатов
Кирревкома А. Байтурсынова, М. Сералина и представителей
казахского населения уезда. Соглашения достичь не удалось ни в тот
день, ни в последующие. Не подвинулась дело и после образования
согласительной комиссии. Челябинцы отвергли даже предложение о
создании киргизского уездного ревкома при сохранении уезда в
составе их губернии. Теперь оставалось только Москва как
единственная инстанция, способная решить вопрос.
Особую роль Кирревкомом обращал на необходимость
воссоединения
казахского
народа
в
составе
единой
административно-территориальной единицы – будущей Казахской
автономной республики – и на необходимости на деле покончить с
эксплуатацией
казахской
бедноты
русскими
казаками
и
кулаками.Москва усилила нажим на Челябинск, и 16 сентября 1920 г.
203
губревком принял постановление о передаче Казахстану всей
территории Кустанайского уезда в его дореволюционных границах.
В зародыше были уничтожены и притязания на кустанайские
земли со стороны властей Башкирской республики и еще более
претенциозные планы слить обе соседние тогда республики в
единую Киргизско-Башкирскую, выдвигавшиеся еще в декабре
1919 года [10, с.87.].
Споры о принадлежности этих территорий шли долгое время,
что вызывалось сопротивлением руководства Сибревкома и его
нежеланием уступать власть на казахских землях Казревкому. Лишь
протесты последнего и вмешательство центральных властей,
боявшихся оттолкнуть национальные окраины, привели к тому, что в
1920 г. Акмолинская и Семипалатинская области, а также
Кустанайский уезд были возвращены Казахстану, однако
фактическое воссоединение этих регионов произошло только в
1921 г.. Этот процесс совпал с острыми разногласиями в самом
ревкоме по вопросу о формах будущей казахской автономии и
включении в ее состав территорий с неказахским населением.
Список литературы
1 Хилюк М.А. Административно-территориальное деление и
экономическое районирование СССР. Киев, 1974. - С. 9.
2 Каппелер А. Россия - многонациональная империя:
Возникновение, история, распад. М., 1997. - С. 262.
3 Съезды советов РСФСР в постановлениях и резолюциях. М.,
1939. – С. 152.
4 См: Протоколы Революционного комитета по управлению
Казахским краем (1919-1920 гг.) Сб. документов составитель Т.Б
Меторпольская и др. Алматы: Ғылым, 1993. – С. 134.
5 Государственный архив РФ. Ф. 1318. - Оп. 11. - Д. 6. - Л. 35;
Протоколы революционного комитета. - С. 21, 134.
6 Кустанай: вчера, сегодня, завтра. Алама-Ата: Казахстан, 1979.
- С.90.
7 Козыбаев М.К. АхметБайтурсынов – ХХғасырдың ұлы
реформаторы // Отан тарихы. – 1998. - №3. - 25-26 б.
8 Цит. По Малышевой М.П.. Национально-территориальное
размежевание Сибири и Казахстана (19191922 гг.). Семипалатинск:
Семипалатинский гос. университет, 1999. - С.53.
9 Малышева М.П. Указ.соч. - С.54-55.
10 Протоколы Революционного комитета по управлению
Казахским краем. - С.. 87; Образование Башкирской АССР. Сб.
документов и материалов / Под ред. Б.Х. Юлдашбаева. Уфа: Баш.кн.
изд-во.1959. - С.424-427.
204
Түйін
Мақалада архивтік материал мен тарихи деректер негізінде
Сибревком басшылығының Қазревкомға қазақ жерлерінде билікті
беруге қарсылығын тудырған аймақтардың иесіне байланысты даулы
мҽселелер қарастырылған.
Resume
The article deals with the first stage of formation of administrative-
territorial organization in the Kazakh ASSR. It is related to Kustanay
district in 1919-1920, thresholding of the future republic and Kazakh
Revolutionary Committee activity. Special attention is paid to
A. Baytursynov‘s report where he proved the territory‘s natural-
geographical characteristics with the help of documents and materials. He
also defined ethnic composition, structure of economic management and
the economic relation of districts. There are some questions connected
with the definition and solution of territorial disagreement and argument
which were maintained by representatives of the Kazakh Revolutionary
Committee.
УДК951/959 (5каз)
НҦСҚАУЛЫҚ КІТАПТАРДЫҢ МӘЛІМЕТТЕРІ
БОЙЫНША АҚМОЛА ОБЛЫСЫНА ШАРУАЛАРДЫҢ
ҚОНЫСТАНУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-
ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЛДАРЫ
А.Т. БЕКСЕИТОВА
тарих ғылымдарының кандидаты,
Ш. Уҽлиханов атындағы Кҿкшетау мемлекеттік университеті
Аннотация
МақалаХІХ ғасырдың 2-ші жартысы – ХХ ғасырдың басындағы
Ақмола облысының аумағына шаруалардың қоныстануы жҽне оның
ҽлеуметтік-демографиялық
салдарын
зерттеуге
арналған.Осы
аралықта шығып тұрған Нұсқаулық кітаптар жҽне басқа да деректер
мҽліметтерін негізге ала отырып автор аталған уақыттағыпатша
ҿкіметініңжүргізген қоныстандыру саясатын Ақмола облысы
мысалында
қарастырып,облыс
аумағына
шаруалардың
қоныстануына жҽне оның ҽлеуметтік-демографиялық салдарына
сараптама жасайды.
205
Түйін сӛздер: Ақмола облысы,отарлау,қоныс аудару қоры,«бос
жатқан жер»,казактар, шаруалар,бекініс, желі,жергілікті халық.
Ақмола облысына шаруаларды қоныстандыру−қазақ даласын
отарлау тарихындағы ең маңызды жҽне күрделі кезеңдердің бірі.
Ресей ҿкіметінің қазақ даласын отарлауында екі кезеңді ажыратып
кҿрсетуге болады: 1) ҿлкеде ерікті отарлаушылардың пайда болуы;
2) олардың ізімен үкіметтік ҽскерлердің келуі. Ерікті отарлауды
тіршілік тауқыметінен қашып немесе оңай табыс табуды кҿздеп
келген шаруалар, қылмыскерлер, сектанттар мен ҽртүрлі топтар
құрады. Ҿз бетімен келіп қоныстанушылар кҿбіне оңтүстік Орал мен
қазақ
ҿлкесінің
солтүстік-шығыс
бҿлігіне
қоныстанды.
