Қазақ бiлiм академиясының баяндамалары 1-2/2016 Журнал 2008 жылдан бастап шығады



Pdf көрінісі
бет23/25
Дата17.01.2017
өлшемі2,33 Mb.
#2083
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25

ӘОЖ 82.0        
 
ӘЛКЕЙ ХАҚАНҦЛЫ МАРҒҦЛАН 
 
С.Б. ЖҦМАҒҦЛОВ 
филология ғылымдарының докторы, профессор 
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 
 
Аннотация 
Мақалада  отандық  ғылымның  бірегей  тұлғасы,  энциклопедист 
ғалым  Ҽлкей  Хақанұлы  Марғұланның  ғылыми-шығармашылық 
ҽлемі  қарастырылады.  Ұлттық  руханиятты  зерттеп-зерделеудегі 
маңызды  зерттеушілік  қадамдарының  жаңашылдығы  мен  ҿзектілігі 
сараланады.  Ҽдебиет  пен  мҽдениет  қайраткерлерінің  болмысын 
ашудағы эстетикалық кҿзқарасы байыпталады. 
Түйін  сӛздер:  энциклопедист  ғалым,  отандық  ғылым,  кешенді 
зерттеу,  ұлттық  руханият,  Алаш  қайраткерлері,  Шоқантану, 
Абайтану, рухани мұра. 
 
Қазақтың  алып  даласы  елге  тұтқа  болған  талай  тархандардың 
ҽрі  ҽлемге  ғылым-білімнің  нұрын  тҿккен  ғұламалардың  құтты 
мекені, ырысты ҿлкесі болған. Тектілікке тҽн жасампаздық ғұмырын 
ҿмірінің асқақ тұғыры деп білген ұлт зиялылары елге қызмет етудің 
құтты  білігін  рухани  жарасымда  ҿркендеудің  күре  тамырына 
айналдыруда  ҿшпес  із,  мҽңгілік  ҿнеге  қалдырды.  Қазақ 
руханиятындағы сондай кемел қасиетке ие дара тұлғалардың бірегейі 
-Ҽлкей Хақанұлы Марғұлан. 
Ақжан  Машани  қазақ  даласының  ұлы  перзенті  Ҽл-Фараби 
мұрасының 
маңызын 
ғалымның 
имани 
қасиеттерімен 
байланыстырып: «Ғылым деген сҿздің ҿзі аса жоғары қасиетті есім. 
Ол ҿзі кҿп тараулы, терең білімді, шексіз ғаділ, қайырымды, адамдық 
ардың  жоғары  дҽрежесін  тұтынған  адам  болу  керек.  Ондай  Есім 
ешкімнің  алдында  жалбыранып,  бақыт  іздеп,  бас  имеске  керек. 
Ондай  адамды  дүние  пұлы,  ҽлемнің  бағы,  патшаның  тағы 
қызықтырмаған керек. Оның іздегені ғылыми хақиқат. Ол бір тұрған 
адам баласының ақыл ойының бейне бір ҽлемге бірдей шам шырағы 
болу  керек.  Ғалым  Есіміндегі  ҿзінен  жоғары  мҽнсаптың  алдында 
шыбындау,  ҿзінен  тҿменнің  алдында  қырыңдану  сияқты  сасық 
паңдық  деген  болмас  керек.  Осындай  Есім  күнделікке  азбайды, 
мҽңгілікке  тозбайды.  Ондай  Есім  бізде  болған  ба?  Болған,  ол  - 
Фараби»  деген  болатын.  Осы  бір  ілкі  қасиеттердің  қазақ 
топырағында  Шоқан  Уҽлиханұлы,  Ахмет  Байтұрсынұлы,  Қаныш 
Сҽтбайұлы, Бауыржан Момышұлы сынды ғасыр саңлақтары арқылы 
дҽстүр  арнасында  жаңғырып,  отандық  тарих  пен  мҽдениет,  ҽдебиет 

303 
 
пен  ҿнердің  сан  ғасырлық  мұрасын  кешенді  зерттеген  Ҽлкей 
Хақанұлы  Марғұланның  ғылыми-шығармашылық  тұлғасымен 
сабақтасуы ғажайып та заңды құбылыс.  
1919  жылы  Мҽшһүр  Жүсіп  Кҿпейұлының  баласы  Ҽмен 
қамқорлығымен  Керекудегі  мұғалімдер  курсында  оқыған  дарын 
кейіннен  қыр  перзенттерінің  рухани  орталығы  болған  Семей 
педагогикалық техникумында білімін ұштады. Шҽкҽрім ақын «Таң» 
журналына  жаңа ҽнмен байғазы»,  «Таң»  журналына  тағы бір  ҽнмен 
байғазы» ҿлеңдерін арнаған «Таң» журналының (1925 жыл. Наурыз-
маусым)  жҽне  «Қазақ  тілі»  газетінің  (1919-1929)  редакциялық 
істеріне  араласып,  алғашқы  мақалаларын  жариялайды.  Бұл  ретте 
Ҽміре  Қашаубаевтың  Париждегі  концерті,  жүлде  алуына  қатысты 
жазған мақаласы ерекше назар аудартады. 
Қандай  да  болмасын  таланттың  бойындағы  хас  даралық 
қасиеттерінің  тұнық  тұмасы  -  туған  жері,  ҿскен  ортасы.  Міне, 
Мҽшһүр  Жүсіп,  Жаяу  Мұса,  Имантай  сынды  ұлт  рухани  мҽйегін 
кейінгі  ұрпақ  санасына  сіңірген  тарландардан  бата  алған  дарын 
ғалым  болып  қалыптасуына  Сұлтанмахмұт  Торайғырұлы,  Ҽбікей 
Сҽтбайұлы,  Қаныш  Сҽтбайұлы,  Хакім  Иманбекұлы,  Жағыпар 
Секербайұлы,  Жаяу  Мұса  ерекше  ҽсер  еткенін  зор  ілтипатпен  атап 
кҿрсеткен-ді. 
Ал 
Алаш 
арыстарымен 
рухани 
арнадағы 
шығармашылық  тығыз  байланыста  болуы  Ҽлкей  Хақанұлының 
азаматтық 
тұлғасы 
жҽне 
ғалымдық 
келбетіндегі 
ұлттық 
ұстанымдарының мызғымас негіздерін мҽңгілікке қалады.  
ХХ  ғасыр  бедеріндегі  қазақ  ғылымының  Атилласы  іспеттес 
тұлғаның  1926-1927 жылдары КСРО Ғылым академиясының одақтас 
жҽне  автономиялық  республикаларды  зерттеу  жҿніндегі  комитет 
мүшесі  академик  А.Е.  Ферсман,  профессор  С.И.  Руденко 
басшылығымен  Қазақстан  жҽне  Алтай  бойынша  ұйымдастырылған 
экспедияларының 
жұмысына 
қатынасуы 
болашақ 
ғылым 
ізденістеріне  кең  ҿріс  ашты.  Ҽсіресе  экспедиция  барысында  Алаш 
қайраткері  Ҽлихан  Бҿкейханмен  бірлесіп  қызмет  атқаруы  ҿмір 
белесіндегі  тарих  тартуы  тұрғысынан  қалам  қарымына,  елшілдік 
мұраттағы отаншыл қасиетіне бұла күш дарытты. 
Саяси  қысым  шығармашылық  еркіндікті  үнемі  тұсаулап 
отырғанымен, 
ғалым 
ҿз 
естеліктерінде 
Алаштың 
рухани 
кҿсемдерінің  ұлт  керегі  дегеннен  бас  кетсе  де  тартынбаған  ерен 
еңбектері  мен  қастерлі  есімдерін  қашанда  зор құрмет сезіммен  еске 
алып отырды. Мысалы, «Біздің Мұхтар» (1976) атты жинаққа енген 
«Алғашқы ҿрлеу» мақаласында «...Мұхаңның атын кҿпшілікке ҽйгілі 
еткен  ең  алдымен  «Абай»  журналы  еді.  Бұл  журналда  Мұхаңның 
беташары  деуге  болады.  Ҿйткені  оны  бірінші  рет  ұйымдастырып, 
оның  негізгі  мақалаларын  жазған  кҿбінесе  Мұхаңның  ҿзі  болатын. 
Бас  редакторы  –  Жүсіпбек  Аймауытов»  (1,131)  деп  жазды.  Ал 

