Түйін
Мақала
академиялық
психология
мен
практикалық
психологияның сҽйкестігі мҽселесін талқылауға арналған.
Resume
The article is devoted to the considerafion of the issue abont the
coordination of academic paycholody and practical paychology.
ӘӚЖ 378.014.543.1:654.19
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ ЖАҒДАЙЫНДА БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-
ПСИХОЛОГТАРДЫҢ КӘСІБИ МАҢЫЗДЫ САПАЛАРЫН
ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Ж.Т. СҤЛЕЙМЕНОВА
ҽлеуметтік ғылымдар магистрі, аға оқытушы
Еуразия гуманитарлық институты
Аннотация
Мақала жоғары білім беруді жаңғырту жағдайындағы болашақ
педагог-психологтарды кҽсіптік дайындау мҽселесіне арналған.
Жұмыста болашақ педагог-психологтардың практикалық іс-ҽрекетіне
қажетті кҽсіптік маңызды сапаларына сипаттама беріліп, оны
қалыптастыру бағдарламасы ұсынылған. Сонымен қатар, құрылған
бағдарламаның тиімділігін кҿрсететін эксперименттік зерттеу
нҽтижелері берілген.
Түйін сӛздер: кҽсіптік маңызды сапа, коммуникативті
болжағыштық, коммуникативті мобильдік, эмпатия, ҽлеуметтік-
психологиялық тренинг.
Жоғары оқу орнының оқу-тҽрбие үдерісінде болашақ педагог-
психолог мамандардың практикалық іс-ҽрекетіне қажетті кҽсіби
маңызды сапаларын қалыптастыру аса маңызды міндет. «Педагогика
жҽне психология» мамандығындағы студенттердің кҽсіби маңызды
153
сапаларын жоғары оқу орны жағдайында қалыптастыру үшін келесі
жұмыс бағыттары орындалды:
-
зерттеу
жұмысына
қатысты
теориялық
зерттеулерді
басшылыққа ала отырып, болашақ педагог-психологтардың кҽсіптік
маңызды сапаларын қалыптастырудың маңыздылығын анықтау;
-
педагог-психологтың
практикалық
іс-ҽрекетіне
қажетті
кҽсіптік маңызды сапаларын таңдау жҽне оларға сипаттама беру;
-
ЖОО оқу-тҽрбие үдерісінде болашақ мамандардың кҽсіптік
маңызды сапаларын қалыптастырудың бағдарламасын құру;
-
бағдарламаның тиімділігін дҽлелдейтін эксперименттік зерттеу
жұмысын орындау.
Болашақ педагог-психолог маман кҽсіптік іс-ҽрекеті барысында
келесі
бағыттағы
жұмыстарды
атқарады:
диагностикалық,
прогностикалық, консультативтік, түзету-оңалту, оқу-ағарту жҽне
ғылыми-зерттеу. Болашақ маманның атқаруы тиіс қызмет түрлеріне:
психологиялық
кеңес
беру,
психологиялық
профилактика,
психологиялық қолдау жҽне кҿмек кҿрсету, психодиагностика,
профессиограмма құру, кҽсіптік даму мониторингін жүргізу,
психологиялық сүйемелдеу, психологиялық ағарту жұмыстары жҽне
т.б жатады.
Тұлғаның нҽтижелі кҽсіптік іс-ҽрекеті оның кҽсіби маңызды
сапасының қалыптасуына тҽуелді болады, ал кҽсіби маңызды
сапалары кҽсіпті игеру барысында қалыптасады. Кҽсіби маңызды
сапа дегеніміз іс-ҽрекеттің ҿнімділігін (сапалық, нҽтижелік)
анықтайтын тұлғаның психологиялық сапалары. Ҽр мамандықтың
ҿзіне тҽн кҽсіби маңызды сапалық ерекшеліктері бар. Барлық
мамандықтарға да тҽн болатын келесі сапаларды бҿліп кҿрсетуге
болады: бақылампаздық жҽне образдық есте сақтау, техникалық
ойлау, кеңістіктік қиял, мұқияттылық, эмоциональды тұрақтылық,
шешім
қабылдағыштық,
тҿзімділік,
мобильдік,
мақсатқа
бағыттылық, ҿзін-ҿзі бақылау жҽне т.б.
Зерттеу жұмысымыз барысында болашақ мамандардың кҽсіптік
маңызды сапаларын қалыптастыру жҽне дамыту мҽселесін
қарастырған бірқатар шетелдік ғалымдардың (Г.В.Акопов (жоғары
білім берудің ҽлеуметтік психологиясы), А.А.Вербицкий (ЖОО
белсенді оқытудың формалары мен ҽдістері), Е.А.Климов,
В.С.Мерлин (белсенділік, қарым-қатынас жҽне іс-ҽрекеттегі
индивидуальды стиль), А.Н.Леонтьев (оқытудағы мотивация рҿлі),
В.Д.Шадриков, Н.В.Самоукина, А.К.Маркова (кҽсіптік іс-ҽрекет
жүйесі жҽне кҽсіптік қабілеттер), С.В.Тарасов (кҽсіби маңызды
сапаларды дамыту) еңбектерін басшылыққа алдық [1-9].
Ғылыми еңбектерде кҽсіптік іс-ҽрекетті орындауда маңызды болып
табылатын психикалық қасиеттердің 3 деңгейі бҿліп кҿрсетіледі:
154
-
Субъективті қасиеттер – кҽсіптік сананың даму деңгейін
кҿрсетеді жҽне келесі қасиеттерді құрайды: кҽсіптік мақсатын жобалау,
кҽсіптік білім, кҽсіптік жоспарлар мен бағдарлама, кҽсіптік сҽйкестендіру
(ҿзіндік сана);
-
Тұлғалық қасиеттер – субъектінің табиғатқа, қоғамға, еңбекке,
адамдарға жҽне ҿзіне деген қатынасын білдіретін сипаты;
-
Даралық қасиеттер – субъектінің нейродинамикалық, жас
ерекшелік, сондай-ақ, психикалық процесстері (зейін, ес, ойлау т.б) мен
темперамент ерекшеліктері.