XVI−XVIII ғасырларда бұл аймақтарда ерікті қоныстанушылардың
саны мыңдап саналды [1, 148]. 1713 жылы Сібір генерал-
губернаторы князь Гагарин І Петр патшаға Ертіс ҿзені бойында
бірқатар бекіністер тұрғызу мүмкіндігі туралы мҽлімдеді [2, 16]. Бұл
мақсатты жүзеге асыруға 1715 жылы Бухгольц басқарған 3 000-ға
жуық адамнан жасақталған экспедиция аттандырылды. Экспедиция
Ямышев кҿлінің жағасында бекініс тұрғызуды бастады, алайда,
жоңғарлардың қоршауында қалып, үлкен шығынға ұшырағаннан
кейін Омь ҿзенінің сағасына қарай шегінді. 1716 жылы Омбы
қаласының (ҽскери бекінісінің) негізі қаланды. Келесі жылдары
патша ҿкіметінің Ертіс бойын иеленуге ұмтылуы жүзеге асырыла
бастады. Ямышев кҿлінің маңындағы бекініс жҽне Семей бекінісінің
(1718 жылы) негізі қаланды. 1720 жылы Лихарев басқарған 440
адамнан құралған, зеңбіректермен қаруланған жасақ Зайсан кҿлі мен
Қара Ертіске дейін барды. Қайтып келе жатқан жолында олар
Ҿскемен бекінісін тұрғызды [3, 189]. Патша үкіметі орыс билігін
күшейту үшін, жер аударылғандарды Ямышев бекінісіне тұрақты
орналастыру жҽне Жоңғариямен, Тибетпен жҽне Қытаймен сауда
қатынастарын жүргізу туралы жарлық шығарды. XVIII ғасырдың
30‒40-шы жылдары Жоңғарияның күшеюі орыстардың алға қарай
жылжуын уақытша тоқтатып, оларды шекараны нығайтуға назар
аударуға мҽжбүр етті. 1745 жылы орыс үкіметі жаяу жҽне атты
ҽскерлердің бес полкін шекараны күзету үшін жҽне жаңа бекіністер
тұрғызу үшін аттандырды. Осы уақыттан бастап ҿлкені қарқынды
түрде ҽскери отарлау мен орыс шекарасының оңтүстік бағытта дала
ҿлкесіне қарай біртіндеп кеңеюі басталды. 1752 жылы
генерал Киндерман Есіл ҿзенінің бойында Ҽулие Петр жҽне Павел
бекінісін тұрғызып, кейін оның атауы Петропавл болып ҿзгертілгені
белгілі. Алайда, одан бұрын дала ҿлкесінің солтүстік жҽне солтүстік-
шығыс шекарасы бойымен ұзындығы 720 верстаға созылған
бекіністер, форпостар мен редуттар шебі (2 алтыбұрышты бекініс,
9 тҿртбұрышты бекініс, 33 редут жҽне 42 маяк) салынды. Оларда
206
3 642 адам тұрды. Бекіністердің тұрғызылған орны тұзды кҿлдердің
тізбегіне жақын орналасқандықтан, Горькая шебі деген атауға ие
болды. Бұл шеп Омбы бекінісін батысқа қарай Орынбор ҽскери
қоныстар шебімен жҽне Ертіс ҿзені бойымен оңтүстік-шығыс
бағытта Семей бекінісімен байланыстыру үшін салынды. Қытайлар
жоңғарларды жеңгеннен кейін (1758 жылы) патша ҿкіметі Ертістің
бойынан Зайсанға дейінгі аумақты иеленіп алуды кҿздеді, алайда,
Зайсанды қытайлықтар басып алған болатын. Орыстар ҿз
бекіністерін тек Бұқтырмаға дейін жеткізе алды. Қытайлықтар
орыстардың оңтүстікке жылжуын тоқтату үшін Нарым ҿзені
бойында Қалба жотасының оңтүстік сілемдеріне дейін бірқатар
бекіністерін салып үлгерді. Орыс үкіметі қытайлардың қарсылығына
тап болғаннан кейін ҿз назарын қазақ даласының оңтүстігіне қарай
аударды [1, 152].
Қазақ даласындағы кҿшпелілердің XVIII ғасырдың 30-шы
жылдарынан бастап Ресей бодандығына ҿте бастағаны белгілі.
ХІХ ғасырдың басында патша ҿкіметі Омбы, Петропавл, Семей жҽне
т. б. қалаларында жергілікті отырықшы халықты қалыптастыруға
тырысты. Осы мақсатпен 1808 жылы жергілікті желілік казак ҽскері
құрылып, жермен, жалақымен жҽне азық-түлікпен қамтамасыз етілді.
Осы кезден бастап қазақ даласын отарлау ісі патша үкіметі
тарапынан ең маңызды міндеттердің біріне айналды. Атап айтқанда,
Сібір
қырғыздары(қазақтары)
Жарғысы
негізінде
халықты
қоныстандыру үшін 1824 жылы Кҿкшетау округі, 1832 жылы Ақмола
округі жҽне 1859 жылы Атбасар округі ашылды [4, 160].
Қоныстандыру қозғалысы 1846-1850 жж. Орынбор жҽне Саратов
губернияларынан ҽкелінген орыс казактары мен шаруаларын дала
ҿлкесіне қоныстандыруға арналған үкімет бұйрығы шыққаннан кейін
жүйелі сипат алды. Шақыртылған шаруалар мен казактар, барлығы 3
852
адам
Ақмола
облысына
сырттан
келген
алғашқы
қоныстанушылар болды. Олар Кҿкшетау уезіндегі егіншілікке
жарамды ең шұрайлы жерлерді иеленіп, мұнда бай жҽне халқының
саны кҿп станицаларды құрды. Осыдан кейін Ақмола жҽне Атбасар
уездерінде бір уақытта дерлік екі казак станицасы құрылды жҽне осы
уақыттан бастап отарлау ісі жоспарлы түрде ҽрі жылдам жүргізілді.
Ақмола облысының құрылуы қарсаңында оның сол кездегі
аумағында халық саны 375 370 адамға, оның ішінде отырықшы
халық 101 910 адамға жетті. Отырықшы халықтың уездер бойынша
орналасуы келесі кестеде берілген:
Кесте 6
У
Елді
мекендер
саны
Отырықшы
халық
саны
207
ездер
Қ
алала
р
К
азак
қоны
с-
тары
Ш
аруа
қоныс
-тары
Қ
алала
рда
К
азак
қоныс
-
тарын
да
Ш
аруа
қоныс
-
тарын
да
Б
ар
-
лы
ғы
О
мбы
П
етроп
авл
К
ҿкшет
ау
А
тбаса
р
А
қмола
1
1
1
1
1
2
7
4
4
1
5
1
1
–
–
–
–
–
2
8 505
9
604
1
685
9
39
5
072
1
3 683
2
5 829
1
6 593
–
–
–
–
–
–
–
4
2
18
8
3
5
48
8
1
8
27
8
9
39
5
07
2
Б
арлығ
ы:
5
8
8
–
4
5 805
5
6 105
–
1
01
91
0
Ескерту: Атбасар жҽне Ақмола уездеріндегі казак
станицаларының халқы қала халқының құрамында
кҿрсетілген.