304 
 
Мағжан  ақынның  сұлулық  ҽлемінің  тылсым  құдыретін  Жүсіпбек 
Аймауытұлынан  кейін  эстетикалық  биікте  ҽдіптеген  де  Ҽлкей 
Марғұлан болатын. «Менің ҿз білуімде, қазақтан сол кезде екі ҽдемі 
кісі  болатын.  Мынау  сұлулықты,  лҽззҽттылықты,  сосын  дүниедегі 
жақсы  нҽрсені  жақсы  кҿретін  екі  кісі    болып  еді.  Біреуі  –  Мұхтар, 
екіншісі  –  ақын  Мағжан  болатын.  Осы  екеуінің  түріне 
қарағанымызда,  құлпырып  тұрған  қыран  құстай  оларға  еш  пенде 
жетпейді  деп  ойлайтынбыз»  деген  тебіреніс  күйіндегі  сағыныш 
сазымен ҿрнектей отырып жеткізді [2, 68]. 
Алаш зиялылары ер басына күн түскен алмағайып ҽрі ар ҿлшемі 
таразыға тартылар тайталас тағдыр тауқыметіне қарамастан ата-баба 
қанынан  дарыған  имани  қасиеттеріне  берік  болды.  Оның  терең 
тамырлы  діңгегін  дауылды  жылдар  екпіні  де  шайқалта  алмады. 
Сталинизм зобалаңында Алаштың арда ақыны Мағжан Жұмабайұлы 
тергеушінің: 
«Ленинградта 
тұрғанда 
кімдермен 
байланыс 
жасадыңыз?»  -  деген  арандатқыш  сұрағына:  «Ленинградта  кҿп 
тұрғаным  жоқ.  Елден  ҽйелімді  шақыртып  алдым.  Досым,  ҽрі 
поклоннигім Ҽлкей Марғұлан есімді жігіт жиі келіп тұрды, ҽйтсе де 
кҿп ұзамай ол жігіт ауырып, ауруханаға түсті. Содан байланысымыз 
үзіліп  қалды»  -  деп  жауап  берді.  «Ойнайды  заман  сойылы  –  ақын 
ҿлтіру  ойыны!  Заңын  да  салып  соңына,  жарын  да  салып  соңына, 
кҿріне даусын жеткізбей, еліне даусын жеткізбей, аузы мен мұрнын 
тығындап,  сыртынан  сұмдар  сыбырлап,  жас  бала  демей  қарбытып, 
баспана  бермей  қаңғытып,  ойнайды  заман  сойылы  –  ақын  ҿлтіру 
ойыны»  (Жұматай  Жақыпбаев)  қазақ  ұлтының  зиялы  қауымын 
қынадай қырған ҿлара тұста арлы ақын Мағжан Жұмабайұлы Алаш 
аманатын  арқалаған  Ҽлкей  Марғұланды  саяси  арандатудан  қорғап 
қалды. «Ішкі істер наркомының айлакер тергеушісі кейіннен Мағжан 
аузынан  шыққан  кісілердің  тізімін  жасапты.  «Қайсысы  қай  жерде 
жүр» деп ҽлгі тізімді қайыра ҽкеліп алдына тартыпты. Сонда Мағжан 
Ҽлкей  Марғұлановтың  тұсына  «ҿлді»  деп  белгі  соғыпты»  [3,  267]. 
Міне,  Мағжандай  ұлт  перзентінің  елдік  қасиеттерді  асқақ  тұтқан 
ҿрлігі  мен  ерлігі  Алатаудай  асқақ,  Ұлытаудай  нар  тұлғасындағы 
парасат ҽлемінің ұлық дидарын асқақтатата түседі. Осы ретте Ҽлкей 
Хақанұлының  азаматтық  һҽм  ғылыми-шығармашылық  тұлғасының 
қалыптасуындағы  Алаш  қайраткерлерінің  ҿрісті  ықпалы  ғұламаның 
ғылыми  ғұмырнамасын  тұрғысынан  терең  екшеуді,  байыпты 
зерттеуді қажет етеді.  
Ҽлкей  Марғұланның  естеліктері  Алаштың  ақылмен  ақындары 
мен  сал-серілерінің  ҿршіл  рухтағы  ҽсемдік  күйге  бҿлейтін  сыршыл 
ҽуезге  толы  ғажайып  та  жарқын  ойға  толы  бір  бүтін  жойқын  ҽлем 
іспеттес.  Қазақ  ҽдебиеті  мен  ҿнері  Халық  университетінде  1974 
жылы  16  тамызда  сҿйлеген  сҿзінде  Мұхтар  Ҽуезұлы  туралы 
тереңнен  сыр  шертіп,  суреткердің  ҽсемдік  ҽлеміне  қатысты:  «Ол 