Ҿзге адамның құндылықтарына бағдарлану педагог-психолог
маманның кҽсіптік іс-ҽрекетінің басты мҽні. Педагог-психолог
маманға интеллектуалдық, эмоционалды-еріктік, психомоторлы
талаптар қойылады. Бұл дегеніміз, ойлау қабілетінің жылдамдығы,
ақыл-ой
іс-ҽрекетінің
жоғары
нҽтижелілігі,
эмоциональды
тұрақтылық, жақсы ерік. Зерттеулерге сүйенсек, адамдағы психикалық
қасиеттердің дамуын арнайы жаттығулардың кҿмегімен жақсартуға
болады. Арнайы жаттығулар анализаторлық жүйенің сезімталдығын
арттырып, қабылдау, зейін, ес, ойлау процесстерінің жұмысын
жақсартатындығы тҽжірибелік тұрғыдан дҽлелденген.
Зерттеу жұмысымыз барысында арнайы жаттығулар негізінде
қалыптастыруға болатын, педагог-психологтардың кҽсіптік қызметіне
қажетті 3 кҽсіби маңызды сапаны таңдап алдық. Ол кҽсіптік сапалар:
коммуникативті болжағыштық, коммуникативті мобильдік және
эмпатия.
Педагог-психологтың
кҽсіптік
іс-ҽрекеті
коммуникативті
мамандықтың субъектісі ретінде ҽртүрлі деңгейдегі жҽне кҿпжоспарлы
іскерлік қатынаста ақпарат алмасудан тұрады. Кҽсіптік іс-ҽрекетінің
субъектілері адамдар немесе адамдар тобы болғандықтан, ҿзара қатынас
жҽне
тұлғааралық
қарым-қатынастар
жүйесі
қарастырылады.
Тұлғааралық қарым-қатынас нҽтижелі орнауы үшін, ҿзара ҽрекет
жүйесіндегі субъектілердің ақпарат алмасуын үнемі талдап отыру қажет:
педагог-психолог – ата-ана, педагог-психолог – оқушылар т.б. Бұл
жағдай ақпарат алмасу үшін ҿзара қарым-қатынасқа түскен сҽтпен, одан
кейінгі жағдайды болжауға мүмкіндік береді. Сондықтан да, біз
коммуникативті болжағыштық сапасын тұлғааралық қарым-қатынас
жағдайын талдау жҽне бақылау қабілеті ретінде, психологтың маңызды
кҽсіптік сапаларының бірі ретінде қарастырамыз.
Талдай білу қабілеті дегеніміз, теориялық психологиялық
тұжырымдамаларды талдау ғана емес, сондай-ақ орын алған жағдаяттан
шығып кету жолын таба білу. Тұлғааралық қарым-қатынас жағдайы
ҽртүрлі болғандықтан педагог-психолог маманның орын алған ҿзара
ҽрекет жағдаятынан шығып кету үшін адекватты шешім қабылдау
іскерлігі болуы қажет. Біздің пікірімізше, ҿзара ҽрекет жағдаятын
адекватты шешу тұлғаның коммуникативті мобильдік сапасына
155
байланысты болады. Коммуникативті мобильдік дегеніміз, ашық қарым-
қатынасқа қабілетті болу, ҿзара түсінісуге бағдарлану, тұлғааралық
қарым-қатынасты орнатуға жҽне ҿзара дамуға мүдделі болу, тұлғалармен
қарым-қатынасқа сай болу.
Педагог-психолог маманға қажетті үшінші кҽсіптік маңызды сапа
ретінде - эмпатияны қарастырамыз. Эмпатия – жанашырлық білдіруге,
аяушылық танытуға, ҿзге адамның ішкі жан күйін түсінуге қабілетінің
болуы, эмоциональды жылылық, достық қарым-қатынас, қолдау кҿрсете
білу іскерлігі. Эмпатия тұлғаның гуманистік құндылықтарының
дамуымен түсінідіріледі. Ізгілік құндылығы болмаса, эмпатияның жүзеге
асуы мүмкін емес. Тұлға ҿзін жақсы таныған сайын, ҿзінің даралығын
түсінген сайын ҿзге адамның қайталанбастығына сезімталдықпен
қарайтын болады. Сондықтан да, эмпатияның қалыптасуы мен дамуы
ары қарайғы тұлғалық ҿсуге негіз болады.
Олай болса, кҽсіптік маңызды сапа ретінде субъектінің
индивидуальды сапаларын түсіндіретін болсақ, онда педагог-
психологтың кҽсіптік маңызды сапа құрылымы коммуникативті
болжағыштық, коммуникативті мобильдік жҽне эмпатиядан тұрады.
Аталған кҽсіптік маңызды сапалар маманның операциондық сферасына
кіреді жҽне басқа да кҽсіптік, тұлғалық сапалармен бірге оның кәсібилігін
кҿрсетеді.
Қазіргі уақытта болашақ педагог-психолог мамандарды кҽсіптік
дайындау барысында белсенді ҽлеуметтік-психологиялық оқыту
ҽдістері кеңінен қолданылады. Іскерлік жҽне рҿлдік ойындар, топтық
пікірталас, миға шабуыл, ҽлеуметтік-психологиялық тренингтер –
болашақ мамандарды дайындауды белсенді ҽдістері. Болашақ
педагог-психолог мамандардың кҽсіптік маңызды сапаларын
қалыптастыру үшін зерттеу жұмысымызға белсенді ҽдістердің ішінен
ҽлеуметтік-психологиялық тренингті таңдап алдық. Тренинг
ҽлеуметтік-психологиялық оқытудың белсенді ҽдісі ретінде топтағы
шиеленісті жағдаяттарды ҿзара түсінісу позициясы негізінде шешуге
мүмкіндік беретін кҿрегенділікті, ҿзіндік сананы, ҿзара ҽрекеттесу
деңгейінің жоғарылауына септігін тигізеді.