[5, 74]. Кестеде кҿрсетілгендей, 1870-ші жылдарға дейін облыс
аумағында бірде-бір шаруа қонысы пайда болмаған жҽне
отарлаушылар ретінде толығымен казактар ғана рҿл атқарды. Бірақ,
1870-ші жылдардан бастап ҿлкені отарлаудағы басты рҿл
қоныстанушы шаруаларға ауысты.1861 жылы Ресейде шаруалардың
басыбайлық құқығы жойылғаннан кейін қара шаруаны қанап езуге
үйреніп қалған помещиктер жұмыс күшіне мұқтаж болып, қара
шаруалардың аяғына тұсау салуға түрлі шараларды қолданды.
Ҿкімет те, помещиктер де шаруаларды басқа жаққа жіберуге
ықыластары болмады. 1860-1890 жылдары Петропавл жҽне
Кҿкшетау уездеріне қоныстанушылардың барлығы 2 140 жанұясы,
13 000-дай адам келгеніне қарап, олардың аса кҿп келмегенін
208
байқаймыз [6, 71]. Бірақ, Ресейде капиталистік қарым-қатынас
ҿркендеген сайын, ҿкімет қоныстану саясатын күшейтті. ХІХ-ХХ
ғасырлар
тоғысында
Ресейдің
еуропалық
бҿлігінде
жер
қатынастарының айтарлықтай шиеленісе түсуі ондағы кең кҿлемдегі
аграрлық дағдарысты туындатты. Мемлекеттің белсенді түрде
жағдай жасауы арқасында шаруаларды кҿп қоныстанған оңтүстік-
батыс пен орталық губерниялардан империяның шеткі оңтүстік-
шығысына қоныстандыру арқылы аграрлық қайшылықтарды
экстенсивті жолмен шешіп, патшалық самодержавие ҿзінің
помещиктік жерге қожалық етуін сақтап қалуға тырысты.
Қоныстандыру саясатының алдыңғы кезеңінде мемлекеттік билік
ҽртүрлі кҿтермелеу шаралары арқылы кҿмек кҿрсетіп, азды-кҿпті
жағдайы бар, жаңадан кҿшіп барған жерлерінде егін шаруашылығын
оңалта алатын отбасыларды ғана қоныстандырса, ендігі кезекте
ХХ ғасырдың басынан қоныс аудару құқығына мүліктік жағдайына
қарамастан барлығы дерлік ие болды.ХІХ ғасырдың соңына дейін
Қазақстанныңдалалық аймағы мен Түркістан ҿлкесі қоныстану үшін
ресми түрде жабық болатын. Қоныстану ҿз бетінше жүрді, ал ҿңірдің
қандай да бір ҽкімшілік аймақтарына қоныс аударғысы келгендер
алдынала жергілікті ҽкімшіліктен арнайы рұқсат қағазын алулары тиіс
еді.
Ақмола
облысы
ҿзінің
тарихи,
географиялық
жҽне
этнографиялық жағдайы бойынша шаруалардың Сібірге қарай қоныс
аударуының бірінші кезеңіңде, ұлан-байтақ Батыс Сібір жазығының
отарланушы аудандарының ішінде маңызды рҿл атқарды.
Шындығында, Ақмола облысына шаруалардың қоныс аударуы 1870-
ші жж. 2-ші жартысында басталғанымен, облыс аумағы ұзақ уақыт
бойы қоныстану үшін жабық болып келді. Алайда, 1889 жылы 13
шілдеде «Село тұрғындары мен мещандардың қазыналық жерлерге
ҿз еркімен қоныс аударуы туралы» заң шыққанға дейін-ақ орыс
шаруалары кҿп жағдайда ҿз еріктерімен келіп қоныстанып отырған
[7, 30]. Мҽселен, 1866 жылдың ҿзінде-ақ Кҿкшетау уезіндегі
Саумалкҿл маңында Пермь жҽне Тобыл губернияларынан келген
шаруалар қоныс тепкен кішігірім елді мекен пайда болып, тҿрт
жылдың ішінде ондағы үй саны 50-ге жетті. Кейін, 1884 жылы
ҿздігінен кҿшіп келгендер тағы екі қоныс: Петропавл уезінде
орналасқан Явленное жҽне Кҿкшетау уезінде орналасқан Құндықкҿл
елді мекендерін құрды [5, 76]. Ҿлкеге ҿз еркімен алғаш
қоныстанушылар кҿп жағдайда Сібірдің ҽртүрлі қалаларынан келген
мещандар, ал ең бастысы Тобыл губерниясының Ақмола облысымен
жапсарлас жатқан Қорған жҽне Есіл уездерінен келген шаруалар
болды [1, 155]. Ҽдетте, Ақмола облысына қоныс аударуды
кҿздегендер мұнда алдымен арнайы адамдарды ‒ ходоктарды
жіберетін. Бұл адамдар ыңғайлы жерлерді қарастырып, қазақтардан
209
кішігірім жер телімдерін аздаған ақыға жалға алып отырды немесе
олардың рұқсатынсыз-ақ ҿңдей бастады. Жалға алынған немесе
басып алынған жерлерде үй-жайлар салынды, егін егілді. Жердің
құнарлығына кҿздері жеткеннен кейін, олар бұл жерлерді ұзақ
мерзімге заңдық актілерімен бекітіп алып, жерлестерін немесе басқа
да орыс қоныстанушыларын ҿздеріне шақыра бастады. Бірте-бірте
бұл иеліктер орыс шаруаларының бірнеше үйлерден тұратын
кішігірім елді мекендеріне айналды. Уақыт ҿте келе олардан
жергілікті қазақтардың қарсылық кҿрсетуіне қарамастан, тұтас
селолар ҿсіп шықты. Қазақ даласында орыс шаруаларының
қоныстарын құруға алғаш ресми рұқсат берілгенге дейін-ақ (1879
жылы) Ақмола облысында ҿз еркімен қоныстанушылардың 317
жанұясы тұрып жатты.