305 
 
алтын  адам    бейнесін  жасаған  суретші,  оны  ҽдебиеттің  сұлулық 
қақпасына  ҽкеліп  кіргізген  кісі...  Мұқаң  адамшылыққа  жол  ашқан, 
айға,  аспанға,  жұлдызға  ұмтылған  кісі.  Ҽуезов  кҿптеген 
шығармаларында  кҿтерген  мҽселелері  –  терең  ойлы,  ар  намыс, 
шындық, адалдық. Ар, намыс, шындық бҽрі бір категория. Ар, намыс 
бар  жерде  шындық  та  болады.  Оған  негіз  болған  нҽрселер  –  Абай 
үлгісі,  Абайдың  школасы,  мектебі  десем,  шынында  Мұқаңның 
жаңағы  ой  қазыналары  кҿбінесе  кемеңгер  Абайға  барып  тіреледі»  - 
деп дҽстүр негіздерінің болат ҿзек түп тҿркініне ой сала зерделейді. 
Семейде  Мұхтар  Ҽуезұлымен  танысқан  Ҽлке  Хақанұлының 
Абай  туған  қасиетті  Шыңғыстауда  болуы  да  оның  ҿмір  белесіндегі 
айтулы  кезең-ді.  Асылдың  сынығы  Тұрағұлмен  жүздесіп  сырласуы 
қазақтың  бас  ақынының  кҿркемдік  құпиясына  енуіне,  ұлт  рухының 
айбыны болған қасиетті мекеніннің рухани тыныс-тіршілігімен етене 
танысуына  серпін  берді.  Ақын  туған  орта,  оның  текті  ұрпақтарына 
қатысты  құнды  да  маңызды  тақырыптар  білгірлікпен  қамтылған 
естеліктерінде сол бір ұмытылмас күндер жайында «Шыңғыстаудан 
алған  алғашқы  ҽсер  ҿте  тамаша  еді.  Ҿйткені  талай  ауылға  бардық, 
Тұраштың  ҿз  үйінде  болдық,  ҽлгінің  бүлдіршіндей  балалары 
сҿйлегенде,  былай  ҿлең  айтқанда,  олардан  бір  жақсылықтың,  бір 
сұлулықтың  исі  аңқып  тұрғандай  кҿрінді»  [2,  72],  «Жебеш  деген 
ҽнші болды Тұрағұлдың баласы – Жебірейіл деген. Жебірейіл сияқты 
Абайдың  ҿлеңдерін  ешбір  пенде  осы  күнге  дейін  айта  алған  емес. 
Оны жұрт Жебеш дейтін. Жебештің «Қараңғы түнде тау қалғыпты» 
айтқаны  анау  Орда  тауының  түбінде  отырып,  ҽлі  күнге  дейін 
құлағымда»  [2,  74]  деп  тебірене  жазды.  Тұрағұл  Абайұлы  (1876-
1934), Жебрҽйіл Тұрағұлұлының (1903-30) шығармашылық тұлғасын 
ашудағы сырлы сезімдегі эстетикалық толғаныстары Ҽ.Марғұланның 
ҿнер  құдіретін  айрықша  бағалаған  жан  ҽлемінің  кҿркемдік  иірімін 
танытады.  
Ұлт  руханиятының  алтын  бесігі  Шыңғыстау  ҿлкесі  туралы 
естеліктерінде  Шҽкҽрім  Құдайбердіұлына  қатысты  деректер 
кездеспейді. Десек те жаһан ғылымы мен ілімін терең игерген ғалым 
Шҽкҽрімнің  «Түрік,  қырғыз-қазақ  һҽм  хандар  шежіресімен» 
(Орынбор,  1911)  жан-жақты  таныс  болды.  Қайым  Мұхаметқанұлы 
«Шаһкҽрім»  зерттеу  мақаласында  ақынның  аталған  шежіресіндегі 
Алаша  ханға  қатысты  тарихи  деректерді  айта  келіп,  Абай  мен 
Шаһкҽрімнің  берген  мағлұматтарын  академик  В.В.Бартольдтың 
еңбектерінен  кҿреміз  деп  жазады  [4,  69].  Ал  Ҽлкей  Марғұлан 
Ленинградттағы  Шығыс  институтының  түркология  бҿлімінде, 
сонымен  қатар  тарих-филология  факультеттерінде  қатар  оқығанда 
жҽне  де  Ҿнер  институтында  дҽріс  тыңдап  жүргенінде  Орта  Азия 
тарихы  мен  археологиясы  жайында  академик  В.В.  Бартольд 
дҽрісінен  нҽр  алғаны  мҽлім.  Санкт-Петербург  университетінің 

