Әрбір адам баласы үшін тұрақтап, өсіп-өнген, мекен етіп, бауыр басқан жері – киелі. Ақын танымында дала мен ана ұғымдары – егіз ұғым. Осындағы тау, тас, бұлт, т.б. тілдік бірліктер «атамекен» концептісін анықтаушы тілдік құралдар «Атамекен» - тыныштық, мəңгілік орын. «Қарындас пен қара орын Қалғаннан соң, дариға, Қара көзден мөлтілдеп Жас келеді» деген күн. («Дала» поэмасынан). Академик Р.Сыздық бұл өлең жолдарындағы «қара орын» сөзін М.Қашғари сөздігіне сүйене отырып, «ағайын-туыстар мен ата-бабаның сүйегі жатқан жер» деп түсіндіреді
Осынау сұмдық рас боп, Туған жерден топырақ Қалармысың бұйырмай, Көк өрім, өңшең көген көз («Дала» поямасынан). Ата-баба жерленген жер – қорым да туған жердің қасиетті бір белгісі ретінде есептелінеді. Сондықтан туған жердің «топырағы бұйыру» тыныштық табумен ассосацияланады.
Көшпенді түркі халықтары үшін рухани кеңістік – дала. «Дала» - «Атамекен» концептісін толықтырушы микроконцепт ретінде қазақтың өмірін, жайлауын, мал шаруашылығын, дарқан кеңдікті, жазықтықты объективтендіреді. Ақын танымында дала кеңдік эталоны ретінде алынып, кең байтақ жердегі ұлттық-мәдени өмірді, еркіндікті сүйетін халықтың болмысын сипаттайды.
«Атамекен» – «рухани кеңістік» Алатаудың ақ сүті Асқар иген, құм сүйген, Боз даланыңқос құты Сыр менен Шу екі ене («Дала» поямасынан).
Кер дала, күрең түнгі керуен қандай, Қоңырау күлдір-күлдір жүрген ұандай («Күй» поэмасынан). Сонымен қатар, «Атамекен» концептісін толықтырып, мазмұнын байытатын «толықтырушы» концепті де бар. Ол – «Құтты қоныс» микроконцептісі «Қоныс» халқымыз үшін қасиетті ұғым болып табылады. Оны ұлт тіліндегі «қоныс жайлы болсын», «қоныс құтты болсын», «қоныс құт әкелсін» тәрізді тілек түріндегі тіркестердің астарынан байқауға болады.
Су қатып, сүңгі тұрған боқырауда, Беттеді Кенесары Алатауға. Қараойға Дулат жатқан жаппай қонды, Жайлы деп осы араны мал қыстауға («Күйші» поэмасынан). Ақын елінің «құтты қонысы» шұрайлы екендігін танытып тұр. Мұнда «атамекен» ұғымы «күрделі қоныс», «жердің құты», «қыдыр түнеп көшкен жұрт» тәрізді тіркестермен беріліп, символдық мән иеленген.
Неше елді аттандырған құтты қоныс,
Әлі түрі әсемдігі таусылмай.
Суретін сөз баяндап жеткізе алмас,
Жерінің Жетісудың бәрі сондай! («Жетісу суреттері» өлеңінен) – деген шумақтағы «құтты қоныс»оттың молдығы, жердің құнарлылығы ұғымымен байланыстырылғандығы байқалады
Ақын тілінде «құтты қоныспен» бірге «құтсыз қоныс» тіркесінің де қолданылғанын көруге болады. Қоныстан көшу, жұрт ауыстыру көшпелі елдің тұрмыс-тіршілігінде жайсыз жағдайларға байланысты еріксіз орын алуы мүмкін. Ақынның:
«Қалғанша, - деп, - сен жауға» Құдықтарға ит көмілді, От қойылды қыстауға, Қара түтін бықсыды.