Топта тренинг барысында шынайы ҿмірдегі сияқты ҿзара
байланыс пен қарым-қатынас жүйесі моделденеді. Бұл ҿзінің жҽне
ҿзге
адамдардың
мінез-құлықтық
жҽне
қарым-қатынастық
психологиялық заңдылықтарының психологиялық қауіпсіз жағдайын
кҿруге жҽне талдай білуге мүмкіндік береді. Топ қатысушылар
арасында кері байланыс орнайды, тренинг барысында туындаған
эмоциональды байланыс, рефлекция, жанашырлық, эмпатия
тұлғаның ҿсуі мен ҿзіндік сананың дамуына ҽсерін тигізеді.
Болашақ педагог-психолог мамандардың 3 негізгі кҽсіптік
маңызды сапасын қалыптастыру үшін, біздің тарапымыздан
ҽлеуметтік-психологиялық тренингтерден құралған 12 сабақтық
156
арнайы бағдарлама құрылды (1 кесте). Ҽрбір сабақ 50 минуттық
уақытты қамтыды жҽне тренингтер барысында миға шабуыл,
іскерлік жҽне рҿлдік ойындар, топтық пікірталастар, сергіту
жаттығулары кеңінен қолданылды. Ҽрбір ҽлеуметтік-психологиялық
тренингтің жеке жоспары, ҿткізілу тҽртібі мен бағдарламасы
дайындалды.
Кесте 1
Болашақ педагог-психологтардың кәсіптік маңызды сапасын
қалыптастыру бағдарламасы
№ Тақыры
бы
Сабақтың бағыты
Сабақтың мақсаты
1
Кіріспе
сабақ
Бағдарламаны
кҿрсету,
таныстыру.
Топтың
ережелері
мен
міндеттерін хабардар ету
Топтың
қатысушыларымен
байланыс орнату. Сенімді
атмосфера құру. Ҿзара
түсінісу
2
Тұлға
Тұлға
түсінігі.
Тұлға
құрылымы.
Тұлғаның
шекараларын
түсіну.
Тұлға дамуы
Ҽрбір
тұлғаның
құндылығын
түсіну.
Адамдардың
ұқсастықтары
мен
даралығын сезіну
3
Ҿзін-ҿзі
бағалау
Ҿзіне деген қатынас, ҿзін-
ҿзі бағалау. Жеке
тұлғаның құндылығы
Адекватты ҿзін-ҿзі
бағалауын қалыптастыру
мүмкіндігін түсіну
4
Мҽселелі
жағдаят
Стресс түсінігі. Мҽселелі
жағдаятты бағалау.
Мҽселелі жағдаятты
бағалау дағдысын
жаттықтыру
5
Мҽселелі
жағдаят:
еңсеру
Мҽселелі, стресстік
жағдайларды еңсеру.
Мҽселені қиындықтарды
шешу.
Мҽселені жеңіп шығудың
жолдары жҽне шешудің
кезеңдерімен танысу
6
Ҿмірлік
мақсаттар
Алдына қысқа мерзімдегі
мақсаттарды қоя білу
жҽне соған жетудің
іскерлігін қалыптастыру
Ҿзін-ҿзі ҿзгертудің
дағдысын қалыптастыру
7
Қарым-
қатынас
Адам ҽлеуметтік
жаратылыс ретінде.
Қарым-қатынастағы жеке
қажеттіліктер мен
157
Қарым-қатынас. Қарым-
қатынас ортанудың
дағдысын қалыптастыру
қабілеттілікті сезіну.
Кейбір мҽселелерді шеше
білу
8
Мен
жҽне
топ
Топтық қысым түсінігі
жҽне жеке шешімдер
қабылдау. Топтық
қысымға қарсы тұру
іскерлігі.
Топтық қысымға қарсы
тұру, ҿзінің құқығын
қорғау дағдысын
қалыптастыру
9
Менің
пікірім
Ҿз-ҿзіне қамқорлық жҽне
ҿзіндік Менін, тұлғалық
шекараларын қорғау
дағдысын қалыптастыру
Пікірін айта білу
дағдысын қалыптастыру,
компромистік қатынас
орнату, «жоқ» деп айта
алу
10 Ҿзара
түсіністік
Эмпатия дағдыларын
қалыптастыру. Қолдау
кҿрсете білу іскерлігі.
Гормониялық жҽне
қолдаушы қарым-
қатынасқа қабілеттілікті
қалыптастыру
11 Ҿмірдің
мҽні
Морал мен адамгершілік
түсінігі, ҿмірлік, тұлғалық
құндылықтардың мҽні
Белсенді ҿмірлік
позицияны қалыптастыру
дағдысы
12
Қорытын-
ды сабақ
Жұмысты қорытындылау Ортақ жұмыстың
нҽтижелерін талдау
Құрылған бағдарламаның тиімділігі эксперименттік зерттеу
нҽтижесінде сынақтан ҿткізілді. Эксперименттік зерттеуге Астана
қаласында орналасқан Еуразия гуманитарлық институтының
«Педагогика жҽне психология» мамандығының 3 жҽне 4 курс
студенттері қатыстырылды.
Педагог-психолог мамандар үшін маңызды кҽсіптік сапалардың
бірі болып табылатын коммуникативті болжағыштықтың
қалыптасу деңгейін анықтау үшін Т.И.Шалаеваның құрастыруы
бойынша әлеуметтік интеллектіні зерттеу ҽдісі қолданылды.
Ҽлеуметтік интеллект адамдардың ҽрекеттері мен қылықтарын,
тұлғааралық қарым-қатынастағы болжағыштықты, адамның сҿздік
қорын, сондай-ақ вербальды емес реакцияларын (мимика, ым-ишара)
түсіндіруге мүмкіндік береді.