ХІХ ғасырдың 70-ші жылдарында Қазақ даласын орыс
отарлауының
жағдайы
Батыс
Сібір
генерал-губернаторы
Казнаковтың 1875 жылғы есебінде былай суреттелген: «Далалық
облыстардың жағдайы ерекше кҿңіл бҿлуді қажет етеді. Қазақтардың
орыс бодандығын қабылдаған уақыттан бері олардың азаматтығында
жасалған табыстар ҿте аз. Олардың егіншілікпен айналысуға деген
ҽрекеттері қытай үкіметі енгізген деңгейде ғана қалып отыр. Егер
қазақтар орыс халқынан алыста, ҿздерінің бос жатқан кең даласында
кҿшіп-қонуды жалғастыра берсе, олардың Ресей қоластындағы
бодандығы тек сҿз жүзінде жҽне санақ бойынша ғана қала бермек.
Қазақтармен кҿршілес бекіністер шебінде тұратын казактар саны
жағынан аз болғандықтан, бұл істе пайдасы шамалы, олардың ҿздері
қазақша сҿйлеуді үйреніп, кҿшпелі халықтың бірқатар ҽдеттерін
қабылдап алған». Қазақ даласын таза жер ҿңдеуші элемент ‒
шаруалармен қоныстандыру қажеттілігі жҿнінде мҽселені кҿтере
отырып, генерал-губернатор Казнаков отарлаудың жаңа кезеңі үшін
ауқымды міндеттер қойды жҽне оның негізгі принциптерін айқындап
берді. Бұл жҿнінде ол: «кҿшпелі халықты ығыстырмай, абайлап,
отырықшы халықты дала ҿлкесіне ішкерілей енгізу, орыс халқының
қазақтармен ҿзара қарым-қатынастарын жиілету ‒ осынау жартылай
жабайы халықтың мінез-құлқын жұмсартудың жҽне ҽл-ауқатын
кҿтерудің жалғыз тҽсілі болып табылады», ‒ деді [1, 156].
Қазақ ҿлкесін отарлау жҿніндегі бұл пікір орталық билік
тарапынан қолдауға ие болды. Сондықтан, қазақ жерінде негізінен
почта жҽне сауда жолдары бойында орналасатын орыс елді
мекендерін құру туралы шешім қабылданды. Ҿйткені, бұл сауда
кҿліктерінің қозғалысына ыңғайлы, ал жаңадан құрылатын
қоныстарда егіншіліктің дамуы, астықтың арзандауына жҽне
кҿшпелілердің ҿмірінің жақсаруына жағдай туғызады деп
түсіндірілді. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін Батыс Сібір
210
басқармасы жанынан дала ҿлкесін отарлау тҽртібі туралы ережені
жасап шығаратын ерекше комиссия құрылды.
Осыдан кейін қоныстану учаскелерін құру жҿнінде жұмыстар
басталды. Алдымен дала ҿлкесіне алдынала шолу жҽне отырықшы
мекендерді салу үшін ыңғайлы орындар іздестіру жүргізілді. Бұл
дайындық жұмыстары 4 жылға созылғанымен, олар күтілген үмітті
кҿбінесе ақтамады. Олай болу себебі, қоныстануға жарамды жер
таңдау үшін нақты негіз – егжей-тегжейлі табиғи-тарихи жҽне
статистикалық мҽліметтер болмады, сондықтан қажетті есептеулер
тым қарабайыр жҽне жобалап алына салды [1, 157].
Ақмола облысы құрылған кездегі отырықшы халықтың санын
28 жыл ҿткеннен кейінгі кезеңдегі, яғни ХІХ ғ. 80-90 жж. халық
санының жағдайымен салыстыратын болсақ, онда отырықшы
халықтың 1,8 есеге ҿсіп, жалпы саны 185 500-ге жуық адамға
жеткенін кҿреміз. ХІХ ғ. 60-90 жж. аралығындағы отырықшы
халықтың ҿсімін мына кестеден кҿре аламыз [5, 75]:
Кесте 7
Уездер
Қалаларда
Казак
станицаларында
Шаруа
қоныстарында
барлық
келгендер
%
барлық
келгендер
%
барлық
келгендер
%
Омбы
Петропавл
Кҿкшетау
Атбасар
Ақмола
21 987
11 025
2 318
1 383
2 620
77
108
136
150
52
6 970
13 734
13 140
–
–
50,8
53,2
80
–
–
9 268
34 820
46 079
9 337
12 868
–
–
–
–
–
Барлығы:
39 333
85,8
33 814
60,3
12 868
112 372
Ескерту: Атбасар жҽне Ақмола уездеріндегі казак станицаларының халқы қала халқының құрамында
кҿрсетілген.
Бұл кестеден отырықшы халықтың саны ең алдымен қоныс
аударушы шаруалардың есебінен, одан кейін Омбы жҽне Петропавл
қалаларында халықтың ҿсуі есебінен ұлғайғаны байқалады.
Облыс халқының жалпы ҿсімінің ең кҿп бҿлігі, атап айтқанда
61 537 адам Кҿкшетау уезінің үлесіне тиді. Оның себебі, Кҿкшетау
уезінің табиғи жағдайы жағынан отарлау үшін қолайлы болуында.
Петропавл уезінде де халықтың күрт ҿскені байқалды, мұны қоныс
аударушыларға арналған мекендердің салынып, оларға шаруаларды
кҿшіріп ҽкелумен түсіндіруге болады. Қоныс аударушылар толқыны
негізінен Кҿкшетау, Атбасар жҽне Ақмола уездеріне қарай ағылды.
Есіл ҿзені бойындағы жерлер егін шаруашылығы үшін ҿте қолайлы,
шабындығы мен қайыңды ормандары мол, ҿзен салалары мен
кҿлдерінде балық кҿп кездесетін жерлер еді. Сондықтан, бұл
жерлерге шаруалар кҿптеп қоныстанып, нҽтижесінде Явленное
211
(2 633 тұрғыны бар), Коноваловское (2 393 тұрғын), Мариинское
(3 175 тұрғын) сияқты ауқатты селолар пайда болды [5, 76].
Ақмола жҽне Атбасар уездеріне негізінен далалық ішкі
губерниялар: Самара, Воронеж, Харьков губернияларынан жҽне Дон
облысынан қоныс аударған шаруалар келді. Бұны Ақмола жҽне
Атбасар уездерінің далалық губерниялар халқы ғана тіршілік ету
үшін бейімделе алатын, орман-тоғайы жоқ дала аймағы болуымен
түсіндіруге болады.
Қоныстанушы шаруаларға алдымен жан басына 30 десятинадан
жер телімі берілсе, 1882 жылдан бастап жан басына берілген жер
15 десятинаға дейін қысқартылды. 1882-1884 жылдары Ақмола
облысындағы қоныстанушыларға арналған 30 жер телімінің 18-іне
шаруалар қоныстандырылды [1, 157].