306 
 
шығыс  тілі  факультетін  тамамдап,  ғылыми-оқытушылық  қызмет 
атқарған  ҽрі  Орта  Азия  мен  қазақ  даласының  тарихын,  мҽдениетін 
терең зерттеген В.В.Бартольдтың (1869-1930) Шҽкҽрім шежіресімен 
таныс  болғаны  да  еш  күмҽн  тудырмайды.  Міне,  Ҽлкей  Хақанұлы 
Шҽкҽрім Құдайбердіұлы шежіресіндегі кейбір тарихи дерек кҿздерін 
«О  носителях  древней  поэтической  культуры  казахского  народа» 
(Кітапта: 
М.О.Ауэзову. 
Сборник 
статей 
к 
его 
шестидесятилетию.А.,1960)  зерттеу  мақаласында  келтіреді.  Абай 
қолжазбаларын  мұрағаттардан  тыңнан  тапқан  ғалым  «Абай 
шығармаларының  негізгі  нұсқасы  болып  табылатын  Мүрсейіт 
Бікеұлының  дҽптерінен  басқа  князь  Кудашевтің,  Садуақас 
Мұсаұлының,  Г.Н.  Потаниннің,  И.Я.  Коншиннің  тізбелерін 
салыстыра  зерттеп,  олардың  жазылған  жылдарын  анықтады. 
Кудашев  тізбесінің  Садуақас  қолжазбасының  кҿшірмесі  екенін 
дҽлелдеді»  (Т.Рсаев).  Ҿз  кезегінде  қолжазбаны  бірінші  рет  тізген 
Мҽшһүр  Жүсіп  Кҿпеев  екенін,  ал  Садуақас  ҿз  дҽптеріне  кҿшіріп 
алғанын  да  дҽйектеп,  ол  тізбеде  Абай  шығармаларынан  басқа 
бірнеше  ақынның,  соның  ішінде  Арыстан,  Табынбай,  Шҽкҽрімнің, 
Мҽшһүр  Жүсіптің  жазғандары  да  бар  деген  құнды  дерек  кҿздерін 
нұсқады («Қ.Ҽ».1969.16.ҮІІІ).  
Орыстың  В.В.  Сиповский,  Р.  Кулле  сынды  атақты 
ғұламаларының  Абай  мұрасын  тануына  ҽрі  насихаттауына  рухани 
дҽнекер  болған  ҽмбебап  ҽдебиетші  Ҽлкей  Марғұлан  зерттеулерінің 
ең мҽнді арнасы – Абай жҽне  Шоқан мұрасы.  
Бұл  бағыттағы  зерттеулері  соны  сипаттағы  ізденістер 
тұрғысынан отандық ҽдебиеттануда озық мҽнге ие. 1929 жылы Абай 
шығармашылығынан  дипломдық  жұмыс  жазған  ҽдебиетші  мұрағат 
материалдарын ғылыми айналымға енгізе отырып, абайтануды соны 
деректермен 
толықтырды. 
«Абайдың 
жаңадан 
табылған 
қолжазбалары»  («Социалистік  Қазақстан».  1954.21.ІХ),  «Абайдың 
Ленинградтағы 
қолжазбалары» 
(«Ҽдебиет 
жҽне 
искусство».1957.№3),  «Абайдың  інісі  Халиуллаға  жазған  хаты» 
(«Қ.Ҽ».  1959.12.ҮІ),  «Абайдың  қолжазбасы»  («Қ.Ҽ».1963.16.ҮІІІ), 
«Жас  Абайдың  фотобейнесі»  («Қ.Ҽ».1970.2.Х),  «Күміс  сандық 
құпиясы» («Қ.Ҽ».1981.1.І), «Ақын ҿскен орта» («Жұлдыз». 1982.№4) 
ҿзге де ғылыми зерттеулерінің ҽдеби-тарихи, танымдық-тағылымдық 
маңызы  айрықша.  Мҽселен,  Ақан  серінің,  Жаяу  Мұсаның  жҽне 
Абайдың фотосуреттерін мұрағаттардан тауып ұсынған ғалым «Жас 
Абайдың  фотобейнесі»  («Қ.Ҽ».1970.2.Х)  мақаласында  ұлы  ақын 
фотобейнесінің  жарыққа  шығуы  –  «ақын  ҿмірін  толық  зерттеп  білу 
үшін  аса  қымбатты  деректердің  бірі,  Абай  атын  ғасырлар  бойы 
ардақтайтын  жарқын  бейне»  деп  білді.  Ақын  бейнесіндегі  даналық 
пен парасаттың, ұлылық пен кемеңгерліктің кемел тұлғасына ҿзгеше 
сезім  күйінде,  ҿршіл  рухта  ене  отырып:  «Осындай  терең  ойлармен 

307 
 
шұғылданып  жүрген  жас  Абайдың  суреттегі  отырысы,  оның 
қияпаты,  жан  күйін  сыртына  шығаруы  ол  кездегі  қазақтардан 
бүтіндей  ҿзгеше.  Кесслердің  фотосындағы  Абай  ойға  батқан  жас 
кемеңгер, ақылымен, рухани күшімен кҿпшілікті ҿзіне қаратқан жігіт 
ағасы.  Оның  байсалды,  маңғаз  түрінен  білімнің,  ойдың,  сезімнің, 
сұлулықтың  аңқыған  күшті  лебі  кҿрінеді»  дей  келіп:  «Мағауияны 
қоспағанда,  Абай  мен  оның  балаларының  жалпы  сипаты  ғасырлар 
бойы  ҿркендеп  келген  түркі  тайпаларының  антропологиялық 
келбетіне  келеді»  [5]  деген  құнды  пікір  айтады.  «Жалпы  айтқанда 
Ленинград пен Москва архивтерінде Қазақстан туралы екі-үш ғасыр 
бойы  жиналған  мҽліметтердің  кҿптігі  сонша,  оларды  қазақ 
тарихының,  мҽдениетінің  алтын  қазынасы  деуге  болады:  қандай 
қиын  мҽселелердің  соңына  түссең  де  оңай  шешетін  материалды 
содан  табасың.  Саясат,  білім,  шаруа,  мҽдениет,  ҿнер,  техника, 
география,  жер  тану,  геология  (кен  орындары),  гидротехника  (жер 
суару,  кҽріз,  шығыр),  архитектура,  тағы  басқа  толып  жатқан 
мҽселелерге қатысты мҽселелердің барлығы да кезігеді» деп мұрағат 
қорындағы  ұлт  мұрасын  игерудің  бағыт-бағдарын  да  білгірлікпен 
нұсқады.  
Ғалым  ҿзінің  қандай  да  болмасын  тың  зерттеулеріне  ҿзек  етіп 
алған  тақырыптарын  мұрағат  негізіндегі  маңызды  деректермен 
нығыздап,  ұлтымыздың  айтулы  тұлғаларының  ҿмірі  мен  қоғамдық 
қызметін  бағалауға  отаншылдық  рухтағы  парасат  биігінен  келді. 
«Ақын  туған  орта»  мақаласында  Құнанбай  тұлғасын  қазақ 
қоғамының тарихи шындығы тұрғысынан ҽділ бағалап, мұрағаттағы 
тың  деректерімен  толықтырды.  Дала  тарланының  дара  туған 
болмысын  бағалаудағы  саяси  танымдағы  қасаң  пайымдардың  сеңін 
бұзды.  Құнанбайдың  ата-бабасына,  үрім-бұтағына,  ҽлеуметтік  ҿмір 
ағысындағы  қайраткерлік  тұлғасына  қатысты  кеңестік  қалыптағы 
идеологияға  бүтіндей  бҿлек  санаткерлік  кҿзқарастағы  пікір  білдірді 
[6].   
Абайдың Халиоллаға жазған хатын негізге ала отырып, «мұнда 
ата  мен  ойшыл  жас  ағаның  жарқын  ойлары  жаңа  ҿсіп  келе  жатқан 
дарынды  бала  Халиулланы  толқындырмай  қойған  жоқ,  оны  тура 
білім  қақпасының  есігіне  апарып  кіргізеді»  деп  Құнанбай  ұлағатын 
жеткізеді.  Құнанбайдың  ҽкесі  Ҿскенбайға  берген  асындағы  ұлттық 
дҽстүрге  қатысты  құнды  этнографиялық  деректер  де  тыңнан 
қамтылды  (майданға  жалаңаш  сұлу  ҽйелді  шығару).  Ескі  дҽуірден 
келе  жатқан  аталған  қызық  сауық  тек  «Манас»  жыры  мен 
Ҿскенбайдың  асында  ғана  кездесетінін  байыптады.  А.Янушкевичке 
қазақ  тіршіліген  туралы  айтқан  Құнанбай  хабарларының  (қазақтың 
мал шаруасы, қамыстан үй салу ҽдісі, қазақ тұрмысы, салты, рухани 
тіршілігі,  бала  тҽрбиелеу  ісі,  ескі  шежіре,  Домбауылдың  шежіресі, 