Коммуникативті мобильдіктің даму деңгейін зерттеу үшін
«Тұлғаның қарым-қатынасқа бағыттылығы» ҽдісі қолданылды.
158
«ТҚБ» ҽдісі тұлғааралық қарым-қатынас сферасында мҽндік
ұстанымдар мен құндылық бағдарларының жиынтығы ретінде
түсіндірілетін тұлғаның қарым-қатынасқа бағыттылығын зерттеуге
арналған. Бұл ҽдіс арқылы тұлғааралық қарым-қатынас пен ҿзара
ҽрекеттесу жағдаятына ҽсер ете алуы мен қарым-қатынас құралын,
мінез-құлық тҽсілдерін анықтауға мүмкіншілік туды.
Кҽсіптік маңызды сапалардың қатарында негізгі деп бҿліп кҿрсеткен
эмпатияны зерттеу үшін А.Мехрабиен мен Н.Эпштейннің
эмпатияны зерттеу сауалнамасы қолданылды.
Алынған нҽтижелерді ҿңдеу барысында Стьюденттің t-
критерийі, жҽне Фишердің бұрыштық ҿзгерісі критерийі
қолданылды.
Тексеруші
эксперимент
барысында
Т.И.Шалаеваның
құрастыруындағы ҽлеуметтік интеллектіні зерттеу ҽдісі бойынша
эксперименттік топта барлық субтесттер бойынша ҿзгерістер
анықталды. Салыстырмалы талдау барысында Стьюденттің t-
критерийі бойынша эксперименттік топтағы барлық субтест
нҽтижелері артты: 1 субтест бойынша: t = 3,37; 2 субтест бойынша: t
= 4,12; 3 субтест бойынша: t = 3,30; 4 субтест бойынша: t = 4,01; p
≤0,05.
Қарым-қатынас стиліне байланысты Фишердің бұрыштық
ҿзгерісі критерийі
бойынша келесі нҽтижелер алынды:
эксперименттік топта қарым-қатынастың диалогтық стилі артты:
=1,92; индифферентті стилі тҿмендеді:
=1,65.
Болашақ маманның кҽсіптік маңызды сапасын қалыптастыру
бағдарламасы
енгізілгеннен
кейін
эксперименттік
топ
қатысушыларының эмпатиялық іскерліктері артты. Эксперименттік
топта Фишердің бұрыштық ҿзгерісі критерийі
бойынша ӛте
тӛмен деңгейдің кҿрінуі:
=1,78 мен тӛмен деңгейдің кҿрінуі
тҿмендеді:
=2,61; орташа деңгейдің кҿрінуі жоғарылады:
=3,49
p ≤0,05. Фишер критерийі бойынша бақылау тобында ҿзгерістер
байқалған жоқ.
Демек, біздің тарапымыздан ұсынылған болашақ педагог-
психологтардың кҽсіптік маңызды сапаларын қалыптастыру
бағдарламасы ҿзінің нҽтижелілігі мен тиімділігін кҿрсетті. Аталған
бағдарламаны оқыту үдерісіне енгізу арқылы зерттеу болжамында
кҿрсетілген
маңызды
кҽсіптік
сапалар:
коммуникативті
болжағыштық, коммуникативті мобильдік жҽне эмпатияның
159
қалыптасу деңгейі артты. Біздің жүргізген эксперименттік
зерттеуіміз құрылған бағдарламаның жоғары оқу орны жағдайында
педагог-психолог мамандардың оқыту үдерісін жетілдіруге жҽне
олардың практикалық іс-ҽрекетіне қажетті кҽсіптік маңызды
сапаларын қалыптастырып, дамытуға ықпалын тигізетінін дҽлелдеді.
Пайдаланылған ҽдебиеттер
1
Акопов Г.В. Социальная психология высшего образования.-
М., 2000.
2
Вербицкий А.А. Активное обучение в высшей школе:
контекстный подход. – М., 1991.
3
Климов Е.А. Образ мира в разнотипных профессиях. - М.,
1995.
4
Мерлин В.С. Лекции по психологии мотивов человека. -
Пермь, 1971.
5
Леонтьев А.Н. Деятельность, сознания, личность. – М., 1975.
6
Шадриков В.Д. Проблемы системогенеза профессиональной
деятельности. - М., 1997.
7
Самоукина Н.В. Первые шаги школьного психолога.
Психологический тренинг. – Дубна, 2000.
8
Маркова А.К. Психология профессионализма. – М., 1996.
9
Тарасов С.В. Развитие профессионально важных качеств
педагогов-психологов в процессе обучения в вузе: дисс...канд.
психол.наук. -Самара, 2004.
Резюме
Статья посвящена проблеме профессиональной подготовки
педагогов-психологов
в
условиях
модернизации
высшего
образования в Казахстане. Разработана программа формирования
профессионально важных качеств, необходимые в практической
деятельности педагога-психолога и отражены результаты научно-
экспериментальных исследований.
Resume
This article is focused on the problem of the professional training of
educational psychologist in the conditions of the modernization of higher
education in Kazakhstan. The author worked out a program of the training
of professional skills and presented the main results of scientific and
experimental studies.
160
ӘОЖ 316.613(574) (035.3)
ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНЫҢ ӚМІРЛІК ҦМТЫЛЫСЫ
Х.С. АБДИЛЬДИНА
философия ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
Аннотация
Мақалада қазіргі жастар мен он жыл бұрынғы жастардың
ҿмірлік ұмтылыстары, ұстанымдары кеңінен кҿрсетілген. Кҽсіптік
мансап сұрақтарына қатысты ересектер мен жастар арасындағы
айырмашылықтар
айқындалған.
Зерттеулер
нҽтижесінде
қазақстандық жастардың жеткілікті деңгейде іскер екені анықталды.
Түйін сӛздер: жастар, мансап, гедонизм.