1889 жылы 13 шілдеде Мемлекеттік Кеңестің маңызды шешімі –
«Село тұрғындары мен мещандардың қазыналық жерлерге ҿз
еркімен қоныс аударуы туралы» заңы қабылданып, соған сҽйкес
шаруалардың қазақ даласына қоныс аударуының жаңа кезеңі
басталды. Бұл заң бойынша Ақмола облысы шаруалардың бос
жатқан қазыналық жерлерге ҿз еркімен қоныстануына рұқсат
берілген аймақтардың қатарына енгізілді. Осының нҽтижесінде
отарлау қозғалысының ауқымы айтарлықтай кеңейе түсті, атап
айтқанда, 1889 жылдың басында облыста 8 352 адам тұратын
19 шаруа елді мекендері болса, сол жылдың аяғында облыста
24 шаруа қоныстары, ал олардағы халық саны 11 740 адамға жетті.
1890 жылдың мамыр айында Орынбор арқылы Ақмола облысына
905 жанұя, оның ішінде 810 жанұя Самара губерниясынан, барлығы
5 326 адам келді. 1890 жылы қоныс аударушылар легінің кҿп
болғаны соншалық, күзге қарай Ресейдің еуропалық бҿлігінің
32 губерниясынан Ақмола облысына жер алуды кҿздеп келген
15 000-нан астам шаруалар шоғырланды.
1891 жылы Еуропалық Ресейдің, Орал бойы мен Батыс Сібірдің
кҿп бҿлігін қамтыған ауыр қуаңшылықтың салдарынан шаруалардың
қалың легі Ақмола облысының жері арқылы Томск губерниясының
Барнаул округіне, сондай-ақ Семей облысына қарай жаппай кҿше
бастады. Бірақ, күз мезгілі болуы себепті олардың айтарлықтай
бҿлігі Кҿкшетау, Атбасар жҽне Ақмола уездерінде, Петропавл жҽне
Омбы қалаларында, жол бойындағы казак станицалары мен
поселкелерінде қыстап қалды. Ақмола облысында қыстап қалуға
мҽжбүр болған қоныс аударушылардың жалпы саны 7 000 адамға
дейін жеткен. Аса қажеттіліктен туындаған бұл қоныс аудару
1892 жылы да тоқтамады жҽне қарастырылып отырған кезеңде
ешқайда жайластырылмаған 4 390 адамнан тұратын 915 шаруа
жанұясы Ақмола облысында қалып қойды. Осыған байланысты,
қалып қойған шаруалардың ауыр жағдайы ескеріле отырып,
212
1892 жылы 26 наурызда жҽне 23 сҽуірде олардың Ақмола
облысының аумағындағы бос жатқан қазыналық жерлерге
орналасуына үкімет тарапынан рұқсат етілді. Сонымен қатар, жерге
тұқым сеуіп, үй салулары үшін оларға қоныс аудару қорынан
несиелер мен жҽрдемақылар берілді [5, 77]. Транссібір темір
жолының салынуы (1891-1905 жж.) қоныс аударушыларды жеткізу
үшін қажет материалдық инфрақұрылымды жасап берді. Белгілі
тарихшы Санжар Асфендияровтың мҽлімдеуінше, 1891 жылы Еділ
ҿлкесінде болған ашаршылық жҽне Солтүстік Қазақстанның жерін
басып ҿтетін Сібір темір жолының салынуы патша ҿкіметінің
қоныстандыру саясатын күшейте жүргізуіне үлкен жағдай туғызды
[6, 71]. 1893 жылы 4 наурызда бекітілген Сібір теміржол
комитетінің ережесі бойынша қоныстанушыларға темір жол желісі
бойындағы алдын ала бҿлініп қойылған жерлерге орналасуға рұқсат
етілді. «Бос жатқан қазыналық жерлерді» есепке алу үшін 1893 жылы
13 маусымда үкіметтің рұқсатымен ерекше уақытша межелік
жұмыстармен айналысатын партия құрылды. Бұл межелік партия
1893-1895 жылдар аралығында Перопавл уезінде 37 жер телімін,
Омбы уезінде 20 жер телімін қоныстанушыларды орналастыру үшін
бҿліп берді. Сондай-ақ, Петропавл уезінде 9, ал Омбы уезінде 10 жер
телімі қосымша қорға алынды. Қоныстанушыларға арналған жер
қорының жалпы кҿлемі 383 695 десятинаға жетті. Алайда,
межелік партияның жұмысы мұнымен аяқталып қалмады. Мҽселен,
Кҿкшетау уезінде жаңа келгендерді жайғастыру үшін 1895 жылы
жалпы ауданы 42 736 десятина жерді құрайтын
8 қоныс аудару жҽне 1 қосымша жер телімі айқындалып, межеленді.
Дала генерал-губернаторлығының 12 уезінде қазақтардың жерді
пайдалануы бойынша құнды материалдарды 1896-1901 жылдары
Қоныстану басқармасының белгілі статисті Ф. А. Щербина басқарған
экспедиция жинақтады. Соның ішінде Ақмола облысының
5 уезіндегі қазақтардың шаруашылығы зерттелді. Экспедицияның
кҿздеген мақсаттарының бірі ‒ жергілікті халықтың «артық жерлерін
анықтап», оларды қоныстандыру қорына алу еді [8, 29.].
1894 жылдан 1904 жылға дейінгі кезең аралығында Сібірге
қоныс аударушылар мен ходоктардың шамамен 16%-ы Ақмола
облысына жіберілді. 1906 жылы облысқа 61 771 адам кҿшіп келді,
бұл жалпы қоныс аударушылардың 30%-н құрады. Ал 1908 жылы
облысқа аумағына қоныс аударғандардың саны 140 350 адамға
жетті.1894-1906 жж. аралығында Ақмола облысына қоныстанған
шаруалар мен олар құрған елді мекендердің санын келесі кестеден
кҿруге болады[5, 78]:
213
Кесте 8
Жылдар
Елді
мекендер
саны
Ерлер саны
Ҽйелдер саны
1894 жыл
1895 жыл
1896 жыл
1897 жыл
1898 жыл
1899 жыл
1900 жыл
1901 жыл
1902 жыл
1903 жыл
1904 жыл
1905 жыл
1906 жыл
54
87
132
134
138
150
200
206
217
233
248
260
299
20 382
32 180
52 583
59 607
64 252
69 857
83 033
87 898
90 613
96 317
105 489
105 938
122 609
19 213
29 629
46 816
53 642
58 059
64 567
77 057
81 417
82 454
90 303
98 282
99 577
105 435
Самодержавиелік ҿкіметтің қоныстандыру саясатының жаңа
бағыты этникалық жҽне ҽлеуметтік топтардың бірін қалдырмай еркін
қоныстануын мойындады, яғни, Дала ҿлкесінің жергілікті басқару
орындарынан
қандай да бір
рұқсат
алудың
қажеттілігі
туындамады.Бұл бағыт 1903 жылы 12 наурызда, 1904 жылы
6 маусымда, 1905 жылы 3 қарашада жҽне 1906 жылы
10 наурызда қабылданған «Ауыл тұрғындары мен мещандардың
(қалалық ұсақ буржуазияға жататын ұсақ саудагерлер, қолҿнершілер)
ҿз еріктерімен қазыналық жерлерге қоныс аударуы» туралы
заңдарынан кҿпшілік-құқықтық кҿрініс тапты [9, 604]. Олар қоныс
аудару құқығын кеңейтумен қатар потенциалды мигранттарды
кепілден босатты. Қоныс аударушылар үшін ҿтеу тҿлемдері
азайтылып, кейіннен мүлдем алынып тасталды жҽне белгілі бір
ҽлеуметтік-экономикалық жеңілдіктер мен материалдық кҿмек
кҿрсетілді.