308 
 
Алтын Орда тарихы, Шыңғыстауда сақталып келген Шыңғысханның 
бірінші ордалары) маңызы да кеңінен екшелді. 
«Құнанбай кҿп ҿмірін  зұлымдыққа  қарсы  тұру  ісіне  жұмсаған» 
деп  «Қызыл  бузауға»  қарсы  пҽрменді  істерін,  «ҿзі  игі,  ҿзі  адал,  ҿзі 
сергек,  ҿзі  ойшыл»  Құнанбайдың  ҽскери  губернатор  Фридрихстың 
«арам  ойлы,  залым  ісіне  қарсы  тұрып,  ел  шаруасын  оның  қанішер 
талауынан  сақтағысы  келеді»  деп  отаршыл  жемқордың  арам 
пейіліне,  жымысқы  іс-ҽрекетіне  жол  бермеудегі  қажыр-қайратын, 
табындылығын  мұрағат  деректері  мысалында  дҽлелдей  кҿрсетті.  Ел 
билеудегі  «қызметтерде  Құнанбайдың  ой  санасы,  шаруа  ісі,  ел 
басқару  жұмысында  атқарған  істері  ҿзгелерден  бүтіндей  ҿзгеше 
болып  отырады»  деп  мектеп,  медреселер  ашудағы,  сол  арқылы 
руханият  тамыршысы  тұрғысындағы  игі  қадамдарын  айрықша 
бағалады. «Ҿз балаларына да сондай білгіш, саналы ойлар үйреткен. 
Мұның барлығын Қарқаралы, Аягҿз, Шыңғыстау, Семей тҿңірегінде 
аса  жарқын  түрде  қолданған.  Үлкен  медреселерді  Қарқаралы  мен 
Семейде, Бесқарағайда аштырған» деп нақты деректер келтіреді. 
 Құнанбайдың  сҽулет  ҿнерін  ерекше  қадірлеп  сүйгенін  айта 
келіп: «Қарқаралыда, Семейде үлкен мектептер ашқан. Оның біреуін 
тіпті  Меке  қаласына  апарып  тұрғызады»  деп  түйеді.  Құнанбайдың 
Фридрихс бұйрығымен Омбыға апарылып, алты ай үй абақтысында 
ұстауы,  дала  шонжарын  бостандыққа  шығарудағы  Шыңғыс  пен 
Шоқан  қажыр-қайраты,  Гасфорд  шапағатына  қатысты  мол  деректер 
берілді. 
Ҽ.Марғұлан  сондай-ақ  Құнанбай  Ҿскенбайұлы  жҽне  Нұрғаным 
суретіне  де  тереңнен  бойлайды.  Суреттің  түсірілуі  жоғарыда 
айтылған  қиыншылық  кездің  соңғы  мезгіліне  дҿп  келетінін  айтады. 
Құнанбайдың киімдеріне тоқталып, белінде кҿркемделіп ҿрнектелген 
кісенің  асқан  шебер  қолынан  шыққанын,  кісенің  ұлттық 
дүниетанымнан  туындағын  бедерлеріне  тоқталады.  «Мұны  жасаған 
бір ойшыл ақылды зергер болу керек. Ол ескі дҽстүр бойынша түрік 
қағанаты,  ғұн  дҽуірінде  қолданған  ҿнер  үлгісін  еске  түсіреді. 
Адамды, алып ер бҿріні, аспанның қыраны бүркітті қадірлеу қыпшақ 
елінің шеберлері де аса ардақтаған» деп түйеді. Кҿкбай ақын айтқан 
Балта  ақынның  Құнанбай  туралы  айтқан  «Ей,  Құнанбай,  Құнанбай, 
Басқан  ізің  Бұхардың  қақпасындай,  Айтқан  сҿзің  жыраудың 
нақылындай,  Сен  ҿлсең  де  ҿкінбен  Артында  алтын  балаң  Қалды  ат 
басындай»  деген  ҿлең  жолдарын  келтіре  отырып,  оның  жарқын 
ойшыл  Абайға  арналғанын  түйіп,  «Мұның  барлығы  Абайдың 
тҿңірегін  ҽлі  де  жақсы  зерттеудің  керек  екендігін  кҿрсетеді»  деп 
Абай,  Құнанбай  тұлғаларын  терең  зерттеуде  қолға  алар  келелі  істің 
бағыт-бағдарын зерделейді.  
Ғалымның 
«Шоқан 
жҽне 
«Манас» 
(1973) 
зерттеуі 
шоқантанудың  келелі  арқауын  кҿне  мҽдениет,  ҽдебиет  күре 