Қазақстанның қазіргі жастар мҽселесі, келбеті мен болашағы
туралы біраз айтылып та, жазылып та жүр. Кейбіреулеріне олардың
жеке басымшылдығы, ойлау еркіндігі, сапалы білім алу жҽне кҽсіптік
мансаптық ҿсуге тырысуы, тағдырын жеке ҿздері шешуге ұмтылуы
ұнайды. Ал кейбіреулерінде қазіргі жігіттер мен қыздардың тым
еркінсуі, адамгершілік сана мен ұстанымдарының шамадан тыс
«бейімділігі», құқықтық кҿзқарасындығы, ҿмірлік прагматизмінің
ерте оянуы алаңдатады. Айтар болсақ, сараптама тобында болсын,
жалпы жастар тобында болсын, қазіргі ҿзімшіл жастар туралы кҿзқарас
ҽртүрлі жҽне қарама-қайшы. Жастар – бұл түрлі деңгейлерде, түрлі
контекстерде қолданылатын түсініктерге жататын ұғымдардың бірі [1,
326].
Дҽуір бетбұрысы кезіндегі жас ұрпақ 1997 жылы зерттеу
нысанына алынған болса, қазіргі 17-26 жасар ұрпақ негізінен соңғы
10-15 жылда болған ҽлеуметтік ҿзгерістің «алғашқы жемісі».
Сондықтан, қазіргі жағдайда жастардың ҿзін сезіну, ҿзгеру жҽне нені
мақсат етуі үлкен қызығушылық туғызады.
Ең бастысы: ата-аналары ҿскен кезең, ҿздеріне дейінгі кездегі
жастар ҿміріне қарағанда қазіргі ұрпақ, жастарға бүгінгі ҿмірі
ҽлдеқайда ұнайды. Сауалнамаға қатысқан жастардың үштен екі
бҿлігі (64%) мен аға буынның (45%) осының дҽлелі болмақ.
ӘЛЕУМЕТТАНУ
СОЦИОЛОГИЯ
161
10 жыл бұрын жасалған сауалнама кезінде қазақстандық жастар
кҿлемі жағынан тең екі топ: сол кезең ұнайтын (немесе ұнайды-ау
дегендер) жҽне ұнамайтындарға (немесе ұнамайды-ау дегендерге)
бҿлінген болатын, ал қазіргі кезде Қазақстандағы ҿмір ұнайды деген
пікір білдірген жастардың саны екі есеге артып отыр.
Осы сенімнің түп-тҿркіні неде? Ең бастысы, қалыптасуы
ҽлеуметтік-экономикалық дағдарыс, саяси тұрақсыздық жылдарына
келген ұрпаққа қарағанда қазіргі жастардың ҿмірі мүлдем ҿзге
ҽлеуметтік жағдайда ҿтіп жатыр. Соңғы 6-7 жылда еліміздің
экономикасы қарыштап дамуда, тұрғындар табысы ҿсуде; зерттеулер
кҿрсетіп отырғандай, экономикалық ҿсімнің жемісін негізінен
жастар тұтынады.
Кҽсіптік мансап «бастауының» қаржылай деңгейін алдыңғы
ұрпақ жҽне аға буын ҿкілдерімен салыстырғанда, ҿте жоғары деп
бағалаған. Қазіргі жастар ҿкілінің ҽр бесіншісі тұрмысының жоғары
екенінен хабар берген (ал аға буын тобындағы кҿрсеткіш 15% тең).
Бұның маңызды негізі барын атап ҿту керек. Табыстарына
қарасақ, ересектерге қарағанда жастар кедей тобында сирек
(18% жастар жҽне 21% аға буын), ал бай, бақуаттылар тобында жиі
(сҽйкесінше 11% ҽрі 7%) енген.
Айта кететін бір мҽселе, Қазақстандағы жастардың ҿмірге деген
кҿзқарасы бүгінгі күні олардың материалдық дҽрежесіне тікелей
байланысты. Яғни, материалдық жағдайын қаншалықты жоғары
санаса, елдегі бүгінгі ҿмірін де соншалықты жақсы деп есептейді. Ал
жастардың интегративті анықтамасын алсақ, оның басты ерекшелігі
– жастардың ҿзіндік топ ретінде анықталуы, ҿзіндік ұйымдасуы,
ҿзіндік идентификациясы [2, 32]. Осылайша, 17-26 жас арасындағы
қазақстандықтың 87% материалдық жағдайын жоғары бағалайды,
Қазақстандағы ҿмірлеріне разы, ал разы емес жастар 13% құрайды.
Материалдық жағдайы тҿмен жастардың кҿзқарасы керісінше:
сауалға қатысқан жастардың 60% елдегі ҿмір ұнамайды, тек 40%
ұнайды деген пікір білдірген.
Ҽрине, ҿмірге қанағаттану тек материалдық игілікке келіп
тірелмесі анық. Қазақстандық бар ұрпақ үшін теңдесі жоқ құндылық
– отбасы. Отбасын құру, сҽби сүю жоспарымда жоқ деген пікірді аға
буын ҿкілі, жастар арасынан тек 4% ғана кҿрсеткен болатын. Мықты,
берік отбасын құру жҽне тҽрбиелі бала ҿсіруді бірінші топ ҿкілдері
орындап қойды (сҽйкесінше 69% жҽне 72%), ал жастар үшін бұл қол
жеткізер мақсат болмақ.
10 жыл бұрын да, қазіргі уақытта да жастар үшін ҿмірдегі негізгі
ұстанымдары жақсы білім алу екені байқалады. 17-26 жас
арасындағы қазақстандық (ҿздері берген бағаға сүйенсек) (34%)
білім алған, ал 51% білім аламыз деп жоспарлауда. Сапалы білім
алуға қол жеткізе алмайтын жастардың 11% кҿрсеткен.