1905-1907 жылдардағы революцияның қарсаңында жҽне
бастапқы кезеңінде Ресейдің еуропалық бҿлігіндегі аграрлық
толқулар одан сайын ҿрши түсті. Бұл ІІ Николайдың үкіметін
алдыңғы аграрлық саясатты түбегейлі қайта қарастыруға жҽне
шаруалар қауымын жою туралы шешім қабылдауға итермеледі.
1906 жылдың 9 қарашасында Министрлер Кеңесінің тҿрағасы Петр
Аркадьевич Столыпин (1906-1911) шаруаларды қауымнан хуторға
бҿлу туралы үкімін шығарды. Қауымнан шығу шарттарын
1910 жылғы 14 маусымда қабылданған заң шаруалардың қоныс
аудару бастамасын құқықтық жҽне материалдық-қаржылық
ынталандыру жолымен біржола бекітті. Бұл қабылданған заңнамалар
қауымдық жер пайдалануға айтарлықтай ауыр соққы болды жҽне
деревнялардың ҽлеуметтік-экономикалық бҿлінуін едҽуір тереңдетті.
Жаңа
қабылданған
аграрлық
заңдардың
негізінде
П.А. Столыпин үкіметі «Қазыналық жерлерге қоныстандыру
Ережесін» жасады. Қабылданған нормативтік-құқықтық актілерге
сҽйкес шаруалар мен жер иеленуші мещандар қауымнан шығуға,
ҿздерінің жер үлестерін сатуға жҽне қоныс аударуға немесе
214
ходоктарды (жер кҿріп қайтушылар) «Азиялық Ресейге қоныстану
үшін қазыналық жерлерді кҿріп қайтуға» жіберуге құқылы болды
[10, 245]. Мемлекеттік саясат кедей шаруалардың империяның шеткі
оңтүстік-шығысына қоныс аударуына белсенді кҿмек кҿрсетуімен
қатар кешенді ҽкімшілік іс-шаралар ҿткізуді де ҿз мойнына алды,
яғни, қоныстануға арналған жерде тұрақты егін шаруашылығын
қалыптастыру үшін жер ҿңдеу жұмыстарын жүргізді. Бастапқыда
қоныс аударған шаруалар ҿздерінің қоныстарына орналасқаннан
кейін отбасындағы адам басына 30 десятинадан жер
алды. Бастапқы кезде казактарға жан басына шаққанда
25 десятинадан берілсе, ХХ ғасырдың басынан 20 десятина жер
үлестірілді. Қоныс аударушыларға жер телімдерін үлестіріп берудің
кҿпжылдық тҽжірибесі Қазақстанда жергілікті кҿшпелі халықтан ең
құнарлы жерлерді ҽкімшіліктің тартып алуымен жүзеге асты. Бұл
аграрлық саясаттың негізі ҿлкенің барлық территориясында
мемлекеттік меншік құқығының болуында жҽне уақыт ҿте келе
қазақтар иеленіп отырған жерлерді қоныс аударушы шаруаларға,
казактарға жҽне т. б. ҿзге ұлттың қоныстанушыларына үлестіру үшін
кең кҿлемдегі экспроприациялау (бір топтың жеке меншігінен,
бұрынғы ҽлеуметтік артықшылығынан айырылуы) жүргізілді. Яғни,
Столыпинның аграрлық реформасының нҽтижесінде кҿшпелі
қазақтардан жерлерін тартып алу үрдісі жаппай жүргізілді. Бірінші
дүниежүзілік соғысқа дейін кҿшпелі қазақ халқынан 40 млн.
десятинадан астам жер тартып алынды, бұл ҿлкенің жер кҿлемінің
20%-ын құрады.
ХХ ғасырдың басында орыс самодержавиесінің Қазақстан мен
Орталық Азиядағы аграрлық саясаты жаңа қоныс аудару саясатының
маңызды ажырамас бҿлігіне айналды. Бұл саяси бағыт бірнеше
маңызды геостратегиялық мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталды:
астық тұқымдас дҽнді дақылдарды себуді ұлғайту жҽне
тауарлы астық пен басқа да дҽнді дақылдардан жасалатын
тағамдардың ҿндіріс кҿлемін ұлғайту үшін ҿлкенің аграрлық
экономикасында отырықшы егіншіліктің секторын кҿбейту;
кҿшпелі мал шаруашылығымен айналысқан қазақтардан ең
құнарлы жерлерді тартып алып, оны егін шаруашылығы саласында
дҽстүрлі маманданған этностық топтарға беру;
ресейлік отаршылдықтың ҽлеуметтік базасын географиялық
шет аймақтар, халық аз қоныстанған, конфессионалды қол үзілген
аймақтарда кеңейту;
жергілікті
кҿшпелі
халықтың
жерді
иелену
жҽне
пайдаланудағы ескі қауымдық жүйесін сақтап қалу;
шекараның бойына дейін ішкі далалық аудандарда отырықшы
православиелік халықты қоныстандыру арқылы кҿршілес ірі
215
мемлекеттермен, ең алдымен Қытаймен, қауіпсіздіктің стратегиялық
осал тұстарын нығайту [10, 246].