309 
 
тамырымен  тығыз  байланыстырумен  құнды.  Шоқанның  «Манас» 
жырын  ғасырлар  бойы  Орта  Азия  мен  Қазақстан  жерінде 
қолданылған  «түркі»  деп  аталатын  дҽстүрлі  арап  емлесімен 
жазғанын  зерделеу  арқылы  оның  кҿне  мұрамызды  танудың  түйінді 
желісінен  ажырағысыз  арнасымен  дҽнекерлейді.  «Түркі»  жазуының 
мың  жылдық  қалыптасқан  тарихын  айта  отырып,  қоғамның  рухани 
ҿміріндегі  маңызын  Х  ғасырдан  бастап,  соңғы  дҽуірге  дейін  Орта 
Азия мен Қазақстанда, Орал, Еділ бойында жасаған дарындардың ҿз 
ойларын қағаз бетіне аталған жазумен түсіргеніне ерекше мҽн береді. 
Сол  арқылы  шағатай  ақындары,  Бабыр,  Қадырғали  Жалайыри, 
Ҽбілғазы  тарихи  жазбалары,  Бұқар  жырау,  Абай  ҿлеңдері,  Сырым 
Датұлы  нақылдарының  «түркі»  жазуымен  бүгінгі  күнге  жетуінің 
ҽдеби-тарихи  дҽстүрінің  маңызын  ашады.  Сонымен  қатар  осы  кҿне 
жазумен сақталған тарихи шежіре, ҽдебиет, тіл мұраларын айтқанда 
«Қорқыт», 
«Оғызнаме», 
«Мұхаббатнаме», 
«Шайбанинаме», 
«Саңлақ»  сынды  қолжазбаларды  жҽне  қазақ,  қарақалпақ,  ноғай 
халықтарына  ортақ  ХІІІ-ХҮІ  ғасырлардағы  ерлік,  махаббат 
жырларын нақты мысалға алып: «Олармен қатар ХҮІ-ХІХ ғасырдағы 
қазақ  халқының  Орта  Азия,  Россия,  Қытай  мемлекеттерімен 
елшілдік,  жұрт  аралық  қатынастары  да  бір  ғана  осы  жазумен 
жүргізілген.  Шоқан  жазып  алған  «Манас»  жыры  сондай  тарихи 
жазулардың бірі» деген тұжырым жасайды.  
Шоқантану  аясында  қазақ  халқы  құрамындағы  Оғыз  ҽсеріне 
қазақ  мифтері  мен  ауыз  ҽдебиеті  нұсқаларындағы  кҿріністері 
тұрғысынан  үңіліп,  оның  негізді  қисындары  мен  негізсіздерін 
ажырата  талдайды,  мифті  ертегімен  ғана  емес,  тұтас  ауыз  ҽдебиеті 
үлгілерімен  бірлікте  саралап,  шығу  тегі  мен  түп  тҿркінін,  даму 
жолдары мен эпикалық табиғатына дейін кешенді қамтиды. «Манас» 
жырын  талдау  негізінде  «Оғыз-наме»,  «Ақсақ  құлан»,  «Махаббат-
наме»  дастандары,  Күлтегін,  Мойыншора,  Білге  қағанға  арналған 
жҽдігерлерде кездесетін ортақ атаулар, ұғымдар, түсініктерге дендей 
еніп,  олардың  қазақ  ауыз  ҽдебиеті  нұсқаларында  кездесетін  желілі 
сарынының  қатпары  терең  астарын  талдайды.  «Қорқыт»,  «Оғыз-
наме», «Ақсақ құлан» мҽтіндерін «Манас» жырларымен салыстырып 
қарастырғанда,  оларға  тҽн  болып  келетін  ортақ  сипаттарды  дҽстүр 
арнасында нақта мысалдар арқылы ашады. Ал, мифтік сарындардан 
халық  ҿмірінің  тарих  кҿшіндегі  тағдыр-талайының  елеулі 
кезеңдерінің табын тануымен ҿткенімізге саналы қарауға ой салды.   
Халқымыздың байырғы фольклорлық, кҿне жазба мҽдениетінің 
этнографиялық  бай  мұрасының  бүгінгі  күнмен  этногенетикалық 
байланысын ғылыми негіздеу барысында Ш.Уалиханов жазып алған 
«Манас»  мысалында  эпос  генезисін  ертедегі  кҿшелі  тайпалар 
заманынан бастап, түркі тайпалары эпосы Хұнн, Үйсін дҽуірінде туа 
бастағанын дҽлелдейді (Ҽ. Қоңыратбаев). 

310 
 
Ҽ.  Марғұлан  басқаруымен  Ш.Уалихановтың  бес  томдық 
жинақтары,  таңдамалы  жинақтары  (1961-1972)  (1985)  жарық  кҿрді. 
Отандық ғылымның іргелі табысы саналатын еңбектерді жариялауда 
ғалым КСРО мұрағаттарынан ұлы тұлғаның үш жүздей шығармасын 
тауып, ғылыми редакциясын жасады, адамзат игілігіне айналдырды. 
Шоқан  шығармашылығын  қамтыған  елуден  астам  мақала,  жалпы 
кҿлемі  100  баспа  табақтан  астам  ғылыми  түсініктемелер  жазды. 
Шоқан жазып алған «Манас» жырының аса құнды нұсқасын тауып, 
жеке  кітап  етіп  бастырды  («Қ.Ҽ».  1984.  21.ІХ).  «Шоқанның 
жарияланбаған 
мұралары» 
(«Қ.Ҽ».1981.16.Х), 
«Шоқанның 
естеліктері» («Қ.Ҽ».1982.2.ІҮ), «Шоқан ҿскен орта» (С.Ҿтениязовпен 
бірге)  («Жалын».  1985.№1)  ҿзге  де  мақалаларының  шоқантанудағы 
маңызы  зор.  Мысалы,  «Шоқанның  жарияланбаған  мұралары» 
мақаласында 
Ҽлкей 
Хақанұлы: 
«Шоқанның 
бес 
томдық 
шығармаларына  кірмей  қалған  мақалалары  ҽлі  де  кҿп.  Ҿмірбаяны 
туралы жүз беттік документтері тағы бар. Ҽлі еш жерде басылмаған 
кҿп  жазулары  бір  ғана  архивте  сақталып  келеді.  Шоқанның  мен 
ашқан  мақалаларының  тізбесі  135  бет...  Ҽлі  басылмаған  жазулары 
тҿрт  кезеңді  аңғартады:                                  1)  Шоқанның  жас  кезінде 
жазғандары (1855-1869 ж), 2) Петерборда жазғандары (1860-1861 ж), 
3)  Ауылға  қайтып  келіп  жазғандары  (1862-1863  ж.),  4).  Черняев 
экспедициясына қосылғаннан кейін жазғандары (1864-1865 ж.)» деп 
шоқантануда атқарылар келелі істерді нұсқады. 
 «Хандар 
жарлығының 
тарихи 
маңызы» 
(1943) 
атты 
кандидаттық,  қазақ  ғылымының  тарихында  тұңғыш  рет  «Қазақ 
халқының  эпикалық  жырлары»  (1945)  деген  тақырыпта  қазақ 
эпосынан  докторлық  диссертация  қорғаған  Ҽ.  Марғұлан  ғылыми 
зерттеулерінде  отандық    тарих  пен  ҽдебиет,  мҽдениет  пен  ҿнері 
ажырағысыз  тұтастықта  кешенді  қарастырылды.  Осы  бір  ғажайып 
қасиеттер ғалым еңбетерінде үзілмес арқау, ортақ желі болып ҿріліп 
отырады.  Тоталитарлық  жүйедегі  ұлттың  терең  тамырлы  рухани 
мұрасын 
еуропацентристік 
қалыпта 
қарастырудағы 
таяз 
тұжырымдарға тойтарыс беріп, қалыпқа сыймаған кемел ойларымен 
ҽлеумет  ой-санасын  ұлтсыздандырудан  сақтауда  рух  асқақтығын 
танытуда  Алаш  аманатындағы  парызын  атқарып  ҿтті.  Бұған 
бүгіндері  де  ғылыми  мҽні  мен  мағынасы  жойқын  еңбектерін 
тізбелемей-ақ  бір-екі  зерттеуіндегі  терең  ойға  назар  аударсақ 
Марғұлан 
мұратының 
мҽңгілік 
темірқазығындағы 
түркілік 
тамырымыз, Алаштық аңсарымызға жаңадан қан құйылады.  
«О  носителях  древнего  поэтического  искусства  казахского 
народа»  (Кітапта:  М.О.  Ауэзову.  Сборник  статей  к  его 
шестидесятилетию.  А.,1960)  зерттеуінде  жырау  тұлғасы,  қоғамдық 
ҿмірдегі  тұғырына  қатысты  құнды  ғылыми  тұжырымдар  жасалса, 
«Күйді  ерттеп,  ҽнді  мінген  кемеңгерлер...Қазақтың  сал,  серілік 