162
Қазіргі жастар жұмыс таңдауда ең бастысы оның қызықты ҽрі
тартымды болғанын қалайды. Жастардың 90% қызықты жұмысқа
орналасқаны, не болмаса орналасуға күш-жігерінің жететіні туралы
пікір білдірген. Беделді жұмысқа орналасуды аса қажет етпейтіндері
байқалды: сауалға қатысқанның 20% сол жұмысты істеп жүргенін,
65% ол жұмысқа қол жеткізе алатындығын кҿрсеткен. Жастардың
шағын бҿлігі мансап жасау қажеттілігін таңдаған.
Жастар арасында жұмысқа табыспен қол жеткізуде ҿз бизнесін
ашқысы келетіндер санына қарағанда аз екендігін атап ҿту керек.
Алайда қазіргі 10% жастардың ҿз бизнесі бар, 34% қолымыздан
келмейді, бизнеске қарағанда қызықты жҽне беделді жұмыстың
болғаны жақсы деген пікірді қолдаушылар. Алайда айта кетеріміз:
жұмысқа деген кҿзқарас соңғы 5 жылда біршама ҿзгерді. Беделді
жұмысты да, ҿз бизнесін құруды да тілейтіндер саны ҿсіп келеді.
Қазіргі кезде жастар мен аға буынды салыстыратын болсақ, жастар
кҿбінесе жақсы білім, беделді жұмыс, мансапқа жету, ҿз бизнесін
ашуды тілейтінін атап ҿту керек.
Жастардың уақыты ҽлі алда болғандықтан алға қойған мақсатқа
жетуге мол мүмкіндік бар дейміз, дегенмен, аға буын: білім алу,
мансап қуу, жеке бизнес жҽне т.с.с. ҽрекеттерді қажет ететін
белсенділік танытпағаны, жҽне ондай ойдың болмағаны да
байқалатындығына назар аударамыз. Ал қызықты жұмыс пен
материалдық ауқатқа жетуге қатысты мақсат қоюда жастарда да, аға
буында еш айырмашылық жоқ. Алғашқысы ҿмірлік жоспарында
жастардың 1% жҽне аға буынның 4% жоқ болса, екіншісі –
сҽйкесінше 1% жҽне 5% жоқ. Бұл жастардың бойында аға буынға
қарағанда қол жетімді уҽждің мықты дамығандығы туралы хабар
береді. Ҿздері жағынан күш-жігерді салуды керек ететін міндеттерді
қойғанда жастар ҽуел бастан қорықпайтындығын кҿрсетті.
Балалық шақта шамамен бес жасқа дейін тұлға 70 пайызға
қалыптасады. Ҽлеуметтанудан кешігіп қалса, қайтарымсыз үрдістер
басталады [3, 218].
Қазіргі жастар үшін ерекше құнды нҽрсе – сүйікті жұмыспен
айналысу мүмкіндігі. Шамамен бҽрі дерлік алдына қойған мақсатқа
жеткісі келеді, ол кҿрсеткіш – 98% құрайды, алайда олардың
11% аталмыш тілекке қолының жететіндігіне күмҽнмен қарайды.
Қазіргі жастар ҿз-ҿзіне ие болғанды ҿте жоғары сатыға қояды (92%),
ҽлемнің түрлі еліне саяхаттауды/болуды (93%), бос уақытының кҿп
болғанын жҽне оны жеке басының қызығушылығына жұмсауды
(83%) қалайды. Алайда жастардың басым бҿлігі бұл мақсатқа
жетудің мүмкіндігі еш жоғын айтады. 1997 жылмен салыстырғанда
жастар ҿз жеке басы тілек мақсатына байланысты еркін ҿмір сүруге
талпынатыны байқалады.
163
Бұл орайда аға буын бір қырынан қарағанда бұндай талпыныс
жағынан жастардан еш қалыспайды, ал келесі бір қырынан қарайтын
болсақ, нақты ҿмірде оны жүзеге асыра алмайтындарын
мойындайды. Аға буын ҿкілдері үшін ҽлемнің түпкір-түпкірін
аралау, саяхаттау қол жетпес армандай болып қалып отыр.
Жастардың мансап, атаққұмарлық талпыныстарына тоқталар
болсақ, билік пен атақтан гҿрі оларды ақша мейлінше кҿп
қызықтырады. Сонымен бірге байлықтың ҿзі 17-24 жас
аралығындағы жастар үшін 1997 жылы да, 2014 жылы да маңызды
болмағаны байқалады. Белгілі болуға тырысу 20 жыл бұрынғы
жастарға (26%) қарағанда қазіргі жастар (37%) үшін мейлінше
ҿзекті болып отыр.
Осы орайда айта кетеріміз, аталмыш атаққұмарлық аға буынға
қарағанда жастарда басымырақ. Байлық, билік жҽне ҽйгілі болу
гипотетикалық тұрғыда оларды сҽйкесінше 11%, 21% жҽне
17% молырақ қызықтырады.
Қазіргі жастарды ҿмірлік ұстанымдарына қарай жалпы бірнеше
топқа бҿліп қарастыруға болады, осы зерттеуде факторлық
сараптауды қолдана отырып, жан-жақты талдау жасалды. Аталмыш
типология мейлінше шартты дүние, ҽрине, сонымен бірге біз бҿліп
кҿрсеткен типтердің бірде біріне қосылмаған жастар тобы да
жеткілікті екені анықталды, себебі олар бірнеше типтің қоспасы,
қандай да бір синтезі ретінде қабылданып отыр.
Алғашқы топты шартты түрде «отбасылық» (13%) деп атадық.
Бұл топқа жататын жастар тұрақты ҽрі берік отбасын құру, тҽрбиелі
ұрпақ ҿсіруді ең басты мақсаты деп санап, соған қол жеткізе
алатындарын білдірді. Осы орайда айта кететін бір жайт, жоғарыда
атап ҿткеніміздей, қазақстандықтардың басым кҿпшілігі отбасын
құру, бала сүю, тҽрбиелеуді басты мақсаттың бірінен санайтынын
айтқанбыз, сондықтан бұл категорияға қол жететін уҽж тек осы
жолға ғана бағытталған жастарды енгіздік. Тату-тҽтті отбасын құру
жҽне тҽрбиелі ұрпақ ҿсірумен қатар, басқа да саланы таңдаған
жастарды бұл топқа енгізген жоқпыз.