Орыс-украин шаруаларын елдің шеткі оңтүстік-шығысына
қоныстандыру қажеттігінің маңыздылығы сонда, империяның
еуропалық бҿлігінде аграрлық қайшылықтардың шешілуі, қазақ
жерін мемлекеттік-ҽкімшілік басқарудың жеңілдеуі, халықтық
отарлаудың жҽне аграрлық егіншіліктің, сауда жҽне ҿнеркҽсіптік
қатынастардың экономикалық игерілуі ресейлік самодержавиенің
қоныстандыру саясатын тұтастай айқындайды.
ХХ ғасырдың алғашқы 15 жылында Ресейдің кҿптеген қара
топырақты губерниялары мен Украинадан Қазақстан жеріне кҿптеп
орыс, украин, татар жҽне неміс шаруалары қоныс аударды.1912
жылға дейін қоныстанушылардың шыққан басты аудандары
Полтава, Курск, Чернигов, Тамбов жҽне Воронеж губерниялары
болды. Келесі бірнеше жылдың ішінде Екатеринослав, Полтава,
Херсон, Курск, Харьков, Киев, Таврия, Чернигов, Воронеж,
Подольск, Бессарабия жҽне Тамбов губернияларынан ең кҿп
қоныстанды [11, 97]. Қоныс аудару қозғалысыбірқалыпты емес, ҽр
жылда ҽркелкі болды. Қоныс аударушылардың кҿбі Қазақстан
жеріне 1908 жылға дейін орнықты. Кейін қоныс аудару қарқыны
тҿмендеді. 1912 жылы Ресейдің оңтүстік-батыс аудандарындағы
астықтың шықпай қалуы жҽне ашаршылықтың салдарынан қоныс
аудару айтарлықтай ҿсті, бірақ бірінші дүниежүзілік соғыс
басталғаннан кейін қайтадан азайды.1897-1916 жылдар аралығында
Қазақстанға қоныс аударған 1,14 млн. Адамның 731,5 мыңы
немесе 47%-ы Ақмола облысы аумағына орналасты [10, 246].
Облыстың ҽкімшілік жҽне қоныс аудару органдары жерге
орналастыру комиссиялары жіберген ходоктарды қабылдаумен жҽне
тіркеумен қатар, облысқа түрлі уақытта арнайы берілген рұқсатсыз,
тҿлқұжатпен келген «ерікті» қоныс аударушыларды орналастырумен
де айналысты. 1909-1910 жылдары облысқа ҿз еркімен
қоныстанғандардың санын анықтау бойынша жұмыстар жүргізілді.
Жиналған мҽліметтерге сҽйкес, 1909 жылы облыста уақытша тұрып
жатқан 56 500 ер адам анықталды, ал 1910 жылғы 20-қазандағы
мҽліметтер бойынша олардың саны 46 220-ға дейін азайғаны, яғни,
10 000 адамға жуық кемігені анықталды. Бұдан ҿзге, аталған уақытта
облыс аумағында 637 келімсек (ходок) тұрған.
Уақытша тұрып жатқандарды орналастыру үшін 1910 жылы
Жерге орналастыру мен егіншілік Бас басқармасы оларға Қиыр
Шығысқа баруы үшін ходок куҽліктерін беруге рұқсат етті. Бір жыл
ішінде мұндай куҽліктерге 1 248 жанұя ие болды. Уақытша тұрып
жатқан жанұяларды облысқа келу уақыты бойынша қарастырсақ:
1907 жылға дейін 2 250 жанұя, 1907 жылы – 1 768 жанұя, 1908 жылы
– 4 296 жанұя, 1909 жылы – 4 647 жанұя, 1910 жылы – 2 341 жанұя
216
болған. Бұл облыстағы «ерікті» қоныс аударушылардың 15 %-ы бес
жылдан астам уақытша тұрып жатқанын кҿрсетті. Ҿз еркімен қоныс
аударушылардың басым бҿлігі шаруа мекендерінде жалға алушылар
ретінде тұрып, шаруашылықпен айналысты жҽне жер алуға
үміттенді. Мұндай шаруалар отарлау мақсаты үшін ең қажет элемент
болып табылды: олар қоныстанушылардың арасында тұрып, ауыр
жағдайларға тҿзе білді. Жерді жалға алғаны үшін ақы тҿлеумен
қатар, уақытша тұрып жатқандар, ҽдетте, мал баққаны үшін,
балаларын оқытқаны үшін жергілікті шаруа қауымдастықтары
пайдасына салық тҿледі [12, 10]. 1910 жылы тіркелген қоныс
аударушыларға Үкімет тарапынан мынадай кҿмек кҿрсетілді:
шаруашылық жүргізу, жалпы қажеттіліктері үшін несиелер, азық-
түлікке жҽне егістік тұқымына астық, үй салу үшін ағаш кесуге
рұқсат беретін тегін билеттер берілді жҽне дҽрігерлік кҿмек
кҿрсетілді. Сол жылы шаруашылық жүргізу үшін 1 430 900 сом 16
тиын кҿлемінде несие берілді. Қоныс аударушыларға мұндай
несиелер 1906, 1907, 1908 жҽне 1909 жылдары да беріліп отырған.
Несие кҿлемі 1909 жҽне 1910 жылдары едҽуір ұлғайған, атап
айтқанда, 100 сом жҽне одан да кҿп несие берілген жанұялар саны
кҿбейді. Бұл жағдай шаруашылыққа қажет құралдардың, негізінен,
күш-кҿлік ретінде жҽне сүтін пайдаланатын ірі қара малдың
қымбаттауымен түсіндіріледі. Қоныс аударушылар бастапқыда
берілген несиенің бір бҿлігін азық-түлікке жұмсауға, сондай-ақ
қазыналық ормандардан ағаштың тегін берілуін қысқартуға
байланысты, үй салу үшін ағаш сатып алуға жұмсады.
Қазына тарапынан тегін бҿлінетін ағаш жергілікті жерлерде тым
аз болуы себепті, қоныстанушылардың барлығына бірдей берілген
жоқ. Ағашты солтүстіктен оңтүстікке жеткізу шаруаларға қымбатқа
түсті, облыс аумағының оңтүстігінде орманды жерлер болмады.
Темір жол бойымен қозғалыстың облыста жеке ұйым ретінде
бҿлініп шығуына байланысты, жолақысына берілетін несиелер
кҿлемі азайды. Бір жылда 38 ходокқа 221 сом, ҽрқайсына орта
есеппен 6 сомнан берілген, қоныстануға бара жатқан
9 жанұяға жалпы 90 сом, ҽр жанұяға 10 сомнан жолақы несиесі
берілген.
1910 жылғы Қоныс аудару басқармасының сметасы бойынша
облысқа 100 000 сом бҿлу жоспарланған, бірақ іс жүзінде шығындар
13 258 сомға асып кетті. Сол жылы рұқсат етілген несиелерден
28 709 сом несиенің жетіспеушілігіне байланысты берілмей қалды,
бұл сома 1911 жылға қалдырылды.
1910 жылы берілген несиелер жұмсалу бағытына қарай тҿменде
кҿрсетілгендей бҿлінді:
20 қоғамдық мектептерге . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 37 900 сом
6 қоғамдық шіркеуге . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 25 500 сом
217
дұға оқу үйлеріне . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 2 000 сом
шіркеу керек-жарақтарына . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 1 500 сом
5 шіркеулік-причталық үйлерге . . . . . . . . . . . . . . . 11 000 сом
7 серіктестік пен 2 жеке тұлғаға диірменге . . . . . . . . 4 300 сом
2 серіктестіккекірпішзауытына . . . . . . . . . . . . . . . . . 1 000 сом
21 құдыққа . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 2 320 сом
1 шұғаматасыншығаратынкҽсіпорынға . . . . . . . . . . 600 сом
2 май шайқайтынкҽсіпорынға . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 950 сом
3 қоғамдастыққанансақтайтындүкендерге . . .912 сом 30 тиын
1 серіктестікке ұстаханаға . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 200 сом
13 қоғамдастыққа ішкі жер бҿліктерін межелеуге...18 375 сом 71
тиын
_______________________________________________________
_
Барлығы . . . . . . . . . 106 568 сом 01 тиын [12, 12].
Қоныс аударушыларды тіркеу бойынша Челябі пунктінің
мҽліметтеріне сҽйкес, 1911 жылы Сібірге қоныс аударушылардың
21 690 жанұясы, барлығы 185 933 адам келген. Бірақ, 12 233 жанұя
немесе 117 866 адам Ресейге қайтадан кҿшіп кеткен. Жоғарыда
кҿрсетілген қоныс аударушылардың ішінде 1911 жылы Ақмола
облысына 2 928 жанұя, 26 806 адам келді, ал 24 123 адам облыс
аумағынан кҿшіп кетті [13, 8].
1912 жылға дейін барлық қоныс аудару ісімен жергілікті қоныс
аудару ұйымдары айналысты. Сол уақытта облыс аумағында ауыл
халқының тұрмысын жақсарту міндеттері жүктелген 16 шаруа
басшыларымен 5 уездік съездер жұмыс істеді. 1913 жылы шаруа
басшыларының саны 26-ға жеткізіліп, құрамы қоныс аудару
ұйымдарының шенеуніктерімен толықтырылды. Енді олар қоныс
аудару істерін ҿз учаскелері бойынша жүргізетін болды. Шаруа
басшыларының қызметін екі міндетті мүшеден жҽне кеңседен
тұратын Облыстық Басқарманың Шаруа бҿлімшесі бақылап отырды
[14, 9]. Осылайша, Дала ҿлкесіне шаруалардың қоныс аударуы
кҿшпелі қазақ ауылының экономикасына ҿз ҽсерін тигізді. Кҿшпелі
қазақ қоғамына жағымсыз ҽсер еткен факторлардың қатарына
ҿлкенің байырғы халқынан үлкен кҿлемде жердің алынуын, олардың
жем-шҿбі мен су кҿздері аз аймақтарға ығыстырылуын жатқызамыз.
Патша ҿкіметінің Ресейдің ішкі губернияларынан шаруаларды қазақ
даласына, оның ішінде Ақмола облысының аумағына қоныс аударту
арқылы отарлау саясаты жҽне осы аймақта ҿзіне ҽлеуметтік тірек
дайындауды кҿздеген мақсаты жүзеге асырылды.
ХІХ ғасырдың 2-ші жартысы – ХХ ғасырдың басында
шаруалардың жаппай қоныс аударуы салдарынан Дала ҿлкесі халқы
218
саны
жағынан
кҿбейіп,
халықтың
полиэтникалық
жҽне
поликонфессионалдық құрамы қалыптасты.
Пайдаланылған ҽдебиеттер
1
Россия. Полное географическое описание нашего Отечества. Том 18.
Киргизский край. СПб., 1903. – 488 с.
2
Казахско-русские отношения в XVI-XVIII веках. Сборник документов и
материалов. Издательство Академии наук Казахской ССР. Алма-Ата, 1961. – 732
с.
3
Аполлова Н. Г. Присоединение Казахстана к России. Издательство
Академии наук Казахской ССР. Алма-Ата, 1948. – 247 с.
4
Красовский М. Материалы для географии и статистики России,
собранные офицерами Генерального штаба. Область сибирских киргизов. Часть
ІІІ. Санкт-Петербург, 1868. – 268 с.
5
Памятная книжка Акмолинской области на 1909 год. Омск: Типография
Акмолинского областного правления, 1909. – 263 с.
6
Асфендияров С. Қазақстан тарихының очерктері. Алматы: «Санат», 1994. –
120 б.
7
Кауфман А. А. Переселение и колонизация. Санкт-Петербург. 1905. – 445
с.
8
Толыбеков С. Е. Кочевое общество казахов в XVII ‒ начале XX века.
Издательство «Наука» Казахской ССР. Алма-Ата, 1971. ‒ 636 с.
9
Полное собрание законов Российской империи. Собрание третье. Том
ХXІV. 1904. Санкт-Петербург: Государственная типография. 1907. – 1271 с.
10 Ерофеева И. В. Столыпинская аграрная реформа и массовое переселение
славянского и немецкого крестьянства (1900-1907) // В книге: Масанов Н. Э.,
Абылхожин Ж. Б., Ерофеева И. В., Алексеенко А. Н., Баратова Г. С. История
Казахстана. Народы и культуры. Алматы: «Дайк-Пресс», 2001. – 608 с.
11 Бекмаханова Н. Е. Многонациональное население Казахстана и
Киргизии в эпоху развития капитализма (60-е годы ХІХ в. – 1917 г.). Москва:
«Наука», 1986. – 245 с.
12 Памятная книжка и адрес-календарь Акмолинской области на 1912 год.
Омск: Акмолинская областная типография, 1912. – 451 с.
13Памятная книжка г. Омска и Акмолинской области на 1913 год. Омск:
Акмолинская областная типография, 1913. – 532 с.
14Памятная книжка Акмолинской области на 1915 год. Омск: Областная
типография, 1915. – 158 с.
Резюме
В статье расматриваются переселение крестьян и их расселение в
Акмолинской области, а также социально-демографические последствия
переселения.
Resume
The article deals with the relocation and resettlement of farmworkers in the
Akmolaregion . It also considers the social and demographic consequences of
migration .
219
Достарыңызбен бөлісу: |