311 
 
дҽстүрі»  еңбегіндегі  ғылыми  талдаудағы  ойҿріс  тереңдігіне 
иланамыз.  Қазақтың  сал,  серілік  дҽстүрінің  бастауын  Түрік 
қағанатымен  байланыстыруы  («Серілікті  ҽдет  қылған  ойшы  кісінің 
бірі  –  Иоллық  тегін  деген  кісі.  Ол  ҿзі  ғажайып  аңшы,  мерген,  атты 
күтіп ұстайтын бапкер, сонымен қатар асқан ақын, жырау болған»), 
аталмыш ҿнер биік сатыға жеткен қазақ дҽуіріндегі хандар тұлғасын 
айшықтауы  («Қазақ  хандарының  кҿбі  ҿздерінің  бабалары  Жошы, 
Ордаежендердің  серілік  дҽстүрін  жалғастырған.  Ең  бірегейі  -  ҽз 
Жҽнібек.  Ол  атақты  аңшы,  құладынға  қу  ілдірген  саятшы  болып, 
ойын-сауықты  кҿп  қуып,  ел-елді  аралап,  қалыңдық  іздейді  екен». 
«Серілікті  аса  биік  сатыға  жеткізген  Есімхан.  Оның  қамқа  тоны, 
басындағы  бҿркі,  аяғындағы  қызыл  етігі  тегісімен  алтынмен 
кестеленіп 
отырған»), 
кейінгі 
кезеңдердегі 
сал-серілер 
шығармашылығындағы  тұтас  ҿнерпаздық  қасиеттерді  дҽстүр 
ұласуымен  бірлікте  екшеуі  соның  айқын  дҽлелі.  Ақан  серінің 
кҿркемдік  ҽлемін,  эстетикалық  тұғырын  зерделеудегі  пайымдары 
Мағжанның «Ақан сері» мақаласының стилін айқын аңғартады.  
Ҽлкей  Марғұланның  «Қорқыт  ата  туралы»  («Білім  жҽне 
еңбек».1982.№4),  «Қорқыт  туралы  жазбалар»  («Қ.Ҽ».1982.12.ХІ),                     
«О  значении  эпиграфических  памятников  Казахстана»  («Қазақ  ССР 
ҒА  Хабарлары.  Филология  сериясы.  1983.  №2),  «Қорқыт  ата  ҿмірі 
мен  ҽфсаналары  туралы»  («Жұлдыз».1983.№3),  «Ең  ескі  дҽуірдегі 
халықтың  аңыздары»  («Жұлдыз».1983.№5),  «Тамғалы  тас  жазуы» 
(«Жұлдыз».1984.№1),  «Қазақ  жазуының  тарихынан»  («Жұлдыз». 
1984.№8),  «Арқадағы  тас  мүсіндер»  («Білім  жҽне  еңбек».1984.№9) 
ғылыми  зерттеу  мақалаларының  маңызы  зор.  «Оқымыстының 
барлық  күш-қуаты  –  ғұн,  сақ,  үйсін,  қыпшақ,  оғыз  дҽуірлерінің 
тарихына,  кҿшпелілер  мҽдениетіне,  археологиясына,  кҿне  аңыз, 
мифтерге,  түркологияға,  ескі  қалалар  құрылысына,  архитектураға 
арнап,  кеңес  заманына  қатысты  мүлде  қалам  тартпаушы  орыс 
отаршылдығына,  коммунистік  тоталитаризмге  іштей  қарсылық,  ата-
бабаларының  бір  кезде  жасаған  ұлы  мемлекетіне,  олардың  азаттық-
рухани  салада  тудырған  ғажайып  ҿркениетіне  деген  мауқы 
басылмаған  мҽңгілік  махаббатынан  туған  қайсар  да  қастерлі 
құштарлық болатын» (Р.Нұрғали). 
«Тамғалы  тас  жазуы»,  «Қазақ  жазуының  тарихынан»  зерттеу 
мақалаларында  халқымыздың  бағзы  дҽуірлерден  тамыр  тартатын 
кҿне  ҽдебиеті,  мҽдениетінің  руханият  ҽлеміндегі  маңызы  адамзат 
ҿркениетінің  дамуындағы  құндылығы  тұрғысынан  айқындалды. 
Ғалым  қазақ  жеріндегі  сонау  ғұн  дҽуірінен  бастап  ХІХ  ғасырға 
дейінгі  аралықтағы  ҽдеби,  мҽдени,  рухани  ҿркендеу  кезеңдеріндегі 
жазу  тарихын  құнды  тарихи,  этнографиялық,  археологиялық 
деректер негізінде нақты мысалдармен зерделейді. «Қазақ сахарасын 
қоныстанған қазақ елі кешегі орыс ҽліппесін мирас еткенге дейін үш 