«Еңбекқорлар» (17%) – жақсы білім алу, беделді ҽрі қызықты
жұмысқа орналасу, сүйікті жұмыспен айналысу қолымнан келеді
деген сенім білдірген жастар бҿлігі. Алдыңғы топтағы жастар секілді
жастардың бұл тобының басым кҿпшілігі де ҿмірдің басты
жетістігіне қол жеткізуге тырысқандар.
Үшінші топ, «іскер-ісмерлер» (20%), – 17-26 жас арасындағы, ҿз
бизнесін ашу, ҽлемді шарлау, аралау, байлық пен материалдық
жетістікке қол жеткіземін деген сенімі мол қазақстандықтар.
Тҿртінші топ – «гедонистер» (10%), ең бастысы бос уақытының
кҿп болып, оны ҿз еркіне ҽрі лҽззатына сай қолданамын деген сенімі
бар жас қазақстандықтар. Жастардың басым кҿпшілігі кез келген
164
салада жетістікке жетеміз деген сенімдегі (19%) «максималистер»
екенін айта кету керек. Аталмыш топты басқа топтармен
салыстырғанда соншалықты жас деп те айта алмаймыз, сондықтан
бұл талпынысты ҿскелеңдік максимализм деу де қиын. Жас бойынша
ішкі бҿлінісі жалпы барлық жасқа тҽн екені байқалады.
«Мансапқорлар» тобы да бар (6%): ҿз еркінше лҽззат алып ҿмір
сүруді мақсат етпейтін, алайда ҿмірдің түрлі саласында ҿз күшін
молынан қолдана алатындығына сенім білдірген жастар. Олар бір
қарағанда, «іскер-ісмерлермен» ұқсас десек те болады. Соңғылар
үшін бизнес – жұмыс жҽне бай-бақуатты ҿмір сүрудің жолы болса,
алғашқылар үшін атаққұмарлық жоспары, яғни: ҽйгілі болу, билік-
мансап қуу жҽне т.б. жүзеге асыру мүмкіндігі болмақ.
«Үмітін үзген» жастар (5%) – жетінші топ – қандай да
жетістікке жетудің еш жолын таба алмай жүргендер, ал
«даңққұмарлар» (1%) – сегізінші топ – ҽйгілілік, мансапқа жету жҽне
билікке бір табан жақын болуды аңсайтындар. Соңғы екі топтың
таралуы тым аз болғандықтан олар ҽрі қарай сарапталмайды.
Бүгінгі
күні
тұрып
жатқан
жағдайдың
жастардың
талпынысының
қалыптасуына
ҽсерінің
болғаны
түсінікті.
«Еңбекқор» мен «іскер-ісмердің» басым бҿлігі мегаполисте
(сҽйкесінше 22% жҽне 20%) орналасқан. Ауылдық жерде кҿбінесе
«гедонистер» (21%) ҿмір сүретіні анықталды. Мегаполис
«еңбекқорларды» қызықтыратын қызықты ҽрі беделді жұмыс пен
«кҽсіпкерлер» үшін бизнесті жүргізуге мол мүмкіндік беретіні
түсінікті. Ауыл жастарының мүмкіндігін жүзеге асыру тым шектеулі
болғандықтан, олардың бар ниетіне су құйылып «гедонистік» кҿңіл-
күй қалыптасатыны түсінікті.
Жастардың талпынысының қалыптасуына ата-ананың жеткен
жетістігі де ҽсер етеді. «Максмалистердің» басым кҿпшілігінің
кҿзқарасына сүйенсек, (56%), ата-аналары ҿмірде табысқа қол
жеткізген, сондықтан осы кҿрсеткіш олардың бойына да үміт
ұялатады да, барлық бағытта жетістікке жететіндігіне толықтай
сенімдіміз деп есептейді. Ал «отбасы» тобы үшін бұл кҿрсеткіш
үштен бірінен кем дҽрежеде болып отыр (30%). Сҽйкесінше осы
қазақстандық балалардың да биіктен кҿрінеміз деген жоспары жоқ.
Басқа қырынан қарасақ, ҿмірдегі талпынысқа себепші болатын
адамның қандай да бір ұстанымы болуы мүмкін, кейіннен ол
шынайы жағдайы/ таңдауынан кҿрінеді. Осылайша, «еңбекқор» мен
«максималистер» негізінен тҿмен жҽне орта қолды қазақстандықтар
тобында шоғырланған (81% «еңбекқор» жҽне 71% «максималист»).
Ал «іскер-ісмер» мен «мансапқорлар» жастардың басқа топ
ҿкілдеріне қарағанда ауқатты отбасы тобынан шыққандар (19%),
«отбасы» мен «гедонистер» – кедейлер тобынан шыққан жастар
(сҽйкесінше 22% жҽне 26%).
165
Осылайша бҿлінуі тегін емес. «Еңбекқор» мен «максималистер»
ҿзгелерден жиі жоғары білімді маман қызметін атқарады (сҽйкесінше
34% жҽне 26%), бұл оларды орташа деңгейдегі табыскер қатарына
орналастырады. Бұл түсінікті де, себебі жоғары білімді жас маман
жас ерекшелігіне орай жоғары табыс ҽкелетін лауазымға қол жеткізе
алмады. «Іскер-ісмер» мен «мансапқорлардың» кҿп жағдайда ҿз
бизнесі бар (23% жҽне 22%), бұл оларға орташадан жоғары табыс
кҿзін береді. «Отбасы» жҽне «гедонистер» жалақылары мамандардан
тҿмен жұмысшылар тобына жатады (сҽйкесінше 45% жҽне 36%).
Еңбек ету қызметінің түрін таңдауға жастардың білімі де ҽсер
еткен. «Мансапқорлардың» басым кҿпшілігінің білімі жоғары (61%),
отбасын құруды ғана мақсат еткен жастардың 41% ҿкілі тек жалпы
орта білімді азаматтар.
Жастардың кҿбі тҽуекелшіл: олардың 51% жетістікке жету үшін
тҽуекелге бел буу керектігін алға тартады, ал «ҽкелер» ҿкілінің
басым кҿпшілігі (63%) ҿз мансабына біртіндеп жету керек,
жұмысыңды берік етіп асықпай құрған дұрыс деп санайды.
Сонымен бірге жастардың біразы (60%) «кҿптің бірі болмай»
ерекшелену керек, кҿзге түсу керек, жеке кҿзқарасты дара болу керек
деп есептейді. Осы орайда айта кетеріміз, жас қазақстандықтардың
арасында соңғы 5 жыл ішінде жеке бастың қамы, жетістік, табыс пен
бҽсекеге қабілеттілік секілді заманауи құндылыққа бағытталу ерекше
қарқын алып отыр.
Жастардың аға буынмен аздап болсын ұқсас кҿзқарасы тек
еркіндікке қатысты ғана байқалады. Аға буын да, жастар да еркіндік
– ҿмірдің бар мҽнін келтіреді деген пікірде ортақ кҿзқарас танытып
отыр (66% жҽне 55%). Алайда, тағы да айта кетер мҽселе, 2004
жылдан бастап еркіндікке қатысты жастардың кҿзқарасы аздап
ҿзгерген, бұрын жастар үшін еркіндік ҿмірге қажетті компонент
ретінде 71%-ды құраса, ал қазір бұл кҿрсеткіш тҿмендеген, яғни тек
66%-ды құрайды.
Осылайша, қарап отырсақ, қазақстандық жастар жеткілікті
деңгейде іскер екені анықталды. Олар материалдық табыс, жұмысты
бағалайды, ҽр уақыт тек ҿзіне сенуге тырысады. Осы кезде жас
қазақстандықтарды алаңдататыны не?
Жастардың ең басты күдігі, қатері, үрейі материалдық табыспен
тікелей байланысты: табыс кҿзінсіз қалудан қорқатындар (54%),
жұмысқа тұра алмай қаламын (23%) немесе айырылып қаламын деп
күдіктенушілер (19%). Жастар ҿз ҿмірі мен туған-туыстарының ҿмірі
үшін де алаңдаушылық танытады (39%).
Жоғарыда аталған мҽселе кҿп жағдайда «отбасы» (65%) жҽне
«мансапқорларды» (59%) алаңдатады. Алғашқыларының болашаққа
сеніммен қарайтындай белгілі деңгейдегі біліктілігі жоқ, ал
екіншілері – материалдық табысты тым жоғары қоятыны соншалық,
166
сол үшін күндіз-түні жалықпастан жұмыс жасауға даяр. Табыс
кҿзінсіз қаламын деген алаңдаушылық білдіре қоймайтын
«максималистер» (44%). Олар ауқатты отбасында ҿсті, кҿбінің ата-
анасы ҿмірде ҿз мансабына жеткен адамдар, материалдық табысқа
еті үйреніп қалған, сондықтан табысқа жетпек түгілі, сол табысты
сақтап қалу туралы ой оларды мазалай қоймайды.
Қылмыстың ҿсу салдарынан ҿз ҿмірі мен отбасы, туған-
туыстарының ҿмірі үшін алаңдаушылық кҿп жағдайда ауыл
жастарын (47%) мазалайды, ал мегаполисте тұратындар үшін бұл
кҿрсеткіш 37%-ға тең, облыс орталық тұрғындары үшін
алаңдаушылық 38%, бұл ҽрине, ауылдық жерде қылмыстың жоғары
екенінің дҽлелі болмақ.
Жұмысқа тұра алмау не жұмысынан айырылып қалу күдігі кҿп
жағдайда «отбасы» жастарын (сҽйкесінше 31% жҽне 24%)
мазалайды, ал «мансапқорларды» бұл мҽселе сирек мазалайды
(сҽйкесінше 16% жҽне 11%), ҽсіресе жұмыс орны аз не мүлдем
жоқ ауыл жастарын бұл мҽселе алаңдата қоймайды (сҽйкесінше 38%
жҽне 27%).
Дос, жолдассыз қалу қатері негізінен «мансапқор» (26%),
«еңбекқор» (24%) жҽне «гедонистерге» (23%) тҽн. Отбасы құруды
басты мақсат қойған «отбасы» жастары негізінен туыстарын бірінші
орынға қояды да, доссыз қаламын деген қатерді тек 15%-да
кҿрсеткен.
Осылайша, қазіргі жастар аға буынға қарағанда жалпы ҿмірлік
түрлі жетістікке қол жеткізуге талпынатыны анықталды. Осы орайда
жастар тек осы мақсатқа жету тек гипотетикалық тұрғыда ғана емес,
сол мансапқа қол жеткізуге мүмкіндіктің мейлінше мол екенін
айтады.
Пайдаланылған ҽдебиеттер
1
Тесленко А.Н., Сембина Ж.Ж., Аязбаева А.Т. Ҽлеуметтану. −
Қарағанды, 2015. – 340 б.
2 Тесленко А.Н. культурная социализация молодежи:
казахстанская модель. Саратов-астана, 2007. –Б. 145
3 Кравченко А.И. Социология. Учебное пособие //
А.И.Кравченко. – М.: Академия, 2002. –Б. 218-219
Резюме
В данной статье рассмотрены взгляды поколения отцов и
нынешней молодежи по вопросам жизненных ориентиров и
жизненных целей. Статья полностью опирается на социологические
исследования. Выявляется разница взглядов двух поколений на
вопросы карьеры и карьерного роста.
167
Resume
This article describes the views of fathers‘ generations and young
people today on the life orientations and life goals. The whole article
based on social research. It is revealed a variety of views for two
generations on problems of career and career growth.
Достарыңызбен бөлісу: |