312 
 
жазуды  қолданып  келді.  Олар  -  ескі  Таластан  табылған  Орхон-
Енисей бойына тараған Орхон (Ү-ІХ ғ.), соғдылықтар арқылы жеткен 
ұйғыр  (ІХ-ХҮ  ғ.)  жҽне  арап  ҽрпімен  енген  жазулар  (ХІҮ-ХХ  ғ.)» 
(«Жұлдыз».1984.  №8)  деген  пікірін  дҽлелдеуді  мақсат  еткен  ғалым 
аталған жазулардың мҽн-маңызын ұлттық таным мен сана ҿркендеуі, 
кемелділік  биігіне  жетудегі  руханият  арналарының  қайнар 
бұлақтары  тұрғысынан  саралайды.  Біріншіден,  Орхон,  ұйғыр 
жазуларын  кҿп  заман  бойы  қолданған  елдер  -  оғыздар,  қыпшақтар, 
наймандар,  керейлер,  меркіттер,  ҿңгіттер  (уақ  тайпасы)  болғанын, 
Орхон  жазуларын  оғыз,  қыпшақтар,  ертедегі  наймандар,  керейлер 
жақсы  меңгергенін,  екіншіден,  Сыр  бойы,  Таластағы  қалаларда, 
қыстақтарда  мектеп,  медресе  болғанын,  олар  негізінен  араб  жазуын 
үйренуге  ден  қойғанын,  ондай  үлгілі  мектептер  Ташкентте, 
Түркістанда, 
Сауранда, 
Сығанақта, 
Отырарда, 
Сайрамда, 
Шымкентте,  Созақта  ашылғанын  байыптайды.  Қашан  да  ғылыми 
принциптілікте ұлт мүддесін кҿздеген ғалым медреселер ашып, білім 
мен  ізгілік  қасиеттер  дарытқан  тұлғаларды  тарихи  шындыққа  сай 
бағалайды.  Ҽсіресе,  Қожа  Ахмет  Яссауи  ұлағатын  ашудағы 
тұжырымдары  айрықша.  Мысалы,  «Бұл  медреселерді  ашуға  Хожа 
Ахмет Яссауидың ұрпақтары - Жұм Ахмед Ясау, Ғамал Хажы, Хож 
Ахмед  ибн  Ахмед  Шашти,  Мұхамед  Бабаи  (Баба-Ата)  Абутараб 
Бахши,  Абу  Язит  Бестами,  Гузи  ора  Маргушы  (Маргуба)  үлкен 
себепкер  болған.  Бұлардың  барлығы  Ясауидың  адамгершілік, 
шындық,  ҽділет  сҿздерін  қадірлеп,  бар  ҿмірін  білім,  дүние  тануға 
жұмсаған  ғалымдар,  халықты  надандықта  қалдырмай,  ілгері 
бастыруға  ұмтылған  адамдар».  Сол  бір  ілкі  қасиеттің  ұлы  далада 
сақталу  үрдісінің  кҿрінісі  ретінде  Құнанбай  мешітін,  Шыңғыс 
Уалиханов, 
Баянауылдағы 
Камаридден, 
Торғай 
бойындағы 
Дулығалы  мектептерін  атайды.  Ғалым  бұл  мектептер  шын  мҽнінде 
халқымыздың  біртуар  перзенттері  алғаш  білім  алған  алтын  ұя 
болғанын Абай, Шоқан, Ыбырай, Мҽшһүр Жүсіп сынды тұлғалардың 
сонау  кҿнеден  басталған  арналы  бұлақтардан  нҽр  алуы  деп 
тұжырымдайды.  Шыңғыс  Уалиханов,  Құнанбай  Ҿскенбайұлы, 
Анайұлы  Мұса,  Тҽттімбет,  Барақ  батырлардың  қаржысына 
Омбыдағы  қазақ  мектебінің  ашылуы  барысында  ғалым  атап 
ҿткеніндей  «...бұлақ  кҿзі  ашылып,  Шоқандар  шықты».  Ғалымның 
«Тамғалы  тас»  жазуы.  Орта  ғасырда  қазақша  тасқа  бедерленген 
белгілер»  мақаласының  да  ҽдеби-тарихи  құндылығы  ерекше.  Қазақ 
жеріндегі  кҿне  мҽдениеттің  жарқын  бір  үлгісі  ретінде  кезінде  осы 
ҿлкені  мекендеген  тайпалардың  тас  бетіне  жазып  қалдырған 
белгілерін,  соның  ішінде  «Тамғалы  тас»  құпиясын  аша  отырып, 
«қазақ»  сҿзінің  этнонимін,  ұлт  атауының  «ХҮ  ғасырдан  бастап 
«казакия»  қазақ  ұлысы  болып,  бұрынғы  Дешті-қыпшақтың  орнына 
Қазақстан сҿзі қолданыла бастады. Демек, «Тамғалы тастағы» жазу, 

313 
 
таңбалардың  кҿп  түсуі  тарихи  дҽуірдегі  дҽстүрлі  істен  туғанын» 
ғылыми негіздеп берді.  
Сан  қырлы  ғалымның  халқымыздың  тарихы,  археологиясы, 
этнографиясы,  қолданбалы  жҽне  сҽулет  ҿнерінен  жазылған 
энциклопедиялық  сипаттағы  ғылыми  еңбектері  де  рухани 
кемелденуімізге мҽңгілік азық болып қалады. 
 
Пайдаланылған ҽдебиеттер 
1
 
Марғұлан Ҽ. Алғашқы ҿрлеу. Кітапта: Біздің Мұхтар. – Алматы. 
1976.-114 б. 
2
 
Ақ Орда. 1993. №1.-29 б. 
3
 
Досжанов Д. Абақты. – Алматы. 1992.-123 б. 
4
 
Мұхаметқанұлы Қ. Шаһкҽрім. Кітапта: Шҽкҽрімтану мҽселелері. – 
Семей, 2007.-89 б. 
5
 
Марғұлан Ҽ. Жас Абайдың фотобейнесі // Қазақ ҽдебиеті. 1970. 2 
октябрь.- 45 б. 
6
 
Марғұлан Ҽ. Ақын туған орта // Жұлдыз. 1982. №4.-98 б. 
 
Резюме 
В  статье  анализируются  неповторимые  грани  научно-
исследовательского  творчества  выдающегося  казахского  ученого 
энциклопедиста,  титана  отечественной  науки  Алкей  Хаканулы 
Маргулана.  Отражается  новизна  и  актуальность  научных  исканий  в 
литературоведении, 
«времен 
связующая 
нить». 
Также 
рассматриваются  черты  характера  ученого  в  аспекте  связи  с 
духовной  преемственность  казахской  интеллигенции  начала                  
ХХ века. 
 
Resume 
In the article it is analyzed unique sides of a research creativity of the 
outstanding  Kazakh  scientific  encyclopedist,  the  titan  of  a  domestic 
science  of  Alkej  Hakanuly  Margulana.  It  is  reflected  novelty  and  an 
urgency  scientific  search  in  literary  criticisms  of  times  binding  a  thread. 
As  Alash  is  considered  character  traits  of  the  scientist  in  aspect  of 
communication  with  spiritual  continuity  the  Kazakh  intelligency  of  the 
beginning of the XX-th century. 
 
 
 
 
 
 

314 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет